Сын есім
Оценка 4.9

Сын есім

Оценка 4.9
Домашнее обучение
docx
9 кл—11 кл
05.02.2021
Сын есім
сабақ жоспары
Сын есім.docx

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Атадан қалған асыл сөз»

Мектеп: №17 орта мектеп КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Лесбаева М.М

Күні:

Сыныбы: 5 «»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сын есім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

4.1.1.1-тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алу және солардың негізінде  мәтіннің мазмұнын айту.

Сабақтың мақсаты:

Тыңдаған материал бойынша сын есімдерді белгілеп, солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту.

Саралап оқыту:

Барлық оқушылар орындай алады: 

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап бере алады;

 Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тыңдаған мәтін бойынша сын есімдерді таба алады, мәтін бойынша негізгі тұсын анықтап, мазмұнын айта алады;

Оқушылардың кейбірі орындай алады: 

Сын есімнің түрлерін ажырата алады.

Бағалау критерийі

1. Мәтінді тыңдайды, мәтіннің негізгі тұсын белгілейді;

2. Тыңдалған мәтін негізінде сын есімдерді тауып, сол арқылы мәтіннің мазмұнын айтады;

3.Мәтіндегі сын есімдерді белгілеп, сұрақ қою  арқылы сын есімнің ережесін құрастырады;

4. Сын есімдерді қатыстырып мәтін мазмұнына жуық сөйлемдер құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Құндылықтарға баулу

Сын есім туралы ақпараттандыра отырып, сөздік қорын молайту.

Пәнаралық байланыс

әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Сөз таптарын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал тудыру.

Бір-біріне жақсы сөздер айту. 

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сын есім туралы қысқаша түсінік беру.

 

 

 

 

             Сын есім

 


түрін,түсін

                көлемін, сапасын                                                                             иісі, дәмін

 

Мәтін мазмұнымен таныстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Аудиомәтін тыңдау.

Сабақтың ортасы

 

 

 

Тыңдалым, айтылым, жазылым

Тыңдалған мәтін арқылы оқушылардан сын есімдерді сұрау.

Мәтіндегі сын есімдерді белгілеу арқылы мәтіннің мазмұнын сұрақ қою нәтижесінде анықтау.

Мараттың туған күні

   Бүгін күн бұлтты болып тұр. Айнала үнсіз тыныштыққа батқан. Аспанда қара торғайлар тізіліп ұшып барады. Жерге қарасаң алтын кілем төселгендей.  Даладағы жапырақтар сары, қоңыр, қызғылт түске еніп, кейбірі әлі жасыл кейпінде тұр.

     Марат бүгін мектепке ерте келді. Қою қара костюм шалбары қырымен үтіктелген, аяқ киімі тап-таза. Шашы таралған, ақ жейдемен жарасып тұрған галстук та Мараттың келбетін ажарландырып тұр. Сыныпқа біртіндеп оқушылар жинала бастады. Мараттың ерекше киім үлгісіне қызыға қарады. Бір кезде сыныпқа сынып жетекшіміз Жанар Тасболатқызы кіріп, бірден Маратты туған күнімен құттықтады. Мараттың қара көздері жайнап, реңді жүзі одан сайын күлімсірей кетті. Сыныптастары да бірден Маратты құттықтап, көркем еңбек сабағында әдемі сыйлықтарын тарту етті. Марат өте риза болып үйіне қайтты.

 

Сұрақ қою.

1.      Мәтінде табиғаттың қай мезгілі сипатталған?

2.      Марат неге сыныпқа ерте келді?

3.      Мараттың киім үлгісі қандай еді?

4.      Маратты кім бірінші құттықтады?

5.      Марат үйіне қандай көңіл күймен қайтты? Себебі неде?

 

Сұрақтар нәтижесінде мәтіннің мазмұнын сұрау.

Дәптермен жұмыс. Мәтіннен сын есімдерді сөз тіркесімен  жазады.

Мәтіндегі сын есімдерді теріп дәптеріне жазғызу, сұрақ қою арқылы сөз тіркесімен байланыстыру.

 

Менің ойым.......

Бұл жерде оқушы бір сөйлем айтады сын есімі бар мәтіннің мазмұнына сай... келесі оқушы мәтіндегі ойды жалғастырады  сын есім қатыстырып....

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудио

диск

 

 

 

 

 

 

 

 Тірек сызба  

 

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Insert» әдісі арқылы

-          Не білемін?

-          Не білдім?

-          Білгім келеді?

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

Бағалау критерийлері

арқылы бағаланады.

Үй тапсырмасы: Көркем әдебиеттен сын есімі бар 5 сөйлем тауып жазу. (әдебиет, хрестоматия оқулық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Атадан қалған асыл сөз» Мектеп: №17 орта мектеп

Атадан қалған асыл сөз» Мектеп: №17 орта мектеп

Сын есім түрін,түсін көлемін, сапасын иісі, дәмін

Сын есім түрін,түсін көлемін, сапасын иісі, дәмін

Мараттың киім үлгісі қандай еді? 2

Мараттың киім үлгісі қандай еді? 2
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2021