Сабак такырыбы: Тенгенін шыгу тарихы
Оценка 4.7

Сабак такырыбы: Тенгенін шыгу тарихы

Оценка 4.7
Работа в классе
docx
классное руководство
5 кл
17.06.2018
Сабак такырыбы: Тенгенін шыгу тарихы
Теңгенің шығу тари тақырыбындағы тәрбие сабақ жоспары.Бұл жоспарда қазақ елінің символдарының бірі теңгенің шығу тарихы туралы оқушыларға түсінік беріледі.Сабақ жоспары тәрбие сағатына арналғандықтан оны тәрбие сабақтарында, сынып сағаттарында пайдалануға болады.Бұл жоспарды барлық сыныптарға, бастауыш сынып оқушыларының сынып сағаттарында пайдалануға болады.Теңненің шығу тарихы
тенге.docx
Сабақтың тақырыбы: Теңгенің шығу тарихы Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға еліміздің экономикасы, ұлттық валютасы, оның  шығу тарихы туралы мағлұмат беру арқылы білімдерін жетілдіру. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра, ақпарат құралдарының  мәліметтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын еркін жеткізе  білуге дағдыландыру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін  арттыру, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ықпал ету, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке  тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту. Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, талдау, жинақтау, иллюстрация, ойын. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд. Сабақтың жабдығы: компьютер Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүние жүзілік тарихы, география Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мемлекеттің экономикадағы рөлі Үй тапсырмасын пысықтау үшін бүгін 2 ақпан дүние жүзіндегі мемлекеттерде қандай айтулы мерекелер болып жатқанынан хабардар болайық. Ол үшін «Әлемдегі айтулы мерекелер»  атты ойынын ұйымдастырайық. Үй тапсырмасының сұрақтарына жауап берейік. Сұрақтар: — Мемлекет экономикада қандай қызметтер атқарады? — Дж Мейнард Кейнстің теориясының мәні неде? — Нарықтық экономиканы қорғау үшін мемлекет қандай заңдар қабылдайды? — Экономика саласындағы үкіметтің әрекеті қандай? — Адам Смиттің теориясының мәні неде? — Үкіметтің бәсекені қолдау және қорғау жолдары қандай? ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялаған соң  еліміздегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларын дамытуда жұмыстар жасай  бастады. Экономикалық саласына тоқталсақ: экономикалық реформа қабылданды.  Жоспарлы — әміршілдік экономикалық даму жолынан нарықтық экономикалық даму жолына  бет алдық. Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі — оның ұлттық валютасы болып  табылады. Сондықтан 1992 жылдың 12 қаңтарында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей  тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кірісті. Төмендегі тақырыптар бойынша  түсініктеме жұмыстары жүргізілді:  Ұлттық валютаның «Теңге» деп аталуы;  Теңге дизайнын жасау;  ҚР Ұлттық банкі;  15 қараша 1993жыл (әрбір номиналға жеке тоқталу);  15 қараша 2006 жыл;  Мерейтойлық, ескерткіш банкноттар; Теңге тәуелсіз, егемен Қазақстанның рәмізі екендігінің, еліміздің кешегі күнінің айғағы сенімді бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағымыздың кепілі болып табылады. Алдағы уақытта  Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге әлемдік рынокта құны жоғарлап,  доллар, еуро, иена сияқты дүниежүзілік валюталар қатарына айналуына сенім білдірейік. ІV. Жаңа сабақты бекіту Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Қазақстан аумағындағы ақшалар» атты ойын  ұйымдастыру. Оқушылар жаңа сабақтың сұрақтарына жауап беру арқылы тақтадан ұлттық  валютамыз теңге айналымға енгенге дейін Қазақстан аумағында қолданыста болған ескі ақшалардың суреттерін толық көре алады. Сұрақтар: — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге тұңғыш рет айналымға қашан  енгізілді? — Ұлттық валюта теңгенің дизайнын кімдер жасады? — Не себепті теңге атауы таңдалды? — Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер  бейнеленді? — Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер  бейнеленді? — Қазіргі айналымдағы ақшалар қашан енгізілді? Ерекшелігі неде? — Қандай мерейтойлық және ескерткіш ақшаларын білесіңдер? V. Қорытындылау: Сабаққа белсене араласқан оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне  тоқталу, бағалау. VІ. Үйге тапсырма: • Теңгенің шығу тарихы (конспект бойынша) • “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге” мәнжазба жазу.

Сабак такырыбы: Тенгенін шыгу тарихы

Сабак такырыбы: Тенгенін шыгу тарихы

Сабак такырыбы: Тенгенін шыгу тарихы

Сабак такырыбы: Тенгенін шыгу тарихы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.06.2018