НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН
7-СЫНЫПТАР ҮШІН
ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған оқушылар үшін)
МАЗМҰНЫ
1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты.. 3
2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар. 3
3. Күтілетін нәтижелер. 3
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 4
5. Модерация және балл қою.. 4
6. Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу. 6
Кіріспе
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес үш немесе одан да көп пәндерден жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.
Бір немесе екі пәннен аралық аттестаттауда «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар үшін оқу жылына жиынтық бағалау ұйымдастырылады. Ол мектеп құрастырған кестеге сәйкес оқу жылы аяқталған соң өткізіледі.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қосымша жиынтық бағалауды қайта тапсырады. Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылы басталғанға дейін өткізіледі.
Білім беру ұйымдарында оқу жылына арналған жиынтық бағалау мен қосымша жиынтық бағалау осы спецификацияға сәйкес өткізіледі.
Білім алушы қосымша жиынтық бағалаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, қайта оқу жылына қалдырылады.
1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау пән бойынша оқушылардың күтілетін нәтижеге жеткенін көрсете алуына қосымша мүмкіндік беру және оқуды жалғастыру үшін қанағаттанарлық баға алу мақсатында өткізіледі.
2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
- дүниежүзі тарихы кезеңдерін;
- әлем тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
- тарихи даму барысында қалыптасқан әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
- тарих ғылымының базалық ұғымдарын;
- тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну:
- орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
- әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
- заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;
- әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.
Қолдану:
- тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: әлем елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде.
Талдау:
- себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
- жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;
- тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
- тарихи паралелль өткізу жолымен әлемнің жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
- проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
- бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
- түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Жинақтау:
- жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды.
Бағалау:
- тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
- әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Жиынтық бағалау барлық еске түсіруге мүмкіндік беретін көрнекі құралдары: диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталары жабылған оқу кабинетінде өткізіледі.
Жиынтық бағалау басталар алдында оқушыларға жиынтық бағалауды өткізу ережесі мен жұмысты орындау уақыты хабарланады. Оқушылардың жұмысты орындау кезінде бір-бірімен сөйлесуіне болмайды. Оқушылар жұмысты орындауға кіріспес бұрын ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтарды қоюға құқылы.
Оқушылар өз бетінше жұмыс жасауы қажет және бір-біріне көмектесуге құқығы жоқ. Жиынтық бағалауды өткізу кезінде оқушыларда көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздік немесе анықтамалық әдебиеттер (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) болмауы тиіс.
Жауаптар ұқыпты жазылғаны дұрыс. Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң оқушылар дер кезінде жұмысын тоқтатып, өздерінің қаламдарын/қарындаштарын партаның үстіне қоюы қажет. Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң оқушылардан жұмысты тоқтатып, өздерінің қаламдарын/қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтініңіз.
5. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың балдары балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
ЖБ балдары |
Балдардың % пайыздық мазмұны |
Баға |
0-7 |
0-39 |
қанағаттанарлықсыз - "2" |
8-12 |
40-64 |
қанағаттанарлық - "3" |
13-16 |
65-84 |
жақсы - "4" |
17-20 |
85-100 |
өте жақсы - "5" |
Қорытынды баға оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағалары мен жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
Жылдық баға |
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы* |
Қорытынды баға |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
2 |
4 |
3 |
2 |
5 |
4 |
Ескерту: * Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы қағаз журналдың «Емтихан бағасы» бағанына қойылады.
6. Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 20 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар берілген тақырыпқа қатысты өзінің түсінігін жазуы керек.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім |
Тексерілетінмақсат |
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі |
Тапсырма саны* |
Тапсырма№ * |
Тапсырма түрі* |
Орындау уақыты, мин* |
Балл* |
Рим империясының құлауы |
6.3.2.3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу |
Қолдану |
1 |
1 |
ҚЖ |
6 |
3 |
Крест жорықтары |
6.3.2.6 Картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарын анықтау |
Қолдану |
2 |
2-3 |
ҚЖ |
14 |
6 |
Абсолютизм:Батыс пен Шығыс |
6.3.1.6 Басқару формасына сипаттама беру үшін «Парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру |
Білу және түсіну |
1 |
4 |
КТБ |
5 |
5 |
Ғылыми революция |
6.2.4.2 Жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау |
Жоғарғы деңгей дағдылары |
1 |
5 |
ТЖ |
15 |
6 |
Барлығы: |
5 |
- |
- |
40 |
20 |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Византияның ұзақ өмір сүруінің себептерін кестеге берілген салалар бойынша топтастырыңыз.
