Шыгармалар
Оценка 4.6

Шыгармалар

Оценка 4.6
Лекции
docx
русская литература
11 кл
08.04.2017
Шыгармалар
Публикация является частью публикации:
Шыгармалар.docx
Саиф Сараи шығармалары – даналық көзі Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін   жасаған   көркем   әдебиет   туындыларымен   толық   қамтылған.   Ежелгі дәуірдегі   әдебиетіміз   туралы   айтқаңда,   ең   алдымен,   екі   мәселені   айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек   қазақ   халқының   ғана   еншісі   емес,   олардың   басқа   түркі   тектес халықтардың   да   әдебиетіне   ортақ   екендігі.   Екіншісі   –   қазақ   тілінде   емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы.    ұйғыр,   хакас,   башқұрт,   түрікмен,   қарақалпақ, Қазақ   халқының   құрылуына   негіз   болған   ру­тайпалар   ол   замандарда қазіргі   Қазақстанды,   Орта   Азияны,   Оңтүстік–шығыс   Сібірді,   Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын  мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан,   татар халықтарының   төл   құрамына   енген   ру­тайпалармен   аралас   өмір   кешкен. Сөйтіп,   экономикалық,   әлеуметтік,   мәдени   өмірі   бір­бірімен   өзара   тығыз байланысты   болған   түркі   тілдес   халықтардың   әдебиеті   де   ортақ   болды. Кумандар,   Дешті   Қыпшақтар,   тағы   басқадай   атанған   жартылай   көшпелі, жартылай   отырықшы   түркі   тілдес   халықтардың   ерлігі,   тұрмыс­тіршілігі, арман­қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян   етілген.   Құлпытас,   күмбез   түріндегі   ескерткіштерге   өздерінің   елеулі­ елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда   болғанын   көрсетеді.   Ол   жазулар   дами   келе   Күлтегін,   Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми,  т.б.  орта   ғасырлық   ғұламалар   шығармаларының   сақталуына   негіз болды. Солардың бірі Саиф Сараи.  Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны,   Алтын   Орда   дәуірі   әдебиетінің   көрнекті   өкілі.   Хан   ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер   билігіндегі   Мысырда   өткізді.   Саиф   Сарайды   Ә.Наджип   қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді.  Бізге   жеткен   елеулі   еңбегі   —   бес   мың   жолға   жуық   түркі   (қыпшақ) тіліндегі   “Гүлстан   бит­түрки”   (1391)   туындысын   Сарайшықта   бастап, Египеттегі   Ніл   өзені   бойында   аяқтаған.   «Түркіше   Гүлстан»   парсы   ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж)түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Оған өзімен   тұстас   сегіз   шайырдың   ғазалдары,   ақынның   өзі   жазған   лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған.   Саиф   қолжазбасы   1915   ж.   белгілі   болды,   оның   фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Кітап   сегіз   тарау,   кіріспе,   қорытындыдан   тұрады.   Алғашқы   жеті   тарауы бөлек­бөлек   қысқа   әңгімелерден   құралған.  Сегізінші   тарауы   нақыл,   мақал­ мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза),   арасына   өлеңдер   кірістіріліп   отырған.   Тараулары:   «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым­қатынас ережелері», т. б деп аталады. Сәйф   Сараидің   өз   ойынан   жазған   төл   туындысы   ­   «Суһаил   мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен   қыздың   оқиғасын   баяндау   арқылы   өз   дәуірінің   өзекті   мәселелерін көтереді.   Соғыс   зардаптарын,   оның   қарапайым   халыққа   әкелетін қиыншылығын   суреттейді.   Бұл,   әсіресе,   өсиет­өнеге   бағытында   жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма. Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,  Жайшылықта «доспын» деген жай сөз Асыл мұра (Ежелгі дәуір әдебиеті). "Ежелгі   әдебиет"   (VII­XIV   ғғ.)   деп   аталатын   жеті   ғасырды   қамтыған әдебиетіміздің,   ұзақ   тарихына   қатысты   ескерткіштер,   шығармалар   аз   емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру­тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз­наманы" (IX ғ.) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл­Фараби, Әбу Райхан   әл­Бируни,   Махмұд   Қашқари,   Қожа   Ахмет   Йасауи,   Сүлеймен Бақырғани,   Жүсіп   Баласағұни   тәрізді   түркі   халықтарының   біразына   ортақ ойшылдары,   ғалымдары,   ақындары   жалғастырады   (X­XII   ғғ.)   –   Аталған ғұламалар   түркі   халықтарынан   шыға   тұра   кезінде   араб   әдебиетін,   араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі   дәуір   әдебиетінің   негізіне   қыпшақ   тілінде   дамыған   кезеңінде (ХIII­ХVI   ғғ.)   "Кодекс   куманикус",   "Махаббатнама",   "Жүсіп­Зылиха", "Түрікше Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек, ислам дінінің енуіне байланысты көшкен. Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі мәдениет ескерткіштерінің бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VIII ғ.) жайында болмақ. Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің бойынан табылған. Оларды алғаш   тапқандар:   швед   офицері   Иоганн   және   орыс   ғалымы   Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғғ.). Көздің жасымен, жүректің қанымен құлпытастарға қашалып тұрып жазылып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық тасқа ойылып жазылған жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі.   Бұл   ескерткіштердің   басты   кейіпкерлері   –   хандар,   бектер, тектілер туралы баяндауынан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Ескерткіштердің   авторлары   сол   жазуларда   есімдері   аталатын   Йоллығ­тегін мен   Тоныкөк   деген   болжам   бар.   Оларды   елдің   тарихын,   тағдырын   толғап айтушы ежелгі ақын­жыраулар өкілдері деуге болады. Орхон жырларында "Алпамыс", "Қобыланды" жырларындағы сияқты ел өмірін суреттеуде, ерлікті жырлауда, хан­бектерді мадақтауда өлеңмен бірге арасында   қара   сөздер   де   араласып   отырады.   Сондықтан,   оны   эпикалық мұрамыздың көне үлгілерінің бірі деуге болады. Онда шешендік сөз нұсқалары да мол. Оларда өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы көрінеді. Ерлік, батырлық дәріптеледі. Күлтегіннің он алты жастан   қырық   жеті   жасына   дейінгі   өміріндегі   ерлік   істері,   ел   басқаруы баяндалады. Бастыны еңкейтті, Тізеліні бүктірді, Бек ұлдары құл болды, Пәк   қыздары   күң   болды,   –   деп   суреттеледі   Күлтегін   ерлігі.   Күлтегіннің ерлігінің арқасында түркі халқының: "Кедейі бай болды", "Азы көп болды", – деген сияқты жолдардан жырдың түпкі мұраты ел бірлігі мен оның бақытты өмірін аңсау екенін аңғару қиын емес. Жалпы   қазақ   халқындағы   бай   жыр­дәстүрінің   негізі   сол   Орхон ескерткіштерінде   қаланған.   Орхон   ескерткіштері   –   алғашқы   ерлік жырларының бірі. Бұған тағы бір дәлел – жырда Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлер образдық дәрежеге жеткізіле жан­жақты суреттелген.   Білгенің   жырда   қайда,   қандай   жорықтарға   барғаны,   қандай, қаншалықты   ерлік   көрсеткені   толық   суреттеледі,   ол   халықты   жинап ұйымдастырушы ретінде бейнеленеді. Білгенің іс­әрекеттері ғана емес, көңіл­ күйі де баяндалады. Ол дұшпандар салған іріткіге еріп, қырылып­жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады. Жырда Күлтегін бейнесі үнемі өсу үстінде болады. Күлтегін – түркі халқының   ерлік   сипаттарын   бойына   дарытқан   жиынтық   образ.   Оның тұлғасында бір кездерде жалпақ даланы еркін билеген түркі тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Жырда батыр мерт болғанда, қазасына досы ғана  емес, дұшпандарының да қосыла жылауының кең суреттелуі халықтық бұлжымас ерлік дәстүрлерді қасиеттейтінін дәйектей түседі. Жырдағы   Тоныкөк   көптеген   қағандарға   кемеңгер   ақылгөй   болумен бірге   небір   жорықтардың   куәгері,   ізінше   сол   жорықтар   жайында   жырлар тудырып,   тасқа   қашатып   жазғызған   автор   екені   де   байқалады.   Сөйтіп, Тоныкөк әрі батыр, әрі ақылгөй, әрі жырау бейнесінде сомдалады. Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге Қаған және Тоныкөк ескерткіштері (Орхон­Енисей)   –   мазмұны   мен   түрі   жағынан   да,   тілі   мен   көркемдету құралдары   жағынан   да,   өлең   құрылысы,   композициясы   жағынан   да   ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы Теңдесі жоқ ақын, қазақтың жаңа сипатты жазба әдебиетінің көшбасшысы, ағартушы ­ демократ, есімі дүниеге кең тараған А. Құнанбайұлының айбынды тұлғасы   бүгінгі   күні   қазақ   әдебиетінің   асқақ   аспанында   аңыздағы   асыл бейнедей жарқырайды. Абай бүгінгі күнгі біртұтас шаңыраққа бірігіп отырған халықтардың келешегін болжаған кемеңгерлер арасынан өзін құрмет тұтып қастерлейтін   оқушылар   мен   достарын   тапты.  Оның   шығармалары   көптеген тілдерге аударылды. Қазақ халқының ғажайып ұлы Мұхтар Әуезов Абай туралы өзінің роман – эпопеясында ыстық ілтипатпен, тамаша шеберлікпен көрсеткен. Міне, содан соң абай даңқы елімізге, одан тыс жерлерге бұрынғысынан да кең таралды. Сөйтіп,   ел   жайындағы   әңгіме   Батыс   пен   Шығысты   емін   –   еркін   шарлауға шықты. Абай   поэзиясы   –   қазақ   поэзиясының   шыңы.   