Сценарий "Жеңіс күні!"
Оценка 4.8

Сценарий "Жеңіс күні!"

Оценка 4.8
docx
21.01.2022
Сценарий "Жеңіс күні!"
44 Сценарий Жеңіс күні.docx

 

Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ертеңгіліктің сценарийі

«Еңсесі  биік - ұлы  Жеңіс!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Сахна  мерекеге  сай  безендірілген.

Көрініс:Ортаға  киіз  басуға  жиналған  аналар  шығады.Бір-біріне  Салимаштың  үйіне  киіз  басуға  баратындарын  айтып,Салимаштың  үйіне         келеді.Аналар  ән  айтып,әңгімелесіп  отырып  киіз  басады.  Осы  кезде  соғыстың         басталғаны  туралы  радиодан  дауыс  естіледі.

Радиодағы  дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғыс басталды,  Неміс  басқыншылары  тұтқиылдан   шабуыл  жасады.»  Аналар  жаман         хабарды  естіп,  залдан  шуласып  шығып  кетеді.

   (Таспадан  шулаған, жылаған  әйелдер  мен  балалардың  дыбыстары  естіліп  тұрады)

Соғысқа  аттануға  дайындалған  солдаттар (ересек тобының бүлдіршіндері) музыка  әуенімен сап түзеп,   залға  кіреді:  Командирі (тәрбиеші) солдаттарды  дайындық  жаттығулар  жасауға тұрғызады.

 

1.                 Саппен  жүру.

2.                 Бірінші  әскери  топ  алға  шығып  еңбектеу.

3.                 Екіші  әскери  топ  жүрелеп  жүру.

4.                 Қаруларын  ұстау  тәсілдерін  үйрену.

5.                 Ұранмен  соғысқа  аттану.

 

Ұран: Отанды  біз  қорғаймыз

Жаудың  алдын  ораймыз.

Командир: Отан  үшін  алға!

Солдаттар: Ура,ура,ура!

Солдаттар  залдан  саппен  жүріп  шығып  кетеді.

Слаидтан  кино  фильмнен  үзінді  көрсетіледі.

Ортада  тылдағы  әйелдер  диірмен  тартқан, келі  түйген, тоқыма  тоқып  отырған аналар  көрінісі  көрсетіледі.

Ана  сөзі: Е, бұл  соғыс  бәрімізді  де  есеңгіретіп  жіберді-ау.  (Осы  кезде  таспадан  пошташы  қыздың  келе  жатқаны  хабарланады. Пошташы  қыз  жүгіріп  келеді.)

Пошташы  қыз:  Сүйіші, сүйінші  хат  келді. Аналар  дабырласып  хаттың  кімге  келгенін  білуге  асығады.

(Пошташы  қыз  Күләйша  апаның  баласына  келген хатты  беріп, басқада  ауылға  хат  апарып  беретінін  айтып  қоштасып  кетеді.)

Ана  баласынан  келген  хатты  ашып  оқиды. Майданнан  келген  хат таспадан    тыңда-лып аналар  қуанып,қауқылдасып  тұрады. Сол  қуаныш  артынан  радиодан соғыстың 

біткені  хабарланады. 

Радиодағы  дыбыс:   Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар!1945  жыл  8  мамыр Совет  армиясы  неміс  басқыншыларын  кері  шегіндірді.  Жауынгерлеріміз  елге  оралады!

алға  соғыстан  келген  солдаттар  кіреді.)

Алдарынан  гүл  шоқтарын  ұстаған  қыздар  шығады.Аналар  өз  балаларын құшақтап,  музыка  әунімен  барлығы  билеп  залдан  шығып  кетеді.

Жүргізуші:

Жеңіс,  жеңіс-желісі  дастанымның.

Жырым  бөлек  сырым да  басқа  бүгін.

Туғандар  45-тің  көктемінде.

Немере  көріп  сүйер  жаста  бүгін.

Тұрғандай  болғанда   өмір  сең  үстінде.

Хабары  жеткен жұртқа  «Жеңіс»  деген.

Шаттық  үні  шарықтаған  ел  үстіне.

Сіздерді   өшпес  ерлік  пен  өлшеусіз  даңқтың  халқымыздың  шексіз  қаһармандығы -мен  мұқалмас  қажыр-қайратының  мерекесі  Ұлы Жеңістің  71жылдығымен  құттықтаймын. Қайсарлық  пен  қаһармандық, Отанға  деген  сүйіспеншілік аса  қатыгез  сұрапыл  соғыста  жеңіске  жол  ашты.  Жауынгер-  майдангерлер  өлшеусіз  өжеттілік  пен  жеңіске  деген  мұқалмас  ерлік-жігер  таныта  білді.

Жүргізуші:

 Талай  жанды  қиды  ажал  балтасы.

