Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.
Адам баласы өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.
Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін бізбен бірге ойнап, кейде сабағымызға көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырларыммен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін. Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат: қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді.
Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім. Мен де өз кезегімде жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі ең үлкен арманым.
Менің танымымда бақытты отбасы – бірін-бірі риясыз жақсы көретін, еш есепсіз жақсылық жасауға асығып тұратын, тілеуіңді шын тілейтін адамдарың. Сонымен қоса олар тек жақсылықта ғана бірге болмайды, қиыншылықты да бірге өткереді, алға басуға жігер береді. Қандай жағдай болмасын жаныңнан табылады, қолдауға дайын тұрады. Алла Тағала ол адамдарды сенің өміріңнің бірінші күнінен-ақ байланыстырып қояды және ол байланысты соңғы күніңе дейін берік ұстауың керек. Үлкен бақыт – қандай жағдай болмасын сені жақсы көретін, бар кемшілігіңмен қабылдай алатын адамдардың барына сенімді болу шығар. Ал ондай адамдар – әрқашан сенің үйіңде: ата-анаң мен бауырларың. Жалпы, өмірде бақытты адам бақытты отбасынан шығады.
Ұлттық валюта- теңге күні
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: ақшаның түрлері, слайд, бейнетаспа, суреттер
Барысы: Қайырлы күн, оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Сәлемдесу:
Сәлемдесіп алдымен,
Басымызды иеміз.
Бүгінгі күн баршаға
Сәттілікті тілейміз
Топқа бөлу: І топ- теңге
ІІ топ –евро
ІІІ топ- доллар
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша дегеніміз не?
Топтық жұмыс: І топ: Ақша(теңге) деген не?
ІІ топ: Ақша не үшін қажет?
ІІІ топ: Ақша қайдан келеді?
Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады? ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы. 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ. екінші жартысында өтті.
Түсіндірме жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы баяндалады
(Алғашқы қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Кез-келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін , яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады.Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18 ғ. Екінші жартысында пайда болды, оның негізін салушы-Вена нумизматигі И. Х. Эккель.
Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған.
Қазақ жерінде пайда болған монеталар мен қағаз ақшалар туралы не білесіңдер?
Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып айналымға енгізілген. Оның бетінде « Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Орта ғасырда Қазақстан жерінде Тараз, Отырар, Испиджаб қалаларында теңге соғатын сарайлар болған. 1271 ж. айналымға енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан , Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі.
Қазақстан валютасының пайда болу тарихы
1991 жылға дейін КСРО құрамына енген 15 республикалардың ортақ ақшасы-рубль болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің теңгелерін шығара бастады. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңгені дайындау үрдісі өте құпия түрде жүргізілді. Оның бәріне қаржы керек болды, сондықтан Жоғарғы Кеңестің және Елбасының келісімімен Қазақстанда өндірілетін алтын мен күмісті сатып ала бастады. 1990 жылдардың басында Қазақстан бар болғаны 6 тоннадай алтын шығаратын. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 8 тоннаға жетті, екінші жылы 10 тоннадан асып кетті. Осылайша алтын қор құрылды. Артынша 600 тоннадай күміс сатып алынды. Одан кейін күмісті щетелге шығарып сатты, осыдан қаражат табылды. Франция, Германия, АҚШ, Жапония, Испания секіді ірі мемлекетерге барып, олардың ақша шығару технологиясы зерттелді. Сол кезде мақсат шет елде валютаны шығару емес, сол технологияны елге әкелу болатын. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды. Елбасының сөзінен: «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар» деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге енгізілді. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп,тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады.
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер: Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзельханов, Қайролла Әбжәлелов. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында / 400 жылдан астам тарихы бар / басылып шықты.
Теңгені Қазақстанға әкелу барысында біраз қиындықтар болды. Біріншісі, ақща тиелген ұшақты басқа елдердің аумағында қонбайтындай болып жоспарланған, бірақ ұщақтың майы жетпей Ресейдің бір әуежайында қонуға тура келді. Екіншісі, Ақтауда кеден комитеттің өкілдері «ұшақта не бар, тексереміз!» деп әрекеттенген.
Жалпы, әлемдік тәжірибеге жүгінсек, қағаз ақша купюрасын басып шығаруға кемінде 2 жылдай уақыт керек екен. Отандық суретшілердің айтуынша, қазақ теңгесі бірнеше айдың ішінде басылып шықты. Қазіргі күні әу бастағы Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың портреттері басылған банкноталар бүгін тарих қойнауында қалды.
Мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды. Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.
Жаңа үлгідегі банкноттар 2006 жылы 15-қарашада ұсынылды. Соңғы уақытта қолдан жасау фактілерінің өсуі негізінен офистік компьютерлік , көшіру және басу техникасының өсіп отырған мүмкіндіктеріне қатысты. Ақшаны қолдан жасаумен күрес саласы бойынша құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа банкноттарды әзірлеу кезінде дизайынның бірнеше түрі тақырыпта жасалған болатын. Банкноттардың түсі мен кейбір шағын элементтер , жартастағы бейнелер, қазақтың ою-өрнектері және бабалар мұрасының басқа да нысандары пайдалана отырып жасалды. Сыртқы жағында негізгі көріністе табиғат ландшафттары қазіргі және бұрыңғы тарихымызбен, уақыттың ағымында өзгеріссіз сәулет ғимараттарымен үйлестіріле берілген.
Теңгенің 16 құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
Бас кезінде теңгелер тек қазақ тілінде болған, жаңасында орыс тілі де енгізілген. Екі тілде болсын деген Президенттің Жарлығы болғаны белгілі.)
Ақшаның қандай түрін білесіңдер? Ақша қай елде қалай аталады? Әр елдің ақшалары слайд арқылы көрсетіледі)
Ресей рублі КСРО заманынан келеді. 90-жылдардың басында Ресей өз рублін шығарды, жаңа кезеңі басталды.
АҚШ долларын білмейтін адам кемде-кем шығар. Бұл валютаның ата-тегі талер. Германиядан шыққан. 1519-жылдан бастап талер-доллар болып өзгерді. 1785-жылы АҚШ-тың ұлттық Конгресінде Джефферсонның ұсынысымен Ұлттық валюта болып қабылданды.
Алдымен монеталар, кейіннен 1895-жылдан бастап қағаз банкноттар шыққан. 1792-жылдан бастап Филадельфияда американдық доллар деген атпен шықты. Әлемнің 26 елі доллар атты валютаны қолданады.
Европада евро деген валюта 1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап Австрия, Белгия, Испания, Италия, Германия, Люксембург, Грекия, Португалия, т.б. 13 елде қолданысқа енді.
Юань-ҚХР-дың ұлттық валютасы , 1835 жылы күміс монеталар, кейіннен қағаз банкноттар шыға бастады. Юань-ел билеген династияның құрметіне берілен атау.
-Біздің теңгеміз болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар?
Олай болса, біздің теңгеміздің болашағы мынандай болады:
Теңге отыр шалқайып,
Сом отыр шай құйып.
Доллар отыр қан-жоса,
Франк болса далбаса.
Лира жатыр ес-түссіз,
Иена отыр үн-тұнсіз.
Рубль отыр жымиып,
Риял келеді тыриып.
Бәрі теңгеге қарайды,
Оған бата алмайды.
Аузына қарайды,
Айтқанын орындайды.
Теңгеден озбайды,
Оны тыңдайды.
Артық іс қылмайды,
Себебі теңге
Жамандық қылмайды,
Әділдікті қолдайды.
Тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.
1 теңгеде – Әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілхайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Жеке жұмыс: дидактикалық-танымдық тапсырмалар
Сабақты пысықтау: Жоғары айтқандарымызды қысқаша бекітіп көрейік.
-Ақша деген не? (барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар)
-Төл теңгеміздің туған күні? (1993 ж 15 қараша)
-Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
-Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)
-Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
-Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
-Біздің елімізде қандай қалаларда «Теңге сарайлары» бар? (Өскемен мен Алматы)
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы бар)
-Қазақ теңгесі қайда басылды? (Ұлыбританияда «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноталық фабрикада)
Мақал – сөз мәйегі.