Оның   қаламынан   туған   «Қан сонарда   бүркітші   шығады   аңға»,   «Әсемпаз   болма   әрнеге»,   «Ғылым   таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» және басқада өлеңдері өнегелі сөзге айналды. Ғұлама ақынның   «Ескендір»,   «Әзімнің   әңгімесі»,   «Масғұт»   атты   үш   поэмасы   бар. Бірақ ақын поэма жазуды мақсат етпеген, сондықтан да оған аз тоқталған деп ойлаймын.   Соның   ішінде   «Ескендір»   поэмасында   айтылған   оқиға   қазақ топырағынан тыс жатыр. Бұдан ғана емес, сонымен қатар өзге халықтардың тарихына да қалам сілтегендігін аңғарамыз. Поэманың   аты   айтып   тұрғандай,   оқиға   оның   басты   кейіпкері   Ескендірге байланысты өрбіп отырады. Ескендірдің шын аты Александр Македонский. Ол – Мысыр елінің патшасы. Ақын поэмасының басында Ескендірді былай таныстырады: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары оған мекен Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен»,­ деп, оның қызғаншақ, көрсе қызар, мақтаншақ екенін аңғартады. Жиырма бір жасында   таққа   отырған   Ескендірдің   бойы   толған   жауыздық   пен   дүние қоңыздық екендігін ақын былайша көрсеткен. Сұмдықпен әскер жиып қаруланды, Жақын жерге жау болып тура аттанды. Көп елді күтінбеген қырды – жойды. Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды»,­ дейді. Әр ханды жаулап алған сайын оның байлыққа деген құлқыны арандай ашыла түсті. Ескендірдің атын естіп – ақ қорыққан қошеметшілері «Ханның ханы, патшаның патшасы», ­ деп атағын  талай жерге апарған. Атағы мен даңқы, байлығы мен шаттығы тасыған патша есепсіз әскер жиып, естіген елін жаулап ала   берген.   Жер   жүзін   жаулап   алмақшы   болған   Ескендірдің   алдынан қиыншылық шыға келеді. «Сандалды сар далада су таба алмай, Шөлдеген жұрт қайтеді, бос қамалмай? Қызметкердің бәрін де өлтірмекші Болыпты шөлдегенде шыдай алмай», ­ деген жолдардан оның төзімсіздігін, өз адамын өзі өлтірер қанішер екенін көреміз. Жол – жөнекей мөлдір су, тәтті бұлаққа кезігіп: «Бұл неткен су? Не де болса бір   бай   елден   шыққан   болар,   шапшаң   өрлеп,   шаһарын   алыңдар»,   ­   деп жарлығын   шашады.   Ол   су   ішіп   аман   ­   есен   қалғанына   қанағаттанбай,   сол жауыздығына жол беріп, елін жауламақшы болады. Осы   поэма   негізінен   әділдік   пен   жауыздықтың   тартысынан   құралған. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе күншілдік, қызғаншақтық, аранының ашылуы, тоймайтын жебірлік, озбырлық екендігін А. Құнанбаев көрсете келіп, соған қарсы   әділдік,   даналықты   ұсынады.   Оны   поэманың   мына   жерінен   көруге болады. Сұм патша бұлақ бойымен жүріп отырып, қақпасы бекітулі алтын қорғанға келеді. Өзін күзетшімін деп таныстырған шал: «Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ, бұл – құдайға бастайтын қақпа»,­ дейді. Амалы құрыған патша жұртқа мақтанып көрсететін сый сұрайды. Берген сыйлықты ашып қараса, ішіндегісі адамның бас сүйегі екен. Осылайша қақпа мен адамның көз сүйегін әділдікке   бастайтын   жолдың   символы   ретінде   алып,   ол   жұмбақты   ақылға шештіреді. Ақылдың иесі – Аристотель арқылы Ескендірдің жауыздығын өзіне мойындатып,   қан   төгуден   бас   тартқызады.   Оны   поэманың   мына   жерінен көруге болады. Аристотель Ескендірге: «Бұл адам көз сүйегі, ­ деді ханға, ­ Тоя ма адам көзі мың мен санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзіне құм құйылғанда», ­ дейді. Ақын   әрі   ғалым,   әрі   адамгершілік   иесі   –   Аристотельге   Ескендірді бағындырып, бас игізеді, әділдікке жауыздықты жеңгізеді. Ескендір образы арқылы   хан   мен   патшаны   бейнелеп,   халықты   ел   жаулағыш   патшадан жирендірмек болса, Арестотельді әділдіктің үлгісі қылып, айтайын деген ой – пікірдің  қазығы  етеді. Ақын  айтқандай,  әрқашан  жауыздықты   әділет   жеңіп отырады. Неміс – арам ниет басқыншыларының дүние жүзін жаулап болған жауыздығын да әділдік жеңіп, олар өз жерлерінде талқандалды. Қазақ тілі – ана тілім. Сүйемін туған тілді – анам тілін Жөргекте жатқанында берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным... С. Торайғыров. Тіл қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – қай елдің болса да мақтанышы. Ол ­ атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін   көзінің   қарашығындай   қорғауға,   оның   орынсыз   шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті   туған   тілден   безетін   сорақыларды   да   көргеніміз   бар.   