Сценарий мероприятия, посвященного "Дню благодарности"
Оценка 5

Сценарий мероприятия, посвященного "Дню благодарности"

Оценка 5
docx
31.05.2021
Сценарий мероприятия, посвященного "Дню благодарности"
День благодарности.docx

 

Тақырыбы: «1 наурыз – Алғыс айту күні»

Армысыздар, қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата-аналар мен жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар – біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз.

-Бүгін қыстың соңғы күні, ертең – көктемнің алғашқы күні, 1 наурыз. Ол қандай күн?

-Әрине, алғыс айту күні. Әрбір адам баласы ең бірінші Алланың  жаратқаны үшін ризашылық айтып жүруіміз қажет. Адамның парызы- жан-жағына жақсылық сыйлау.

Бүгінгі біздің кездесу кешіміздің тақырыбы- «Жаныңда жүр жақсы адам» деп аталады.

Құрметті оқушылар, кештің қонақтарымен таныстырып өтейін:

Көп жылдар бойы Тұғыл ауылдық округінде қызмет атқарған, белгілі сазгер, әнші, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Жакенов Сайлау Жакенұлы; Ардагер –ұстаз Айман Нұрпейісқызы, мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Гүлнара Сайбекқызы мен комитет мүшесі Бақытжол Мұсақызы.

Құрметті қонақтар, мектебімізге қош келдіңіздер!

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел-бір тағдыр» тақырыбымен басталған 22 сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді»,-деді Президент. Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы 3 баласы бар жанұяны қабылдап алды.Көз алдымда әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды- киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», - деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1ші наурызда, басқа уақытты қойса да болады – барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді»,- деді Қазақстан Президенті.

Сонымен 1 наурыз алғыс айту күні боп белгіленді.

Оқушыларға сұрақ: Жақсы адам деген кім? Алғыс кімге, не үшін айтылады? Кімдерге алғыс айтар едің? Ұстазыңа алғысыңды қалай білдірер едің? Досыңа алғысыңды қалай білдірер едің?

Ия, адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Егер ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді.

Жақсылық – адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз. Осы орайда Сүйінбай Аронұлының:

Жақсы адам – елінің серкесіндей,

Халқының қалың жүнді көрпесіндей

Жақсы болар баланың жүзі жылы,

Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.

Жақсының айтқан сөзі тиянақты,

Түйенің аумайтұғын өркешіндей,

Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,

Жасынан бірге өскен еркесіндей,- деген жолдары ойға оралады.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жібектей сусыған өмірде кейде жаныңда жүрген жайдары жандардың игі істерін де елемей жататынымыз рас. Ендігі кезекті қонақтарымызға берсек.

Сайлау аға, өзіңізді таныстырып, біраз мағлұмат бере кетсеңіз.

-Алғыс айту күні туралы сіздің ойыңыз?

-Оқушылар сұрақ қояды

-Қазақта қонақ-кәде деген бар, Сайлау аға, өзіңізден бір қонақ-кәде сұрасақ

-Өзіміздің асыл ұстазымыз, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан, қазіргі кезде еңбегінің жемісін көріп, балаларының ыстық ықыласына бөленіп жүрген Айман апайымызға сөз берсек.

-Алғыс айту күні туралы сіздің ойыңыз?

-Оқушылар сұрағы

«Бала – өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің мектебіміздің жанашыр адамдары – ата-аналар да жылы лебіздерін білдіргісі кеп, бүгінгі біздің кешіміздің қонағы болып отыр. Сол кісілерге сөз кезегін берейік.

-Қонақ-кәде

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім , мұқтаж жандарға қамқорлығын аямайтын жандарға және сіздерге Алланың нұры жаусын демекпін.

 

Ұлы Абайдың 14-ші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей қайырымдылық танытқан ауылымыздың әр адамына алғысымыз шексіз.

-Ендігі кезекті оқушыларымызға берсек. Өздерінің дайындаған сыйлықтарын тарту етсе.

Қорытынды: Қымбатты оқушылар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар!

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін.

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін .....

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!


 

Тақырыбы: «1 наурыз – Алғыс айту күні»

Тақырыбы: «1 наурыз – Алғыс айту күні»

Ия, адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты

Ия, адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты

Алланың нұры жаусын демекпін. Ұлы

Алланың нұры жаусын демекпін. Ұлы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2021