Сценарий праздника "Нашей школе - 56 лет!"
Оценка 4.8

Сценарий праздника "Нашей школе - 56 лет!"

Оценка 4.8
docx
22.05.2021
Сценарий праздника "Нашей школе - 56 лет!"
Алтын ұя мектебіме -56 жыл!.docx

 

Алтын ұя мектебіме – 56 жыл!

Қазақстанның әрбір ауылында бір-бір ізгілік мекені бар.Ол –мектеп. Қарт та, әке де, ана да, әкім де, қара да бұл мекеннің алдында мәңгілік қарыздар. Біздің мекеніміз – Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебіне 56 жыл толып отыр.Ендеше, осы жылдар ішінде іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған мектебіміздің туған күн кешіне қош келдіңіздер!

Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар! Бүгін сіздерді осы мектебіміздің тарихына көз жүгіртіп, осында қызмет атқарған ұстаздарымызды еске түсіріп, бір-біріміздің ыстық лебіздерімізді тыңдап, бір шер тарқатсақ деп шақырып отырмыз.

(өздеріңізді өз үйімізде отырмыз деп, жәйлі сезініп, көңілді отырыңыздар)

56 жыл бұрын құрылса да Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп

Болашаққа сәтті қадам басқан мектеп

Жетістігін жырлайтын ақын болса

60 күн айтарлықтай дастан мектеп

Ұрпақ үшін қызмет атқарсын деп

Үлкендер бата беріп ашқан мектеп.

(Қазір қысқаша ғана мектебіміз туралы мағлұмат бере кетейін)

(слайдтар.)

Білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусәр бұлағы

Тәуелсіз қазақ елінің құдіреті, болашағының кепілі

Дана мен даралар шығар құтты мекені, әрине мектеп

«Кемелді болашағымыз – білімді жастардың қолында» деп Елбасының өзі үлкен сенім артқан. Мектебіміздің түлектерінің, оқушыларымыздың ауыз толтырып айтар жетістіктері көп.Ғылыми жоба, түрлі олимпиадалар,конкурстар, аудандық,облыстық,республикалық,әлемдік өнер,спорт жарыстарының жүлдегерлері көптеп саналады.Өздеріңіз білетіндей қаншама оқушы кеңес заманында алтын,күміс медаль иегерлері, тәуелсіздік алған кезден бастап «Алтын белгі» иегерлері атанды.

(фойеде фотолары

Осы жылдар ішінде қаншама түлек қанатын қатайтып, азаматтық өмірге жолдама алды. Қаншама ұстаздар зейнеткерлікке шығып, қаншама жас ұстаздармен толығып, бұл күндері іргесі берік білім ордасына айналып отыр.Мектебіміз өзінің 56 жыл тарихында еңбектің, ынтымақтың, бірліктің ұлы куәсіндей талай табыстарға қол жеткізді. Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мақал бар.Әр шаңырақтың өз иесі бар болса, әрбір білім ордасының да тұғырының мықты болуы білікті басшыға байланысты.

 

Осы қасиетті қара шаңырақта басшылық қызметін атқарған аяулы ұстаздарымызды атап өткеніміз жөн болар.Олар: Кравцов Алексей Ефимович,Андреева Валентина Сергеевна, Қамажанов Исламбек, Хамзин Ақан Хамзинович, Даутов Нариман Рахымұлы, Қиялбаева Бақыт Мәсенқызы, Зейнелов Тоқтарбек Зейнелович, Қалимажанов Төлеген......

Шалкенова Айгүл Ғаббасқызы, Тлебалғанов Құмаш Қабиолдаұлы, Қадылбеков Ержан Қадылбекович, Икласов Ержан Мұхаметрахымұлы.

Кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі, Ержан Мұхаметрахымұлы, өзіңізге беріледі.

Өмір-өзен, өседі де өшеді

Өмір-қайық, адам ескек еседі

Өмір-қылыш, аямайды еш жанды

Біреуді ерте, біреуді кеш кеседі...

56 жылдық мектеп тарихында бірқатар әріптестеріміз – ағаларымыз, апайларымыз дүниеден озып, бақилық болған екен. Ол кісілерді еске алып, айта кету парызымыз деп санаймыз.

Кравцов Алексей Ефимович, Истомин, Көпбаева Жамиля, Омарбеков Кабзаки, Какимжанов Исламбек, Оразғалиева Зейнеп, Айымханов

Шыңғаев Нұрсапа, Теміржанов,Шестаков Матвей Иванович, Хамзин Иманбай Устинович, Солтанова Бизура Қажыбайқызы, Даутов Нариман Рахымұлы, Шаитова Күлшарап Шаитовна, Зиянов Әскерғали, Дудинова Лилия Федоровна,Киреев Ақан Баширович, Китапова Жанна Мамадиевна, Қожаев Шакер Қабиденович, Разиева Сауле, Мысықбаева Бақыт.

Және аттары аталмаған өмірден озған ұлағатты ұстаздарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық. (рахмет)

Ия, жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді,- дегендей бұл ағаларымыз бен апайларымыз болмағанмен, олар оқытқан шәкірттер мен ұрпақтары бар. Осы адамдардың рухына тағзым ете отырып, кейінгі ұрпақтарына амандық тілейміз.

Бүгін кешімізге мектебін, ұстаздарын құттықтауға оқушылар келіп отыр,қарсы алайық!

