Статья "Ұстаз – ерекше мамандық "
Оценка 4.6

Статья "Ұстаз – ерекше мамандық "

Оценка 4.6
Лекции
docx
русская литература
3 кл
08.11.2017
Статья  "Ұстаз – ерекше мамандық  "
Бастауыш сыныптарының ұстазы болу - ерекше мамандық. Ұстаз... Бұл сөзде қаншама мақтаныш пен құрмет бар. Олардың алдында үлкен міндеттер тұрады. Үлкен жауапкершілік пен махаббат. Махаббат - бұл мамандықты анықтайтын қасиет. Балаларға деген сүйіспеншіліксіз ұстаз болу мүмкін емес шығар. Ұстаз мамандығы күнделікті еңбекті талап етеді. Оптимизмді көзқарассыз мектепте жұмыс істеу мүмкін емес. Оқу, санау және жазып үйрену, жалпы адамзатқа сай ережелермен өмір сүру үшін қаншама күш жігер қажет. Бұл мамандықтың ерекшелігі - педагогикалық жоғары оқу орнына түскендердің барлығы ұстаз бола қоймайды. Сонда кімнің ұстаз болуы мүмкін? Педагогикалық шеберлікті махаббат пен талант деп есептейтін жандар ғана ұстаз бола алады! Біздің еліміз әрдайым А. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты бүкіл өмірін ағартушылық саласы мен бала тәрбиесіне арнаған өзінің әйгілі педагогтарын мақтан тұтады. Олардың еңбегі шынайы алғыс пен құрметке лайық.Статья
ЭССЕ.docx
Ұстаз – ерекше мамандық  «Нағыз ұстаз – білім беретін емес, балалар білім алатын ұстаз». Бастауыш   сыныптарының   ұстазы   болу   ­   ерекше   мамандық. Ұстаз...   Бұл   сөзде   қаншама   мақтаныш   пен   құрмет   бар.   Олардың алдында   үлкен   міндеттер   тұрады.   Үлкен     жауапкершілік   пен махаббат. Махаббат ­ бұл мамандықты анықтайтын қасиет. Балаларға деген   сүйіспеншіліксіз   ұстаз   болу   мүмкін   емес   шығар.   Ұстаз мамандығы күнделікті еңбекті талап етеді. Оптимизмді көзқарассыз мектепте жұмыс істеу мүмкін емес.    Оқу,   санау   және   жазып   үйрену,   жалпы   адамзатқа   сай ережелермен өмір сүру үшін қаншама күш жігер қажет.  Бұл   мамандықтың   ерекшелігі   ­   педагогикалық   жоғары   оқу орнына   түскендердің   барлығы   ұстаз   бола   қоймайды.   Сонда   кімнің ұстаз болуы мүмкін? Педагогикалық шеберлікті махаббат пен талант деп есептейтін жандар ғана ұстаз бола алады! Біздің еліміз әрдайым А. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты бүкіл өмірін ағартушылық саласы мен бала тәрбиесіне арнаған өзінің әйгілі педагогтарын   мақтан   тұтады.   Олардың   еңбегі   шынайы   алғыс   пен құрметке лайық.  Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаз ең қымбат адам   «ананы»   алмастырады.   Ол   балалар   үшін   ата­ана,   тәлімгер болады. Сол себепті  де балалар  кішкентай кездерінде  ұстаз  рөлін ойнағанды ұнатады. Мені де мектеп ойыны айналып өтпеді. Мен өз қуыршақтарымның тәртібі мен үй жұмысына баға қоятынмын. Бұдан кейін   мен   өзімнің   бауырларым   мен   сіңлілерімді   үйретуге   кірістім. Сүйікті   мектебімді   аяқтағаннан   кейін   мен   ұстаз   мамандығын таңдадым. Студенттік жылдар зымырап өтті. Алғашқы қателіктер мен сабақтан   алған   әсерден   шыққан   көз   жасы   да   болды.   Өзіңе   үміт артқан кішкентай балалардың жанары жаңалықты күтеді.  А. Байтұрсынов  атындағы коллежді аяқтаған соң өзім оқыған мектепке бардым. Біраз уақыт бұрын ғана өзім білім алған мектептің қабырғасына үйрену қиындау болды. Дәл осы жерде өзімнің сүйікті ұстаздарымның ертегілерін тыңдап, тапсырмаларды орындайтынмын. Мен үшін ұстаз мамандығы үнемі құрметті әрі қадірлі болатын. Мен   өзімнің   ұстазым  Саржанова   Гүлбағда   Қойшыбайқызын сағынышпен еске  аламын. Ол  ­  өте ақылды, кез келген тақырыпта әңгімелесуге   болатын   ұстаз.   