Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"
Оценка 5

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Оценка 5
Мероприятия
doc
воспитательная работа +2
Детсад
03.06.2017
Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"
Сегізінші наурыз халықаралыө аналар мен қыздар мерекесіне арналған оқушылардың аналарына арналған мерекелік кеші. Кеш ертегі желісімен өткізіліп, оқушылардыі әртәстәкғ танымдық өабілеттері ортаға салынды. Бұл кеште оқушылар ән айтты, би биледі, ертегі кейіпкерлері ортаға шықты, әртүрлі қолда бар заттардан киім тігіп сән үлгісін көрсетті.
8- март.doc
Тәрбиеші:                                          Көктем келіп, күн көзі күле білді, Аналар бүгінгі  күн мерекелі.  Құтты болсын айтамын шын жүректен    Аяаулы ана әр ісің берекелі.                              Құттықтауға шақырды  бүгін  сізді,   Қуанышты жүректерге ән құйылды. Қарсы алыңыз қос­қостан қол ұстасқан, Құттықтауға асыққан бүлдіршінді.  (Залға  вальс ырғағымен оқушылар кіреді).  1­жүргізуші:  Бүгін біздің  сыныпта дүбірлі  той,               Ден қойып тыңдаңыздар, қөңілді қой.              Жырдан шашу шашылсын, жыр төгіліп,              Хош кедіңіз, аналар, сергісін бой. 2­жүргізуші:   Құтты болсын  бүгінгі мерекеңіз,  өзіңсің  ғой қашанда берекеміз.  Анашым, аяулы ана, асыл ана,  Сен болсаң  қасымызда өр еңсеміз.          Хор:  «Ақ мамам » (Залда  дауыл, құйын дыбысы естіліп, мыстан кемпір кіріп келеді).  Мыстан кемпір:  ­   А­Ха, Ха­Ха! Бұл неғылған, жиын! ­ Бұл не қылған, той­ думан! ­ Менің рұқсатымсыз ешқандай күлкі болмайды! ­ Ха­ Ха­ Ха!  ­ Бұл не мереке?! Тәрбиеші:       ­ Балалар, бұл мыстан кемпір ғой, таныдыңдар ма? Мыстан кемпір, сен қайдан  жүрсің?   Білмеуші   ме   едің,   бүгін   көктемнің   алғашқы   мерекесі   –   аяулы аналар  мерекесі   емес   пе?!   Біз   аналарымызға   ән­   шашуымызды   ұсынғалы жатырмыз. Мыстан кемпір:      (Басын ұстап, тізерлеп отыра кетеді) ­ Е, мейірімді аналар, сіздердің алдарыңызда тізерлеп тағзым етемін. (Тағзым етеді)   ­ Балалар,   сендердің   зәрелеріңді   алғаныма   қынжылып   тұрмын. Сендерден   кешірім   сұрай   отырып,   сендерді   ертегілер   еліне   ертіп апарып,   сиқырлы   таяғымның   қызығын   көрсетсем   қайтеді, келісесіңдер ме?  Балалар: (Қуанып) ­ Иә, келісеміз. Мыстан   кемпір:  ­   Ендеше,   бәріміз   көздерімізді   жұмайық.   Аналарымызбен   бірге ертегілер  еліне аттанайық.  (Балалар көздерін жұмады. Дауыл дыбысы, сахна ертегілер еліндей  безендіріледі. Дауыл аяқталады.) Тәрбиеші: (Таңырқап ) ­Балалар, қараңдаршы! Міне тамаша! (Балалар көздерін ашады.) Тәрбиеші:  (Жерде жатқан таяқты нұсқап) ­ Балалар, мынау мыстан кемпірдің сиқырлы таяғы ғой. Өзі қайда кеткен? Сірә,   бізге   сиқырлы   таяғын   тастап,   өздері   бір   тамашаға   кенелсін   деген Шынар:   Хормен: Тәрбиеші:  Шыңғыс: Тәрбиеші:  шығар.