ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Оценка 4.9

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Оценка 4.9
Руководства для учителя
docx
воспитательная работа
Взрослым
22.02.2018
ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Шағын жинақталған мектептің оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Гуманитарлық бағыттағы колледж білімгерлері мен оқытушыларына арналған әдістемелік құрал. Бұл әдістемелік нұсқауда жұмыстың мақсаты мен міндеті, тапсырманың жалпы мазмұны, бақылау жұмысын орындау тәртібі мен тексеру және сақтау тәртібі көрсетілген.
Міндетті бақылау жұмысын әзірлеу ШКМО (3).docx
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ  БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАРАТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ­ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ                                                                                                                                                                                                                                                                  ___________ С.Анарбекова «___»____________2017 ж. «БЕКІТЕМІН» Директордың оқу­ісі жөніндегі орынбасары Міндетті бақылау жұмысын әзірлеу және орындауға арналған әдістемелік нұсқау Пәні: «Шағын жинақталған мектептің оқу­тәрбие үрдісін                   ұйымдастыру»       Оқытушы: С.У.Минжанова Курс, топ, бөлім: 4 курс, 0105. Күндізгі бөлім. Мамандығы: 0105­ «Бастауыш білім беру »        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау Әзірлеген:  _____________ С.У.Минжанова Әдістемелік нұсқау «Арнайы экономикалық және педагогикалық білім беру пәндері»  ЦӘК отырысында қаралды. Хаттама № ____ «____»___________ 2017 жыл  «Арнайы экономикалық және педагогикалық  білім беру пәндері»  ЦӘК төрайымы: _____________ С.У.Минжанова Әдістемелік нұсқау колледждің әдістемелік кеңесінде қаралды.  Хаттама № ____ «____»______________ 2017 жыл  Әдістемелік кеңес төрайымы: _______ Әдіскер: ____________        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау МАЗМҰНЫ                           1. Мақсаты мен міндеті …………………………….....................4 2. Тапсырманың жалпы мазмұны ..............................................  5 3. Бақылау жұмысын орындау тәртібі мен тексеру .................  6 4. Сақтау тәртібі ............................................................................6 5. Қорытынды  ретінде: .............................................................   6                     Қолданылған әдебиеттер ...........................................................  8                          КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау 1.Мақсаты мен міндеті Мақсаты:  Білімгердің  «Шағын   жинақталған   мектептің   оқу­тәрбие үрдісін   ұйымдастыру»   пәні   бойынша   білімін   жетілдіру,   жауапкершілігін арттыру,   өз   бетінше   іздену   және   өзіндік   жұмысты   орындау   қабілетін қалыптастыру, жеке басының сапалық қасиеттерін жоғарылату. Міндеті:  Білімгердің  «Шағын   жинақталған   мектептің   оқу­тәрбие үрдісін ұйымдастыру» пәні бойынша ағымдағы немесе қорытынды үлгерімін анықтау,   сондай­ақ   тарау,   бөлім   немесе   жалпы   пән   аясындағы   білімгер біліміндегі кемшіліктермен жұмыс. Міндетті бақылау жұмысының (әрі қарай бақылау жұмысы) орындалуы пән бойынша стандартта қарастырылады. Бақылау жұмысы ағымдағы немесе аралық   бақылау,   не   қорытынды   бақылау   ретінде   алынады.   Сондықтан бақылау   жұмысы   білімгердің   пәнді   қандай   деңгейде   меңгергендігін айқындайтын   тарау   немесе   бөлім   бойынша   қорытынды   болып   табылады. Бақылау   жұмысы   орындалу   мерзімі   көрсетіле   отырып,   пән   бойынша күнтізбелік­тақырыптық жоспарға енгізілуі керек. 2.