Салмақ өлшемі
Оценка 4.9

Салмақ өлшемі

Оценка 4.9
Раздаточные материалы
docx
физика
7 кл
23.10.2019
Салмақ өлшемі
Адам баласы ықылым заманнан уақытты терең сезінген. Уақыттың табиғи көріністерін өз өмірінің өлшемдері ретінде пайдаланып, шаруашылығын, күнкөрісін де соған бейімдей білген. Күндіз, түн, көктем жаз, қыс, күз сияқты табиғат ұсынған көріністерді «уақыт өлшеміне » айналдырған. Есепшілер Үркер төмен түсіп, Таразы жұлдызы туғанға дейінгі уақыт аралығын «жаз айларына» жатқызып жаз есебін күн мен түн теңелген жаңа тоғыстан бастаған. Бұл күні есепшілердің бір бөлігі төрт түліктің мінез-құлқын бақылауға алған.
Салмақ өлшемдері.docx
Салмақ өлшемдері Табақ – шамамен 12 орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7­12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9­4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда­саттық, алыс­ беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия   мен   Қазақстанның   оңтүстік,   оңтүстік­шығыс   аудандарында   шамамен 65­66 кг­ға, кей жерлерде 6 пұтқа (96 кг) тең болған. Мысалы: 12 кісі 12 қап арқалап келеді. Әрбір ер адам екі қаптан, әрбір әйел жарты қаптан, әр бала ширек   қап   зат   арқалап   келді.   Ер   адам   қанша,   әйел   қанша,   бала   қанша? Шешуі: еркекті ­ х, әйелді ­ у,  баланы ­  z,  деп белгілейік. Сонда мынандай теңдеулер жүйесі шығады:     х+у+ z =12,                                                   2х+0.5у+0.25 z =12.                                                    ­1,5у­1,75 z =­12. 1.5у=12­1.75 z,      у=12­1.75 z /1.5,     z =6,     у=12­10.5/1.5=1. Х=12­ z ­у,        х=5. Жауабы: 5 еркек, 1 әйел, 6 бала.  2­тә  сіл: Кесте арқылы шешеміз. еркек әйел бала 2 қап 5 ­ ­ 10 Жарты қап ­ 1 ­ 0,5 Ширек қап ­ ­ 6 1,5 Барлығы 5 1 6 12 Батпан – халық ауыз әдебиеті мен жазба деректерде бірде 6 пұттан 12 пұтқа   дейінгі   өлшем,   бірде   бірнеше   пұттан   ондаған   пұтқа   дейінгі   салмақ мөлшері ретінде көрсетіледі. Ауыз әдебиетінде «бес батпан шоқпар », «он екі батпан күрзі»   деген сияқты соққы қаруларының салмақтары да кездеседі. Жазба деректерге сүйенсек, 19 ғасырда Ходжентті батпан 12 пұтқа тең, яғни 196,56 кг мөлшерінде болған. Тағы бір мәліметтерде 432 ағылшын фунтына тең, яғни 196,016 кг. Кейбір этнографиялық деректер бойынша, батпан 16 пұтқа тең.  Мысалы: 100 тауық  100 күнде 1 батпан тары жейді. 10 тауық 10 күнде қанша батпан тары жейді?   Жауабы: 1,96 батпан.  Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Деректерге қарағанда, 19 ғасырда   қадақтың   мөлшері   Дешті   Жұмада   (Тәжікістан)   317   граммға, Қаратегінде   (Тәжікістан)   634,5   граммға,   Самарқанда   409,512   граммға   тең болған.   Қадақ Мысырда сұйық көлемінің өлшемі ретінде әрі үлкен қадақ (1,68   литр)   және   кіші   қадақ   (0,94   литр)     болып   екіге   бөлінген.   Қазіргі Египеттегі  қадақтың қазыналық өлшемі 2,062 литрге тең. Мысалы: Ауылдас жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрайды. Сонда ол: Жылқыларыма   күніне 10 қадақ   жем берем. 