Жарайды,   солай­   ақ   болсын.   Біз   кешімізді     ертегілер   әлемінде жалғастырайық. Аналарымызды қуантайық. Сіздерден өскен балалар­ Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар! Ең аяулы есім ғой ана деген, Бар тіршілік бақытты анаменен. Алдарыңызда «Аяулы анашым » әнімен Бакарамов Жанболат ұлдарыңыз, Қарсы алыңыздар! Ана біздің күніміз, Ананың біз гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. Би билеп, ән шырқаған қазағымның, Салтын да сақтаған, сен, бәз бір қалпын. Аяна, Аружан, Айша есімді қыздарыңыз халық әні «Бипыл » әуенімен мың бұралып би билейді. Қошемет көрсетейік! Нұрсұлтан: Маған жарық сыйлаған кім­ Анам! Гүлім: Данияр: Тәрбиеші: Алдияр: Тайыр:  Тәрбиеші: Абзал: Жылатуға қимаған кім­ Анам! Жөргегімді ауыстырып, құндақтап,  Мен деп жанын қинаған кім­ Анам! Мен ауырсам жүдеген кім­ Анам! Күдігі тез үдеген кім­ Анам! Айыққанша, қоылғанша қатарға, Тілегімді тілеген кім­ Анам! Қателессем кешірген кім­ Анам! Анамдағы махаббатқа нанам. Ең бірінші ана керек балаға, Ақ аналар жүріңдерші аман. Ақ сүтіңмен дарыса да ана тілім, Өзге ұлтты қадірлеуді көп ұқтырдың. Алдарыңызда өзбек биімен биші қыздарыңыз Айдана. Қарсы алайық! Әлпештеген, аялаған, Ақ сүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған,  Мейрамыңмен құттықтаймын. Бал бөбегін баптаған,  Анам  үшін мақтанам. Аялайтын біздерді, Көп жасасын жақсы адам. Қанат беріп ұшырған адамдарға, Қуат ашқан құшағың ғаламдарға. Әнші ұлдарыңыз Кощанов Абайдың орындауында «Ақ мамам » әні. Қарсы алайық. Ақ жүректе сақтаған,   Жарқын күлкің бақ маған.   Ақ бетіңнен сүйейін,   Қасымдасың ақ мамам. Әйгерім:        Жүзімізге қараңыз,   Бал күлкілі баламыз.   Бізге қымбат күн шуақ,    Бізге қымбат анамыз. Тәрбиеші: ­   Балалар, сендер ертегілер еліінде сұлу періштелер бар екенін біл сіңдер ғой. Сондай сұлулар біздің сыныбымызда да бар. Кезекті қиялдағы сән үлгісіне берейік. Фэнтэзи :       «Көктем гүлі »­ Мәдина. «Су бикеші »­ Гүлім. «Жауқазын »­ Айдана. «Ақ жаңбыр »­ Аяна. «Қиялдағы ару »­ Сая. Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз. Достықты біз ойлаймыз, Бірге жүріп ойнаймыз. Қыздарды да құттықтап, Мерекесін тойлаймыз. Ананың көңлі балада, Баланың көңлі далада. Пантомимо «Бала үшін өкпе.» орындайтындар:  Данияр, Ермек, Ернар. Ернар:  Санжар: Тәрбиеші: Тазша бала:   (Сахнаға жүгіріп шығады.)             ­Қандай көңілді балалар, амансыздар ма, аналар!  Тәрбиеші:      ­ Ой, тазша бала, не болды жүгіріп?  Тазша   бала:  жатқаным.Дұрыс      ­   Бір   құмырсқа   соңымнана   қуып,   содан   қорқып   қашып   келе болды, мерекеге тап болдым ғой деймін.  ­ Иә, иә. Бізде үлкен мереке­ аналар мерекесі. Мерекеде сен де бізбен бірге Тәрбиеші:  бол.  