Тапсырманың жалпы мазмұны Бақылау жұмысының  мазмұны  бойынша тапсырмалар салыстыру мен талдау, ұқсастықтар мен айырмашылықтар мәселелерін қарастыра алады. Сондай­ақ,   ішінара   тест   сұрақтарын   да   енгізуге   тиым   салынбайды. Бақылау   жұмысын   орындау   барысында   қолданылатын   тақырыптар стандартқа   сәйкесалынады   және   рәсімделеді.   Атап   айтқанда   кестенің (таблицаның) аты кестенің жоғары оң жағында реттік нөмірі көрсетіліп толық аты жазылу арқылы рәсімделеді, кестенің толық аты кесте және оның реттік нөмірінен  (мысалы   кесте   1)   кейінгі   жаңа   жолдан   басталады,   нөмір   белгісі   (№) қолданылмайды  (қосымша №1). Суретті рәсімдеуде болса керісінше, суреттің аты суреттен кейінгі жаңа жолда көрсетіледі, мұнда да нөмір белгісі (№) қолданылмайды (қосымша   №2).   Тапсырмаларды   қалыптастыру   кезіндегі  негізгі   талап конспектіден   немесе   кітаптан  дайын   жауапты  көшіріп   алу  емес,  оқушыны ойландыру, тапсырманы өз санасынан өткізу арқылы жаңа соқпақтардан өтіп тың жауаптар іздеуге ықпал ету.         КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау 3. Бақылау жұмысын орындау тәртібі мен тексеру Бақылау жұмысы білімгерлермен аудиторияда отырып орындалады. Бақылау   жұмысы   мазмұнының   пәнді   қамту   деңгейіне   және   күрделілік сатысына   байланысты мерзімі 45 минут, яғни жарты пар немесе 90 минут толық   бір   пар   болуы   мүмкін.   Бақылау   жұмысы   білімгерлерге   тапсырма ретінде   кемінде   2­3   вариантта   беріледі.   Білімгерлердің   өз  бетінше   жұмыс істеуін қамтамасыз ету, әрі бір­бірінен көшіру мүмкіндігін кеміту және жоққа шығару үшін ең оңтайлысы төрт вариант болғаны дұрыс. Міндетті бақылау жұмысының тапсырмалары оқу жылының басында ЦӘК отырысында қаралып, бекітіледі. Тапсырма мағынасы айқын, түсінікті, мейлінше қысқа әрі бір мағыналы болуы тиісті. Тапсырма мәтінінде жалпы қысқартуға   рұқсат   етілген   сөздерді   (   мыс.   ТМД,   ҚР,   ШЖМОТЖҰ) қоспағанда өзге сөздерді қысқартуға болмайды. Оқытушы кем дегенде бір апта бұрын міндетті бақылау жұмысының болатын мерзімін, бақылау жұмысында қаралатын тақырыптар, тараулар мен бөлімдер аясын,   әдебиеттер   тізімін   оқушыларға   хабарлайды.   Бақылау   жұмысының мазмұнын   құрайтын   нақты   тапсырмалар   мен   есептерді   мерзімінен   бұрын оқушыларға беруге, сондай­ақ оқушыларға беймәлім тақырыптарды жұмыс мазмұнына енгізуге болмайды.  Жұмыс   көк   немесе   көкшіл   сиялы   қаламсаппен   орындалуы   тиісті. Қызыл   немесе   өзге   де   түсті   қаламсаппен   орындау,   жұмыс   мәтінінде жекелеген сөздерді  бояу,  өрескел түзету жұмыс  бағасын кемітеді. Оқушы кез­келген   сұрақтан   жауап   беруді   бастауға   құқылы.   Варианты   немесе орындаған   оқушының   аты­жөні   көрсетілмеген     бақылау   жұмысы тексерілмейді,   әрі   «қанағаттанарлықсыз»   деп   бағаланады.   Бақылау жұмысына негізсіз себептермен қатыспаған оқушыға «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады. Ал себептері негізді деп танылған білімгер ақылға қонымды мерзімде   аудиторияда   отырып   бақылау   жұмысын   орындауға   міндетті. Бақылау   жұмысы   аяқталған   соң   оқытушы   жұмыстың   мазмұнын   құраған тақырыптарды   үйде   қайта   қарап   келу   керектігі   туралы   білімгерлерді міндеттейді.      Бақылау   жұмысын   оқытушы   тексеру   барысында   әр   сұрақ   бойынша кемшіліктер мен  грамматикалық  қателерді  де көрсетуге міндетті. Мұндай ескертпелерсіз   бақылау   жұмысына   қойылған   баға   ЦӘК   төрағасымен жарамсыз деп танылуы мүмкін.          КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау Бақылау   жұмысы   тексеріліп,   кемшіліктері   көрсетілген   күйінде, білімгерлерге жіберілген кемшіліктермен танысу үшін сабақ үстінде немесе одан   кейін   қолына   беріледі   Бақылау   жұмысындағы   жалпыға   тән кемшіліктерді талдау түзеу мақсатында келесі жаңа сабақтан 10­15 минут бөлінеді. Белсенділік танытып, кемшіліктерді жою тәсілін тапқан оқушылар міндетті   түрде   бағалануы   тиісті.   