Сәт сапар саған, жас түлек! соңғы қоңырау салтанатты жиыны.
Оценка 5

Сәт сапар саған, жас түлек! соңғы қоңырау салтанатты жиыны.

Оценка 5
Культурные мероприятия +1
docx
воспитание
1 кл—11 кл
30.11.2020
Сәт сапар саған, жас түлек! соңғы қоңырау салтанатты жиыны.
Сәт сапар саған, жас түлек! соңғы қоңырау салтанатты жиыны.
Сәт сапар саған!.docx

 «Болашақ жастардікі» атты салтанатты жиынының сценарийі

1 Жүргізуші: 

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
2 Жүргізуші:

Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары!  Ұлағатты ұстаздар мен мектеп бітіуші түлектер! Міне, Қазақстан да 21 ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша ала алады.

Биылғы жыл мектеп бітіруші түлектерімізге аттестат тапсыру салтанаты Тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған жылмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мереке білім ұясынан оқысам, білсем деген арман тілекпен келіп, білім нәрімен сусындап, ойы да, бойы да өскен мектеп бітірушілер үшін қуанышты да, қимас сәт!

 

1 Жүргізуші: 

Осы бір сәтте бізге келіп, осындай салтанатты мерекеге жиналып отырмыз. 91 жылдан астам тарихы бар қашанда қазақ жастарына терең білім мен, өнегелі тәрбие беріп үлкен өмірге аттандырған Кәрім Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі білім ордасы барлық уақытта өз түлектерімен мектеп атағына кір келтірген емес. Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қасиеттің алтын діңгегі. Сол еңбек, сол дәстүр егемендік пен бірлік бекіп жалғасын тапты. Болашақтың кілті бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі мектеп бітірушілер ертеңгі студенттер, еліміздің таңдаулы мамандары. Сондықтанда олардың білім жолындағы жетістігін көру, тиісті бағасын беру, оларды қанат қақтыру болашаққа ақ жол тілеу аға ұрпақтың ата салты деп біліміз. Осы себептен түлектердің ата-аналары, аудандық білім беру бөлімінің мамандары, мектебіміздің ардагер ұстаздарымен 20 жылдық, 30 жылдық түлектері жиналып отыр. Биылғы мектеп түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасымен  аясында еліміздің тарихын, өткен тарихын ұмытпай жадымызда сақтау кейінгі ұрпақ міндеті деп білеміз.

2 Жүргізуші: 

 Мектеп бітіруші жас түлектеріміздің алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деп «Болашақ жастардікі» атты мектептің бітіруші түлектерге аттестат тапсыру   салтанатын бастауға рұқсат етіңіздер.

/ҚР гимні орындалады/

 1 Жүргізуші: 

Бүгінгі мектеп бітіруші түлектерімізге аттестат тапcыру салтанатына келген қонақтарды таныстыра кетейік          

1.     АББ бас экономисі Құсайынова Шынар Тілешқызы

2.     Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, спорт шебері, жоғары санатты ұстаз, еңбек ардагері Бешімбаев Ислахат Тоқтарбекұлы

3.     №59 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Қарғабаев Ринат Мұратұлы

2 Жүргізуші:
- Бүгінгі салтанаты жиынды ашу үшін  сөз кезегі мектебіміздің директоры Абсалямов Ербол Қалымбекұлына беріледі.

1 Жүргізуші: 

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

2 Жүргізуші: 

11 жыл оқып, білімің түсті нұрлана
Аттестат  алғалы тұрсың осын-ау ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама- дей келе, көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.
 1 Жүргізуші: 

 Мектеп бітіруші түлектерге орта білім аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры Абсалямов Ербол Қалымбекұлына беріледі.

/Алтын белгі иегерлері: Биғазина Әсел, Рахымғазы Гүлден, Ризабекова Аяжан, Тұрсынғалиқызы Құралай,Уалиакбарова Назерке және «Үздік аттестат» иегерлері Рүстембекова Балнұр, Серікова Ботагөз, Жұмағазы Аяжан, Андреева Мадина.

2 Жүргізуші: 

Музыкалық сәлемдеме

Ән: «Ақсуатым» Тұрсынова Бақытнұр

 

1 Жүргізуші:

Арнап келер мерейтой мейрамдарға,

Мәртебеңде биік қой мейман барда.

Бір ауыздан келісіп сөз айтсын,

Сөз кезегін берейік ағайын меймандарға.

Құттықтау сөз кезегі_ АББ бас экономисі Құсайынова Шынар Тілешқызына беріледі.