2 бием бар. Құнанға екі қадақтан, тайға бір қадақтан жем беремін. Әр жағың өзің есепте? ­ деді. Шешуі: Үй иесінің 5 жылқысы бар, себебі 10=2*1 + 1*2+6, 1 құнаны, тайы бар. Оларға 4 қадақ жем береді. Қалған 6 қадақ 2 биеге береді, өйткені биенің әрқайсысы құнаннан кем жемейді. Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде,   Үндістанда,   Шығыс   Африкада,   Орта   Азия   мен   Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайданылған. Археологиялық деректер бойынша, б.з.б 780 жылы мысқалдың дәл мәнін өзгеріссіз ұстау үшін, оның баламасы болып табылатын шыны сауыттар жасалған. Олар мг­нің үштен біріне дейінгі дәлдікпен   істелінген.   Сол   сауыттардың   салмағы   бойынша     мысқал   4,31 граммға тең болған. Мысқал – алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі­дәрмек мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Олар әр жерде әр түрлі мәнге ие болған: Мысырда 4,68 грамм, Иранда 4,6 грамм, Ирақта 4,46 грамм, Үндістанда 4,538 грамм. 14 ғасырда Қыпшақтар арасында қолдаылған «Азов   мысқалы»   үшін   4,41   грамм   алынған.   Орта   Азия   мен   Қазақстанды мекендеген   халықтар   арасында   да   мысқалдың   бірнеше   мәні   ұшырасады: мысқалдың   баламасына   Хорезмде   4,55   грамм,   Бұхарда   4,8­5,0   грамм, Самарқанда 4,46 грамм алынған. Қазақ даласында негізінен Бұхар мысқалы қолданылды. ІІ.4 Аудан және көлем өлшемдері Қазақ   халқының   егіншілікпен   айналасқан   жерлерінде   жер     аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің  ішінде ең көп тарағаны – танап. Оның   алуан   түрлі   мәндері   бар.   Бұл   жөнінде   көне   жазбалар   мен саяхатшылардың мәліметтерінде қайшылықтар көп. Осы мәліметтер бойынша танаптың   ең   тараған   мөлшері:   Хорезм   танабы   4097     м2    ­   ге,   Бұхар   мен Самарқанда қолданылған танап 2731,35 м2  – ге, ал Қазқстанның   суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т. б.) 1820,83 м2 – ге  тең. Уыс   –   қол   саусақтарын   жымдастыра   бүккенде   шұңқырайған   алақан аясының іші, алақанға сиятын мөлшер. Ұлтарақтай – адам табанының көлемі. Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей. Көлдей ­ өте көлемді, кең. Шаршы – 1 м2 . Ширек – ¼  бөлік. Бір айдам жер – 1 га. Бір тана жер (1 мойын жер ) – 0,5 га. Бір танап жер – 1/6 га. Мысалы:  19 түйені үш ұлына әкесі мұраға қалдырыпты. Әке  өсиеті бойынша үлкені ­ оның жартысын, ортаншы ­ ширегін, ал кенжесі ­ барлық түйенің бестен бірін алуы тиіс. Әкесі дүние салған соң ұлдары мұны бөлісе алмай әуре ­ сарсаңға түсті. Ақыл сүрап көпті көрген қартқа барды. Сәл ойланған соң, ол аманатты орындады. Түйені қалай бөлуге болады?  Шешуі: 19 түйеге бір түйені қосып, есеп шарты бойынша бөліп береді де, қалған бір түйені өзіне алады. Уақыт өлшемдері Адам   баласы   ықылым   заманнан   уақытты   терең   сезінген.   