Жауды  жеңіп  қайтты ауылға  қаншасы.

Біздің  мына  бейбіт  өмір  алаңсыз.

Ел  қорғаған  батырлардың  арқасы.

1-ші бала:

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән болып.

Жеңіс келді алақай!

Тоя жейтін нан болып.

2-ші бала:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

3-ші бала:

Шықты ойнақтап жас ұландар,

Мәз-мейрам боп күліп сақ-сақ.

Қуанышты барлық жандар,

Жеңіс атты алтын шақ.

4-ші бала:

Ынтымақ бар елде гүлдесін,

Адамдар араз боп жүрмесін.

Қызықпен көз ашқан балалар,

Қанқұйлы соғысты көрмесін.

 

Би:  «Сарбаздар»

Жүргізуші: 

Жігіт  жастан  қан  майданға  кеттің  бе?

Сағындырдың  көз  ілдірмей  көп түнде.

Зарықтырған  Жеңіс  туым-Жауынгер.

Байтақ  елге  аман-есен  жеттің  бе?

Қан  майданда  қаза  тапқан  боздақтар  қаһармандығын  мәңгі  есте  сақтап, ерлігіне  бас  иіп, батырлар суреттерінің жанына гүл шоқтарын қояды.

Жүргізуші: 

Жеңіс  келді  далама,

Жеңіс  келді  ән  болып.

Жеңіс  келді  қалама,

Келді  ауылға  сән  көрдік.

Ән:  «Жойылсын жалғыз сөз- соғыс деген»

Ерлігі  естен  кетпес  ел  есінде

Теңің  жоқ  тектілікке  теңдесуге,

Өлшеулі  ар-намыс  пен  нарқымыздың

Қорғаны  адамдық  пен  салтымыздың.

«Катюша»  биі.

Жүргізуші:          

Жау  жеңілді  ақыры

Атты  бейбіт  таң  күліп,

Әлия  мен  Мәншүкті

Ұмытпайды  ел  мәңгілік.

Қайсарлық  пен  өшпес  ерлік  көрсеткен  қазақтың  қаһарманы  Әлия  мен  Мәншүкті    біз  ешқашан  ұмытпаймыз.  Өлшеусіз  өжеттілік  пен  жеңіске  мұқалмас  ерлік-жігер  танытқан  қос  қарлығаш  біздің  міңгілік  жүрегімізде  сақталады. Әлия  мен  Мәншүкке  тағзым  жасау.

5-ші бала:

Даламыздың даңқысыз,

Балауса гүл балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.

6-шы бала:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия- аты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

7-ші бала:

Мәншүк апай батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз.

«Әлия» әні орындалады.

Жүргізуші:             

 Алаулап  гүл  жарады.

Туған  жер  құлпырады

Балалар  болады  аман

Аналар  болады  аман

Бейбітшілік  болса.

Би: «Бейбітшілік құсы биі»

Айқастың  арқалаған  ауыр  жолын

Ағындат  ақ  боз  атпен  Бауыржаным

Қиында  қара  нардай  қайыспас  ер

Қашанда  саған  риза  бауырларың.

8-ші бала:

Дұшпанға жасындай шүйілген

Ержүрек Бауыржан.

Есімін қастерлер бүгінде

Сүйсініп әрбір жан

Бұл күнде көп жұрттың ұлының

Есімі –Бауыржан

«Баукеңдей болса,-деп, құлыным»

Тілейді әрбір жан.

Жүргізуші:                

Жеңіс  келді  артта  қалды  зор  қайғы.

Адам  асыл  арманда  алға  жолдайды.

Бейбіт  күнін  аталардың  әкелген.

Бүгін  міне  ұрпақтары  жолдайды.

Ән: «Жеңіс күні»

Сұм  соғыс  қайтып  болмасын

Бәйшешектер  солмасын

Еліміз  бейбіт  күн  кешіп,

Бір  Алла  өзі  қолдасын.

Бірлікпен  күн  кешіп,

Бейбітшілік  орнасын.

-Осымен  9-мамыр  Ұлы  Жеңіс  күніне  арналған  «Ер  есімі-ел  есінде» атты 

ертеңгіліміз  аяқталды.  Заманымыз  тыныш,  аспанымыз  ашық  болсын! 


Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ертеңгіліктің сценарийі «

Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ертеңгіліктің сценарийі «

Ана баласынан келген хатты ашып оқиды

Ана баласынан келген хатты ашып оқиды

Ынтымақ бар елде гүлдесін, Адамдар араз боп жүрмесін

Ынтымақ бар елде гүлдесін, Адамдар араз боп жүрмесін

Мәншүк апай батыр қыз, Ардақтаймыз атын біз

Мәншүк апай батыр қыз, Ардақтаймыз атын біз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2022