2 Жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге орта білім аттестат тапсыру рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Үрпежанова Жанар Зағыпановнаға беріледі. / 11 а сынып оқушыларына/

1 Жүргізуші:

Мектебіміздің түлектері  мақтанышпен ауыз толтырып айтарықтай әр қайсы дара жеке ұлтжанды, елім деген Отанға деген сезімдерінің дәлелі болар ерлігі- 2017 жылдың қараша айында Ақсуат ауылының Амангелді көшесі 18 үй тұрғыны Қажыбаев Озықан ағаның үйі өртеніп жатқанын байқап Өрт сөндіру қызметіне хабарын берген. Ол оқушылар Қализада Нұржан, Задан Аян, Нұртаев Бекзат бүгінгі мектеп бітіріп отырған түлектер.

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді - деп арнайы осы түлектерімізге ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариядан құтқару қызметі мемлекеттік мекемесі №59 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Қарғабаев Ринат Мұратұлы құттықтауға келіп отыр. Келесі сөз кезегі өзіңізде.

 

2 Жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге орта білім аттестат тапсыру рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байболатова Гүлназ Бақытжанқызына беріледі. /11 Б сынып оқушылары/

 

1 Жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналарына беріледі. Құттықтау сөз Зеренің апасына беріледі.

 

2 Жүргізуші: 

 (Музыкалық сәлемдеме) Ән «Алқоңыр» Задан Аянның орындауында_

 1 Жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге орта білім аттестат тапсыру рәсімі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сембаев Рауан Серикбаевичқа беріледі. /11 В сынып оқушылары/

2 Жүргізуші:

Халқым деп елжіреген жүректері,

Мектебім қанша тұрақ түлектердің.

Ел үшін еңбек етіп тер төгіп жүр,

Мектебімінің мыңдаған түлектері.

 

 1 Жүргізуші: 

Мектебіміздің  1999 жылғы түлектеріне  биыл 20 жыл толып отыр. Өздерінің ыстық ұя мектебімен, білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына ыстық ықыласымен, мектеп бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдіруге келіп отыр сөз кезегін 20 жылдық түлектер атынан ___________________________________________________________ береміз.

2 Жүргізуші: 

1 Жүргізуші: 

Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан - ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар

Мектебім - ауылымның мақтанышы- деп өздерімен бірге сағыныштарын ала келіп тұрған мектебімізідің 1989 жылғы түлектері әр саланы басқарып, әр мамандық иелелері боп отырған 30  жылдық түлектерге сөз кезегін береміз.

 

2 Жүргізуші: 

Жарқын бейбіт күніміздің түлектері,

Жарылғалы қуаныштан жүректері.

Сенімін туған елдің ақтаңыздар,

Жасампаз тәуелсіздік түлектері.

 

1 Жүргізуші:

Күтеді сендерді алдарыңнан асыл арман,

Көк теңіз, сайын дала, жасыл орман.

Арқалап ата-ананың аманатын,

Өтіңдер аман-есен асулардан.

 

2 Жүргізуші: 

Сақтасын қапияда сүрінуден,

Сыңарсың ұстаз деген ұлы ұғыммен.

Таңдары арайлаған болашаққа,

Қымбатсың ақылыңмен, біліміңмен.

 

1 Жүргізуші: 

Сіздерге ақ батамен жырымыз бар,

Шынайы ниетпенен ұғыңыздар.

Тұсынан алтын ұя өткен шақта,

Ұмытпай мектепке бас сұғыңыздар!

Мектебімен, ұстазымен қоштаса отырған еліміздің жарқын болашағы, үмітімен тілегі болатын түлектерімізбен, ұстаздарымызға сөз кезегі беріледі.

2018-2019 оқу жылын аяқтап түлектеріне қанат қақтырып ұшырып отырған ұлағатты ұстаздарымызды   -Датпаева Қарлығаш Шагиевна, Батталова Анаргүл Акановна,  Құнафина Ляззат Каримовна, ортаға шақырамыз.

/Түлектерді атап шақырады./ Барлығы шығып тұрады.

1 Жүргізуші:

Кәмелеттік аттестат қолыңда,

Барша қауым Ақ жол тілек жолыңа.

Болашаққа сәтті қадам басыңыз.

Асулардан асыңыз, үлкен өмір жолында.

 

2 Жүргізуші:К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің бүгінгі мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты осымен аяқталды. Сау саламатта болыңыздар!


 

Болашақ жастардікі » атты салтанатты жиынының сценарийі 1

Болашақ жастардікі » атты салтанатты жиынының сценарийі 1

АББ бас экономисі Құсайынова Шынар

АББ бас экономисі Құсайынова Шынар

Жүргізуші: Мектебіміздің түлектері мақтанышпен ауыз толтырып айтарықтай әр қайсы дара жеке ұлтжанды, елім деген

Жүргізуші: Мектебіміздің түлектері мақтанышпен ауыз толтырып айтарықтай әр қайсы дара жеке ұлтжанды, елім деген

Жүргізуші: 1 Жүргізуші:

Жүргізуші: 1 Жүргізуші:

Барша қауым Ақ жол тілек жолыңа

Барша қауым Ақ жол тілек жолыңа
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020