Сценарий нового года в старшей группе
Оценка 4.8

Сценарий нового года в старшей группе

Оценка 4.8
Мероприятия
doc
воспитательная работа
Детсад
24.04.2018
Сценарий нового года в старшей группе
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Аққаланың, Қызыл телпектің, Мыстан кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, тақпақтар, ән айтқызу, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, балаларға, ата-аналарға, қонақтарға мерекелік көңіл күй жасау.
Жаңа жылдық кеш оқиғасы.doc
Жаңа жылдық кеш оқиғасы. Балалар залға кіріп, шыршаны айнала тұрады. Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті жиналған қауым және кішкентай бүлдіршіндер! – Аппақ бүгін қыр далам Ақ дастархан жапқандай Халық біткен қарбалаң Қонақ күтіп жатқандай Аяулым Қане,қане балалар Маған бері қараңдар Келіп қалды қонақтар Жаңа жылдық мерекені бастайық! Сайера Жаңа жылмен, жаңа жылмен  Құттықтаймыз әрине Әкемізді,анамызды Қонақтарды бәрінде Диана Жүзімізде күлкі ойнап Қанаттанды жанымыз Жаңа жылды біз тойлап Шаттанамыз бәріміз Айым Сылдырлайды моншағы  Шыршамыздың мол шары Жаңа жылмен жайдары Құттықтаймыз баршаны                   Ән: «Жаңа жыл» (келді) Аружан Б. Кел, Жаңа жыл, жеріме, Ырыс, бақы арқалап. Ұлан – байтақ еліме, Таратайық арбалап. Мансұр Ей, Жаңа жыл,жаңа жыл Сыйла маған жаңа жыр Жарқыраған шыршаны Айналып бар бала жүр Н.Ерасыл Тілеймін мен бар әлемге, Жаңа бақыт, жаңа жыр Ата ­ әже, ана ­ әке, Құтты болсын Жаңа жыл! Аделя Жаңа жыл, жаңа жыл Кел қалама, далама Нұрлы күнді жалғасырып Бір мінейік шанаға                              Ән: «Шырша жыры»  (Балалар орындықтарға отырады. Есіктен Аққаланың дауысын естіледі). Аққала:  Келем, келем, ұшып келем! Атамызға көмектесем. Үшкір ине – жасыл ине, Шыршаны жағуға мен келем!  (Балаларды көріп қалады)  – Ой, балалар, мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба? Жүргізуші: Жоқ, Аққала, сен кешіккен жоқсын, уақытында келдің. Балалар, келген  қонақпен амандасайық. Балалар: Сәлеметсіз бе? Аққала: Сәлеметсіңдер ме? Балалар, сендер сыйлық, ойыншық, кәмпіттерді тосып  жүрген шығарсыңдар? Мені осында Аяз Ата шыршаны жағуға жіберді, сендер өздерің  шыршаны жаға алмайсыңдар? Жүргізуші: Аққала, біз балалармен шыршаны жаға аламыз, сиқырлы сөздерді де  білеміз. Аққала: Сиқырлы сөздерді білесіңдер ме? Кане, айтып көріңдерші. Балалар: 1 – 2 – 3, шыршамыз жарқыра! (шырша жанбайды) Жүргізуші: Бұл калай болғаны? Шыршамыз неге жанбай тұр? Аққала: (сиқырлы дауысымен) Биылғы жыл мерекеде Орманда жаңа заң шықты. Шыршамыздың маңдарын Сиқырлы кілтпен жағыпты. Жай емес, ол сиқырлы, Алтыменен қаптаған, Жағайық еппен шыршаның Әдемі шамын қаптаған  – Кәне, балалар, шыршаға келіп тұрамыз. Ал, енді менімен сиқырлы сөздерді  қайталамыз!      Балалар тұрады Балалар тәрбиешімен, Аққаламен бірге: 1 – 2 – 3, шыршамыз жарқыра!  (Аққала қолыңдағы кілтімен шыршаны айналып өткенде, шырша жанады, кілтті  шыршаның астына қояды). Жүргізуші: Алақай,Ақққала рахмет, сізге арнап балалардың тақпақтары бар  Али Ауыл сырты, бақта да, Тұрғызамыз аққала Аққаланы айнала  Ойнамыз біз шаттана Эсфири Аққала, аққала Сені жасап мақтанам Қорғауменен жүреміз Бұздырмастан басқаға  Аққала:  Рахмет, енді сендермен кішкене ойнағып келіп тұр. Ойнағыларың келе ме? Балалар: Иә!                  Ойын: «Жаңа жылдық тунель» (Аққала балаларды мақтайды. Осы кезде залға Мыстан кемпір қызыл телпекті  басына киіп, өлең айтып, кіреді.) Жүргізуші: Сәлеметсің бе? Сен кімсің, қайда барасың? Қызыл телпек: Мен Қызыл телпекпін, апамның үйіне Жаңа жылмен құттықтауға бара  жатырмын. Міне, ыстық бәлішім де бар. (дорбасы көрсетеді) Аққала: (балаларға) – Маған дорба таныс, мен бұл дорбаны бір жерден көргенмін. Жүргізуші: Қане, Қызыл телпекті мерекеге шақырайық па? Балалар: Иә! Жүргізуші: Кел, Қызыл телпек, бізбен бірге ойна, биле! Аққала: Ой, балалар, мен жүгіріп барып Аяз Ата келе жатыр ма екен көріп келейін. Ол  келіп қалған сияқты.  Қызыл телпек, сен балаларды көңілдендір, сиқырлы кілтті күзет. (Жан­жағына қарап)  – мынау біреуге ұксайтын сияқты! (Залдан шығып кетеді) Жүргізуші: Балалар, Қызыл телпекті бізбен ойнауға шақырайық па? Балалар: Иә! Шақырайық! (балалар шеңберге турады) Қызыл телпек: (Шыршаның астына дорбасымен қояды да, кілтті алып алады) –  ойнағыларың келе ме? Қазір ойнайсыңдар! (Жаман күліп, балаларды айналып  жүгіріп, сиқырлы сөздерді айтады): – Қатырамын, сиқырлаймын, бастарына желді ұшырамын. Тұрасыңдар, қозғалмайсыңдар! Күлуді де қойыңдар! Ойнауды да, ән айтуды да, билеуді де ұмытпасыңдар! Шыршаларың өмірлік өшіп қалсын! (Шырша өшіп қалады, балалар қатып шеңберде тұра береді) – Ал, сендердің сиқырлы кілтіңді  тікенеке айналдырамын! (Алысқа лақтырып, өзінің  дорбасын алып) – Сау болыңдар, балалар! Көңілдендіңдер, егер қолдарыңнан келсе! Ха­ха­ха! – (деп  күліп кете береді) Жүргізуші: Қызыл телпек, қайда барасың? Сен не істеп қойдың? (Осы кезде залға Аққала кіреді) Аққала: Көңілденіп жүрсіңдер ме? Мен бір түрлі түсінбей тұрмын. Сендер көңілдіге  ұқсамайсыңдар?  Қызыл телпек қайда? Шыршаға не болған?(сасып қалып) Кілт қайда? Жүргізуші: Аққала, мен түсінбедім, не болғанын, (жылайды) енді не істейміз?  Балаларды қалай құтқарамыз? Аққала: (Балаларды айналып, қолдарын көтеріп, аяқтарын қозғайды, ал, балалар  ұйықтап тұрады) Аққала: (ойланып) Балалар әкесін мен анасын тыңдайды ғой? Жүргізуші: Ата­аналар, көмектесіңдер! Балаларыңызды оятыңыздар! Есімдерін қатты  айтыңыздар!  (Ата­аналар балаларын шақырады, олар ұйытап жатады) Жүргізуші: Енді не істейміз? Аққала: Мен таптым! Ата­аналар, сіздер балаларыңыз ұйықтаған кезде не істейсіздер?  (Ата­аналар бесік жырын айтамыз – дейді) Аққала: Дұрыс айтасыздар! Ал, енді біз қазір балаларды оятатын бір жаңа жыл әнін  айтамыз. Дайынсыздар ма? Ата­аналар «Кішкентай шырша» әнін орындайды, балалар оянады. Жүргізуші:  Аққала, сен қандай жақсысын! Балалар, бәріміз бірге қосылып Аққалаға,  ата­аналарымызға «рахмет» айтайықшы! Балалар: Рахмет! (орындықтарға барып отырады) Жүргізуші: Біздің шырша өшіп қалды, Қызыл телпек кілтті лақтырып жіберді. Аққала: (Ағаш бұтағын алып, оның сыртынан әдемі сиқырлы орамал жабады). – Балалар, мен қазір сиқырлап көрейін, ал, сендер менің артымнан қайталаңдар! (Аққала сиқырлы сөздерді айтады, балалар сөздері қайталады). – Қармен, аппақ, – Ақ күмістей,  – Бұрышына дейін шыттың, – Күмістен біз шашамыз, – Сиқырлаймыз,  – Кілтке айналдырамыз! (Аққала шытты ашып қараса ештеңе өзгермейді). Аққала: Қолымнан келмей тұр! Жүргізуші: Балалар, кез­келген зұлымдыты бимен, ойынмен және әнмен аламыз. Олай  болса қане көңілденейік!          Аяла Ұлпа қарлар келіңдер Соңымнан менің еріндер Би билейік қалықтап Шырша жансын қалықтап                                                  Би: «Ақшақар» (Би кезінде залға Аяз Ата мен Ақшақар келеді. Олар өте көңілсіз. Аяз Ата мен  Ақшақар балалармен амандасып, оларды  Жаңа жылмен құттықтайды.)  Жүргізуші: Аяз Ата, сіз неге көңілсізсің? Аяз Ата: Маған ұят болды, балалар. Сеңдердің сыйлықтарыңды сақтай алмадым. Іздеп,  іздеп таппадым, ол, қапты жел алыс жаққа ұшырып әкетті. Жүргізуші: Аяз Ата, сіз ренжімесіз, бізге ең маңыздысы сізді көру, сенімен бірге  шыршаны айналып жүру. Аяз Ата, қаранызшы, қандай әдемі, көңілді балалар! Олар сізге ән дайындады, қане, орындыққа отырып, тыңдаңыз! Балалар тұрады.                          Ән: «Жаңа жыл жыры» (Аяз беттен өтеді) Аяз Ата: Жақсы ән екен, балалар! Жүргізуші: Біз саған өлеңдер айтып береміз, сіз өз қайғыңызды да ұмытып кетсіз. Алена Бар баланың қонағы Төрлет ата жоғары Барлық бала өзіндей Қашан мырза болады Алима Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып, Келді алыс сапардан Аяз Ата оралып. Инкар Жаңа жыл келді жерімізге  Әкелсін құт береке елімізге Жақсылық пен қуаныш жыл болып Қиындықты жолатпасын бәрімізге    Аққала: Аяз ата, бізге гномдар келе жатыр, солардың биің тамашалайық                                    Би «Гномдар»  Альтаир Ақ қырауға малынған Ақшақардай сақалды Көптен күтіп сағынған Көрдік аяз атаны Асыл Қуантып елді Жаңа жыл келді Өсетін болдым Бір жасқа енді Анель Төрлет қане, Жаңа жыл Үлестіріп құт береке  Көп қуаныш ала жүр Көп болсыншы мереке  Жүргізуші: Тоғжанның тамаша әні бар соны тыңдайық:                                       Ән: «Аяз ата» Жандос Жаңадан тақпақ  Аламыз жаттап Жаңа жыл келді  Жаңа жыл аппақ Алинура Мұздан моншақ тағынып Күміс қырау жамылып Ортада тұр Ақшақар Көптен күткен сағынып Бақдәулет О, Алақай тамаша Шыршамыз тұр жараса Жаңак жылда бәріміз Ән айтамыз жаңаша Алижан Аяз ата, аяз ата  Сені күтіп жүрдік біз Томпаң қағып арқалап Келеріңе сендік біз И. Аружан Қандай әсем шыршамыз Ойыншықтар әдемі Бақшамызға әкеліп Қойып кеткен кім еді? Жүргізуші:  Аяз   ата   біздің   балалар   ағылшын   үйірмесіне   қатысады,сонда   мереке дайындаған әндері бар екен                                     Ән: «Жаңа жыл» Аяз   Ата:  Жарайсыңдар,   балалар,   менің   көңілімді   таптыңдар!   