В этом материале сценарии для театрального представления младших классах. Могут участвовать первые, вторые, третье, четвертые классы. Темы разные и для духовно - нравственного воспитания как: Терпение и выносливость, благодарность, изучаем настроение, давайте поможем всем, старшим уважение, младшим - забота и т.д.
Сахналауға арналған қойылымдар.docx
Тақырыбы: « Көмектесе, білейік»
Қойылымдар
Сахналау.
Ортаға үстел және 2 орындық қойылады. 1 орындықта басын төмен салбыратып,
көңілсіз Алмат отырады.
Автор: Бүгін Алмат көңілсіз. Математика пәнінен үй тапсырмасын орындамағаны
үшін нашар баға қалды.Қанша тырыссада сол тапсырманы түсінбей – ақ қойғаны.
Әйтпесе үй тапсырмасына уақыт бөліп біраз отырған. Үйге барғанда анасы недер екен..
. Осылайша ой құшағында отырғанда сыныптастары Елжан мен Әділет кіріп келеді.
Елжан: Алмат, неге көңілсізсің? Мен қазір үй тапсырмасың тездетіп орындаймын.
Сен үзілісте меннен көшіре сал.
Әділет: Алмат, қажет етсең, сабақтаң кейін біздің үйге барып дайындалайық. Мен
саған есептің шығару жолдарын түсіңдіріп берейін. Шығару жолын түсінбей, баған
түзілмейді.
Автор: Алмат, қай досының көмегін қабылдарың білмей, ойланып тұрып қалды.
Сахналау.
Автор: Атай шалқан егіпті. Шалқаны үйдей болып, үйденде үлкен боп өсіпті. Атай
шалқанды жерден суырып алмақ боп, тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды,
тартып шығара алмайды.
Атай: Әжесі, әжесі, көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Әжей: Қызым, қызым көмектесіп жібер
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Немересі: Күшігім көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Күшік: Мысық мысық көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.
Мысық: Тышқан, тышқан көмектесіп жібер.
Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығарып алады.
Тақырыбы: « Көңіл күйімізді басқара білейек».
Сахналау.
Қуанышты күйді көрсететін көрініс.
Ренішті күйді сипаттайтын көрініс.
Таңғалауды сипаттайтын көрініс.
Тақырыбы: « Үлкенге құрмет – кішіге ізет.»
Сахналау.
Кісілік ойланып есебі, Келсе керек білгісі
Сөз сұрапты деседі
Қариядан бір кісі.
Уа, қария, данамыз,
Алайық бір түсініп.
Үлкендік деп не ұғамыз?
Дейміз нені кішілік?
Ағайымен, досымен,
Тату болса ісімен.
Санаспай – ақ жасымен.
Сыйлас болса кісімен;
Кезек күтіп сөйлесе,
Көрсетсе ізет, білгендік.
Сол – Кісілік үлкендік.
Сіз үлкендік дегенменннн,
Басқаша ұқтық мұны біз,
Мәмілешіл бар елмен
Кішілік қой мұнымыз.
Жөн – ақ өзің аңдасаң
Сөздің мәнін түсініп.
Ұйқасады әрқашан
Кішілік пен кісілік.
Сахналау
Балалар, «Мен әртіспін» атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеміз.Мұнда әр түрлі
көңілкүйдің адамдарға оң және кері әсерін көрсетуімен жағымсыз күйлерді болдырмау
мақсаты көзделеді.
Сахналауға мынандай тапсырмаларды беріледі:
Қуанышты күйді көрсететін көрініс. Ренішті күйді сипаттайтын көрініс.
Танғалуды сипатайтын көрініс.
Балалар,үш топқа бөлініп,тапсырмаларды рөлдерде ойнап көрсетеді.
Тақырыбы: « Ризашылық пен алғыс»
Сахналау.
Балалар, алғыстың қандай түрлерін естіп, біліп жүрсіңдер?
Қазір мен сендердің жауаптарыңды Данышпан ата бізге жіберген алғыс түрлерімен
салыстырып көрейін. Мұғалім Ақботаның қоржынынан алғыстар жазылған хатты алып,
оқушыларға оқып береді. Рақмет! Жасың ұзақ болсын! Таудай бол! Өркенің өссін! Бақытты
бол! Білімді бол! Өнерлі бол! Бағыі жансын!
Данышпан атаның осы алғыс сөздерін қазір сахналау кезінде қолданумыз тиіс.Сыныптағы
балалар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа жеке – жеке сахналау тапсырмалары беріледі.
1 Топ. Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін
сахналау.