Мұндайларды кездестіргенде,   Паустовскийдің:   «Туған   тіліне   жаны   ашымаған   адам   – жәндік», ­ деп ашына айтқаны ойға келеді. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл   тілінде   сөйлеуден   безу   ­   ақ   сүтін   беріп,   асыраған   анаңды   ұмытумен бірдей. Ана тілі ­ ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиевтің: «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл,­ Өз   тіліңді   құрметте!»   ­   деп   тұжырымы   –   жастармен   қатар   үлкендерге   де қойылатын талап. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең п1шілген жайдары тіл. Оған қысылып – қымтырылу асығып – аптығу ерін ұшынан шүлдірлеп – былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды тастырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр   желіндей   аңқылдап,   еркін   есіп   тұрады.   Қазақ   тілінің   ерекшелігі   – домбыраның   күмбір   қаққан   сазындай.   Асқақ   әуенділігі   –   шырқап   салар әніндей.   Шешендердің   аузынан   шыққан   қара   сөздің   өзінде   өлеңге   бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Өткен ғасырдың басында қазақтың тұңғыш ғалымы, әрі рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: «Әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар: тіл, діл дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық өзінше халық. Егер бұлардан айырылса, ол ел болудан қалады. Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады», ­ деген еді. Дүниеде ана тілінің адамға беретін рахат – ләззатының орнын басқа еш нәрсе толтыра алмайды. Кейде қазақ болып туғаным үшін және ең бай сұлу тілде сөйлегенім   үшін   өзімді   бақытты   сезінемін.   Қазақ   тілім   –   шын   шебердің қолынан шыққан домбыра тәрізді деп өз тіл туралы шығармамды аяқтаймын. Даланың дара ұстазы. Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек. Шоқан Уәлиханов. Жоспар: I Кіріспе 1. Халық перзенті – Ыбырай. II Негізгі бөлім 1. Адамдық қасиет таратушы ұлы педагог. 2. Табиғат танудағы ақын ұстаздығы. III Қорытынды 3. Даланың данышпан ұстазы. Әр халықты болашаққа бет алған тарихи даму жолында өшпес жұлдыздай болып есімі ерекше аталатын ірі тұлғалары болады. Соның бірі қазақ сахарасында өмір сүрген, халықтың данышпан перзенті, даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай   –   өз   заманының   ірі   қоғам   қайраткері,   тұңғыш   педагогі.   Қазақ балаларына   білімнің   кілтін   ұстатып,   тұңғыш   мектеп   жүрегі   болған   алғаш мектеп   ашушы.   Халықты   қараңғылық   бұғауынан   құтқарып,   көңілдеріне көрікті ой, көздеріне нұрлы сәуле тастап, көкіректерін оятуды көздеген халық қамқоршысы.   қазақтың   жан   сезімін,   ішкі   дертін   тап   басып   тани   білген тамыршысы.   Өнер   ­   білімнің   қандай   жолға   апаратынын,   оқудың   мұратқа жеткізетіндігін тұңғыш рет қазақ даласына паш еткен дара ұстаз. Ыбырай шығармаларының өзекті тақырыбы өнер ­ білім, еңбек, тәрбие болды. Осындай асыл қасиеттер арқылы жас ұрпақты ұқыптылыққа, адамгершілікке баулиды.   Адамгершілік   қасиеттерді   «Шеше   мен   бала»,   «Бір   уыс   мақта», «Мейірімді бала», «Әдеп», «Әділдік» деген шығармаларынан көруге болады. Ал   «Байлық»,   «Өрмекші   құмырсқа,   қарлығаш»   және   «Қыпшақ   Сейітқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімелері жастарды еңбекке баулиды. Ыбырай: Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық,­ деп жастарды өнер ­ білімге шақырады. Соларға арнап «Қазақ   хрестоматиясы»  атты   кітапты   тұңғыш   рет  қазақ   тілінде  шығарады. «Бұл   кітап   жасөспірімдерге   ғана   емес,   сонымен   бірге   жалпы   халыққа арналады»,­ деп жазды Ыбырай. «Қазақ хрестоматиясының» тілі жаттық, ойы терең еді. Ол кітапқа оқыған адамға ой тастайтын, көңілге тоқырлық мәні терең   де   астарлы   шығармалар   енгізді.   Сол   кездегі   халықтың   ой   ­   санасы ғылымнан гөрі өлеңге, әңгімеге жақын болған еді. Ыбырай сондықтан да, осы кітапты   сол   халықтың   ой  ­   санасына   негіздеп   шығарған.  «Бай   баласы   мен жарлы   баласы»   әңгімесінде   бай   баласы   Асанды   жарлы   баласы   Үсемен салыстыра   отырып   суреттейді.   Үсен   ­   қиыншылықты   көп   көрген,   сол қиындыққа қарсы тұра білетін, еңбексүйгіш бала. Ал Асан осыған қарсы. Осы шығарма   арқылы   Ыбырайдың   айтайын   деген   ойы   еңбексүйгіштікке, қиындыққа төзе білуге, ақылдылыққа, өнерге тәрбиелеу. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» шығармасы ­ көпті көрген әкесі мен жаңадан гүл жарып келе жатқан жеткіншек арасындағы әңгіме. Мұнда әкесі баласына өрмекші,   құмырсқа   қарлығаш   арқылы   өмір   сүрудің   әліппесін   түсіндіріп, жақсылық   пен   жамандықтың   жігін   ажырата   білетін   халге   үйретеді   және кішкене   жәндіктердің   босқа   жатпай   өз   тамағын   табу   үшін   тырбанып жүргендігін   айта   келіп:   «Сен   де   өз   тамағыңды   адал   ниетпен   тауып   жеуге үйрен» өйткені «Ісі жоқтың асы жоқ», Бекерден тәңірім безеді» демекші, «Сен де уақытыңды босқа өткізбей таза еңбек ет», ­ дейді. «Әке мен бала» әңгімесіндегі кейіпкерлер де басқа адамдар емес, әкесі мен баласы. Бұл әңгімеде жазушы бір ғана әкесі арқылы бүкіл ата ­ ананың балаға деген тәрбиелік жолын көрсетеді. Бірақ оның негізгі айтайын деген ойы бұл емес, басқа еді. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жүмысқа тап боларсың, азға қанағат   етпесең,   көптен   құр   қаларсың»,   ­   деп   жастарды   қанағатшылыққа, жалқаулыққы қарсы тұруға шақырады. Міне,   осы   әңгімелерден   де   Ыбырайдың   ұстаздық   тұлғасын   анық   қөруге болады. Өйткені ол айтайын деп мақсат тұтқан ойын шығармалары арқылы оқушы қауымға анық та, түсінікті етіп жеткізеді. «Атымтай   Жомарт»   әңгімесінде   біріншіден,   байлық   қолдың   кірі   екендігін, екіншіден,   баймын   деп   аспау   керектігін,   үшіншіден,   еңбекпен   табылған нанның тәттілігін, төртіншіден, «Бақ басқа қонған құс, ұшады да кетеді» деп имандылықтан шықпай, кем ­ кетіктерге қол ұшын беріп көмектесу салауат екендігін уағыздайды. «Бақша   ағаштары»   атты   шығармасында   атасын   бағбанға,   баласын   ағашқа теңейді. Атасының баласына «қисық ағаштары болса, кесіп тастау керек» деп айтуының   өзінен   де   жаман   қылыұтардан   арылтып,   жақсылыққа баулитындығын көреміз. Бала кішкентай кезінде қандай тәрбие алса, кейін өзінің   бойынан   табылатын   қасиеттер   де   сондай   болмақ.   Бұдан   шығатын қорытынды   «Ұяда   не   көрсең,   ұшқанда   слны   ілерсің».   Осы   әңгіме   арқылы түйінделетін негізгі ой тәрбие, ата ­ анамен бала арасындағы қарым ­ қатынас. Міне,   біз   бұл   әңгімеден   «тәрбие   бесіктен   басталады»   деп   қорытқан Ыбырайдың данышпан ұстаздығын көреміз. «Сараңдық   пен   жинақтылық»  әңгмесінде   аз   нәрсені   азсынбай   қадірін   біліп жинасаң, жақсылыққа жететіндігіңді, сол арқылы халыққа пайдаң тиетіндігін айтады.   Өйткені   қандай   нәрсе   болмасын   бірден   көбейіп   кетпей,   аздан құралады.   Сондықтан   да   бұл   әңгіме   ұқыптылыққа,   жинақтылыққа, қанағатшылыққа үйретеді. «Салақтық»   әңгімесінде   жазушы   Кәрім   деген   шешен   арқылы   салақтықты сынайды. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деп бірінші өлімнен достары алып қалып еді, екіншісіне өзі барып қайта ұрынды. Бұдан әңгіменің аты айтып тұрғандай ­ ап салақтықтың ауру екендігін, тазалық болмаған жерде істің алға баспайтындығын  айта келіп, салақтықтан тазалықтың рөлі басым екендігім жастарға үлгі етіп отыр. «Мейірімді   бала»   шығармасында   бір   төренің   қатал   заңға   тап   болып,   қолы кесілетін уақыт таянғанда, қыз бала әкесінің бар күнәсін өз мойнына алып, ол үшін жауып біреуін де бір үлкен ерлік іс деп айтуға болады. Бұл әркімнің де қолынан келе бермейді. Қыз баланы осындай ерлікке апарудың себебі неде? Өйткені балның әкесіне сүйіспеншілігі сонша зор. Яғни бұл әңгімеден әке мен қыз баланың аралығындағы мейірімділікті көреміз. Дүниедегі   ең   ескірмес   мұра,   сарқылмас   дәулет   өнер   ­   білім   деп   түсінген Ыбырай «Кел, балалар, оқылық» деп өлең жазады. Ұлы педагог: Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырық жағылар... ... Мал ­ дәулеттің байлығы Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы Күннен ­ күнге көп болар,­ деп, мал ­ дәулетті өнер ­ білімге қарсы қояды. Тіршілікте мал ­ мүліктен гөрі өнер ­ білімнің маңызы күшті деп түсіндіреді. Сиса көйлек үстіңде Тоқуменен табылған... Өнер ­ білім бпрлығы Оқуменен табылған,­ деп, өнердің еңбектің еш қиындықсыз келмейтіндігін айтады. Адамға еңбек ету парыз екендігін, онсыз ешнәрсе өнбейтіндігін, еңбек ­ өмір кілті екендігін уағыздайды. Оқу білген адамдар Май тамызған қылыштан,­ деп, оқу арқылы аңсаған арманыңа қол жеткізуге болатындығын сол кезде ертегіде айтылып жүрген ұшқыш кілем, қазіргі ұшақ, тыңғыш, қазіргі радио, телевизорларды   қиялдамай   ­   ақ,   өнер   білгеннің   нәтижесінде   өмірге пайдалануға болатындығын айтады. Әлпештеген ата ­ ене Қартаятын күн болар, Қартайғанда жабығып, Шал тоятын күн болар. Ата ­ енең қартайса ­ Тіреу болар бір оқу,­ деп, мал кетсе де білім кетпейтіндігін, тіпті оқу арқылы қартайға ата ­ ананы да асырауға болатындығын айтады. Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты,­ деп,   С.   Торайғыров   айтқандай,   адам   мен   табиғат   егіз.   «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтар тілі жоқ» дегендей, табиғатсыз өмір сүру мүмкін емес. Табиғат ­ адам баласының ғұмыр кешетін тіршілік ортасы. Табиғатқа өлең арнамаған бірде ­ бір ақын жоқ. Соның бірі ­ Ыбырай. Ол табиғатқа арнап «Өзен» өлеңін жазады. Бұл өлеңнен тіршіліктің тамырын, жомарт   бейнесін   көз   алдымызға   келтіреміз.   «Ағаш   жапырағымен   көрікті» демекші,  өзен   де   өзінің   сабдырлап   бір   қалыпты   ағауымен,  тіршіліктің   кқзі болуымен құдіретті. Оның адамға әкелген сыйы да өлшеусіз. Тас таста, алтын таста сынамаққа Сонда да аққан өзен қалыбында,­ деген жолдарында мен өзінмен деп тасымайды, «Сен де сол сияқты бол, асып ­ тасыма, істеген жақсылығың үшін ешкімге міндет етпе» деген ойды көруге болады. Міне, бұл өлең адамның жақсы көңіл күйін білдіретін қарапайым өлең сияқты болып көрінгенімен де, мәні тереңде жатқан, жастарға үлгі ­ өнеге, тәлім ­ тәрбие беретін қаншама астарлы ой жатыр. Сондықтан,   біз   бұл   өлеңнен   де   Ыбырайдың   ағартушылық,   ұстаздық көзқарасын айқын көреміз Сонымен,   қорытындылай   келе   Ыбырай   Алтынсарин   ізгілік   отын   адал жүрегінде мәңгілік орнатқан, жарық жұлдызды алаулаған отқа айналдырған, жазушылық қызметінің түп қазығын оқумен, өнер ­ біліммен сабақтастырған, ақындық   шабытына   дем   беріп,   жазушылық   қиялына   қанат   бітіретін   зор нысанасын   қараңғы   қазақ   халқының   көзін   ашып,   көкірегін   оятуға   арнаған даланың дара да, данышпан ұстазы деп танимын. Халқын сүйген жүрек (Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларындағы күрескерлік рух). Жоспар: І Кіріспе 1. Сөз көсемі – Ахмет. II Негізгі бөлім: 1. «Адам қайғысы – заман қайғысы. 2. Маса – қазақ оқушысына естілген екінші ұран. 3. Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ... III Қорытынды: 1. Ахмет – ағартушы, публицист. 2. Ахмет – ұрпақ атасы. Ахмет Байтұрсынұлының жасаған барлқ еңбегі, қорлығы, көрген азабы, болашаққа сенген үмітарманы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Сондықтан да туған халқын жан ­ тәнімен сүйген асыл азаматтың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ. (Р. Нұрғалиев.) Өмірдің   толымды   болуы   сезімге   байналысты,   бірақ   сезім   адам   рухының шырқап шыққан биік шыңы емес. Адамның мәңгі өлмейтін рухының артықша қасиеті   гүлдей   нәзіктік   пен   тастай   қаттылықты   бірдей   сақтай   алатын жұдырықтай жүргендегі ақыл ­ парасатында. Ал ақылдылықтың ең соңғы, ең жоғарғы   көрінісі   –   «сезім   –   от,   ой   тазалық».   Осындай   сезім   отың   ой тазалығына   жеңдірген,   қазақ   аспанында   жұлдыздай   болып   жарқыраған   сөз көсемі – Ахмет Байтұрсы Адам қайғысы – заман қайғысы болғанын көрген Ахмет саналы өмірін туған елдей ел болмас деп, өз халқын адам сезімінің айнасы  сезімтал  жүрегімен сүйгендіктен сол халықтын мешеу болып артта қалғандығын, өмір озып, ажар тозғандығын   айтып,   олардың   ыстығына   күйіп,   суығына   тоңа   білді.   Абай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп күңіренсе, Ахмет қылыш қанатты сұңқардай   сөз  сыбырға,  іс   жыбырға   айналған  уақытта  «Түсіне  қарап  ішіне түңілме, күшіне қарап ісіне түңілме» деп маса болып ызыңдады. Ызыңдап ұшқан(дары) мынау біздің маса, Сап – сары аяқтары ұзын маса... ... Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса, ­ дейді. Қандай   ұйқы?   Оқусыз   білім   жоқ,   білімсіз   күні   жоқ   екенін   түсінбеген надандықтын ұйқысы. Міне, Ахмет осындай қасіретті ұйқыға душар болған туған   халқына   маса   болып   ызыңдап   аз   да   болса   көңілдеріне   көрікті   ой, көздеріне   нұрлы   сәуле   тастап   оларды   оқуға,   өнер   –   білімге,   рухани мәдениеттілікке   ер   тынысы   –   еңбек   екенін   түсіндіріп,   еңбекқорлыққа шақырғысы келді. «Маса»   жөнінде   зертеуші   Қайым   Мұхамедханов:   «Маса»   ­   патша заманындағы   қазақ   халқының   басынан   кешкен   аса   ауыр   хал   –   ахуалын айнытпай   суреттеп   берген   шыншыл   көркем   шығарма.   Қазақ   әдибиетінде ешқашан тарихтың маңызын жоймаитын дәуір туындысы», ­ деп жоғары баға береді.   