1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы
құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.
Түйін сөз: Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.
2 дос саябақта келе жатып, біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. Екіншісі оған:
- Оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы:
- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - деп жауап беріпті.
Тәрбие сағаты "Компьютер дос немесе жау"
Мақсаты: Компьютердің адам өміріне зияны мен пайдасын білу.
Компьютердің, компьютерлік ойындардың
бала ағзасына қауіпі қандай?
Показать полностью
«Компьютер» латын сөзінен аударғанда ( санау, шығару) деген мағынаны береді.
Біз, балалар үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді.
Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады
Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады.Ауру бірден басталмайды.Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады.Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды.Ересек адамдардың пікірінше, ойынды балалар ойнауы қажет. Ойын ойлау қабілетін, есте сақтауды, зейінді дамытады . Балалар көп ойнайды: қуыршақтар, дойбы, құрастыру… Әрине қазіргі заманның балалары компьютерлік ойындарына әуестенеді.
Интернет – адамдарды әлеуметтік бөлшектеу, жалғыз, депрессияға шалдығуға апарып соғуы мүмкін. Интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды. Қиындықтар шынайы өмірде туындаған кезде, адамдармен қарым-қатынас жетіспегенде компьютердің алдынан іздейді. Тағы да бір мәселе -компьютер психиканың бүлінуіне әсерін тигізді. Бұндай психикалық бүлінуге біріншіден, интернетке тәуелді болу және компьютерлік ойындарға тәуелді болу. Компьютермен жұмыс істеу кезінде біздің өмірімізде күйзелістер пайда болады. Ол компьютерге тәуелді болуынан пайда болады.
Компьютер оқуға қалай әсер етеді ?
Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді:
егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. «Жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды
Компьютер 1.Компьютерді не үшін қолданасыз? 2.Компьютер мен жұмыс істеу кезін де қандай жайсыздықты сезінесіз?
Компьютермен жұмыс істеген кезде көзге кері әсер ететін себептер:
— Монитордың анық еместігі.
— Түстердің дұрыс күйге келтірілуі.
— Суреттердің жылт-жылт етуі.
— Экрандағы жыпылықтаудың болуы.
Сондықтан мониторды дұрыс қалыптастыру керек.
Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады.
Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар:
Компьютермен жұмыс кезінде, тышқан мен пернетақта арқылы жұмыстанамыз.Бұл бізді алуан түрлі қозғалыс жасауға мәжбүрлейді. Пернетақтамен көп жұмыс істеуі кезінде саусақтардың,қолдың ауруына себепші болады. Қазіргі уақытта ультрадыбыстың есте сақтау қабілетіне, оқуға кері әсері бар екені белгілі.Шу құлаққа , миға әсер етеді.
Компьютерлік ойындар балаларды дамытады:
— Көңіл аударуды жылдамдатады;
— саусақтардың қозғалу шапшаңдығы;
— объектіні визуалды қабылдау;
— назар және есте сақтау қабілеті ;
— логикалық ойлау;
— көздің шапшаң қабылдауы.
Компьютерлік ойындар балаларға үйретеді:
— қорыту және сараптау;
— аналитикалық ойлау;
— өз мақсатына жету;
— интелектуалдық қабілеттерін дамыту.
Сұраққа жауап беріңіз?
1.Компьютерді қандай мақсатпен қолданасың?
2.Қандай ойындар ойнайсың?
3.Қанша уақытынды компьютерге жұмсайсың?
4.Компьютерлікдің адам ағзасына әсері туралы көзқарастарысың қандай?
5.Компьютер сабаққа көмектесе ме?
ҚОРЫТЫНДЫ
Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады.
Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады.
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Күні: 2.02.2018 жыл сынып: 5 «в»
Тақырыбы:Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?
Мақсаты:
Білімділік: іс-шара кезінде білімгерлерді ізденімпаздық, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: пікірталас аты іс шара білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл- ойын дамытады.
Тәрбиелік: Білімгерлерді ұстанымдылыққа мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: дебат (пікірталас)
Көрнекілік: плакаттар (тақырыпқа байланысты), ұлағатты сөздер, сандық фотоаппарат.
Тәрбие сағатының барысы :
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ал ақпаратпен жұмыс істеудің незізгі құралы болып компьютер пайда болды. Алайда, жаңа ақпараттық технологияларды өте шапшаң қарқыны қоғамда кез келген жерде адамдардың жұмысын жеңілдету үшін компьютерді пайдалануға әкеліп соғады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе күн пайда болып, олардың даму үрдісі үздіксіз ғылыми техникалық үрдіске айналып отыр. Дегенмен компьютердің де пайдалы және зиянды жақтары бар екен.
Сонымен, бүгінгі ойынымызды бастайық! Бүгінгі біздің резолюция: «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген пікірталасты 5 сынып оқушылары мен мектеп психологы талқыламақшы.
Ал, ендеше пікірталасқа қатысушы екі жқты қарсы алайық. Қошемет!
Мұғалім:
Пікірталастың мазмұны:
Пікірталас ережелері:
Пікірталас кезінде екі топ та
- өз ойларын баяндаған кезде бір - бірімен мәдени сөйлесуге,
- сұрақтарға нақты жауап қайтаруға,
- сұрақтарға сыйластықпен жауап беруге,
- бір-бірін ренжітпеуге,
- қарсы топтың ойын кекетпеуге,
- берілген уақыттан аспауға міндетті.
Сонымен пікірталасымызды бастайық. Алдарыңызға «компьютер пайдалы» позициясын ұстанатын «Намыс» тобын шақырамын. Сізге баяндауға 5 минут уақыт беріледі.
«Намыс» тобы
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және қарсы топ. Біз бүгін ˝Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?˝ деген мәселені қарастырамыз. Біздің пікіріміз: компьютер пайдалы. Неге? Осыған байланысты біздің аргументтеріміз:
1) уақытты үнемдейд;і
2) ойындар;
3) сана сезімді жетілдіреді.
Қазіргі кезде адам өмірінде компьютерді пайдаланбайтын сала жоқ деуге болады. Ол оқу- тәрбие жұмыстарынан бастап, ғылым, экономика, басқару, өндіріс, мәдениет және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.
1. Уақытты үнемдейді.
Бұрынғы кездерде адамдар хаттарын, керекті, қажетті қағаздарын, мағлұматтарды белгілі бір уақытта жүргізетін. Ол күн 1 күн, 1 апта, кейде 1 жылға дейін созылатын. Компютер мұндай іс-әрекеттерді сол бірер сағатқа жеткізеді. Адамдардың бір-бірімен араласуын интернет арқылы жүзеге асырады. Адам бір жерде отырып компютер арқылы көптеген мағұлұматтар алады. Ол біздің уақытымызды үнемдейді.Біз бір жерде отырып басқа мемлекеттердің кітапханаларынан кітап ала аламыз. Адам сол кітапты алу үшін басқа мемлекетке ұшып жатпайды. Біз күнделікті тұрмыста қолданып жүретін құралдарды да компютер алмастыра алады: калькулятор, теледидар, магнитафон және т.б. соны ескерсеңіз.
2. Қазіргі кезде ойындардың неше түрлісі бар. Сіздердің көкейлеріңізге Ойынның қандай пайдасы бар? Деген сұрақ туған шығар. Бұл сұраққа көптеген жағдайлар, мәліметтер бар. Компютер арқылы балалар, жастар үйлерінде, салондарда бір орнындарында отырйды. Әрине, кейбір балаларда жағдайлары бар өздеріне компютер сатып алуға, ал кейбір балалардың жағдайлары келмейді. Бірақ балалар компьютер алдында отырып ойындарды, интернет арқылы сөйлесуді үйренеді.Ол тамағын ішіп алып,бос уақытын далада өткізбейді. Ал компьютер болмаса бала сабақтан келіп,тамағын іше салып далаға безіп шығады.Ол оған зиян.Өйткені ата-анасы оның қандай ортада жүргенін,қандай жағдайларға тап болғанын біле алмайды. «Ол бала қайда жүр екен,не істеп жүр екен?» деген сұрақ туады. Ол бала далада жүріп нашақорлыққа, темекі шегуге, қылмыстиы жасауға жол береді. Соны болдырмау үшін, баланы далаға шығармай, үйде компьютер арқылы ұстауға болады. Осы жағдайды қарастырып кетіңіз.