«Мектебім» -Нұрай Н, «Ұстаз» - Айдана, Таңсу, «Мектебім» - Нұрболат, «Ұстазым» - Ақбота, «Ұстаздарға мың алғыс» - Азамат (все хором – бақыт, табыс, амандық)

Келесі кезекті Ажар мен Заринаға берейік. Олар өздері шығарған өлеңдерін оқиды.

(көп рахмет, өнерлерің үстем болсын)

 

 

Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім

Егер өмір теңіз болса, гаухары-мұғалім

Егер өмір жүзік болса, көзі-мұғалім

Егер өмір ақын болса, сөзі-мұғалім демекші, ұстаз алдында дәріс алмаған, ұстаз еңбегіне бас имейтін пенде жоқ десе де болады. Мектеп-білім қазынасы, мұғалім – өмірдің арнасы десек, шәкірт өміріндегі ұстаздың орны ерекше. Ол дәріс үйретуші ғана емес, өмірге жетелеуші де. Бала-ұшқын. Ұстазы келіссе, маздап бір жанар. Ал, сол баланың жалындап жануы үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын да ұстаз!Өздерінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап сан мың шәкіртті алдарынан шығарып салған, бүгінде еңбегінің зейнетін көріп,құрметті демалыста жүрген бір топ ардагер-ұстаздарымыз бүгінгі мерекеміздің қонақтары.Енді осы ұстаздарымыздың ыстық лебіздеріне, ой-толғаныстарына сөз кезегін берейік.

(ардагер-ұстаздар сөзі)

Сіздердің құрметтеріңізге ән жолданады, орындайтын мектебіміздің әншісі 11 сынып оқушысы Аружан                                            «Ұстазым» әні

Тіл табысып, тәуба деп тәңірменен

Зейнет көрген уақыттың әмірімен

Ұл мен қыздар бой түзеп, ұрпақ өсіп,

Жайылған бәйтеректей тамырымен

Шынар болып, шың болып санамызда

Жайнап тұрған гүл болып даламызда

Үміт болып, үлгі боп, үлкен болып

Аман-есен жүріңіздер арамызда! Дей отырып, ыстық шапалақпен тағы бір құрмет көрсетіп қояйық.

Келесі құттықтау сөзді құрметті қонақтарымызға берсек   

Комитет төрайымы Мұхаметрахимова Г.С., Баяндинова А

 

Ал қазір музыкалық сәлем . Мектебіміздің талантты қыздары – әншілеріміз Саукенова Нүрай мен Тұрсынбаева Нұрайдың орындауында «Аяулы мектебім» әнін қабыл алыңыздар!

 

 

 

Жақсы адам – елдің тірегі

Байлығы туған халықтың

Шапағын шашар үнемі,

Көгінде тұрған жарық күн

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын , жігер күт

Ұстазым, сенің әр күнің

Әр сәтің тұрған бір ерлік! – деп ақын апамыз Фариза жырлағандай, бүгінгі мерекеміздің қонақтары ұлағатты ұстаздар, бір жылдары осы мектептің басшысы болған Айгүл Ғаббасқызы мен кітапханашы Альмира Құрманбекқызы ортамызда, сөз кезегі өздеріңізде.

(сұрақтар қою)

Ал қазір 8а сыныбының биші қыздарының биін тамашалайық!

Мектеп... Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса 11 жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілділікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат.Өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да ыстық.

Бүгінгі кешімізге мектебіміздің түлегі, талантты жас Дарын келіп отыр, қошеметпен ортаға шақырайық!

 

Алтын ұямыздың туған күніне жан-жаққа арман қуып, білім іздеп, үлкен өмірге жолдама алған түлектеріміз өз бейнеқұттықтауларын жеткізіп жатыр.Экранға назар аударайық

Ән-шашу 6ә сынып оқушысы Мұқашева Балжанның орындауында «Мектебім»

Әнін қабыл алыңыздар!

Осымен аяулы мектебіміздің туған күніне арналған кешіміз өз мәресіне жетті.Мектебіміздің туған күні құтты болсын, жылдан-жылға шәкірттеріміз, түлектеріміз мектебіміздің мерейін биікке көтере берсін! «Ұстаз болу-жүректің батырлығы» демекші, қандай қиындық болмасын бәрін жеңіп, тек биік шыңдардан көріне берейік! Алтын уақыттарын бөліп келген құрметті қонақтарымыз бен ардагер ұстаздарымызға көп рахмет! Бастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын! Жақсы күндерде кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 


 

Алтын ұя мектебіме – 56 жыл! Қазақстанның әрбір ауылында бір-бір ізгілік мекені бар

Алтын ұя мектебіме – 56 жыл! Қазақстанның әрбір ауылында бір-бір ізгілік мекені бар

Осы қасиетті қара шаңырақта басшылық қызметін атқарған аяулы ұстаздарымызды атап өткеніміз жөн болар

Осы қасиетті қара шаңырақта басшылық қызметін атқарған аяулы ұстаздарымызды атап өткеніміз жөн болар

Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім

Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім

Жақсы адам – елдің тірегі Байлығы туған халықтың

Жақсы адам – елдің тірегі Байлығы туған халықтың

Сценарий праздника "Нашей школе - 56 лет!"

Сценарий праздника "Нашей школе - 56 лет!"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2021