Шартты көшу операторлары
Оценка 5

Шартты көшу операторлары

Оценка 5
Разработки уроков
docx
информатика
30.01.2020
Шартты көшу операторлары
Шартты көшу операторлары
Сабақтың тақырыбы 9сынып (1).docx

Сабақтың тақырыбы: Шартты көшу операторлары

Сабақтың мақсаты 

Мақсаты: Оқушыларды шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру

1.  Білімділік: Оқушылар шартты операторлардың жазылу тіртібін білуі керек.

2.  Дамытушылық: Оқушылар тармақталған алгоритмдерге программа құруды компьютерде көрсету. Тармақталу операторы, Таңдау операторы, Өту операторларымен практикада көрсету.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал  –  жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Турбо Паскаль оқулығы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Лекция сабақ

Сабақ барысы.  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрау

оператор дегеніміз не?

меншіктеу оператор дегеніміз не?

Оператор қаншаға міндет атқарады?

Жаңа сабақ

            Шартты оператор Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады. Бұладың соңғылары құрылымы күрделі операторлар арқылы жүзеге асырылады.               Программа операторлары, негізінен,жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін  өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу (өту) операторы GOTO қолданылады (оқылуы: гоу ту ).Қойылған шартты тексеру арқылы оператордың орындалу ретін өзгертуге немесе өзгертпеуге болады. Шартты тексеру операторлары мен цикл операторлары көбінесе құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады. 

            Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа – құрама, шартты және қайталау операторларына жіктеледі.

            Құрама оператор.  Құрама оператор бір- бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және  end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды біроператор тәрізді орындалатын етіп біріктеу жолымен ұйымдастырылады. Құрама оператордың синтаксистік диаграммасы 3.9-суретте көрсетілген.

            Құрама оператор тілдің ережесіне сәйкес программаның кез келген жерінде тұра береді де, бір оператор сияқты орындалады.

            Begin

1-     оператор;

2-     оператор;

....................

n-1-оператор;

n-оператор

end.

Мұндағы операторды шектеп тұратын BEGIN(басы), END(соңы) түйінді сөздері операторлық жақшалардеп аталады, BEGIN сөзінің соңына және END сөзінің алдындағы оператордан кейін нүктелі үтір «;» қойылмайды. Құрама оператордың ішінде тағы да құрама оператор болуы мүмкін. Мысалы, әріптермен белгіленген операторлар жақшалармен көрсетілгендей ((А,В,С,D), ( K,L,M), Е, (R,S)) топталатын болса, онда программадағы құрама операторлар былай құрылады:

 begin

       begin

A операторы

           B операторы

C операторы

           D операторы

еnd;

       begin 

           K оепраторы

           L операторы

           M операторы

     end;

           E операторы

     begin

           R операторы

           S операторы

     еnd

end .

       Құрама операторлар шартты өту, таңдау және қайталау операторлары құрамында жиі кездеседі.

      Шартты оператор. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты операторлар бар, олар: If және case.

паа      If шартты операторы. If ( егер ) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.      

 

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.

Үй тапсырмасын беру:  Шартты операторлар

Бағалау:

 


 

Сабақтың тақырыбы: Шартты көшу операторлары

Сабақтың тақырыбы: Шартты көшу операторлары

А,В,С,D), ( K,L,M), Е, (R,S)) топталатын болса, онда программадағы құрама операторлар былай құрылады: begin begin

А,В,С,D), ( K,L,M), Е, (R,S)) топталатын болса, онда программадағы құрама операторлар былай құрылады: begin begin
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2020