3. Компьютер адамның сана-сезімін дамытады. Адам компьютер алдында отырып, басқа мемлекеттермен ақпарат алмасады, басқа адамдармен танысады және бұл оны қызықтырады. Компьютер адамның саясатқа, музыкаға, экономикаға, мәдениетке және т.б. нәрселерге деген қызығушылығын тудырады. Оның сана-сезімін жан-жақтан дамытады. Жаңағы айтып кеткен ойындар осыған дәлел бола алады. Ойындар адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы көптеген қиын жағдайларға тап болады. Адам сол жағдайлардың дұрыс шешімін табуды ойластырады. Қиын жағдайлардан қалай шығуды ойлайды. Сол үшін адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті дамиды. Осыны ескеріңіздер. Сұрақтарыңыз болса, қоюға рұқсат.
Мұғалім: Рахмет, келесі бізге компьютер зиянды позициясын ұстанған «Тұлпар» тобын ортаға шақырамын. Қарсы топ сияқты сізге де, баяндауға 5минут уақыт беріледі.
(«Тұлпар» тобы).
«Тұлпар» тобы
Сәлеметсіздер ме, құрметті Намыс тобы. Біз бүгін сіздермен «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпта дебат өткізіп, пікір таласпақпыз.
Компьютер деген не? Компьютер дегеніміз - ақпаратпен жұмыс істейтін құрылғы. Компьютерді біз бес мүше арқылы сеземіз:
1) газет, кітап, журнал оқығанда біз ақпаратты көреміз;
2) теледидар, радио тыңдағанда біз ақпаратты көреміз;
3) адам хабар әкелгенде біз ақпаратты сеземіз (қуанамыз немесе ренжиміз);
4) түтін иісі пайда болса, мұрнымыз иісін сеземіз;
5) оқылмаған кітап, журнал, газет ұстап тұрсақ біз ақпаратты ұстаймыз;
Дегенмен, компьтер ғылыми тұрғыдан өте тез дамып келе жатса да, оның да зиянды жақтары бар. Зиянды жақтарын дәлелдейтін аргументтер тізімін келтірейін.
1) Денсаулыққа өте зиян. Мысалы, адамдарды әр түрлі ауруларға ұшыратады. Көзге зиян. Компьютер адамның көзіне кері әсер береді.
2) Ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер сөйлемейді, яғни адам жұмысты пернелер арқылы жазып, жауап беріп, жұмыс орындайды және компьютер жұмысты автоматты түрде орындайды. Адам ойланбайды, жұмыстарды компьютер атқарады. Соның салдарынан адамның ойлау қабілеті нашарлайды.
3) Жеткіншектерді зорлық-зомбылыққа үйретеді. Қазір компьютерде көптеген атысып ойнайтын ойындар бар, бұл баланы қатыгездікке үйретеді.
Жүргізуші: Рахмет. Келесі кезекте «Намыс» тобының сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз 7 минут.
(«Намыс» тобы )
Мен біздің топтың айтқан аргументтерін толықтырып кетемін.
1. Компьютер уақытты үнемдейді.
Мысалы, бөлмеде көп өрмекшілер бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық өрмекшілер еш қиындықсыз өрмек арқылы бөлменің кез келген нүктесіне бара алады. Дәл солай телефон арқылы үйде отырып, жер шарының кез келген қаласындағы телефонмен сөйлескенде интернет арқылы планетаның кез келген нүктесіндегі компьютер мен және оны пайдаланушы байланыс жасай алады. Интернеттен біз медицинадан бастап, техниканың барлық салаларының шексіз ақпараттарын ала аламыз. Уақытты үнемдеу үшін біз бір жаққа барып, оны іздеп жүрмейміз, осы интернет арқылы керек хабарды ала аламыз. Дәл солай, электронды пошта арқылы біз хат тез арада жетіп және ол хат жоғалып кетпейді деп айта аламыз. Ол бізге не үшін керек? Хабар тез арада жетеді.
2. Ойындар.
Көптеген балалар бос уақытында далада жүріп, жаман ортаға ілігіп, нашақорлықпен, темекімен, түрлі есіріткі заттарымен айналысып, өз денсаулықтарына зиян келтіріп, өз өміріне қауіп-қатер төндіреді. Олар неге бұзылады? өйткені олар бос уақыттарын қалай өткізерлерін білмейді. Ал егер олар сабақтан кейін компьютермен ойындар ойнаса ше? Компьютерде әр түрлі бағдарламалар бар, осы бағдарламаларды бала өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен талдай алады, яғни ол сол бағдарламамен танысады. Бағдарламалар әр түрлі болады. Яғни бұл баланы қызықтырады. Өйткені олар далада жүрмейді, олар жаман әдеттерден аулақ болады.
3. Компьютер адамдардың сана-сезімін жетілдіреді.
Мысалы кәдімгі ойынды алсақ, онда бір лабиринттен шығу керек болады дейік, ойлап отырған адам бірінш қалай шығу керек екенін ойланады. Не үшін компьютерлерде мұндай ойындар бар. Өйткені, бұл ойындар адамның ойлау қабілетін арттырады. Педагогика және медицинада мынадай тұжырым бар: баланың,жеткіншектің ойын дамыту үшін оның іс-әрекетін проблемалық жағдайға тақау керек.Сондықтан компьютер адамға пайдалы да маңызды.
Сонымен, біз сіздердің алдарыңызға компьютердің пайдалы жақтарын дәлелдейтін аргументтерді атап кеттік.
Жүргізуші: Рахмет, келесі сөз «Тұлпар» тобына беріледі. Баяндауға 7 минут беріледі.
Біз қазір «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпты қарастырып отырмыз. Біздің топ компьютер зиян дегенді талдайды. Біздің топтың айтып кеткен аргументтерге мен өз сөзіммен нақты тоқталып кетейін.
«Компьютер көзге зиян» деген мысал айтылып өтілді. Ол адамның басқа да мүшелеріне зиян келтіреді. Мен бұл мәселеге тоқталып кетейін. Адам компьютерде қимылсыз отыра береді, тек қолы ғана қозғалады, сондықтан омыртқа, желкеде хондроз ауруы пайда болады және тырысқақ ауруы пайда болады. Ол ауруда желкеде тұз, сарысу жиналады және компьютерде бәрі дұрыс отыра бермейді, қисық отырғандықтан омыртқа қисаяды. Адам компьютерде қимылсыз отыра бергеннен семіреді. Өте семіз адамдардың жүрегі ауырады, қан айналымы бұзылады. Содан кейін, «давление» пайда болады, одан кейін инфаркт кез келген кезде болады. Және компьютерге 2 сағаттан артық отырғанда көзің ауырады, яғни компьютер көзге де зиян. Ал тіпті 5-6 сағат отырса, баланың көзі тіпті нашарлайды. Ол бала көзі ауыратынын білмей жүре береді де, көзін мүлдем асқындырып алады. Көзі ауырса, міндетті түрде әр түрлі дәрілер ішеді немесе көзілдірік алады, яғни ата-анасы аз емес шығын шығырады. Ақшаны құр босқа ауаға шашқанымен тең.
Біз компьютермен жұмыс істегенде тек пернелер немесе тышқан арқылы барлық бұйрықтарды немесе іс-әрекеттерді орындаймыз. Яғни, адам өзі ойламайды, адамның ойлау қабілеті төмендейді. Және де компьютер адамның сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер адаммен сөйлеспейді, мәдени сұхбат жүргізбейді. Мысалы, сіз компьютердің алдына отырып, «Ал, енді «Microsoft Word» бағдарламасы ашыл» десеңіз, сіздің бұйрығыңыз орындалмайды ғой. Бүйтіп жүре берсек, біз туған тілімізді ұмытамыз. Ойланбасақ және сөйлемесек, біз кім боламыз?