Кемшіліктерді   талдау   және   түзеу жұмыстары   аяқталғаннан   кейін   бақылау   жұмысы   сақтау   үшін   қайтадан жиналып алынады.   4.Сақтау тәртібі Бақылау   жұмысы   пәні,   орындалған   күні,   тобы   көрсетіліп   тиісінше рәсімделіп ЦӘК да немесе пән бекітілген дәрісханада сақталынады (рәсімдеу тәртібі қосымша №     көрсетілген). Егер бір пәннен бір оқытушы бірнеше топқа   дәріс   берсе   бақылау   жұмыстары   бұл   пәннен   жеке   файл   түрінде дәрісханада   сақталынады.   Ал   егер   бір   пәннен   бірнеше   оқытушы   бірнеше топқа дәріс берсе, бұл пән бойынша бақылау жұмыстары алдына тапсырмасы салынып,   тиісінше   рәсімделіп,   жеке   файл   ретінде   ЦӘК­да   сақталынады. Жоғарыда   аталған   сақтау   тәртібі   ЦӘК   төрағасының   немесе   ЦӘК мүшелерінің ұйғарымымен өзгертілуі мүмкін. Мұндағы басты мақсат сақтау әдісінің ыңғайлылығы  мен тиімділігі, яғни іздеген жағдайда  жылдам табу. Бақылау   жұмысының   жалпы   сақталу   мерзімі   алты   ай.   Бұл   мерзім   ЦӘК төрағасының немесе ЦӘК мүшелерінің өзгерту туралы келісімінің нысанасы бола   алмайды.   Сақтау   мерзімі   аяқталған   бақылау   жұмыстары   кемінде құрамында   үш   оқытушыдан   тұратын   комиссиямен   жойылады.   Комиссия құрамы   ЦӘК   төрағасының   жеке   өкімімен   бекітіледі.   Жұмыстардың жойылғаны жөнінде комиссия акт жасайды.  5.Қорытынды  ретінде: Міндетті   бақылау   жұмысы   сабақты   жоспарлауды   және   бақылау тапсырмаларын   жай   әзірлеуді   ғана   емес,   оқушылардың   іс­әрекетін ұйымдастыруға елеулі көңіл бөлуді талап етеді. Яғни бақылау сұрақтарының жұтаңдығы, мағынасының қабылдауға ауырлығы білімгерлердің өз бетінше іздену ниетін төмендетеді (немесе оятпайды).      Міндетті   бақылау   жұмысы  жас   оқытушылар   тұрмақ,   көп  жағдайда тіпті   тәжірибелі   оқытушылар   үшін   де   қиын   іс   болуы   ғажап   емес. Оқытушының   шығармашылық   зертханасы   нақ   осы   жерде,   бақылау        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау тапсырмаларын   дайындау   және   сабақты   өткізу,   әсіресе   дайындау   үстінде ашылады.   Сондықтан   дайындау   процесінде   оқытушы   бақылау   жұмысының шеңберін қамтитын тақырыптар аясымен тағы да бір танысып, білімгерлердің шығармашылық   және   өз   бетінше   ізденуіне   түрткі   болатын     тапсырмалар таңдап алғаны жөн.        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау Бақылау жұмысы №1 1 нұсқа. Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі 1. Шағын жинақталған мектеп түсінігі 2. Шағын жинақталған мектеп ерекшелігі 3. Шағын жинақталған мектеп белгісі Бастауыш  шағын жинақталған мектепте оқыту процесін ұйымдастыру. 2 нұсқа. 1. Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі  2.Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған мектептер 3. Шағын жинақталған мектептердің проблемалары және оларды шешу жолдары. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі педагогикалық процестің  ерекшелігі 1. Бір пәндік, бір тақырыптық. әр пәндік әр тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау. 2. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың рөлі, түрлері, ұйымдастыру жолдары 3. Білім алушылар мен мұғалім арасындағы қарым­қатынас Бастауыш шағын жинақталған мектептегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары (жалпы, жекелей) 1. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі педагогикалық процестің ерекшелігі  2. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі жұмыстың тиімділігі  3. Бастауыш шағын жинақталған мектептің кемшілігі 3 нұсқа. 4 нұсқа. 5 нұсқа. 6 нұсқа. 7 нұсқа. Сынып. Сынып­комплект  құрастыру 1. Сынып және сынып­комплект түсінігі 2. Сынып­ комплект құрастыру жолдары 3. Сынып­ комплект принципі Бастауыш шағын жинақталған мектепте сабақ кестесін құрастыру жолдары 1. Сынып­комплект жағдайындағы сабақ кестесі    2. Сабақты жоспарлау, өткізу ерекшеліктері. Бір пәнділік, бір тақырыптық жүйе  бойынша құрылған сабақтар 1.   