Мақсаты : Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар! Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесі құтты болсын! Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Мектептегі ұстаздардың мақтаны
Өнеріңді ортаға сал, сайыста
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.
Коктем аруы сайыс.docx
«Коктем аруы» атты кыз сыны сайысы
Мақсаты : Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын
қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салтдәстүріне байланысты
әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы атааналар, көрікті қыздар!
Көктемнің алғашқы 8наурыз мерекесі құтты болсын! Бүгінгі «Көктем аруы»
атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
Өнербілім тапқырлықтың тарланы,
Мектептегі ұстаздардың мақтаны
Өнеріңді ортаға сал, сайыста
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі
Тал бойына жарасқан күллі әлемі
Бір көріп таң қалдырмай сахнада
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі, деп ару қыздарымызды ортаға қошеметпен
шақырайық.
8 «а» сыныбының оқушысы Зейнелбекова Айғаным №6
9 «а» сыныбының оқушысы Бақытжанқызы Еңлік №5
10 «а» сыныбының оқушысы Зейнелқабденова Алия №3
10 «ә» сыныбының оқушысы Ахметова Мадина №1
10 «б» сыныбының оқушысы Оразбекова Аружан №2
10 «ә» сыныбының оқушысы Жәнібекова Әсем №4
Енді сіздерді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1.Өзінөзі таныстыру
2. «Өнер алдықызыл тіл» (мақалмәтелді жалғастыру)
3. «Бәйге» (сұрақтарға жауап беру)
4. «Кім жылдам?» (түрлітүсті қағаздан ою ою, инеге жіп өткізіп, әдемілеп
түйіндеу, түйме қадау)
5. «Өнерліге өріс кең» (өз өнерін көрсету)
6. «Тал бойына жарасар сәндік киім» ( кешкі сән үлгісі киімін көрсету)
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға беріп, Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
1.
2.
3.
Өнер қуып арулар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз. (Таныстыру)
Сөз кезегі әділқазылар алқасында
Мақалмәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі
Қарапайым қазақ тілі – өз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім дей отырып сайысымыздың 2ші кезеңі «Өнер
алды – қызыл тіл» бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл бөлімде аруларымыз мақалмәтелден жарысқа түседі.
1.Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
2.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
3.Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.
4.Анасын сүйгеннің, баласын сүй.
5.Атасыз үй батасыз, анасыз үй панасыз.
6.Ағайын алтау, ана біреу.
7.Атаана қадірін, балалы болғанда білерсің.
8.Төркін десе қыз төзбейді, көкпек десе түйе төзбейді.
9.Ананың құны, ананың сүті.
10.Апасының киген тоңын, сіңлісі де киеді.
11.Әкесіне тартып ұл тумас, шешесіне қарап қыз тумас.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақжауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты дей отырып, келесі «Бәйге» бөлімінде
сұрақтарға жауап береді.
1.Ұлттық бас киімдерді ата (сәукеле, тақия,бөрік т.б.)
2.Оюөрнек түрлері нешеге бөлінеді? (4 – жануар тектес, өсімдік
тектес,геометриялық,космогониялық)
3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам. (құрт)
4.Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине,кесте жіп)
5.Киізге оюөрнек басып жасалған кілемше. (түскиіз)
6.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі. (камзол)
7.Әйел көркі неде? 8.Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесің? (кілем тоқу, құрақ құрау,киіз
басу, сырмақ сыру)
9.Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
10.М.Әуезовтың «Абай жолы»романындағы Әйгерімнің шын есімі (Шүкімән)
11.Сөздердің байланысу түрлері нешеу? (5 қиысу, матасу, меңгеру, қабысу,
жанасу)
12.Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? (шешендік арнау,
толғау, дау)
13. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің авторы кім? (Торайғыров)
14.Шілікті қорғанын зерттеп ашқан тарихшы (Әбдеш Төлеубаев)
15.Қазақ хандығы қашан құрылды? (146566)
16.Қазақтардың 1ші Дүниежүзілік құрылтайы қашан өтті? (1992 ж 28
қыркүйектен 4 қазанға дейін)
17. «Көшпелілер философы» атанған адам (Асан Қайғы)
18. ҚР ең жоғары дәрежелі орден (Алтын пырақ)
19.Өсімдіктердің вегетативті мүшелерін ата (сабақ, тамыр, жапырақ)
20.Күн сәулесінен түзілетін дәрумен («Д» дәрумені)
21.Омыртқалы жануарларды ата (балық, қосмекенділер, жорғалаушылар,
құстар, сүтқоректілер)
22.Әлемдегі ең ірі Гренландия аралы қай мемлекеттің иелігінде? (Дания)
23.Квадраттық функцияның графигі (парабола)
24.Металлмен қосылғанда тұз бөлетін элементтер тобын қалай атайды?
(галогендер)
25.Не себептен адамның оң жақ өкпесі 3 бөліктен, ал сол жақ өкпесі 2
бөліктен тұрады? (сол жақта жүрек орналасқаннан)
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сәні сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасын, деп кезекті қолөнер сайысына берейік. Бұл
сайыс «Кім жылдам?» деп аталады. Сайыстың 1ші шарты: түрлітүсті
қағаздан ою ойып беру керек; 2ші шарты: инені сабақтап, әдемілеп түйіндеу;
3ші шарты: түйме қадау ( жіптің түйілуіне, түйменің дұрыс қадалуына назар
аудару)
Музыкалық үзіліс ән «
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында
Келесі кезең «Өнерліге өріс кең» деп аталады.Ендеше, қыздарымыздың
өнерін тамашалайық.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында
Қыздарға әсемдік жарасады
Талғамы таң нұрымен таласады Қыпша бел, сұңғақ бойлы қаракөзге
Жан біткен таңдай қағып қарасадыдеп сайысымыздың соңғы кезеңін
бастайық. Ол «Тал бойына жарасар сәндік киім» деп аталады. Аруларымыз
кешкі сән үлгісі киімін көрсетеді.
Қыздарымыз дайын болғанша бір тамаша ән тыңдайық.
Қыздарды қошеметпен ортаға шақырайық.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында
Ұлтымыздың әр сөзі
Асып жатыр кәдеге
«Көктем аруы» мінеки,
Келіп жетті мәреге.
Әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша бір тамаша
ән тыңдайық.
Сонымен қорытынды сөз әділ қазылар алқасында.
Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі көктемде кездескенше қошсау
болыңыздар!
Сценарий "Коктем аруы" Конкурс красоты
Сценарий "Коктем аруы" Конкурс красоты
Сценарий "Коктем аруы" Конкурс красоты
Сценарий "Коктем аруы" Конкурс красоты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.