«Шынықсаң шымыр боларсың» (эстафеталық жарыс)

  • Игры
  • docx
  • 04.09.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру. Өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту; Балалар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру. Көрнекі құралдар: 2 есек, 2себетке шырша бүршіктері. Сазды әуенмен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады.Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру. Өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту; Балалар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру. Көрнекі құралдар: 2 есек, 2себетке шырша бүршіктері. Сазды әуенмен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады.
Иконка файла материала Шынықсаң шымыр.docx
«Шынықсаң шымыр боларсың» (эстафеталық жарыс) Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін  оятуға мүмкіндік беру. Өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын,  шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту;  Балалар арасындағы мейірімділік, достық  қарым­қатынасты арттыру. Көрнекі құралдар: 2  есек, 2себетке шырша бүршіктері. Сазды әуенмен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады.                Тәрбиеші: Еріншектен салақтық                           Салақтықтан надандық,                           Бірінен –бірі туады                           Жоғалар сүйтіп адамдық                            Еріншек таза жүре алмас,                           Кір қолында жуа алмас.                            Қарекет жоқ, ғалым жоқ                             Өз бойынан ұялмас­ деп Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі «Шынықсаң –шымыр боларсың» ,­деп аталатын  эстафеталық жарысымызды бастаймыз. Жан­жақты дамыту жаттығулары.Бір қатармен жүру,жүгіру,екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру, Мұнан соң балалар шеңбер жасап тұрып ,негізгі жаттығуларды жасайды. жақты  дамыту  жаттығулар:I  Жан – ­Бастапқы  қалып: аяқты  бірге, қол  төменде.1 – қолды  жоғары  көтеру. 2 – оңға,  3 – солға  сылдырлату, 4 – бастапқы  қалып. 3­4 рет  қайталау.II – Бастапқы   қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1­отыру, 2­ сылдырмақты  тізеге  ұру, 3 – шыдырлату, 4­ қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет  қайталау.III – Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  жанында  1 – 2 алға  қарай  сермеу, 3 – 4 артқа  қарай  сермеу.  4 – 5 рет  қайталау.IV — Бастапқы  қалып: аяқтың  арасы  ашық, қол  төменде.1­  қолды  созу, 2­ аяқты  ұшына  тигізу, 3­ бастапқы  қалыпқа  оралу. 4 – 5 рет   қайталау.V — Бастапқы  қалып: аяқты  бірге  қойып.Қояндарша  қос  аяқтап   секіру.  Құрметті , бүлдіршіндер   бүгінгі  «Шынықсаң шымыр боларсың» (эстафеталық жарысқа)  қош  келдіңіздер! Көңілді  жарысқа «Кұлыншақ» тобының  бүлдіршіндері  қатысады. «Шынықсаң –шымыр боларсың» ­деп аталатын эстафеталық жарысымыздың  шарттарымен  таныс болайық 1. «Жүйрік есек»  Әр командадан 1 баладан шығады. Балалар есектың ұстыне отырып  секіріп барып, артқа қайтады. 2. Шырша бүршігін (шишка) себетке салу. Ойын шарты: Шырша бүршігін , себеткеге тез  жинау.   Қимылды ойын : Ұйқыдағы аю. Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу. Ойын шарты:Тәрбиеші  аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады.  Қояндар орманда ойнап жүріп, ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю  ашуланып, қуа жөнеледі.Ойын 2­3 рет қайталанып, аю жаңадан сайланып  отырады.Жарыс соңында тыныс алу жаттығулары орындалады. Жүгірдің де қарғыдың,                                   Қане, «Ү­п!» ­деп айтайық Жарадыңдар барлығың.                                  Демді ішке тартайық    Шаршамаңдар дегенмен                                   Енді «Ү­һ..» деп айтайық Тыныстаңдар тереңнен                                     Демді шығар қайтарып                                           Босаңсытып денеңді,                            Бәрекелді балалар                                          Бей жай күйге ен енді                            Бәрекелді алтындар.                                           Басты көтер тік ұста                                          Емін еркін тыныста. Тәрбиешіші: Осымен  балабақшамызда «Құлыншақ» тобында өткелі  отырған ,  «Шынықсаң шымыр боларсың» (эстафеталық жарыс) атты  жарысымыз аяқталды.                   Жарқын,шаттық заман болсын,                   Бүлдіршіндер  аман болсын.                   Сыйластық пен бірлік болып,                   Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).Тәрбиеші: Ахметова Г.К.