Бір   пәндік   жүйедегі   сабақтарды   жаңа   педагогикалық   технологиялар   бойынша жоспарлау. 2. Бір тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау.        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау 3. Әр пәндік әр тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау. Бастауыш шағын жинақталған мектептерде сабақтарды жоспарлау және 1. Сабақ,оған қойылатын талаптар 2. Шағын жинақталған мектептерде сабақтарды  жоспарлау  және  өткізу өткізу  ерекшеліктері Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу пәндері бойынша күнтізбелік­тақырыптық жоспарлау 1. Бір пәнділік жүйе  бойынша сабақты күнтізбелік­тақырыптық жоспарлау жолдары. 2. Әр пәнділік жүйе  бойынша сабақты күнтізбелік­тақырыптық жоспарлау жолдары. 8 нұсқа. 9 нұсқа. 10 нұсқа. 11 нұсқа. 12­ нұсқа Бастауыш шағын жинақталған мектептің оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың рөлі және өзбетіндік жұмыс түрлері 1.  Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың рөлі 2. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмыстың түрлері  3. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмысты ұйымдастыру жолдары.  Бастауыш шағын жинақталған мектеп мұғалімінің сабаққа дайындалуы 1.  Сынып және сынып­ комплект жағдайында мұғалімнің сабаққа алдын ала және тікелей дайындығы 2. Әр пәндік әр тақырыптық жүйедегі сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау. 3. Бастауыш шағын жинақталған мектептегі оқу процесіндегі өзбетіндік жұмысты ұйымдастыру жолдары.  1.Шағын жинақталған мектептегі ертеңгілік жэаттығулардың түрлері 2.Оларды өткізу әдістері  3.Шағын   жинақталған   мектептегі   дене   шынықтыру   сабағын   сынып   комплект жағдайында ұйымдастыру ерекшеліктері мен жолдары         КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау 1.Шағын жинақталған мектепте сынып–комплект жағдайында математика сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері  2. Бағдарлама материалдарына талдау жасау 3. Математика сабағындағы өзбетіндік жұмыстардың түрлері, өткізу әдіс­ тәсілдері. 1)  Қандай   да   болмасын   пәнді   оқыту   барысында   арнайы   мақсат­   міндеттер айқындалады. Сондай мақсат –міндеттердің бірі бастауыш мектептегі оқушыларды математика пәніне бейіндеу. Математика сабақтарын оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға және ғылыми көзқарастарының негіздерін қалыптастыруға және алған   білімді   практикалық   мұқтаждықтардан   туындаған   түрлі   есептер   шығаруда тиімді қолдануға септігін тигізеді. Бастауыш сынып оқушылары екі түрлі қабілетпен әрекеттеніп дамып отырады. Атап айтсақ, біріншісі берілген оқу әрекеті арқылы дамып, білік, білім және дағдыны қабылдайды.   Ал   екіншісі   ­   шығармашылық,   бұл   жағдайда   оқушы   тапсырмаларды орындау,   мәселені   шешу   барысында   өз   бетімен   әрекет   жасайды.   Математика сабақтары   неғұрлым   қызықты,   тартымды   болса,   соғұрлым   оқушының   математика пәніне деген қызығушылығы мен ынтасы  зор болып, оқу белсенділігі арта береді. Математика сабағын оқытудың маңызды әдістерінің бірі ­ өзіндік жұмыс түрлерін жасау. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың математика пәніне ынтасын арттыра отырып, пәнге бейіндеу мақсатында оқыту барысында өзіндік жұмыстардың түрлерін жүргізіп отырамын. Математиканың   қоғаммен   байланысын   көрсетуде   және   баланың   ойлау қабілетінің жақсы дамуында мазмұнды есептердің маңызы зор.Оқушыға есеп шығару тәсілдерін   үйретудің   өзіндік   қиыншылықтары   болады.   Алдымен   есеп   мазмұнын талдап, белгілі және белгісіз мәліметтерді анықтап алады. Сосын есептегі өлшем, мөлшерлерге   талдау   жасалады.Оқушыны   ең   алдымен   есептің   шартын   құруға төселдіру керек.Есептерді түрлі тәсілмен шығару жолдарын меңгеруді үйретемін. Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніндегі өзіндік жұмыстардың бір   бөлігі   математикалық   диктант   болып   саналады.   Диктант   тапсырмалары   жас шамасына   сай   күрделеніп   отырады.Мысалы,   үшінші   сынып   оқушыларына төмендегідей диктант түрлерін қолдануға болады: 1. 30 және 6 сандарының айырмасын 4­ке көбейт; 2. 20­ның 8­ге көбейтіндісіне 16 – ның 5­ке көбейтіндісін қос; 3. Қандай санды 3 есе арттырсақ, 27 саны шығады? 4. 9 саны 72 –ден неше есе кем? Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттырудың тағы бір әдісі – логикалық есептер шығару. «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны   –   логикалық   сөйлеуді   ұстаз   дамытуға   тиіс»,­   деп   көрсетті К.Д.Ушинский.Бастауыш   сынып   баланың   логикалық   ойлауын   дамытудың   негізгі кезеңі деп есептеледі. Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау сапалы,   дәлелді   шешімдер   қабылдай   білуге   үйрету   –   математика   сабағының міндеті.Логикалық   тапсырмаларды   орындау   барысында   барлық   логикалық   ойлау операцияларын   (талдау,   жинақтау,   салыстыру,   жалпылау,   саралау)   арнайы   жүйелі түрде қалыптастырып, ойлау белсенділігін және өзбеттілігін жетілдіріп отырамын. 1.   Дастан   Нұржаннан   биік,   ал   Ержаннан   төменгі   қабатта   тұрады.Сұлтан Дастаннан төмен тұрады. Олар төрт қабатты үйдің қай қабаттарында тұрады? 2. Әпкесі 16 алма сатып алды. Оның жартысын Гүлжан жеді, Бақытжан үш алма жеді, ал қалғанын Маржан жеді. Маржан неше алма жеді? 3.   Қайсар   ойын   кубигін   4   рет   лақтырды.  Ол   қоржынына   25   ұпай   жинады. Қайсарға неше рет алтылық түскен?  Оқушылардың   өзіндік   жұмысына   мұғалімнің   тапсырмасы   бойынша,   өздері жоспар   жасап,   істің   тәсілін   анықтап,   оның   нәтижесін   бағалап   орындайтын жұмыстармен қатар,олардың өз еркімен жаңа амал – тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық   жаттығулары   жатады.   Осындай   мақсатпен   оқушылардың   тесттер құрастырып жазуын жандандырып, балалардың  белсенділігін арттырамын.Тағы бір айтарым, оқушыларды сабақ барысында тек математикалық тілде сөйлеуіне аса мән беріп отырамын. Математика сабағынан үйге берілетін өзіндік жұмыс оқушылардың өз бетімен білімді игеруіне және ата – ана мен мұғалімге оқушының жетістігін біліп отыруына,   сондай   –   ақ   баланың   бос   уақытын   тиімді   пайдалануына   көмектеседі. Математика пәніне деген ынтасын арттыру мақсатымен сабақ барысында әр түрлі дидактикалық ойындар мен қызықты шығармашылық жаттығулар енгізілген. Оқыту барысындағы тапсырма әдеттегіден өзгеше берілсе, оқушылар зор ынтамен орындап отырады.Олай   болса,   қызықты   сабақтар   –   мұғалімнің   ашқан   жаңалығы,   өзіндік қолтаңбасы,   әдістемелік   ізденісі,   мақсат   –   мұраты   және   көтерілген   белесі. Математика   пәнін   оқыту   барысында   тиімді   әдіс   –   тәсілдерді   қолдану   арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізіп келемін: ­   оқушылардың   жаңа   материалды   оқып­үйренуге   және   оны   игеруге   деген қызығушылығын тудырдым; ­ оқушылардың оқу­танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әр түрлі іс­әрекеттер   жасау,   оның   ішінде   ойлау   қызметін   (талдау,   зерттеу,   жалпылау, модельдеу   және   т.б.),   өзін­өзі   бақылау   және   бағалауды   жүргізу   біліктігін қалыптастырдым;  ­   оқуға   деген   ынтасын,   математикаға   деген   оң   көзқарасы   мен   танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын жетілдіріп келемін; ­ оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық   білім   мен   білікті,   есептеу,   өлшеу   және   графиктік   дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын­ала мақсатты дайындықты жүргізіп отырмын. ­   оқушы   өзін   жеңімпаз   ретінде   сезіне   алатындай   тапсырмаларды   әртүрлі   дәрежеде   орындату   арқылы   оқушылардың   білімін   саралауды күрделі ұйымдастырдым;        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау ­   білімді   дайын   күйінде   бермей,   оқушының   өзі   ой   еңбегін   қажет   ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым; ­ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жан­жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс­тәсілдерді кеңінен қолдандым; ­   оқушылардың   білім   алу   нәтижелерін   талдап,   бағалап,   қорытындылап отырмын.  