a) Шектеусіз, мықты императорлық билік
b) Құпия қарудың болуы («грек оты»)
c) Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы, сонымен қатар сауда-саттықтың жақсы дамуы
d) Барлық халыққа арналған бірыңғай ақшаның болуы (номисма).
e) Византия империясының халқына арналған бірыңғай заңның болуы
f) Императорлардың мықты әскер ұстауына мүмкіндіктері болды
Саяси |
Әлеуметтік-экономикалық |
Әскери |
|
|
|
[3]
2. Кескін картада белгілеңіз:
ü Константинополь қаласын көрсетіп, қаланың атын жазыңыз.
ü Иерусалимді көрсетіп, қаланың атын жазыңыз.
ü І Крест жорығының бағытын стрелкамен белгілеп жазыңыз.
ü IV Крест жорығының бағытын стрелкамен көрсетіңіз.
[4]
3. Кестені толтырыңыз.
Крест жорықтары |
|
Себептері |
Салдарлары |
|
|
[2]
4. Басқару формалары мен мемлекеттерді сәйкестендіріңіз.
№ |
Басқару формалары |
№ |
Мемлекеттер |
1 |
Бас штаттар |
A |
Испания |
2 |
Парламент |
B |
Франция |
3 |
Кортес |
C |
Чехия мен Польша |
4 |
Сейм |
D |
Англия |
5 |
Боярлық Дума |
E |
Ресей |
Жауаптары:
1- |
2- |
3- |
4- |
5- |
[5]
5. Жаратылыстану саласы бойынша ғалымдардың пікірлеріне талдау жасаңыз.
Галилео Галилей: «Мен біздің ғасырымызда астрономия туралы базарларда айтылатындығын көремін. Екі мың жыл бірқатар елдер Күн және өзге де аспан денелерінің біздің Жердің төңірегінде айналатындығына сенді. Ұлы мақсат туындады, адамдар өмірдегі барлық заттың себебін түсінгісі келеді...»
Николай Коперник: «Жер, аспан өрісінің бір бөлігі болғандықтан, оның табиғаты мен қозғалысына ие бола отырып, орталыққа жақын орналасуы себепті, аз қозғалады. Күн –ғаламның ортасы, ал жер оның маңында айналады. ...»
Әбу Райхан әл-Бируни: «Жер домалақ және ол айнала қозғалуда, жердің тартылыс күші бар. Сонымен қатар, жердің диаметрін де дәлме-дәл өлшеуге болады. Менің мақсатым: жер меридианы градусы ұзындығын қайта өлшеу жоспары. Әртүрлі өлшеулердің айырмашылығын ойлап, салыстырып бас қатырғанша, жаңа өлшеу жүргізіп, бақылау көп тиімді. Мен ақиқаттың айналасынан шықпауға тырыстым. ...»
Р/с |
Ғалымдардың аты |
Пікірлерінің мазмұны |
Ғылымға қосқан үлесі |
1. |
Галилео Галилей |
|
|
2. |
Николай Коперник |
|
|
3. |
Әбу Райхан әл-Бируни |
|
|
[6]
Балл қою кестесі
№ |
Жауап |
Балл |
Қосымша мәлімет |
|||||||
1 |
|
3 |
Әрбір салаға 1 балл |
|||||||
2 |
|
4 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
|||||||
3 |
|
2 |
||||||||
4 |
1 В 2 D 3 A 4 С 5 Е |
5 |
|
|||||||
5 |
Галилей өз пікірінде адамдардың астрономия туралы түсініктерінің кеңейе бастағаны туралы пікір білдірді Галилей пікірінде аспан денелері қозғалысын зерттеуде астрономия ғылымының қосатын үлесін, маңызын қарастырды.
Николай Коперник айтқан пікірінде Жер Галактиканың маңызды бір ғаламшары екенін баяндады Николай Коперник жердің Күнді айналатындығын дәлелдеу арқылы ғылымға зор үлес қосқан.
Әбу Райхан әл-Бирунидің айтқан пікірінде жер меридианы градусы ұзындығын қайта өлшеу жоспары өзінің зерттеу мақсаты екенін түсіндірді Әбу Райхан әл-Бируни жер меридианы градусын өлшеу арқылы гелиоцентрлік жүйе және жердің тартылыс күші туралы болжам жасап, ғылыми маңызы зор жаңалық жасады. |
6 |
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады |
|||||||
Барлығы |
20 |
|||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.