Суретші Бен Хейн
Оценка 4.7

Суретші Бен Хейн

Оценка 4.7
Домашнее обучение
pdf
11 кл
04.02.2021
Суретші Бен Хейн
Сабақ жоспары
Суретші Бен Хейн.pdf

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

6. Қиял әлемі

Күні: 04.01.2021ж

Мектеп: № 17 орта мектеп КММ

Сынып: 5 (3-6 топ)

Мұғалімнің аты жөні: Лесбаева М

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Суретші Бен Хейн

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

5.ӘТН4.2. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады.

Жауап береді.

Білім алушылардың көпшілігі орындай алады:Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді. Кейбір білім алушылар орындай алады:Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді.Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

АКТ-ны қолдану дағдылары Әдіс-тәсілдер

Оқулық, Аудиодиск 5-сынып Қазақ тілі «Атамұра» баспасы 2017 жыл,сурет.

 

Тілдік мақсаттар

Қиял мен шындық бірлігі, жаңа тәсіл, жүйрік қиял

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Бала қиялы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

 

«Мен сізді жақсы көремін,себебі....» тренинг

Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Оқушылар бір –біріне мәтінді жалғастыру арқылы тілектер айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың

ортасы

 

Білу, түсіну,

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

 

6- тапсырма.

Мәтін мазмұнына сүйеніп, Бен Хейнмен сұхбат құрап жаз.Әңгімені 10-12 сөйлеммен жаз. Сұхбатта қарамен берілген зат есім сөздерді міндетті түрде қолдан. Олардың қайсысы деректі, қайсысы дерексіз екенін дәлелдеп айт.

8-тапсырма.

Бен Хейін салған төмендегі суретке қарап, сипаттамалық мәтін құрап жаз. Мәтінде зат есімнің мағыналық түрлерін қолдан.

9- тапсырма.

«Өнер және табиғат» тақырыбында Бен Хейн негізін салған жаңа өнер түрі туралы пікір алмасыңдар. Сөздеріңде зат есімнің мағыналық түрлерін қолданыңдар.

 

Сергіту сәті.

Бен Хейннің шеберлігінің қыр сыры.(қосымша ақпарат)

Суретші Бен Хейн фотосурет пен қарындашпен салған суреттерді біріктіре отырып, қиял мен шындықтың араласқан әлемін жасап шығарды.

 

Бұл картиналардың ешқандай құпиясы жоқ. Әуелі Бен қағазға салар дүниесінің нобайын сызып алады. Содан соң нысанын шынайы бейнесінде суретке түсіріп алады. Артынан суретін фотошопта өңдеп, қаныққан түрлі түстер үстемелейді. Соның нәтижесінде таңғажайып туынды дүниеге келеді. Бары сол ғана. Әрине бұл үшін үлкен ерік-жігер мен қатар табиғи таланттың да керегі анық.

 

Бен 2010 жылы алғашқы картинасын жеке бір хатын суреттермен түсіндіру кезінде, байқаусызда жасап шығарды. Қазір суретшінің коллекциясында 100-ге жуық картиналар бар. Олардың тақырыбы: махаббат, еркіндік, достық, өлімнен кейінгі өмір, және т.б.

 

«Мен өнерімді халық үшін жасаймын. Олар бір сәт күйбең тірліктен бойларын суытып, қиял әлеміне енсе деймін. Мен көп жылдар бұрын өлең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

шығарғанмын. Енді бүгін өз туындыларым арқылы поэтикалық және философиялық ойлар айтқым келеді. Әрбір картинам әсем әуен мен өрнекті өлең секілді көңіл пернесін дәл басып, тарихтан сыр шерткенін қалаймын.»

 

Сіздердің алдарыңызда қарындашпен шынайы суретті астастырған 3Д картина.

 

 

10-тапсырма

Мына сөздер мен сөз тіркестерін кірістіріп, шағын әңгіме жаз: теңіз жағасы, балық аулау, терең ой, ғажайып көрініс, үлкен олжа.Жазған мәтін бойынша Бен Хейін үлгісімен сурет сал.

 

Сабақтың соңы

 

 

 

Үй тапсырмасы.

7-тапсырма Синтез

«Карточкадағы терминдер» әдісі

Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы термиді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіріп береді.

Рефлексия

Рефлексиялық эссе

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

Алдымен біз былай деп ойладық.....

Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............

Проблеманы шешу үшін......жасадық.

Бұдан біз..................көрдік.

Демек, бұл мынаны білдіреді................. Сонымен біз.................деген шешімге келдік.

 

 

 

Күні: 04.01.2021ж Мектеп: № 17 орта мектеп

Күні: 04.01.2021ж Мектеп: № 17 орта мектеп

Сабақтың ортасы Білу, түсіну, Қолдану 6- тапсырма

Сабақтың ортасы Білу, түсіну, Қолдану 6- тапсырма

Мен өнерімді халық үшін жасаймын

Мен өнерімді халық үшін жасаймын

Енді бүгін өз туындыларым арқылы поэтикалық және философиялық ойлар айтқым келеді

Енді бүгін өз туындыларым арқылы поэтикалық және философиялық ойлар айтқым келеді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.02.2021