2 Топ. Ағалы – қарындас туыстардың үйге келген қонақтары күтіп алу сәтін сахналау.
3 Топ. Ұландар тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сахналау.
Тақырыбы: « Тілім менің тірегім».
Сахналау.
Мақсаты: Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге
қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
Үнтаспадан С.Тұрысбековтың « Көңіл толқыны » күйі орындалып тұрады. Сәнді
безендірілген сарайдың үш қақпасының алдыңғы көрінісінің нобайы қойылады. Бірінші
қақпаға « Таным», екіншісіне « Ғұламалар», үшіншісіне « Қазына» деп жазылған.
Ортаға патша рөліндегі бала шығады. Қасында уәзірлері бар.
Патша: Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті
бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. Уәзірлері иіліп, қақпаның есігін
ашады.
Мұғалім: Сонау бесінші – алтыншы ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі
күнге жеткен Орхан – Енисей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп,
гүлденген дәуренін айғақтайды.
Патша уәзірлерімен « Ғұламалар» қақпасына келеді. Бұл жерде қазақтың маңдайына
біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған топтамалар көрсетіледі. Мұғалім: Қазақ тілі – Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай,Жамбыл, А.
Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М. Әуезов сияқты алып ақын – жазулардың,
Қажымұқан, Б. Момышұлындай атақты батырлардың тілі. Қазақ тілі – қазақтың жоғын
жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
Патша: Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар:
Тақырыбы: « Төзім мен табандылық»
Сахналау.
Құмырсқаға сабақ болды.
Үш құмырсқа бірлесіп, шөп – шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек
болыпты. Бір кезде:
Уһ, әбден шаршадым! Басқа жақтан бұлақ тауып, шөлімді қандырмасам болмас,
дейді қызыл құмырсқа.
Бастаған соң, тастама. Шыдап бақ! Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады,
дейді көк құмырсқа.
Бетінен қайтпаған қызыл құмырсқа көк құмырсқаның сөзін тыңдамай, басқа бұлақ
іздеп, кетіп қалды.
Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақтың көзін ашуға бар күшін жұмсайды.
Қызыл құмырсқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөлдеген
соң, ол тілі аузына сыймай, сол алғашқы бұлаққа қайтпақшы болады.
Көк құмырсқамен жасыл құмырсқа бұлақты тазалап болып, мөп – мөлдір салқын су
ішіп отырады. Қастарына тілі салақтап, қызыл құмырсқа келді.Достарынан ұялып, беті
қығарған құмырсқа қайта – қайта кешірім сұрайды. Содан бері қызыл құмырсқа не
істесе де «табандылықпен аяқтармын – ау!» деп өзіне – өзі серт етеді.
Тақырыбы: « Жер ана»
Сахналау.
Жер ана тұншықса.
Екі апта сен болмағандағы жаңалығымыз осы, деп Дана шаттана күлімсіреді.
Ауылға барып, табиғаттың тосын мінезіңе жаны торығып оралған Мұрат үйінің
маңайын көріп мұңайып қалды. Көрші дүкен ашыптыда, көп көлемді жерді бетондап
тастапты. Сәнді гүлдердің өзі тар шеңберде қысылып тұрғандай.
Қуанбайсың ба? Айнала қандай әдемі! Мұрат бүгінгі күнгі құнары қашқан
топырақтың тозу сатысы жайлы айтқанда, төңіректе сұрғылт тартты.
Бір граммында 100 миллион микроорганизм өмір сүретін топырақтың тұншығуын –
ай! « Топырақта тағдыр бар» деген халық даналығын білесің бе, Данаш?
Сонда немене? Топырақтада зат алмасу процесі жүреме?
Бүкіл тірліктің бастауы болған жер. Бәріне төзген, бәріне көнген, басына енді қасірет
төнген . . . Ағалы – қарындасты бауырлар жаңа дүкенге қарай ағылған адамдарға тосырқай
қарасады.
Құрамында тұз бен гепсі көп ұнтақ шанды шұбатып, көліктер ағылуда. Көкке ұшып,
артынша адам ағзасына енетін тозанды кім өлшеп, ескеріп жатыр?
Топырақ тозса, адам азбазсың ба?
Мұрат пен Дана жып – жылтыр боп жатқан химиялық қоспағада, жасанды жандарға да
қызықпайтындай қалып таңытты.
Сахналауға арналған қойылымдар
Сахналауға арналған қойылымдар
Сахналауға арналған қойылымдар
Сахналауға арналған қойылымдар
Сахналауға арналған қойылымдар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.