Сауат ашу пәнінен "Баспана түрлері.Дыбыс.Сөйлеу"
Оценка 4.9

Сауат ашу пәнінен "Баспана түрлері.Дыбыс.Сөйлеу"

Оценка 4.9
docx
04.10.2021
Сауат ашу пәнінен "Баспана түрлері.Дыбыс.Сөйлеу"
саб. жоспары.docx

Нугиманова Маржангул Байдрахмановна

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

 

Пәні: сауат ашу

Сынып: 1 сынып

Сабақтың тақырыбы

Баспана түрлері. Дыбыс. Сөйлеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1 Сөз/ сөйлем сызбасын оқу.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй- леммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

1.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жос- пар құрып, оған ат (тақырып) қою.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

математика, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Дыбыс. Сөйлеу.

Сабақ барысы

Сабақ

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Психологиялық  ахуал

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Ынтымақтастық атмос-ферасын қалыптасты-ру

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

1. Мәтінмен жұмысты ұйымдастыру. «Құстың ұясы» әңгімесін аудио үнтаспадан тыңдатып немесе мәнерлеп,нақышына келтіріп оқып беру. Мәтін тыңдатылғаннан кейін «Әңгіме не туралы?» деген сұрақ қойып, мәтіндегі негізгі ойды анықтату.

2.Сұрақтарға жауап беріп көр:

*Әңгіме не туралы?

*Балалар не істеді?

*Әкесі балаларға не деді?

3. Сюжетті суреттермен жұмыс. «Құстың ұясы» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру білігін бағалауды ұйымдастыру. Әр сюжетті сурет-тің мазмұнына сәйкес сұрақтар қойылады.

1-сурет бойынша: 1) Балалар нені көрді?

2) Олар ұяға қалай шықты?

3) Ұядан не алды?

2-сурет бойынша: 1) Балапанды қайда әкелді?

2) Олардың көңіл күйлері қандай?

3) Әкесі не деді?

4) Балалар әкелерінің айтқанын қалай қабылдады?

3-сурет бойынша: 1) Балалар қандай шешім қабылдады?

2) Олар бұл істеріне ұялды ма?

 

Аудио үнтаспа

 

слайд

 

 

оқулықпен жұмыс

 

 

 

слайд

 

Сергіту сәті

 

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне

арналған жинақ

Аяқталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс. «Құстың ұясы» әңгімесін оқыған кезде қандай сезімде болдың сұрағына жауап алып, өз сезімдерін тиісті суреттерді бояту арқылы білдіреді.

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

– заттарды сызықтар арқылы қосу;

– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;

– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;

– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.

жұмыс дәптері

 

слайд

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

                   

 

 

Смайликтер

 


 

Нугиманова Маржангул Байдрахмановна

Нугиманова Маржангул Байдрахмановна

Аяқталуы

Аяқталуы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.10.2021