Спорт - это жизнь!
Оценка 4.9

Спорт - это жизнь!

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
физическая культура
2 кл
13.11.2018
Спорт - это жизнь!
План конспект соревновательного характера для вторых классов. В виде эстафетных состязаний. Проводится в спортивном зале . Состязания состоят из шести очень интересных ,доступных вполне выполнимых этапов. Команды обязательно должны иметь речёвку, девиз и эмблему своей команды. Все участники награждаются грамотами.
Спорт өмір көркі.docx
Спорт ­ өмір көркі Спорт ­ өмір көркі.  Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.  Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру; Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.  Түрі: Эстафеталық ойын  Өтілетін орны: Спорт залы  Көрнекілігі: түрлі­түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.  Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі  ІІ.Негізгі бөлім  Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Спорт ­ өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!  Көңілді жарысқа 2 сынып оқушылары қатысады. Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.  Ұстанған салауатты өмір салтын, Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,  Болашақ спортшылар келді ортаға Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым! ­ Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен  таныстырайық.  ­ Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.  І. Кезең. «Секірпемен секіру.» Шарты: Секірпемен секіріп, тапсырманы орындау. ІІ кезең: «Аққала»  Шарты:  1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу. 2. Допты жерге ұрып жүгіру. 3. Футбол добын теуіп бару. 4. Допқа шелек кигізу. ІІІ кезең: «Туннель» Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп,  белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді. ІV кезең: «Шайбалы хоккей»  Шарты: Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өтеді..  V кезең: Самокат тебу. Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу. VI кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны  саналады. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. «Алға» тобын ортаға  шақырамыз  Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.  «Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз  Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін. «Қайрат» тобын ортаға шақырамыз  Топтың ұраны:  Салауатты өмір салтын сақтаймыз,  Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз. «Парасат» тобы: Парасатты, айбынды, Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы. Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді. ІІІ. Қорытынды бөлім:  Көрсетті міне өз өнерін балалар, Сайыстың да соңы келіп таянар. Жеңімпазды анықтайық қанекей, Әділқазы сайысты әділ бағалар, ­деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,  марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі. Спорт – көркі өмірдің, Спорт­ досың, серігің. Жаттықсаң шымыр боларсың, Шынығып, өсіп, толарсың, ­ демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Спорт - это жизнь!

Спорт - это жизнь!

Спорт - это жизнь!

Спорт - это жизнь!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.11.2018