Қазір компьютерде неше түрлі ойындар бар. Әрине, олардың көбі төбелес немесе соғыс туралы. Ойынды балалар, көбінесе 5-6 сынып оқушылары күні бойы ойнайды. Ертеңіне осы ойындардан үйренген әрекеттерді достарына немесе жалпы адамдарға қолданбайтынына кім күмән келтіреді. Содан кейін оны кіші інілері қайталайды. Тағы да компьютер арқылы кинолар көруге болады. Әсіресе, жасөспірімдер неше түрлі диск алып көреді. Әрине, дисктің көбі тәлім-тәрбиесіз, зорлық-зомбылық, ұрыс, соғыс туралы. Бәрі осылай жалғаса берсе, біз мәдениетімізден, ұлтымыздан, салт-дәстүрлерімізден айырыламыз. Тағы да бір айтып кететін жайт – қазір қаланың кез келген бұрышында компьютерлік салондар қаптап кетті. Балалар таңертең сабаққа шығады, бірақ жете ме, жетпей ме біз білмейміз және де оған қосымша ақшаларын жұмсайды.
Мұғалім: Сөз кезегі «Намыс» тобының психологке беріледі. Сіздің баяндау уақытыңыз 10 минут.
Армысыздар, құрметті көрермендер, қарсы топ. Бүгінгі ˝Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?˝ деген пікірталаста біздің алға ұсынып отырған позиция «Компьютер пайдалы және ол біздің өмірімізге қажетті құрылғы».
Өздеріңіз білетіндей, болашақта Ақтау City қаласы салынады деген жоспарымыз бар. Сол Ақтау City қаламыздың болашағы қандай болатындығын біз қалай білдік? Әрине компьютер көмегімен мұндай әсем қаламызды қағаз бетіне түсіру мүмкін емес! Бұның бәрі компьютер жемісі емес пе? Сөзімді қорытындылай келе, «Компьютер уақыт талабы, компьютер адамның сана сезімін жетілдіреді». Компьютердің болашағы өте зор және болашақты компьютерсіз елестете алмаймыз!
Мұғалім: Рахмет. Келесі кезекте «Тұлпарлар»тобының психологтың сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз 10 минут. Сәлеметсіздер ме, Біз бүгін сіздермен бірге «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпта пікір таласпақпыз. Мен өз тобымдағы оқушылар атап өткен пункттерді толықтырып өтемін.
Қазіргі таңда компьютер қарқынды дамып келе жатса да, оның біз үшін зияны жоқ емес.
Бұл ойындарды жастар, соның ішінде әлі толық өзіндік пікірі қалыптаспаған 7-8 жастағы жас-жеткіншектер ерте әрі көп ойнайды. Ол адамды неге үйретеді? Жауыздыққа, қатыгедік пен кекшілдікке, айналасындағы адамдарға немқұрайлы, мейірімсіз қарауға, қылмыс істеуге үйретеді. Еліміздегі кең қанат жайған жекеменшік клубтарындағы: төбелес, суық қару қолдану деген секілді оқиғалардың орын алуы.
Қазіргі таңда шетелдерден әкелініп дүкендерде сатылып жатқан компьютер ойын таспаларындағы қызыл қан төгіс, атыс, бір-біріне шабуылдау көріністері осыған дәлел. Таспаның іші емес, сыртқы мұқабасында суреттің өзі «жан түршіктіреді». Осыны өздеріңізге көрсету үшін осыны өздеріңізге көрсету үшін 3-4 дана таспасын алып келіп отырмын. Бәріміз жақсылап қарайық. Не көріп отырмыз? Бұған қарай отырып, біз бұл ойындар сана-сезімі жетілген ойлау қабілеті жоғары, мәдениетті, жауапкершілікті азамат болуға баулиды деу негізсіз. Міне сондықтан, қарсы фракция айтып өткен «ойындар, ондағы ойыншының алдына қойылған ауқымды мәселелер адамның сана-сезімін жетілдіріп, ойлау деңгейін көтереді», деген пікір қате. Мен бұған мүлде қарсымын.
Мұғалім: Сонымен конструктивті бөліміміз аяқталды. Біз әр топтың ақпараттық кейсін тыңдадық. Ендігі кезекте дебатқа келіп отырған көрермендерге өз ойын айтуға мүмкіндік берейік.
Көрермендер сөйлейді.
Мұғалім: Сонымен, құрметті оқушылар, пікірталастың шешуші сәтіне келіп жеттік. Жеңімпаз анықталады.
Соғыста мәселе жеңуде емес, мәселе қатысуда дейді. Сондықтан, екі топқа да шығармашылық табыс тілейміз. Ал оқушыларға көп-көп рахмет айтқым келеді. Кездескенше, күн жақсы болсын.
Бағалау бетшесі
Топ аты |
«Намыс» (компьютер пайдалы) |
|
«Тұлпар» (компьютер зиян) |
||||||
|
1с |
2-с |
3-с |
Жалпы ұпай |
|
1- с |
2-с |
3-с |
Жалпы ұпай |
Сөйлеу манері (2) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзін ұстауы (1) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сөйлеу шешендігі (1) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сендіре білуі (2) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қарсыласты сыйлауы (2) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аудиторияны тарта білуі (2) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Факт дәделдеуі (5) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы ұпай: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер.
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты
Сабақтың барысы:
Мұғалім:-Егеменді Қазақтан!
Ән ұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
(ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)
Мұғалім: -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Бізге қандай мейрам жақындап қалды?
-Ендеше Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
2 – жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
1 - жүргізуші: Иә, бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Қазақстан елінің осындай дәрежеге жету үшін шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
Желтоқсан жайлы Видео
Мұғалім: Өздерің естіп отырғандай қаншама қазақтың қаны төгілді. Міне осындай тәуелсіз , азат өмір сүру үшін қаншама қиындықтар көрді.
Ал, сендер балалар желтоқсан оқиғасына арналған қандай өлеңдерді білесіңдер?
Сұнқар:
Желтоқсан –әйгілі күн ,
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,
Ерлерім ерлік үшін атой салып ,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары,
Қалар мәңгі есімде қазағымның.
Аяулым:
Желтоқсан –қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған,
Тәңірімде желтоқсан шуақты күн.
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік, егеменді елдігімді ,
Еміріне аңсады саналы ұғым.
Хор: «Желтоқсан желі»
1 - жүргізуші: Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің қанаты жайылды , төбемізде туымыз желбіреп , өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ордабасы- Астана бой көтерді.
2 – жүргізуші: Ең алғаш Тәуелсіздікті алған жылы елімізде мына тал секілді жер қойнауынан басқа Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымызда, заңымызда жоқ еді. Ата-бабамыздың сан ғасырлық арманына қол жеткізген тәуелсіздік таңын 26 жылда қандай өзгерістер болғанын айта отырып , 1991-2017 жылдар аралығын таразыласақ.
1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.
* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.
· 10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.
· 16 желтоқсанда ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
· 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан тұрады.
· 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республикадеп жарияланды.
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.БҰҰ мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 30тамызда ҚР –ның «Ата заңы» қабылданды.
Сұрақ. Заң дегеніміз не? Ата заңымызда неше бап бар?
1996 жылы 20 қаңтарда ҚР- ның Парламентінің 1- сессиясы болып өтті.
1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
Оқушы Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан Республикам менің.
1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
Сұрақ Түркістан қаласы қай облыста ? Неге шежірелі қала дейміз?
2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .
2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып , көптеген шаралар өткізілді .
2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жылы Қазақстанда өтті.
Мұғалім: Міне балалар талымыз бастапқыдай емес жайқалып шыға келді . Бұл тал секілді біздің елімізде көркейіп , сұлуланып , дамып келе жатыр.
Мұғалім: Оқушылардың Тәуелсіздікке арналған көркем сөз жырлармен тамашалаңыздар! (ортада кезектесіп тақпақ айтады, музыка ойналып тұрады.)
