Қыздармен жүргізілетін жұмыстың психологиялық ерекшеліктері.docx
Қыздармен жүргізілетін жұмыстың психологиялық ерекшеліктері
Сөкпей сөйле, ұлыңа,
Күлмей сөйле, қызыңа.
Жіберіп қойып еркіне,
Күлкі болма жұртыңа.
іскерлігімен,
ұқыптылығымен,
Қыз бала тәрбиесіне ертеденақ мән берген. Өмірдің гүлі, ел болашағы
қыз бойында, ісәрекетінде, психологиясында өз мінезқұлқына тән
құбылыстар болады. Балғын шақтың қызығы да осында.
Абай атамыз «Жаман тәрбие – болашақтағы қайғыңыз» деген. Қыздың
абыройы мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары.
Қыз әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен уыздай тәтті
иманды,
қылығымен,
инабаттылығымен
сыйлы.
«Қызға қырық үйден тыю, қала берді есіктегі қара құлдан тыю» деген аталы
сөз, желкілдеп өскен қыр қызғалдағына көрсетілген қысым емес, қайта пәк
күйінде құлпырып өссін,
жаман аттан аулақ болсын дегені.
Қазақ қыздарынан қаншама ақылгөй даналар, мейірімді аналар, отбасының
құты мен берекесі
бола білген тұлғалар шықты десеңші.
Ұрпақ тәрбиесіне халықтық педагогика мен ұлттық психология
көмектеседі. Атабабамыздың салтдәстүрін қыз бала тәрбиесіне пайдалана
білсек. Тәрбие көрген қазақ қыздары ерлерін пір тұтып, оның атаанасы мен
бауырларын құрметтеп, үлкеннің алдын кесіп өтпей сыйлап, қадірлеген.
Бұндай әйелдерді ер азаматтар да қатты құрмет тұтқан.
ізеттілігімен,
Қазақ ұғымында бойжеткен 1516 жасқа келіп, ақылесі, дене бітімі
кемеліне келіп, ұзатуға жарап қалған қыз бала. Қыз бала қай халықта
болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ
халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен»деп тегін айтпаған.
Халық ауызындағы «қыздың жиған жүгіндей» деген тіркестер қыз баланың
нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартып тұрған жоқ па?
Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігінің жақсы түсіне білген.
Әрбір отбасы, әкешеше, ағажеңге бойжеткен баласын ылғи да жібектей
мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлікұқыптылығымен, сыпайы
салмақтылығымен, әдептіізеттілігімен, имандыинабаттылығымен, күміс
күлкісімен көргісі келген. Олардың кішкентайынан көздің қарашығындай
сақтап, мәпелеп, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап
отырған, жас өспірім шақтағы олардың балқыған, толқыған, еліктегіш
қасиеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю» салу керектігін д үнемі еске
алған. Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу), көркем сөз, әнкүй, айтыс
секілді түрлі өнерге баулуды –бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп
білген.
Халықтық дәстүр қыз бала тәрбиесінде ереже ұсынбайды, тек бағыт
бағдар береді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөнжосығын нұсқайды. Оның барлық
сыры мен сынына, әдебі мен әліне, тілі мен дініне әні мен күйіне, мінезі мен
құлқына орай өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Ол адал мен арам,
обал мен сауап. Адам үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ түсінік те жанын
сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғышарты – бақылай
білу, көре білу, кісінің ішкі сырын танып ұғыну арқылы өзінөзі түсініп,
имандылық пен өнегені бойнына сіңіріп, шамашарқына қарай оны жүзеге
асыра алу. Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі отбасы ұйытқысы, болашақтағы асыл
жар аяулы ана, ел ардағы, ақылман әже. Олай болса, халық танымындағы
бойжеткенге қажетті сипат – имандылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік,
ісмерлік, биязылық мейірімділік.
Халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір ерекшелік – тәлімдік ақыл
кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе, қыз балаға тұспалдап астарлай жеткізу.
Бұл салт ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін сақталған. Мәселен, «Келінім
саған айтам, қызым сен тыңда», «Қыздың қырық жаны бар» деген мақал –
мәтелдерде тәрбиелік талаптілектерді бірден бетке айта салмай, көбінде
оларды жанамалап жеткізген. Мұндай ақылкеңесті көп жағдайда қыз анасы не
сырлас жеңгелері т.б. айтатын болған. Бұлар бірде талаптілек, бірде
ойланыптолғануға негіз болатын зілсіз ескертпе ретінде, яғни бойжеткеннің
мінезқұлқы мен іс – әрекетіне лайықты («жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей)
әдіс – тәсілдер арқылы айтылатын болған.
Қыз бала жастайынан үйішілік тұрмыстіршіліктегі (кесте тігу, ою
өрнек, киім тігу, тамақ дайындау, ет мүшелеу, оны сақтау, үйішін күту т.б.)
сан алуан істерге машықтанып, бауланған. Қыз тәрбиесінде халқымыз – күш
көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, оларды мәпелеу, иландыру,
сендіру әдістеріне, үлгіөнеге көрсетуге ерекше иән берген.
Бала жаста алғашқы махаббат оянады. Бұл рухани талаптан, асыл арман
мен мұраттан тұрған асқақ сезім. Бойжеткен мен бозбаланың бірбіріне деген
ыстық ықыласы бірігіп сабақ пен сынаққа дайындалудан, кино мен сырғанаққа
бірге барудан, оңаша жерде бірбірімен сырласудан, оқыған кітаптары,
адамдардың жақсыжаманды қасиеттері жайлы пікір алысу сияқты толып
жатқан жағдаяттардан байқалады. Махаббатпен әрленген рухани қарым –
қатынас балаң жастың жанын бақыт нұрға толтырып, шат – шадыман күйге
бөлеп, биік мақсат мұратқа жетелейді. «Махаббаттың мың түрлі құпиясы
бар, жүрек оны жан шыққанша жасырар» дегендей, жас адамның осындай нәзік жанкүйін үлкендер (әкешеше, ағажеңге т.б.) мүмкіндігінше түсінуге
тырысып, оларды өздерінен алыстатып алмай, қай уақытта да тура жолға
бағыттап отыруы – үлкен парасаттылықтың белгісі болмақ.
Қыз абыройы – болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты
мәселе. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абырой сақтауын
қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақылпарасатыны,
инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне,
өнерпаздығына, білімдарлығына байланысты. Әр әкешеше, туғантуысқан,
бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды. Бұл
жайтқа көбінесе қыз анасы жауапкер болатыны белгілі. Анасын ардақтай
білмеген қыз өз абыройын да ардақтай білмейді. Өз намысын қорғайтын қыз
есер жігітке кіріптар болмайды, есті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу
үшін оның мінезқұлқы ибалы, инабатты болу керек. «Қыз қылығымен
жағады» деген мақал содан қалған. Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына
келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, оларды орындап отыруды да қыздың
абыройы деп санаған. Бұларға: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені
сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкендерінің алдынан кесіп
өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт
дәстурлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе
біл, қой, сиыр сауа білу, кілем тоқи, кесте тіге білу т.б. секілді мінез
құлықтың қасиеттер мен дағды, икемділіктерді жатқызған.
ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы
«Көкпекті орта мектебі» КММ педагогпсихологы
Мукатаева Хамида Оралбековна
"Сенімділік күш береді" психологиялық тренинг-сабақ
"Сенімділік күш береді" психологиялық тренинг-сабақ
"Сенімділік күш береді" психологиялық тренинг-сабақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.