Қазір   мен   сендерге сыйлық берейін! Ой, бай! Мен ұмытшақпын! Сыйлық жоқ қой... Жүргізуші:  Аяз Ата, сабыр етіңіз! Қаранызшы, балалар сіздерге би дайындады.                                       Би: «Көңілді би» Жүргізуші:Асемнің тамаша әнін  қабыл алайық                                       Ән: «Қоян» Аяз   Ата:  Жарайсыңдар,   балалар!   Жақсы   билейді   екенсіңдер!   Бірақ   сендердің мерекелеріңе бірдеңе жетпейтін сияқты. Ақшақар: Шырша жанбай тұр ғой! Аққала: Аяз Ата, кілтке қараңызшы! Қызыл телпек оны сиқырлап тастаған. (Төмпешікте жатқан орамалды көрсетеді) Аяз Ата: Қызыл телпек дейсің бе? Менің орманымда Қызыл телпек сиқырмен  айналыспайды. Қане, көрейік. (Төмпешікке жақын келіп, кілтті алып шығады) Аққала: Бәрекелді, бәрі орындалады! Кілт сиқырланды! Бізге күлкі мен көңіл  көмектесті! Аяз Ата: Сиқырлы сөздеріңді айт, тезірек шырша жансын. Аққала:  Балалар, тезірек ортаға келіңдер! Сиқырлы сөздеріңді ұмытқан жоқсыңдар  ма? (балалар ортаға шығып, дөңгелене тұрады. Аққаланың айтқан сөздерін  қайталады. Шырша жанады.) Ақшақар: Қайтадан шыршаны айналып ән айтамыз, көңіл көтереміз!                                              Ән: «Шырша» (Балалар отырады. Залға Қызыл телпек әндетіп кіреді). Қызыл телпек:  Сендер жалыққан жоқсыңдар ме? Тағы да  көтереміз бе?    Аққала: Қызыл телпек, әжеңнің қалін қалай? Бәліштерінде қатып қалған шығар... Қызыл телпек: Қайдағы бәліштер?  Бұл сыйлықтар ғой. Ой, бай!.. Айтып қойдым ғой! Аққала: Ойыма түсті ғой, Аяз Ата, қараңызшы, бұл қап сіздікі ме? Аяз Ата: Менікі, менікі! Аққала: Ол Қызыл телпек емес! Ол Мыстан кемпір ғой! (Мыстан кемпір қапты лақтырып, телпегін жоғалтады) Аяз Ата: Мыстан кемпір, сен тағы да тәртіпсіздік жасап жүрсің ғой. Мыстан кемпір: Әлі көресіңдер! Бүгінгі күн сендердікі. Менің батпағымда да мереке  болады! (Жүгіріп шығып кетеді). Ақшақар: (Қапқа қарап) Аяз ата, жақсы болды ғой, сыйлықтарымыз табылды ғой!  Ата бізге тағы қонақтар келе жатқан сияқты                               Ата –аналар қойлымы  Аяз Ата: Балалар, Мыстан кемпірді кешірейік пе? Балалар: Жарайды!  Аяз Ата: Мыстан кемпір, бізді күлдірдің ғой, біз сені кешіреміз. Біз ән айттық, ойын  ойнадық, көңіл көтердік. Ал енді балаларға сыйлықтар беретін уақыт болды. Балалар: Алақай! (Аяз Ата кейіпкерлермен бірге балаларға сыйлықтар береді) Аяз Ата:  Міне, Жаңа жылға арналған мерекеміз де аяқталды. Барлықтарына көңіл  күйлерің жақсы болуын тілеймін! Ақшақар: Балалар, барлықтарына  денсаулық тілеймын ешқандай қиыншылықты  көрмей өсе беріңдер! Ал, енді біз Аяз Атамен бірге бір жылдан кейін кездесеміз.

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе

Сценарий нового года в старшей группе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.04.2018