Назерке: Отан деген отбасынан басталар
Отбасыма от салмасын басқалар
Отан деген қасиетті, киелі
Отан десем оянады асқақ ар!
Гульназ М: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Басқалардың тимесінші кесірі
Елдің көшін өрге бастап барады
Нұрағаңмен егіз болар есімі
Ақниет : Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі
Бесігімде тербеледі дос үні
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Бекзат: Тігілген соң Ақ Орда – шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның
Отан деген оранып от құшаққа
Кәусарыңа шөліңді қандырамын
Айғаным: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр
Барлығы бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Ән: Көк тудың желбірегені. (Барлығы бірге орындайды)
Тәуелсіздік мейрамына тілектеріңді немесе өз ойларыңды мына қол сүреттіне жазып тақтаға магнитпен жабыстырамыз.
Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаштың атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Тақырыбы: Әлем мойындаған тұлға
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды Елбасы өмірімен таныстыру, Отанға, елге, ата
–анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, егемен
мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция сабақ.
Сабақ барысы
Мұғалім: Әр
адамның жүрегінде, мейлі қай ұлт болсын, қандай
дінге сыйынса да, Отан деген ұлы сөз. Отан белгілі бір
аумақпен, шекарамен не қандай да заңмен сипатталмайды. Отан-
рухтың бірлігі, елдің биік тұғыры, Отан
«елжандылық» деген сөзбен мәндес. Осыдан 22 жыл бұрын,
яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік
тәуелсіздігін жариялады. Сол кездегі Тәуелсіз еліміздің
алғаш қадамын басуға, жетелеуге бүкіл ел болып,
Н.Ә.Назарбаевты Президентіміз деп сайладық. Тәуелсіз
Қазақстанды Н.Ә.Назарбаевтың басқарып
отырғанына – біз қазақстан халқы мақтаныш етеміз.
Еліміздің жарқын болашағын жасауға бірден-бір жол
көрсеткен – Елбасымыз. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бұгін сіздер «Әлем мойындаған
тұлға» атты
Тұңғыш Президент күніне арналған конференция
сабағына қатысып отырсыздар
Жүргізуші: •
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы
облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында
туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.
Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне
көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.
Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып,
үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен
жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет
мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім
алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Гүлнұр: 1991жылы
желтоқсанның 1 - де Қазақстан халқы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Азамат: Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Гүлнұр: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Диана Бәрі
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Ел басқаратын азаматтардың, хандар мен бектердің қандай болмағы жайында ел тарихында шежірелер әр тарап, тараулармен шертілген. Қарахан дәуірінің өзінде Шу өңірінде өмір сүрген Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында жақсы жазылған: «Ел басқаратын елбасы әділ, ақыл – парасатты, ой - танымы кемел, өнер - білімге жетік, сөзі майда, мінезі жұмсақ, кісі алдында кішік, сабырлы, жаудан қайтпайтын қайсар, қолы ашық жомарт, көзі мен көңілі тоқ, пендеге кек сақтамайтын, кешірімшіл, пейілі кең, дарқан мінезді болуы керек, оның міндеті халыққа құт - бақыт, дәулет әкелу, әділ заң орнату, кедей халықты бай ету, халық санын көбейту» - дейді ұлы ғұлама Баласағұн.
Балалар Елбасымыз қандай адам және қандай қасиеттері бар? Кәне,балалар, өз ойларымызды тындайық.
Сөз кезегі Кутовых Дианаға беріледі Баяндама /Елбасы/
Жүргізуші: Қай заманда,
қай мемлекетте өмір сүрсек те оның тарихын сараламай
болашақты болжай алмақ емеспіз. Тарихымыздың жалғасы,
өміршең істеріміздің арнасы бұдан былай да жаңа
астанада жалғасын таппақ.Сөз кезегі Нәбиева
Аяулымға беріледі /Баяндама/ Астана
Жүргізуші: Әлия өзі шығарған
өлеңін оқиды.
Келесі кезек Айтжанов Азамат /Өлеңді мәнерлеп оқу/
Буклет: Гүлнұр таныстырады
Жүргізуші: Ұлылардың мұрасы да, мұраты да,
атақ даңқы да, мерейтойы да кейінгіге үлгі.
«Үлгіге қарап ұрпақ өседі» деп тегін
айтпаған.
Республикам азат болған
құтты күн
Ғайып ерен сыйға тартқан ғажап күн
Төбем көкте, келем міне төріңде
Мен азатпын, азаматтар азатпын.
Хор:
Ән: « Қазақ елі»
Жүргізуші: Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында
қыруар іс атқарылды. Үш ғасырға жуық
уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде
шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД
елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы
Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік
жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан
Әбішұлының маңдайына жазылған. Президент болу
арине онай емес, ол үшін адамның бойында үлкен тіпті дара
ойлар мен мақсаттар. табандылық пен шыдамдылық.
сарқылмас білім. таусылмас жігер де намыста керек.- деп біздің
оқушыларымыз «Президент болсам» деген тақырыпта өз ойларын
эссе ретінде жазған еді. Эссе «Президент болсам...»
Қорытынды:
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2. Елбасымыздың туған жері? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Қай елде елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия қаласы, Анкара
4. Неліктен Тұңғыш
Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр?
1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы
тұңғыш рет
5. Елбасының әкесінің аты кім? Әбіш Назарбаев /1898-1971ж/
6. Елбасының анасының аты кім? Альжан Назарбаева /1904-1977/
7. Елбасының әжесінің аты кім? Тетебала
8. Елбасының атын Нұрсұлтан деп кім қойды? Әжесі Тетебала
9. Нұрсұлтан есімі қандай мағына береді ? Нұр /арабтың сәуле, тазалық. Нұр Пайғамбардың 99 есімінің бірі. Сұлтан араб тілінен аударғанда башшы деген мағынаны береді/
10. Нұрсұлтанның қанша бауыры бар? 2-і інісі Сатыбалды 1947ж Болат 1953ж, қарындасы Анипа 1950ж
ДАТАЛАР
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).
1962 жылы 25 тамызда отбасын құрды.
1984 жылы 22 наурызда Н.Ә.Назарбаев ең жас премьер-министр болып тағайындалды.
1989ж 22 маусымда ЦК-ның бірінші хатшысы болып тағайындалды.
1999ж 10 қаңтарда Қазақстанда алғашқы рет президент сайлауы өтті
1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Жүргізуші: Адамға ең
алдымен еңбегінің жемісін көретін бейбіт күн, беймарал
тіршілік, тәуелсіз ашық күн керек, осы елдің түп
– тамыры мен тыныштығын қалайтын «Президент – ғасыр адамы» -
Елбасымыз керек. Ауылға - жанашыр, іскер әкім керек, ал мектепке -
кемеңгер, ойшыл, оқушының да ұстаздың жанын
түсінетін басшы керек, дейді.
: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар,
: Әлемде егемен Қазақстан бар,
: Оның көн ұлтты, тату ынтымақты халқы бар,
: Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар,
: Ең бастысы – бүгіннен нұрлы кемел болашағы бар,
Барлығы: Ел сенер Елбасы Президентіміз бар.
Ән «Елім менің»
Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Мақсаты: отбасындағы қарым - қатынас жүйесін білу, өзгерту, түзету, жеке тұлғаны қоғаммен байланыстыра отырып, отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ЖЖ, ТЖ, ПОСТЕР, АКТ, Сауалнама
Көрнекіліктер: Слайд, кеспе қағаздар, видео ролик, сайысқа арналған құралдар, қағаз кірпіштер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Шаттық шеңбері
2. Топтарға бөлу
3. Видео ролик
4.Психалогиялық сұрақтар
5. Сауалнама
6. Сергіту сәті
7. Бақытты үй.
8. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! 8 сыныпта өткелі отырған
«Мен және менің отбасым» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!
