Семинар-тренинг
Тақырыбы: «Баланы қоршаған айналамен таныстырудағы отбасының әр түрлі мүмкіндіктерін жүзеге асыру»
Мақсаты: Ата-ана мен педагог арасындағы қолайлы байланыс орнатуға көмектесу.
Міндеттері: Балалардың бойында жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу, ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу.
Көрнекіліктер: плакаттар, суреттер, карточкалар.
Семинардың барысы:
1. Қуаныш шеңбері «Сыйға-сый»
2. Тренинг ережесі:
- тыңдай білу
- сөзді бөлмеу
- белсенділік
- шығармашылық
- төзімділік
- сыйластық
- түсіністік қарым-қатынас
- шкафтан түсіп қалмау
Тренингтен не күтеміз?
- өзіме пайдалы нәрселерді алу және үйрену
- достарыммен қарым-қатынас жасау
- өзіңді-өзің ұстай білуге үйрену
- өзіңді еркін ұстауды үйрену
- өз бойыңдағы ұялшақтықьты жеңу
- өз ойыңды ашық және толық жеткізуге үйрену.
- Құрметті әріптестер! Бүгінгі семинар-тренингтің тақырыбы: «Баланы қоршаған айналамен таныстырудағы отбасының әр түрлі мүмкіндіктерін жүзеге асыру»
1-тапсырма: «Сөйлемді жалғастыр»
Педагог- психологтың сөзі.
(Келесі сөз педагог- психолог Ергасенова Гүлнар Жұманқызына беріледі)
Жас ұрпақ батыл, төзімді, құрыштай шымыр, жігерлі боп ержетуге тиісті. Өйткені жастар Отанымыздың болашағы, үміті мен тірегі. Алайда, жеткіншектердің бойында жас кезінен еңбексүйгіштік пен адалдық, отбасы мен қоғам алдындағы парызын жете түсінушілік сезімдері қалыптаспаған, мұндай асыл қасиеттерді сәби кезінен зердеге түймеген жағдайда кейбір балалар жарқын өмірдің жалғасы болудың орнына қылмыстық істерге араласып, ата-аналары мемлекетке орны толмас өкініш әкеледі.
«Өз бөбегіңіздің әңгәсін естіген сәтіңізден бастап, сіздің өте-мөте нәзік қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, мақсаты да – бала тәрбиелеу. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі – ер мен әйелдің, әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасы» - деп, тамаша педагог В.А.Сухомлинский айтқандай, ата-анасы өз баласының тәрбиесі үшін қоғам, ел, халық алдында жауапты. Ол аз болса, әрбір ата-ана балабақщамен тығыз байланыс орнатып, өз балаларының парасатты, білімді, мейірбан, табанды азамат болып өсуіне жағдай жасаулары тиіс.
Қазіргі заманда ата-ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын ешнәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ. Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне, оқуына көп көңіл бөле алмай қалады. Біздің бірінші ойлайтынымыз да, артымызға қалдыратын мұрамыз да – ұрпағымыз. Біздің мақсатымыз: ата-аналарға балаларына күнделікті уақыт бөліп, онымен пікірлесіп, бірге ойнап, көңіл-күйіне қарап, балабақшада немен шұғылданып жүр, неге қиналып жүр, баламен бірге ойнау керек екенін түсіндіру.
Әдіскердің сөзі.
Тәрбие – бала дүниеге келген сәтінен басталады.
- Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет не? (ойын).
- Бала ойын арқылы қалай дамиды?
Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.
Тәрбиеші өзі ойынды меңгеріп, жүзеге асырып, ата-анаға үйретіп, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту керек. Тәрбиеші әрбір баланың ойын түрінде көрінетін шығармашылық бастамасын, ойнағысы келген ойынын өздігінен жүзеге асыра білуін, ойын кезіндегі қимылдарын бір-бірімен байланыстырып, ойынның мазмұны мен ережелеріне сәйкес ойнаған кезде өзін-өзі ұстай білуін қадағалау қажет.
2-тапсырма: «Халық даналығының маржандары»
Сіздердің білімдеріңіз, іс-тәжірибелеріңіз, шеберлігіңіз – бұл халық даналығының маржандары.
Келесі тапсырма: 3 минуттың ішінде бала мен ата-ана ойнайтын ойынды еске түсіріп немесе жаңадан ойдан құрастыру керек. Оны сандыққа салу керек. (қоржынымызға салу).
Психологиялық үзіліс «Санды құрастырайық» (математикалық жарыс)
3-тапсырма: «Суретті аяқта» (өлең шығару)
4-тапсырма: «Сиқыршылар» (ертегі құрастырып қою)
5-тапсырма: «Кітапша шығару»
«Тәй-тәй» технологиясы бойынша аптаның соңында ата-аналармен бірігіп кітапша шығару керек.(ұлттандыру принципін пайдалана отырып)
Апта тақырыбы:
1. Мен және мені қоршаған орта
2. Туған жерім – алтын бесігім
3. Алтын күз (қорғау керек)
Психологиялық үзіліс
1 топ «Орман»
2 топ «Ауылдағы таңғы көрініс»
3 топ «Теңіз толқыны»
6-тапсырма: «Әдістемелік тапсырма»
Серуенді ұйымдастыру (мақсаты, мазмұны)
Қараша айындағы балалардың серуен кезіндегі әрекеті
Балалардың табиғат бұрышындағы әрекеті
Рефлексия «Алтын күз»
Ритмическая физминутка
Педагогтарға тілек
Балаға ана керек
Анаға бала керек
Қорғайтын екеуін де
Отаны – пана керек
Үлкенге иман керек
Кішіге иба керек
Адамдар бір-бірін
Құрметтеп, сыйлау керек
Жастарға білім керек
Бәрін де білу керек
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп, сыйлау керек
Сол үшін талмау керек
Биікке самғау керек
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.