Ал   Мұхтар   Әуезов:   «Маса»   ­   қазақ   оқушысына   естілген   екінші елшілдік ұран», ­ деп сипаттайды. Ахметтің өзі өлеңдер жинағын «Маса» деп алуы да тегін емес. Маса – символ: қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық – осылардың бәрі, Ахметтің бейнелеуінде қазақты шағуға дайын   тұрған   жылан,   өлең   иесі   аяқтары   ұзын,   сары   маса   болып,   ызыңдап ұйықтап жатқан халықты оятпақшы: «Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан, Жыланды бәле делік аңдап баққан. Бәленің түрін көрген мен сары маса Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан». Ұйықтағысы келсе ұйықта жата бермей ме? Неге оятады. Өйткені қазақ: «Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи беру Болғандай табан тіреу ешнәрсе жоқ». Алды – артын аңдымай, оқымаған миы ашып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір жерден сөз шығармай, күш сынасқан, күндестік шырқын бұзған, бірліктен, берекеден,   шын   пейілден   жұрдай   болған,   дерт   болып   кірген   алтыбақан алауыздық. «Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе, ­ Деп отыр, не болса да жұртпен көрдік»,­ деп, әр іске салғырттықпен қарап еңбек қуып қазынаға жолықпай, ермек қуып бәлеге жолыққандығын, дүниенің көзі, ырыстың тізгіні, жанған шырақ білім екендігін түсінбей не болса да жұртпен бірге көппен көрген ұлы той деп көне салатынын айтады. Міне, бұл «Қазақ қалпы» өлеңі сол кездегі өмір сүрген қазақ халқынын портретін дәл айқындап береді. Бұдан біз Ахметтің нағыз елін сүйген, сүйгендігінің арқасында дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады демекші, сүйікті жұртының жаман қасиеттерін дәл көрсете білген, түзелер деп үміт   күтіп,   сол   үмітін   талабының   жетекшісі,   талабын   табыс   кілті   жасаған реалист суреткер екенін көрүімізге болады. Кімде – кім тағдырдың жазуымен, тіпті өз еркінен тыс, тек өз табиғатының ереешелігімен, дүниенің бергі қабатын ғанакөрмей, соның ар жағында жатқан сырларды ұғы алса, аңғал болмыстың көлегейінен жай адамның көзі ажырата алмайтын сонау беймәлім алыс қиырларды қырағы көзімен шала алса, міне, сол адам суреткер деп А. Блок айтқан осы бір даналық тағлымы Ахметке де айтуға болады. Өйткені Ахмет заман шындығын дәл көре білген, сол көргенін бойына біткен дарынды таланты мен жыр жолдары арқылы өрбіткен шыншыл, суреткер   ақын.   Ал   ақын   –   заманының,   жағдайдың   ортаның   түлегі.   Көзбен көрген, жүрекпен сезген, бастан кешірген оқиғалар оның көңілінің түкпірінде, миының қатпарында ұзақ сақталады. Міне, Ахмет ­ осындай шындықты тура бейнелей алған суреткер ақындығымен бірге ортақ тақырыпты әңгіме қозғаған публицист,   білімді   биікке   көтерген   ағартушы.   Ол   кездегі   көреген   көзді зиялыларға ортақ мәселе ақылдың тозбайтын тон, білімнің таусылмайтын кен екенін ұғынбай білім ­ ғылымнан кенже қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулақтан көзін ашып, көкірегіне ой салып, ояту еді. Ахмет болса өзінің алдындығы мақсаты осылай әңгіме қозғау деп біледі. Оны өз өлеңдерінде де ашық білдіреді: «Баяғы қалпы, Баяғы салпы. Бұ неткен жұрт ұйқышыл? Болсын кедей, болсын бай Жатыр бейқам жым ­ жырт жай»­ деп күңіренсе, тағы бір тұста: «Емшегін еміп, Анаға сеніп Бала ұйықтайды жастықпен. Қымызға қанып, Қызарып жанып Бай ұйықтайды мастықпен. Шалап ішкен кедей мас, Мына жұрттың түрі оңбас!» Бұл жерде бала мен байдың ұйқысы жастық пен мастықтан болсын, ал кедей жұртына   не   жоқ,   шалапқа   мас   болып   ұйықтау   деген   қайнаған   қалың   сор дегенді айтады. Сондықтан: «Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, Жөн сілтедім жақын емес, алысқа. Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, Дедім сен де қатарыңнан қалысна!»­ деп,   қазақ   халқын   оқу   ­   білімге   шақырған   өзінің   ісінің   дәлелін   айқындап көрсетеді.   Ал   публицистикалық   мақалаларында   бұл   ойын   бұдан   өткірірек тілмен батыра айтады: «Надандық, өнерсіздік ата жолымыз болған соң олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерден  жолдан  қағылғанымыз  ­  бәрі   надандықтың   кесапы». «Оқусыз   білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»,­ деп қазақ балаларының сауатын ашу үшін соларға арнап көптеге шығармалар жазады. Соның бірінде былай дейді: «Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер түсіп байқап қаралық та! Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па?! Даналық өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер іздеп тауып алалық та!» Мұнда Ахмет «даналық» деп сауаттылықты, білім, ғылымды игеруді, ал «бұ жол» деп оқуды айтады. «Білімнің басы ­ бейнет, соңы ­ зейнет» екенін айтып, бірақ та оқыса, аңсаған арманына   жетуге   болатынын   айтса,   енді   бір   өлеңінде   елдік,   ұлттық бостандығы жоқ, отаршылық күй кешіп отырған, ғылым ­ біліммен де теңдесе алмайтын көшпелі жұртына ақын былай дейді: «Қазағым елім, Қайқайып белің Сынуға тұр баянып. Талауда малың, Қамауда жаның Аш көзіңді оянып. Қанға жоқ па әлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?!» Асықпандар, артымызда қазы бар, Терген талай сүйектерің қазылар,­ деп,   түбінде   әділеттіліктің,   шындықтың   жеңетініне,   болашаққа   сенім білдіреді. Аудандық олимпиадада оқушы ең көп дегенде 80 балл жинай алады. Олимпиаданың   келесі   турына   оқушылар   жинаған   балына   қарай іріктеленіп алынады. Қазақ тілі мен әдебиеті ( Қазақ мектептері үшін) 8 ­ сынып Шығарма тақырыптары: 1.«Жеті жаста Арыстан баб келді маған .......» (Ахмет Иасауи. Хикметтері) 2Асыл мұра (Ежелгі дәуір әдебиеті). 3.Біздің Елбасы 4.«Ерлік пен елдік – Махамбет ұраны»  (Махамбет   Өтемісұлының   210   жылдығына   орай)5.   Ақын   және   аққу (М.Мақатаев шығармашылығынан). 6. Менің сүйікті кейіпкерім. (Шығармаға – 50 ұпай) 1­ билет 1.Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап, Есі болса, жұрнақ болса намыстан. Ұшқалақтап – бірі, екіншісі – сараңдық, Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық. Ж.Баласағұнның   шығармасынан   айтылған   ойдың   негізгі   идеясы   қандай? «Құтты білік» кітабы не туралы? Кітаптың кейіпкерлері кімдер? 2.Сөйлем.Сөйлемнің түрлері. 3.Морфологиялық талдау жаса. Түркілердің ежелгі мекені – Орхон өзенінің аңғарынан табылған. 2­билет 1.Алла, Алла демейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, Ажал уақыты жетпейінше ешкім де өлмес. Авторы кім? Нақыл сөздерінің мағынасын ашып көрсет. 2.Сөйлем мүшесі дегеніміз не? Сөйлем мүшесі болудың негізгі белгілерін айт. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. Олжабек сол түтіннің дәл түбінде көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр. 3­билет 1.Жеті жаста Арыстан баб келді маған, Хақ Мұстафа аманатын берді маған. Сол сәтінде­ақ көңілімтауып баян, Нәпсім өліп, тәңірі жолына түстім мен де. Ахмет   Йасауидың   «Даналық   кітабы»   кітабында   нені   жырлады,   нені насихаттайды? Ахмет Йасауи өмірі туралы не білесің? 2.Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш. Дара және күрделі және үйірлі  бастауыш.  3.Мәтіндегі етістіктерді морфологиялық жағынан талдау жаса Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең 4­билет 1.Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? ­ Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін.  Авторы кім және ол туралы не білесіз?  2. Тұйық етістікті септе. Бару, сөйлеу, айтуы, көрулері, келуім 3. Тұйық етістікті тәуелдендір. Келу, жету, сөйлеу. 5­билет 1.Өлең ­ сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.  Абайдың өлеңге, поэзияға қояр талаптарын ата. Сен оны қалай түсінесің? 2.Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? Көркем шығармалардан, мақал –  мәтелдерден мысал келтір.  3. Мәтіннен зат есімді тауып, морфологиялық талдау жаса. Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,  Бақытын ойламайтын бір басымның (Қ.Аманжолов) – Қайран Тектім –ай!.. Алпамыстай арысым едің....  Есімшені көпше, жекеше түрде жіктең. Сөйлем түрлерін атаңдар? Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?  6–билет 1. Қаңбақтай   жеп   –   жеңіл   боп   қаусап   қалғаның   –   ау!   Бұл   қай   шығармадан алынған үзінді? Тақырыбы мен идеясын не жайында екенін жаз. 2. Көркем шығармалардан мысал келтір. 3. Жекеше І. Мен көргенмін, келермін, баратынмын.  ІІ. Сен  Сіз  ІІ. Ол.  Көпше І. біз көргенбіз, келерміз, баратынбыз ІІ.Сендер  Сіздер  ІІІ.Олар  Сөздердің байланысу түрлері дегеніміз не?  Берілген сөйлемдер байланыс түрлерінің қайсысына сәйкес келеді? 7 ­билет 1 Абай Құнанбаевтың жиырма тоғызыншы қарасөзінде айтылған  ойдың мазмұны.  2. 3. 1.Қызылжардан бұл жолы даренжіп қайтып еді. 2. Ілияс үйінен жүгіріп шықты. 3. Менің әкем бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы  еді. 4.Одағым десем ойыма Айдын шалқар көл түсер. 5.Ол биыл мектепті бітірді

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар

Шыгармалар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.04.2017