Математика   пәнін   оқыту   процесінде   осындай   іс   –әрекеттердің   арқасында шығармашылық   қабілеті   жоғары,   өз   ойын   ашық   айта   алатын,   қоғамға,   өндіріске белсене араласатын, жаңалыққа жаны құмар азамат қалыптасады.  2) Мектептiң бастауыш білім деңгейінде оқушыларды сыныптық­құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: сыныптарды біріктірудің аралас түрі: 2+3, 3+4;   әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіру: 2+4, 1+3. Сыныптарды біріктіру кезінде әр жастағыларды біріктіру оңтайлы болып табылады, себебі бұл сыныптарда оқушылардың   жас   ерекшеліктері   мен   оқу   бағдарламаларының   айырмашылықтары елеулі,   сондықтан   оларды   бір   сынып   ішінде,   бір­біріне   кедергісіз   бөліп   оқыту мүмкіндігі жоғары. 1­сынып   оқушылары   жеке   оқытылады.   Себебі   мектепке   енді   қадам   басқан оқушылардың   оқу   әрекетiне   бейiмделуі,   талаптануы,   зейіні   тұрақтануы   мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып­кешеніне қоспай, жеке оқыту керек. Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4),  сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау  мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс. Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқыту мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей тиімділіктерді көрсетеді: ­   оқушылар   әртүрлі   сыныпта   оқығанымен,   олардың   назарын   бір   пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады; ­   әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды; ­   өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады; ­   оқушылардың   бір­біріне   көмектесіп,   ұжымдық   қарым­қатынасқа   түсуіне мүмкіндік беріледі; ­   оқушылардың бірін­бірі тексеруін, өзін­өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады; ­   үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады. Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық  материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi  сақталуы керек: ­      жазу сабағы бойынша 2­сыныпта 20 минуттан, 3­сыныпта 25 минуттан; ­      математика сабағы бойынша 2­сыныпта 15 минуттан, 3­сыныпта  20 минуттан аспауы тиiс.        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру,   дамыта   оқыту,   модульдік   оқыту,   ақпараттық­коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады. Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып,   деңгейлік   тапсырмалар   беру   арқылы   олардың   танымдық   белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. 3. Математика сабағындағы өзбетіндік жұмыстар түрлері, өткізу әдіс­тәсілдері. Математикалық   үйірмелерді   жүргізудің   әдістері   :оқушылардың   жұмысын зерттеу.   Оқушылардың   жазба,   бақылау   және   графикалық   жұмыстары,   суреттері, пәндер   бойынша   дәптерлері,   әр   түрлі   тақырыптарға   жазылған   баяндамалары   мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көз­қарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс­әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын   ұштастырып   жүргізудің  және  осы  сияқты   дидактикалық   мәселелерді қолданудық тиімді жолдарын іздестіреді. Математикалық   кештерді   ұйымдастыру   мен   өткізу   әдістері  “Есептердің шешу барысында математикалық логиканың элементтерін пайдалану ” Бөшкедегі су. Жұмыскерді жұмысқа алу үшін бай оған бір сыннан өтуді ұсынды: — Берілген бөшкені су құйып, орталау керек. Бірақ ішіндегі суды өлшеуге не таяқ, не жіп, не басқа да нәрселерді қолдануға болмайды­депті. Жұмыскер бұл тапсырманы орындап, жұмысқа алынған. Ол оны қалай орындады? Бөшкеге су тура ортасына дейін құйылғанын оны еңкейту арқылы байқауға болады.   