Сценарий праздника, посвященного Дню независимости РК.
Оценка 5

Сценарий праздника, посвященного Дню независимости РК.

Оценка 5
docx
31.05.2021
Сценарий праздника, посвященного Дню независимости РК.
тәуелсіздікке тағзым.docx

Армысыздар, ағайын! Еліміздің тәуелсіздігінің 27 жылдығы баршамызға құтты болсын!

Бабадан қалып жеткен көрегендік

Еркіндік, жастығыңда өлең өрдік

Арқалап аманатын келіп жеткен

27 жыл! Құтты болсын егемендік!

Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған тәуелсіздік 20-шы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды.

«Тәуелсіздік» деген қасиетті сөзді естігенде тебіренбейтін адам жоқ шығар, сірә. Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік мерекесі – ең қадірлі мереке. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

Тәуелсіздік мерекесі баршамыз үшін орны ерекше мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

                Армандарды жақындатып тым алыс,

               Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік – ел бақыты, ертеңі

               О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

               Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

               Асыл елім жан-жүректі ұғысқан

               Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

               Айналайын, Қазақстан- Гүлстан!

Иә, биыл еліміздің тәуелсіздігіне ширек ғасыр. Осы айтулы датаға орай Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің  ұжымы шағын концерттік бағдарламасын ұсынып отыр. Қабыл алыңыздар!

Ән «Сәлем саған, туған ел»

                Қазақстан дейтін менің бар елім,

               Жатыр алып жарты дүние әлемін

               Бұл даланы анам жаспен суарған,

               Бұл далада атам қолға ту алған.

               Бұл далаға жылап келіп уанғам,

               Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

              Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Ән «Дала дауысы » Сөзі

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт сақталсын

Тату-тәтті бірлік болсын қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Қиындықты көп көрген ел екенбіз

Жылдан жылға дамыған берекеміз

Тойымыз тойға ұласып, шаттанайық

Халайық, құтты болсын мерекеміз!

«Қазақ» биі

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекесі.

Хор «Тәуелсіз Қазақстан»

Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық тойы – бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын асып келеді.2015 жылғы 15 желтоқсан тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады.Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті.

Композиция «Мәңгілік Ел»

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Монтаж

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы арман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

Ән «Тәуелсіз Қазақстан»

Тәуелсіздік бақытына оранып,

Елім жатыр шаттығына қуанып.

Желбірейді көкте туы әдемі,

Егемен ел бал дәуренін өткеріп.

Қазақ елін – туған жерді сүйемін,

Туған елім, бірге жаным, сүйегім.

Үлкен өмір сырларынан ой түйіп,

Намыс үшін өртенемін, күйемін.

Болмақ емес көңілімде ой бөтен,

Адал ойды қиялымда тербетем

Қазақпын деп әлемге жар салып,

Асқақтаған армандарға мен жетем!

Көрініс

Пай, пай,пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер

Сарылып сал-сері кеткен жер

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер,- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берейік.

Айтыс

Қазақ дейтін менің бір елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далаға жылап келіп қуанған,- деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Ән «Көк тудың желбірегені»

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Көркем сөз

Ел тарихының 27 жылында халқының бірлігін ту еткен қазақ жері бүгінде құшағына 130-дан астам ұлт өкілдерін қамтыған. Елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған.

Ұстаған әділдікті заңдарым бар

Ел болып алға басар жолдарым бар

Бірлігім, теңдігім мен достығым бар,

Кеудеге күн сәулесі арманым бар.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек – гүл

Қазақстан – бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Би- попурри

Тәуелсіз мемлекет – Қазақстан!

Біздерді басқармайды ешкім тыстан.

Оңайлықпен келген жоқ теңдігіміз,

Аман қалған қазақпыз қырылыстан.

Егеменді, ерікті ел екенбіз,

Жылдан жылға дамыған берекеміз.

Бостандықтың таңы атқалы 25 жыл,

Халайық, құтты болсын мерекем

Келесі кезекті ән-шашуға берейік

Ән «Бал балалық

Қасиетті Қазақстан мекенім

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба, жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата-баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән «Жаса, Қазақстаным»

Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері,

Жасантқан ұрпағының күміс тері.

Елбасы Нұрсултандай бастап бүгін,

Үмітін үкілейді қазақ елі.

Айналдым, Қазақстан, бостан елім,

Қашанда ашық болсын қыран көгің!

Алатын асқарларың тұғырлы боп,

Шыңдарға қонақтасын шығар шебің.

Намысы еліміздің берік болсын,

Сертке жанған сенімің серік болсын!

Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік,

Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын!

Ән

Осымен тәуелсіздігіміздің 27жылдық мерекесіне арналған   шағын концертіміз аяқталды.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, ағайын!

 Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

 


 

Армысыздар, ағайын! Еліміздің тәуелсіздігінің 27 жылдығы баршамызға құтты болсын!

Армысыздар, ағайын! Еліміздің тәуелсіздігінің 27 жылдығы баршамызға құтты болсын!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер

Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер

Ел тарихының 27 жылында халқының бірлігін ту еткен қазақ жері бүгінде құшағына 130-дан астам ұлт өкілдерін қамтыған

Ел тарихының 27 жылында халқының бірлігін ту еткен қазақ жері бүгінде құшағына 130-дан астам ұлт өкілдерін қамтыған

Бас иемін ата-баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Бас иемін ата-баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2021