Өз   мектебімнің   барлық   ұстаздарын құрметпен   еске   аламын.   Сол   кезде   кішкентай   балғындардан   өз мақсатына ұмтылған тұлғаларды тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін түсіндім. Мен – ұстазбын. Ұстаз – жай ғана мамандық емес. Бұл – өмір сүру ережесі.  Айтайын   дегенім,   мен   өмірімде   осы   мамандықты   таңдағаным үшін еш өкінген емеспін.  Қазіргі   уақытта   белсенділік   пен   толеранттылық   сияқты қасиеттерге   басымдық   берілгендіктен   ұстаздар   алдында   тағы   бір тапсырма ­ өз шәкірттерін өмірге бейімдеу міндеті  тұр. Өздеріне   қарағанда   балаларының   табысқа   қол   жеткізгенін қаламайтын   ата­ана   жоқ   шығар,   сірә.   Балалар   әртүрлі   болғанмен олардың   әрқайсысы   ерекше.   Біреуінің   қабілеті   ерте   байқалса,   енді біреуінде кейін көрінеді.  Осы   қасиеттерді   дер   кезінде   байқап,   дамыту   және   өмірде қолдануға үйрету – ұстаздардың басты міндеті.  Ата­аналар   мектептегі   тыныс­тіршіліктен   тыс   қалмауы   керек. Олар   балаларының   қызығушылықтарына   немқұрайлы   қарамай, отбасында   қолайлы   жағдай   жасауға   тырысуы   қажет.   Бір­бірімен тығыз   байланыс   орнату   керек.   Яғни,   баланың   тұлға   ретінде қалыптасуы үшін ата­аналар мен ұстаздар бірлесіп әрекет етуі тиіс.   Мұндай   бірігіп   жасалған   жұмыс   ересектер   мен   балалар арасындағы түсінбеушілікті жояды.  Кез   келген   адам   ұстаз   бола   алмайды.   Ұстаз  ­    табиғаттың берген   сыйы,   талант.   Сондықтан   педагогикалық   институтта   алған білімнен   басқа,   балаларға   деген   сүйіспеншілік   сезім   болуы   керек. Ұстаздар үлгі аларлық тұлға болғаны абзал.   «Еліміздің болашағын қалыптастыруда ұстаз басты рөлді атқарады». Өмірге   бейімделу   деген   қалай   өмір   сұру,  ненің   бұрыс,   дұрыс екенін үйрету ғана емес. Мен өз шәкірттеріме өз қабілеттерін дамыту, білім алу арқылы өмірде табысты болуға баулимын.  Бұл  ­  өте ұзақ әрі тер төгетін жұмыс. Алайда ол алдағы өмір үшін қажет.  Нағыз   ұстаз   тек   қана   оқытып   қоймай,   өзі   де   өмір   бойы   білім жолын қуады.  Менің ойымша, XXI ғасырда ұстаздар ақпараттанумен, кез келген деңгейде пікіралмасуға дайын болуымен ерекшеленеді.  Қазіргі   таңда   сабақты   ақпараттық   коммуникативті технолгияларды қолданбай өткізу мүмкін емес. Сондықтан ұстаздар оны белсенді түрде меңгеруде. Бүгінгі күні   өздігінен жұмыс істеу және білім алу өте қажет.  Ұстаз болу  ­  мемлекет пен қоғам, ата­аналар, ал ең бастысы, балалар алдындағы үлкен жауапкершілік.  Артылған сенімді ақтау ­ ұстаздар жұмысының нағыз нәтижесі. Мен өзімнің ойымды осылайша аяқтағым келеді: «Ұстаздарсыз жақсы дәрігер, ұшқыш, әскери қызметкер болу мүмкін емес. Ұстаз  ­ өзінің оқушылары мен мемлекеті үшін теңдесі жоқ адам».

Статья "Ұстаз – ерекше мамандық "

Статья  "Ұстаз – ерекше мамандық  "

Статья "Ұстаз – ерекше мамандық "

Статья  "Ұстаз – ерекше мамандық  "

Статья "Ұстаз – ерекше мамандық "

Статья  "Ұстаз – ерекше мамандық  "
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.11.2017