а)   суретте   бөшкені   еңкейткенде   су   беті   бөшке   бетінің   шеті   мен   түбінің жоғарғы   нүктесінің   бір   деңгейде   жатқанын   көреміз,   бұл   бір   біріне   диаметральді қарама­қарсы жатқан нүктелер арқылы өткен су бетінің жазықтығы бөшкені тура екі бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Ал   қалған  б)   және  в)  жағдайларында   түбі   не ашық,   не  судың  астында  болатыны байқалады. Сыныптан тыс оқытудың басқа түрлері  Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан   тыс   жұмыстарды   ұйымдастыру   мен   өткізудің   оқушылардың   білімін тереңдету және математикаға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы мен орнын анықтауда болып табылады. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді: • жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді); • жеке­жұптық ( оқушы – оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым­ катынасы, қазіргі   жағдайда   оқушымен   қарым­қатынасы   жеке   оқушының   әзірлік   үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау • жеке­топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған). •   Өзара   бірлесіп   оқыту,   (аталған   оқыту   жүйесі   Англияда   пайда   болған, атауы­беланкастер жүйесі); • Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі (Мангейм жүйесі); •   Бригадалық   оқыту,тапсырманы   бригада   алады:   бір   сыныпта   5­6   оқушы ұйымдасады, есеп беруші­бригадир оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20­жылдарына тән); • Американдык «Винетка­жоспар», «Трампа­жоспар» және т.б. • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).  Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті(дарынды)   оқушылармен   жұмысты   жандандыруға   болады.Өз   тәжірибемде түрлі   тақырыптарда   «Жас   математик»,   «Жүзден   жүйрік…»,   «Бастауыш көшбасшысы», «Жұлдызды сәт», «Миллион кімге бұйырады?» білім сайыстарынмен Математикалық   олимпиадаға,Мемлекеттік   аралық   бақылауға   дайындық   есептерін жиі ойындар,(ұлттық ойындар)математикалық   ребустарды,математикалық   фокус,жаңылтпаштар,мақал­ мәтел,   сөзжұмбақтарды   шешу,қызықты   әзіл   есептерді   шығару,математикалық ертегілер,логикалық   жаттығуларды   орындау   оқушының   ақыл   –ойын,   қиялын, интеллектуалдық ой­өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден­бір ұтымды тәсілі.   дидактикалық   Сонымен өткіземін.     қатар   Қорыта   айтқанда,факультативтік   сабақтарды   ұйымдастыру   барысында келесідей нәтижелерге қол жеткізуге болады,олар: *Оқушының ой­өрісі дамиды. *Ойлау іскерлігі қалыптасады. *Ақыл­ ойы жетіледі. *Есте сақтау қабілеті артады. *Қызығушылық қабілеті оянады. *Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. *Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады. *Шығармашылықпен жұмыстанады. *Даму мониторингі айқын көрінеді Сыныптық   –   сабақ   жүйесі   өзіне   көптеген   оқу   үрдісін   ұйымдастырудың бірқатар   кешендерін   қосып   алады.   оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың   түрлері   (пән   үйірмелері,   студия,   ғылыми   қоғамы,   олимпиада, байқаулар, конференциялар). Оқытудың  осы түрі  ауқымында жұмыстың ұжымдық,  топтық,  жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және   Оған   жататындар:   экскурсия,          КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау тәжірибешілік   немесе   практикалық   сабақтар),   онда   саралап   оқыту   жұмысы жүргізілмейді,   ал   сыныпта   топтар   эртүрлі   тапсырмалар   орындаса,   бір   мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады. Конференция және семинар түріндегі сабақтарды өткізу  Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б. Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция,  талқылау т.б. Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б. Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында. Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты  көрсету мақсатында. Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында. Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында. Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау. Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту. Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету. Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру. Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау. Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру. Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру. Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру. Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту. Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту. Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.  Математикалық олимпиада өткізу әдістемесі …        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау Пайдаланылатын әдебиеттер  Негізгі: 1.  Қазақстан Республикасы бастауыш жалпы білім беру Мемлекеттік стандарты. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы ­ Алматы: 2000.  2. Құрманалина   Ш.Х,   Құрманалина   С.Х.   Шағын   жинақталған   мектептегі   математика. ­Астана: Фолиант, 2008. 3. Мұхамеджанова Ұ.Ж, Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі­ Астана: Фолиант, 2007. 4. Набидолла Ш, Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Астана: Фолиант, 2011. 5. Байтанасова Қ.М, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2008. 6. Губашева С.Г, Отарбай А.Ж, Тәрбие жұмысының әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007. 7. Тұрдалиева Г.Ж; Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007. 8. Дәулетова Қ; Еңбекке баулу әдістемесі; Астана: Фолиант, 2010. 9. Мұқашева М; Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2008. 10. Құрманалина Ш.Х. Шағын жинақталған мектепте оқу­тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері. ­ Орал: 2000. 11. Естұрсынова   М.К;   Жаратылыстану   негіздері   және   дүниетануды   оқыту   әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007. Қосымша: 1. Құлмағамбетова А. Аз жинақталған мектепте сабақтарды ұйымдастыру. ­Алматы:  Мектеп, 1974. 2. Бастауыш мектеп журналдары.        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау Пайдаланылатын әдебиеттер Негізгі: 1.Қазақстан Республикасы бастауыш жалпы білім беру Мемлекеттік стандарты. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы - Алматы: 2000.        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау 2.Құрманалина Ш.Х, Шағын жинақталған мектептегі математика. -Астана: Фолиант, 2008. Құрманалина С.Х. 3Мұхамеджанова Ұ.Ж. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі- Астана: Фолиант, 2007. 4.Набидолла Ш. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Астана: Фолиант, 2011ж. 5.Байтанасова Қ.М. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2008. 6.Губашева С.Г, Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007. 7.Тұрдалиева Г.Ж; Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007. 8.Дәулетова Қ; Еңбекке баулу әдістемесі; Астана: Фолиант, 2010. Астана: Фолиант, 2008. 9.Мұқашева М; Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі; 10.Құрманалина Ш.Х. Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері. - Орал: 2000. 11.Естұрсынова М.К; Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі; Астана: Фолиант, 2007. Қосымша: 1.Құлмағамбетова   А.   Аз   жинақталған   мектепте   сабақтарды ұйымдастыру. ­Алматы: Мектеп, 1974. 2.Бастауыш мектеп журналдары.        КГТК Ф 703­09­09 Әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

ШЖМОТҮҰ пәнінен міндетті бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2018