Өтірік өлеңдеріңнен айтып берерсің бізге. Тазша бала:  ­ Балалар, қане, менімен бірге кім өтірік өлең айтады? Өтірік өлең:   Аблайхан: Қоян отыр партада, Айша: Екі қолы қалтада. Апай сабақ сұраса,  Ұйықтап қапты партада. Қауырсынын лақтырып, Торғай ілді бүркітті. Құмырсқалар сап құрып, Сиырларды үркітті. Ғасырбек:   Маса тепті қасқырды, Жартасқа оны жапсырды. Бөлтірігі жылады, Не қылдың­ деп­ тақсырды. Тәрбиеші:     ­ Рахмет, тазша бала. Төрлет, төрлет. ­Балалар, сендер мына сандықты байқадыңдар ма? Бұл не қылған сандық екен, ашып көрейік пе? ­ Иә, ашып көрейік. ­ Бұл сандықтың үстінде хат тұр. Асыл аналарға  деген жазуы бар. Балалар:  Тәрбиеші:  Аналармен ойын: Хат ішінде  «Бала», «Бақыт», «Болашақ» деген сөздер жазылған. Сол  сөздерді қатыстырып, ізгі тілектерін айту. ­ Балалар, сандық ашылмайды. Не істедік?! Қалай ашамыз? ­ Қатты­ қатты шайқап көрейік. Тәрбиеші:  Балалар:                       (Сандықты шайқап көреміз) Тәрбиеші:  Ғасырбек: ­ Сандық ашылмады ғой, балалар. Тағы қандай ойларың бар? ­ Апай, мыстан кемпірдің сиқырлы таяғын пайдаланып көрейік.  (Екі бала ортаға шығып сандықты сиқырлы таяқпен түртеді, сандық   ашылады.   Ішіндегі   сыйлықтарды   балалар   аналарына   табыс   етеді.   Осы уақытта музыка ойналып, өлең оқылады.) Тәрбиеші:  Кім сендерді балалар, сүйетұғын, Қызығыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең ғана дамыосыз жүретұғын. Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін. Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор ана көз жасын көлдететін. Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең. Құрметтеңдер, балалар, аналарды, Ақ періште көңілді аналарды!  Анаға сыйым асқар тау, Жеткізем әсем әуенмен. Кішкентай жұлдыздарыңыздың әсем әнін қабыл алыңыздар!  «Құттықтаймын, сені қуанышыңмен! » орындайтындар:  Абылайхан, Айша, Шынар, Ермек, Айым.  (Осы кезде сиқырлы таяқ ұшып кетеді.) ­   Балалар,   мынау   бір   қызық   болды   ғой.   Таяқтың   ұшып   кеткені   қалай?! десе, сиқыр. Ертегі әлемі ғой қиялымның, Ұштаған қиялымды, аяулы үнің. «Ертегілер » әнімен  алдарыңызда Сая қыздарыңыз. Тәрбиеші:              Тәрбиеші: Сиқыр     Тәрбиеші:  Бар қасиет тараған бір өзіңнен, Хормен:  Хор:   Анашым сен қуансаң, мен қуанғам. «Үнді биі » билейтін Мәдина қыздарыңыз. Біз сүйеміз бейбіт күнді, Бейбіт күнде туғанбыз. Біздің өмір күндей нұрлы, Бақыт құшқан ұланбыз. «Әрқашан күн сөнбесін » ( Шарлар шашылады.) 1­ жүргізуші: Ананың оттай ыстық алақаны, Болған соң ойлайтыны­ бала қамы. Баладан анасына мың сан алғыс, Өйткені, ол, анасының балапаны. 2­   жүргізуші:  ­Құрметті,   аналар,   сіздерге   арналған   әсем   әніміз   бен   жырымыз,мың бұралған  биіміз, түрлі­ түрлі өнеріміз ешқашан таусылмақ емес. Мерекелеріңіз  мерекеге жалғаса берсін. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп­ көп рахмет! Аман­ сау болыңыздар!

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"

Сценарий праздника "Асыл ана, аяулы ана, анашым!"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.06.2017