Шаттық шеңбері «Жүрекпен» Отбасында бақытты (бір сөзбен балалар жалғайды)
Оқушылар кірпіштер алып, үш топқа бөлінеді:
«Махаббат», «Қамқорлық», «Бірлік»
Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. " Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" - дейді халқымыз. Жерге отырғызғн жаңа көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтуді, үзбей қарауды кажет етеді. Сол сияқты баланы да өзінің кішігірім мемлекетінде,яғни отбасында жан жақты , үйлесімді тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік ортаға бейімдеу және т.б қарастырылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана . Ұлы Абай бұл туралы
« Ата-анаға көз қуаныш
– алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.
2. Бақыттан: - сен қайда барып тұрақтайсың? деп сурағанда,
сонда бақыт былай деп жауап берген екен:
«Мен татулығы мен бірлігі жарасқан отбасында тұрақтаймын » -деген екен. Олай болса осы сөзімізге дәлел болатын видео ролиекке назар аударайық.
3.Психалогиялық сұрақтар.(Постер қорғау)
· Күлгін: Отбасының кемшілігі.
· Кок: Жетістігі.
· Жасыл: Болашағы.
· Сары: Әлсіз жағы.
· Қызыл: Жұлдызы.
· Қызғылт сары:Шығармашылығы.
· Қанық жасыл: Қасиеті.
5. Оқушыларға арналған сауалнама.
Нұсқау. «Сұрақтарды оқыңыздар. Егер осы пікірмен келісеңіздер, онда пікірдің реттік санды сызыңыз. Егер сіздің таңдауыңыз қиын болса, сұрақ белгісін қойыңыз. Естеріңізде болсын, сіз өзіңіздің жанұядағы көңіл-күйіңізді сипаттайсыз, шынайы жауап беруге тырысыңыз ».
1. Мен білемін, менің жанұя мүшелерім жиі маған наразы болады.
2. Мен сеземін, мен қалай істесем де, бәрібір дұрыс болмайды.
3. Мен көп нәрсені істеуге үлгермеймін.
4. Менің жанұямда болған жағдайға ылғи да мен кінәлі болып шығамын.
5. Мен өзімді жиі дәрменсіз сезінемін.
6. Үйде маған жиі ашулануға тура келеді.
7. Мен үйге келгенде өзімді себепсіз және ынғайсыз сезінемін.
8. Менің жанұямның кейбір мүшелері мені зердесіз (топас) деп санайды.
9. Мен үйде болғанда, барлық уақытта бір нәрсеге алаңдаймын.
10. Менің жанұямның мүшелерінің өзіме сын көзқарасын жиі сеземін.
11. Мен жоқта бірдене болып қалады деп үйге үреймен келемін.
12. Әлі көп нәрсеге жауап керек деген сезім үйде үнемі болады.
13. Өзімді кейде артық сезінемін.
14. Менің үйімде ондай жағдай, қолымды көтере алмаймын.
15. Үйде маған үнемі ұстамды болу керек.
16. Үйге бара жатқанда, бір нәрсе жасаймын деп ойлайсың, келген соң керісінше, мүлдем басқа затты жасауға тура келеді.
17. Мен, егер жоғалып кетсем, менің жоғалғанымды ешкім де байқамайды.
18. Жанұядағы істер жайлы ойласам, сабырсыздана бастаймын.
19. Жанұямның кейбір мүшелері достарының, таныстарының алдында мен үнемі ыңғайсыздық сезеді.
20. Жиі жақсылық жасағым келеді, бірақ керісінше болып шығады.
21. Менің жанұямдағы көп жайттар маған ұнайды, оны жиі көрсетуге тырысамын.
Жауап парағы.
Дөңгеленген жауап 1 балға тең: «В» -кінә сезімі, «Т» -үрей, «Н» -жүйкесінің тежелу, «С» -жалпы жанұясы үшін үрейленеді. «Мәні» диагностикаланатын мәні.
6.Сергіту сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық
түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл
қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш
жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап
көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге
тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін.
Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет!
Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай
әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып
тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің
ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз.
Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі.
Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің
елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып,
өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде
қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.
7
Бақыт үйі
.
1-топ «Махаббат», 2-топ «Қамқорлық», 3-топ«Бірлік»
1. Топқа сұрақ. 1. Сурет салу, мақал-мәтел, шығармашылық еркін тапсырма.
2 .Топ: Көрініс көрсету, мақал-мәтел, щығармашылық еркін тапсырма.
3: Топ: Эссе,өлең жазу, мақал-мәтел, щығармашылық еркін тапсырма.
Мақал-мәтел: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.
1-топ.
1- Бала тәрбиесі бесіктен.
2-Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3-Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4- Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
5-Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
2-топ.
1-Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
2-Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.
3- Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
4-Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
5- Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
3-топ.
1-Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
2- Ағайын – алтау, ана – біреу.
3- Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
4-Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
5-Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.
Үш топқа арналған шығармашылық тапсырмалар.
Ән: «Балдаурен». Тельман Гүлім.
Қорытындылау: Екі жұлдыз,бір пікір. Оқушылар мен ата-аналар ақ ниетімен бақытты отбасына арналған үйді бірлесіп қалайды.
Тақырыбы: «Адалдық және сыпайылық – шынайы адам келбеті Тәрбие сағатының мақсаты: а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру. ә) Оқушыларды
адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, Сыпайылық тәрбиенің белгісі. Сыпайылық адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет қыз баласының бойынан табылуы қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы өте зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелілікке жатады? Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапйымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі... І.Адамгершілікке
тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі ІІ.Мақал-мәтел
(Кім тапқыр) ІІІ.Жұмбақ шешу 1 Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. |
Сабақтың
тақырыбы: «Діни экстремизмның алдын алу»
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы
күрестің құқықтық негіздері,
қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат
беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен
ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір
қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами
қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация
туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай
дидактикалық материалдар / слайд суреттері – плакаттар,
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Cабақ жоспарымен таныстыру
1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай
ажыратамыз?
2 Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
3 Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай
маңызы бар, оған қосар ойың?
4 Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфтиі Шейх Әбсаттар
қажы Дербісәлі
5 Мұсылмандар
6 Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек
деп ойлайсың?
7 Қорытынды
ІІІ. Қорытындылау
10. Соңғы пікір
Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар, қонақтар
мен оқушылар. Бүгін сіздер «Діни экстремизмнің алдын алу.»
атты дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар.
Қоғамның ең әлсіз тұсы дін,
жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір
себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Діни
экстремизмнің алдын алу.» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды.
қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің
ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің
оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
1 - жүргізуші: Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген
мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен
тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады,
және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам
діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға
ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің
алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ,
Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні –
адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа,
қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын
түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты
көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де
рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған
ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз
жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік
1 - жүргізуші: Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер
әсері қандай?
Мұхтархан: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы
экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн
беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым
өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін
бұл – үлкен қауіпті құбылыс.
Аида: Мұхтарханның сұрағына қосатын
болсам, я нақты балама жоқ Енді осы экстремизмнің
мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,.
Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні
соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси
мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс -
әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен.
Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік
демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
1 - жүргізуші Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай
ажыратамыз?
Азамат менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық
жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың
саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту;
екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді -
кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен
жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық
түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы
жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік,
нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты
қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың
құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде
белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның
тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.
1 - жүргізуші Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай
түсіндірер едіңіз?
Асыл - Айжан қоғамдағы дәстүрлі діннің
құндылықтарын жоққа шығару.
Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы
қоғамға қарсы әрекет ету.
Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз
түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.
1 - жүргізуші Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді
жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары
экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды
террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып,
әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
1 - жүргізуші: Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп -
салдары қандай?
Қожантайқызы Перизат Қазақ елінің
соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған
жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен
жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең,
іле - шала Ақтөбе, Қазір халық енді қай жерде
дүмпу болады деп үрей құшағында өмір
сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік
Кеңесі қоғам көңілін басқан
қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын
өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін жан -
жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы
лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш -
жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен
ҚМДБ немесе құқық қорғау орындары
ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек
секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сызат
түсіріп отырған бірден - бір қауіпке айналып отыр. Ендеше,
еліміздегі діни шиеленіскен ахуалдың себеп - салдарының
күрмеуін ағытуға біз де өз тарапымыздан азаматтық
пікір білдіруді жөн санаймын.