Уақыттың   ретінде   пайдаланып, табиғи   көріністерін   өз   өмірінің   өлшемдері шаруашылығын, күнкөрісін де соған бейімдей білген. Күндіз, түн, көктем жаз, қыс,   күз     сияқты   табиғат   ұсынған   көріністерді   «уақыт   өлшеміне   » айналдырған. Жаз есебі. Есепшілер   Үркер   төмен   түсіп,     Таразы   жұлдызы   туғанға   дейінгі   уақыт аралығын «жаз айларына» жатқызып жаз есебін күн мен түн теңелген жаңа тоғыстан   бастаған.   Бұл   күні   есепшілердің   бір   бөлігі   төрт   түліктің   мінез­ құлқын бақылауға алған. Қыс есебі. Есепшілер   Сүмбіле   жұлдызы   туып,   Үркер   шоқжұлдызы   көккке   көтерілген уақыт аралығын «Қыс» айларына жатқызып, қыс есебін күн мен түн теңелген қыркүйек   айының   басындағы   19­тоғыстан   бастаған.   Бұл   тоғыс   есепшілер тілінде «мизам түскен кезең» деп атаған. Жалпы уақыт туралы ғылым «хронология» деп аталған. Тәулік, сағат, минут, секунд   сияқты   уақыт   өлшемдері   осы   ғылымның   туындылары.   «Минут» латыншадан аударсақ, «кіші бөлшек» деген ұғымды, ал «секунд» – «екінші кіші бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір уақыт өлшемі – «апта» ұғымына қатысты. «Апта» парсыдан қазақшаға «жеті» аударылады. Бір аптада жеті күннің болуы аспан әлемімен байланысты.   Күн,   Ай,   Марс,   Меркурий,   Юпитер,   Венера,   Сатурн   секілді адамның көзіне көрініп тұрған аспан денелері жеті күнге негіз болған. Біз қолданып   жүрген   апталық   күн   аттары   негізінен   парсы   сөздері.   Мысалы, «жексенбі» парсының «иек шәмбе», яғни «1 күн», «дүйсенбі» парсының «до шәмбе»,   яғни   «2   күн»,   «сейсенбі»   парсының   «се   шәмбе»,   яғни   «3   күн», «сәрсенбі»   парсының   «чәһар   шәмбе»,   яғни   «4   күн»,   «бейсенбі»   парсының «пенд шәмбе», яғни «5 күн»деген сөзі. Келесі күннің аты «жұма» ­ араб сөзі. «Жәмғат» сөзімен түбірлес. Жетінші күннің аты жай ғана «шәмбе» немесе «апта»,   яғни   «сенбі».   Осы   атаулардағы   «иек»   (бір)   және   «чаһар»   (төрт) сөздеріне тоқталып өткен жөн сияқты. Қазақтар жиі қолданған «әпитек» сөзі парсының  «апта»  және  «иек»  деген   екі   сөздерінен   құралып, «жетіден   бір» мағынасын береді. Ал «ширек» ­ «чаһар», «иек» деген сөздерінен құралып, «төрттен   бір»   мағынасын   береді.Тілімізде   жиі   қолданатын   «щартарап» парсының   «шартарап»   парсының   «чаһар»,   «тарап»   сөздерінен   тұрады   да, «төрт жақ» деген ұғымды білдіреді. Көне Иран елінде қала төрт бұрышты салынады   екен.   «Шарайна»   ­   «төрт   жақты   қамыт   бейнелеу»   деген   мағына береді.  Уақыттың  табиғат   өлшемдерімен   қатар   халықтың   өзі   ойлап   тапқан өлшемдер де көптеп кездеседі.  Мысалы:  Дыбысты сағат қас қағым сәтте 15 рет соғады. Ал 6 қас қағым сәтте неше реет соғады?  Жауабы: 90 рет соғады. 4 жұмыртқа сүт пісірім уақытта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін қанша сүт пісірім уақыт керек.  Жауабы: 1 сүт пісірім уақыт. Сүт пісірім – 15­20мин.

Салмақ өлшемі

Салмақ өлшемі

Салмақ өлшемі

Салмақ өлшемі

Салмақ өлшемі

Салмақ өлшемі

Салмақ өлшемі

Салмақ өлшемі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.10.2019