Солтүстік ренессанс. Үлкен Брейгель

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 04.03.2022
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Изобразительное искусство Северного возрождения. Брейгель Старший
Иконка файла материала Сотүстік Ренессанс. Үлкен Брейгель.pptx

2 курс №8 тақырып «Солтүстік қайта өрлеу дәуірі»









2

Солтүстік қайта өрлеуі деп Италияның солтүстігінде орналасқан Батыс елдері – Нидерланды, Германия, Франция және Англия елдерінің көркем мәдениетін атайды.

3

«Солтүстік қайта өрлеу дәуірі» басты өнерінің ерекшеліктері:
- халық дәстүрлері және фольклормен байланыс; - шығармашылықтағы анық сатиралық бағыт; - Италья Қайта өрлеуіне тән пафостың болмауы; - қоғамдық жүйенің дәстүрлерін теріске шығару, келемеждеу;

Фольклор - халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. 

Үлкен Питер Брейгель (П.Б. Старший) 1525-1569
Нидерланд суретшісі. Пейзаж және жанрлық көріністердің шебері. Суретшілер - Кіші Питер Брейгель мен Ян Брейгельдің әкесі.
Питер Брейгельдің жастық шағы туралы деректер жоқ. Шығармашылығын графикалық суретші ретінде бастаған.

1552-1553 жылдары Брейгель Францияға, Италияға және Швейцарияға саяхаттап, пейзаж суреттерін жасады. Оны Римнің көне ескерткіштері мен Қайта өрлеу дәуірінің туындылар, теңіз көріністері таң қалдырды.
Брейгель шығармашылығындағы басты тақырыптардың бірі - адамның әлсіздігі мен ақымақтығын бейнелеу.
Сюжет үшін ол халық фольклорына, библия әңгімелеріне, мақал-мәтелдерге жүгініп оларды діни догмадан босатып, шынай өмірлік көрініс ретінде ұсынды. Адам мен табиғат арасындағы ажырамас байланысты көрсете білді.

Қардағы аңшылар 1565

«Жыл мезгілдері» циклі 6 картинадан тұрған. Солардың 5-уі сақталған. «Қардағы аңшылар» картинасында кеңістік тереңдігін беру үшін белгілі әдісті қолданған. Ол әдіс- жоғарыдан көрініс, алдыңғы жоспардағы қара реңнен біртіндеп артқы жоспарда ақшыл реңге ауысу.

«Бұлыңғыр күн»

«Егін жинау»,

«Отардың қайтуы»,

«шабындық»,

«Жыл мезгілдері» циклі

«Соқырлар туралы аңыз»
Ерекше композициялық шешімі мен жазылу шеберлігі үшін әлемдік кескіндеменің жауһары болып саналады.
Інжілдегі «Соқыр адам соқырды жетелейді» сюжеті бейнеленген.

«Нидерланд мақал-мәтелдері» немесе. «Төңкерілген дүние» 1559ж. Картинада 100 аса мақал тура мағынасында бейнеленген. Брейгель адамның әлсіздігін, ақымақтығын келемеждеп көрсеткен.

Тісіне дейін қарулану

Басын жарға соғу

Қармақсыз балық аулау

«Нидерланд мақалдары» картинасының фрагменттері

“Масленица мен Пост шайқасы”

“Масленица мен Пост шайқасы” фрагменті

Балалар ойыны

Еріншектер елі

Вавилон мұнарасы

Шаруалар биі

Брейгель шығамашылығы алуан түрлі. Ол адамдардың өмірін, көңіл-күйін, дүниетанымын бейнеледі. Пейзажды жай ғана фон емес, адам драмасының өрістейтін аренасы ретінде қарастырды. Суреттерінде сатира, фантастикалық оғаш кейіпкерлер басым.

Питер Брейгель 1569 жылы 5 қыркүйекте қайтыс болды. Ол Брюссельдегі Нотр-Дам де Шапелл соборында жерленді. Оның картиналары әлемдік мәдени мұраға айналды.

Скачивание материала доступно только для авторизованных пользователей.