Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Шақырымыз күзді, шын ниетпен ізгі»
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру
Міндеттері:
Білімділік: «Күз» мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: Жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауды үйрету арқылы зейіндерін дамыту
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге баулу
Сөздік жұмыс: жауын, керемет, жапырақтардың қурап түсуі
Үштілдік компонент: табиғат – природа – nature, күз-осень-autum, жаңбыр-дождь-rain, жапырақтар-листья-leaves, құстар-птицы-birds
Керекті құралдар: Күз мезгілі белгіленген суреттер, қызыл, сары және қызғылт түсті ұсақ қиылған қағаздары бар бөтелке, әр балаға жетерлік түтікше,үлестірмелі материалдар
Шаттық шеңбері: Армысың, асыл күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос. Міне, менің қолым! П.И. Чайковскийдің «Күз» әуені ойналады. |
-Өлең не жайлы?
-Өлең күз жайында
Әңгімелесу:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Төрт.
-Бүгін бізге қонаққа «Сиқырлы күз» келді (Күз ханшасының суретін көрсетеді.)
-Ол өзімен әдемі суреттер алып келіпті, қане қарайықшы.
Суретпен жұмыс:
-Мына суретте не бейнеленген?
-Күз мезгілі.
-Жапырақтар қандай?
-Сары.
-Күн қандай болады?
-Суық, жаңбырлы.
-Күн суытқанда қандай киім киеміз?
-Қалың киім киеміз.
(Күз мезгіліне сай киінген қуыршақты көрсетіп, киімі туралы әңгімелеу.)
Тыныс алу жаттығуы:
-Қане, бәріміз бөтелкелерімізде күзгі жапырақтардың қурап түсуін бейнелейік. Қызыл, сары қағаздардан жасалған жапырақтары бар бөтелкелерді таратылады. Бөтелке аузынан түтікше арқылы, үрлеп жапырақтарды қозғалтады.
Үштілдік компонент: табиғат – природа – nature, күз-осень-autum, жаңбыр-дождь-rain, жапырақтар-листья-leaves, құстар-птицы-birds
(Сөздерді хормен, жекелеме қайталайды)
«Сиқырлы күз» дидактикалық ойыны.
Күз ханшасы бізге күз мезгілінің белгілерін тауып беруін өтінеді. Тақтаға сурет ілінеді, оған күз мезгілінің құбылыстарының суреттерін жабыстырады.
Мысалы: Жаңбырдың, құстардың, жапырақтың, кепірқосақтың суретерін іледі.
Сергіту сәті:
Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды.
Тырс-тырс тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.
Күнге қолды созамыз.
Күннен жылу аламыз.
Боймызға таратып,
Біз көңілді боламыз
Күз туралы қандай тақпақтар айту.
Күзде біз көкөністермен жемістерді жинап аламыз, міне менің қолымда бір себет жемістер бар.Осы жеміс көкөністер туралы жұмбақ айтамын шешуін табыңдар.
Жұмбақтар:
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Сарымсақ)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні (Сәбіз)
Дидактикалық ойын: «Күзгі ағаштар»
Шарты: Ағаштың бейнеленген суреті тақтаға ілінеді. Жапырақтардың түсіне қарай кішкене үрленген шарларды ілу.
Күз туралы тақпақтар:
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Алтын –сары, қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп.,
Көз тартады атырап.
Қоңыр салқын тарады,
Қойнаулар мен сайлардан.
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау. -Бізге бүгін қонаққа кім келді? Күз ханшасы келді. -Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі. -Оны қандай белгілері арқылы білеміз? -Жапырақтар сарғаяды, күн суытады, жаңбыр жауады. т.б
-Табиғатта бәрі өзгеше әсем. Ендеше, былай бірге айтайық: Табиғат ол – анамыз, Табиғатқа баламыз. Құшағында ойнаймыз, Шаттық әнге саламыз. |
Күз ханшасымен қоштасып, рахметін айтады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.