Асылхан Бұрын біздің ата - әжелеріміз Кеңес кезінде
дінді ашық ұстай алмады. себебі....
Аяжан менің жеке пікірім бойынша Біріншіден, еліміз тоқсаныншы
жылдардың басында тәуелсіздікті нығайту үшін
мемлекеттің күш - жігерін негізінен экономикалық
әлеуетті арттыруға жұмсады. Осының әсерінен
руханият саласы мешеулікке ұрынды. Қожа - молдалар үшін
аласапыран заман саналған жетпіс жылдық атеистік
дәуірдің өзінде дәл тоқсаныншы
жылдардағыдай қазақ халқының руханияты тым
төмендемеген еді.
Саламат Кеңес билігі кезеңінде ұлт зиялылары руханиятқа
деген қажеттілікті әдебиет пен өнер арқылы өтеп,
халыққа шама-шарқынша дұрыс тәлім - тәрбие
беріп келді. Ал тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік -
экономикалық дағдарыс осы тәрбие мектебіне де өз
салқынын тигізді. дәлел келтіретін болсам, Мемлекет
халықтың рухани бағытын айқындап бермеген соң,
қаталаған қалың бұқара шөлі
қанбаса да секталардың жалаң діни ақпаратынан су
ұрттай бастады. Ал, миссионерлер болса, халықтың осы
мағынауи һәм материалдық қажеттілігін өз
мақсаттарына ұтымды пайдалана білді. Егер біздің билік
Кеңестік кезеңде белгілі бір деңгейге көтерілген
мәдениет пен әдебиетімізді аман сақтап қала
алғанда, бәлкім, дәл бүгінгідей рухани дағдарыс
орын алмаған болар еді.
Дамира Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте
БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес»
стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ -
ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық
пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы
тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын
екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде
іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз
нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс -
қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 -
бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет
мемлекеттердің органдарымен және халықаралық
ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын
кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап
жоғарыда аталған БҰҰ - ның «Ғаламдық
террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз
аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған
заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа
мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт
өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты
қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ
және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық
тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап
жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы
«Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1
маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым
аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс -
шараларын айтуға болады.
1 - жүргізуші Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін
қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
Нұрбол Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін
қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті
мәселесі. еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері»пәні
оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек.
Асыл - Айжан өкінішке орай, сол пәнді оқытатын мамандар
жеткіліксіз, мамансыз дін тану пәнін жүргізу – ең үлкен
қателік, егер де жас азаматтардың діни санасын
қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе оның
дүние танымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз.
Перизат Асыл - Айжанға қарсы пікір білдірсем бе деп ем, мысалы
мектепте дін пәнінен тарих немесе құқық
пәнінің мұғалімдері береді, сонда олар бермесін дегенге
мүлдем келіспес едім, өйткені әрбір азаматтардың
санасына байланысты, ол сектаға кіре ма, әлде лаңкестік
ұйымға кіре ма оны өзінің түйсігіне байланысты
деп білем
Жақсыберген Сапасыз оқулықтар, жалған дінтанушылар
жарға жығады
Қазақстан билігі діни бостандықты жариялағанымен, дін
ахуалға сергек қарау үшін теология ғылымын дамытуы тиіс
еді. Алайда, Кеңес дәуірінде елімізде дінтану ғылымының
негізі қаланбаған болатын. Осының әсерінен
алғашқыда біздің еліміз теолог - мамандарға аса
зәру болды. Қазір де шынайы дінтанушылар тапшы десек,
қателеспейміз.
Дамира Өткен жылдан бері орта білім беру жүйесіне «Дінтану»
пәнін енгізді. Осы пәнге арналып жазылған екі
оқулыққа да көңіліміз тола қойған
жоқ. Ғ. Есім жетекшілік еткен топтың жазып шыққан
оқулығында жалпы дінтану жайлы көбірек айтылса, Д. Кенжетай
бастаған топ жазған оқулықта дінтанудың бір
саласына (мистикаға) көбірек басымдық берілген. Яғни,
бұл екі оқулық белгілі бір деңгейде жақсы
жазылған еңбек болғанымен, қоғамның
сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.
Оқулықтардағы әлсіз мәліметтердің діни
экстремистік ақпараттарға антивирус қалыптастыра алмайтынын
елімізде орын алған соңғы оқиғалар дәлелдеп
берді.
1 - жүргізуші Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфтиі
Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі осы уақытқа дейін 10
жуық үлкенді кішілі кітаптар жазған. негізгі тақырыбы
исламның адамгершілік, ынтымақ пен бірлік діні екендігі, ислам
ғылымы жайында жазылған еңбектері бар.
1 - жүргізуші Мұсылмандар. Мұсылмандарды мазақ еткен
фильм туралы түрлі ақпарат құралдары жарыса
жазғаны белгілі, мұсылман мемлекеттері осы мәселеге
байланысты қандай шаралар қабылдады?
Дулат Бұл мұсылмандардың наразылығын туғызды.
Мыс: біздің мемлекетімізді алатын болсақ. бұл фильмді
көруге тыйым салды. себебі....
1 - жүргізуші Діни экстремизм және оның алдын - алу
үшін не істеу керек деп ойлайсың?
Дамира Қазірде елімізде жайып келе жатқан кері діни ағымдар
мен секталар көп. Солардың басты дегендерімен таныстыра кетейін.
Діни ағымдар атаулары
Түсініктері мен ерекшеліктері
Уаһһаб Уаххабилік - діни - саяси
ағым Мухаммед ибн Әбдел УІІІ ғасырда Арабстанның
Нәжд өлкесінде пайда болған. Мұхаммед
пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді.
«Иегово куәлары» Сиқырлау әдісін қолданады.
Халықаралық Кришна санасы қоғамы
т. б діни секталар\н таныстырамын. отбасынан ажырасып бөлек тұру,
транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады
1. ҚАУІПТІ ДІНИ ӘДЕБИЕТКЕ ТЫЙЫМ БОЛМАЙ, ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ
АЛДЫН АЛУ МҮМКІН ЕМЕС – газеттің 14. 02. 08 күнгі №7 санында
жарияланған «Маңғыстаудағы майдан. Кім қалай
өлді?» атты мақаладағы құқық
қорғау органының қызметкеріне (полицияға)
қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлердің
оқыған кітаптарына, әдебиеттеріне сырттай
қарағанда оларды қандай діни ағымға жатады деуге
болады?
– Тізімде зиянсызынан бастап күдіктілеріне дейінгі түрлі
әдебиеттер бар. Саудагерлердің бұл діни әдебиеттерді
сатуға лицензиясы жоқ. Мұның өзі – заң
бұзушылық. Бұдан кейінгі сұрақ
қоғамға қойылады.
I Діни əдебиеттерді сараптамадан өткізуге кімнің
құқысы, өкілеттілігі бар?
II Республикаға əкелініп жатқан діни əдебиеттерге кім
бақылау жүргізеді?
III Діни əдебиеттерді басып шығаруға кім рұқсат
береді?
IY Басылып шыққан кітаптың салдарына кім жауап береді?
2. Экстремизмге қарсы күрестің бірден - бір жолы – олар
туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. бұл жерде
әрине күнделікті ақпарат құралдарының
рөлі өте жоғары.
3. Әйтседе жас өспірім балалар үшін ақпарат
құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес,
Секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды
көбірек хабардар етіп отыру қажет.
4. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса
мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік
топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын
түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп,
отырумыз керек деп сөзін аяқтады.
Түйін: әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін
діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс.
Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің,
ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан
өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың
ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты
сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін
жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса
ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп
елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік
экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының
басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен
ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес,
Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің
нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және
дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей
атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын
ағайын.
Ашық тәрбие сағаты
« Тұмаудың алдын алу.»
