«Өзін-өзі тану :Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
Өзіңді тани білу, жақсыларға еру.
Өзіңді тани білу, тәрбиеге көну.
Әлемде болса жақсылық, басқа бақыт не керек.
Өзін өзі тану сабағы — мейірім ғой керемет.
«Бөбек» қорының негізін қалаушысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні қарсаңында Антоновка орта мектебінде ақпанның 2-нен 13-не дейінгі аралықта «Өзін-өзі тану :Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
атты онкүндік өтті. «Бәрі де махаббаттан басталады...» деген Сара Алпысқызының сөзінде тіршіліктің түйіні жатқандай болып көрінеді. Өйткені, махаббат адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.
Онкүндік барысында оқушылар тақырыпқа сай коллаж ,ашық хаттар жасады суреттер салды. «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыпта өлеңдер оқылып, әндер айтылды.
«Өзін өзі тану» пәні арқылы мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, бұл пән қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік рухани этикаға үйретеді.
Барлық бала анасы,
Жетімдердің панасы.
Сара ападай данамыз
Қазақ қызының дарасы.
-деп Сара апамызға мықты денсаулық тілегіміз келеді.
Антоновка орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Садуова Әдемі Сәлімқызы
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.