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Оқушыларды салуатты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу;
Білімділік:
Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық:
Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, сонымен қатар тазалық, жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, қатысушы 5-сынып оқушылары.Бүгінгі « Тұмаудың алдын алу» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатының бөлімдерін таныстырып өтейін.
1. Бүгінгі тәрбие сағатын оқушылар ұранмен ашады.
2. Тұмау туралы не білесің? Оқушылардың салған суреттерін баяндауы.
3. Тұмау түсінігін ашу. Слайд арқылы түсіндіру.
4. Денсаулық тақырыбына Мақал- мәтелдер айту.
5. Дәрумендер денсаулық- кепілі.
6. Дәрігердің кеңесі.
7. Көрініс «Тұмаудан сақтан ».
8. «Денсаулыққа зиянды әдеттер», «Денсаулықты нығайту жолдары»(кластер құру).
9. «Тазалық» сақшыларының сабы.
10. Қорытынды би « Флешмоп.».
Ұйымдастырылу бөлімі:
5- сынып оқушылары бүгінгі ашық тәрбие сағатын «Денсаулық» атты ұран мен ашады.
1- оқушы: Князева Настия.
Ұйқыңнан ерте тұр,
Жадырап жарқын күл.
2- оқушы: Сакпиреев Руслан
Әдетің болсын әрқашан, Жаттығу жасау жуыну.
3- Оқушы Сейфуллин Райымбек.
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
4- оқушы. Баканова Жанар
Осы кезде спортпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.
5- Оқушы. Мальтиев Аслан.
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас,
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.
2. Тұмау туралы не білесің? Оқушылардың салған суреттерін баяндауы.
3. Тұмау түсінігін ашу. Слайд арқылы түсіндіру
Тұмау – бас салу, шап беру деген мағынаны білдіреді. Тұмау- тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар)тыныс жолының кілегей қабығында өсіп- өнеді, Мұрынның шырышты қабықтарын зақымдайды, қанға сіңіп жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың негізгі қоздырғышы- ОРТОМИКСОВИРУСТАР.Олардың 3 түрі болады А,В,С.
Тұмаудың негізгі белгілері:
· Тоңып, дірілдеу;
· Бастың ауруы;
· Дауыстың нашарлауы;
· Көздің қызаруы;
· Қақырық пайда болады
· Дене қызуының көтерілуі;
· Әлсіздік;
· Құрғақ жөтел;
· Бұлшық ет пен буындардың сырқырап ауруы;
· Тамаққа тәбеті болмау;
· Ұйқының бұзылуы;
Тұмау вирусы:
· Науқастың ыдысы;
· Сүлгісі;
· Кітабы;
Тұмау қалай жұғады?
Вирус түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктері мен беріледі.
Тұмауды алдын- алу жолдары:
· Дер кезінде дәрігерге қаралу;
· Тұмауға қарсы вакцина (екпе) қолдану;
· Спортпен шұғылдану;
Емделу жолдары:
· Дәрігердің бақылауында болу;
· Науқастың жеке бөлмесі және ауасы таза болу қажет;
· Орамалы, ыдысы, жиі қайнатылып, жуылуы тиіс;
· Организмнің арнайы улануын азайтатын дәрі- дәрмектер беріледі;
· Құнарлы мезгілімен тамақтану;
· С дәрумендеріне бай көкөністер (шикі жуа, сарымсақ, пияз бұрыш)болуы қажет.
· Тұмауға қарсы сусындар ішу; (қайнаған сүт,ішіне бұрыш, сары май салып ішу, 1стакан қайнаған суға 1 ас қасық бал , 1 ас қасық ит мұрын таңқурай, малиина , қосып ішу.
Денсаулық тақырыбына Мақал- мәтелдер айту.
1. Байлық байлық емес- денсаулық байлық
2. Салауатты өмір- денсаулық кепілі.
3. Ауру қалса да - әдет қалмайды.
4. Денсаулық кепілі - тазалық.
5. Жарлының байлығы- деніңнің саулығы.
6. Тазалық- денсаулық негізі, денсаулық- байлық негізі.
7. Тәні саудың- жаны сау.
8. Денсаулық - зор байлық
9. Бірінші байлық- денсаулық
10. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
«Дәрумендер денсаулық- кепілі.»
Оқушылардың көздерін байлап ортаға шақырамыз ,қолдарына белгілі бір көкіністі беріп ,қолмен ұстау, иіс сезу, мүшелері арқылы мәлімет береді .(жұмбақ ,өлең жәй мәлімет түрлерінде)
Қызыл бұрыш: ( пішіні, түсі, дәмі) Пайдасы? Жанар.
Дәрумендерге өте бай, бәріне қажет.
Кім де, кім тамақққа пайдаланса,
Күлдіре алмайды, ,ішіңді жандырады.
Адамдардың денсаулығына тигізер үлесі мол.
Сарымсақ:
Ащы болсам да мені,
Базардан сұрайсың.
Түшкіресің, түшкіресің.
Бірақ, мен шипа боламын.
Пияз.
Пиязсыз астың дәмі жоқ.
Өзіне тән иісі бар.
Көп жылатады , көзді ашытады.
Бірақ емге көп қолданады.
Дәрігердің кеңесі.
Вакцина (Екпе)- Тұмау ауруына қарсы ерекше иммунитет қалыптастыру мақсатында арнаулы вакцинамен егеді. Еккен вакцина (екпе) адам организмнде ауруға қарсы иммунитет қалыптастырады. Қазіргі кезде жыдан- жылға тұмау вирусының мутациялық қаблеттеріне байланысты вакцина құрамы өзгертіліп тұрады, сол себепті екпелер тұмаудан 90 % дейін қорғайды. Тұмауға қарсы қорғаныстың бір түрі – вакцина (екпе) деп аталады.
Тұмауға байланысты дәрілердің бірі «Грипко»
Құрамы: 4 дәріден тұрады. Бір таблетканың құрамында парацетамолға баламалы 96% түйіршіктері бар.
Емдік қасиеті: қызуды, тұмауды, мұрын бітелуін, тамақ ауруын бас ауруын алдын алады.
Оксалин – мұрынға арналған жақпамай. Тұмау вирусына қарсы арналған жақпамай.
Қолдануы. Мұрынның ішкі шырышты қабақ жолдарына бірнеше рет тұмаудан өзіңді сақтану үшін қолданылады.
Көрініс «Тұмаудан сақтан»
Қатысатындар 5- сынып оқушылары және дәрігер.
Оқушылар спорттық шараға аттануға қызу қанды дайындық үстінде. Ішінде бір жолдастары Аслан есімді бала тұмаумен науқастанып қалады. Оған бәрі атсалысып қалайда тәуір болып кетуіне көмектеспекші болып дәрігердің кеңесіне жүгінеді. Асланға дәрігердің кеңесі мен «Грипко» дәрісін алады. Ертеңіне Аслан жазылып жолдастарын қатты қуантып солармен бірге жарысқа қатысып , жүлделі орын алып келеді.
Денсаулыққа зиянды әдеттер», «Денсаулықты нығайту жолдары»(кластер құру).
Денсаулыққа зиянды әдеттер
· Темекі;
· Ішімдік;
· Есірткі;
«Денсаулықты нығайту жолдары»
· Дәрі –дәрмек
· Дәрумен
· Шынығу
· Салауатты өмір;
«Тазалық» сақшыларының сабы.
Тақтаға қима әріптері ілінеді сол әріптерді оқушылар бір- бірлеп таңдап, сөйлем,немесе мақал айтады.
Т- тазалық денсаулық кепілі
А- ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде.
З- зарлымын деме, жаныңда жара болмаса.
А- ауырып жазылған жан олжа.
Л- ластың досы шыбын.
Ы- ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ- қотыр қолдан жұғады.
Қорытынды:
« Күнің тұман болмасын, ауруың тұмау болмасын !» демекші Денсаулығымызды бағалай білейік. Ешқашан ауырмайық.. Қатысқандарыңызға көп- көп рахмет.Ашық тәрбие сағатымызды жақсы көңіл- күймен бой қыздырар « Флешмоп» биімен аяқтаймыз.
Сауболыңыздар.!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.