тәуелсіздік мерекесіне арналған сынып сағаты жоспары. Оқушыларды Отанды сүюге, Тәуелсіздікті қадірлей білуге баулиды. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие бере отырып, оларға Тәуелсіздіктің қаншалықты маңыздылығы жайлы ақпарат береді. Оқушылар топта жұмыс істей отырып өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктері туралы айтады. Өлең жолдарын құрастырады, суреттер салады.сынып сағаты
сынып сағаты. Тәуелсіздік.docx
Өскемен қаласы әкімдігінің
«№27 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Нысанова Алия Сеитқызы Тәу етерім Тәуелсіздігім!
(Сынып сағаты)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларда бабаларымыздың аңсаған егемендігі мен ел мен жердің
қадір – қасиеті жайлы түсініктерін қалыптастыру;
Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту;
Егемен елімізді гүлдендіруге құштар патриот ұрпақты тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: АКТ қолдану – таныстырылым, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған,
сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені
дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен
жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәу етерім –
Тәуелсіздігім»» атты сынып сағатымызды бастаймыз.
Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне
ешкім де дау ете алмас. 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны жайлы сыр шертетін
бейнероликпен таныс болайық. \Бейнеролик көрсету\
1 оқушы: Тарихым жатыр тасымда
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның,
Желтоқсан тұрар басында
2 – оқушы: Тәуелсіз ел!
Қараймын да тамсанам,
Жылдарды осы атабабам аңсаған.
Көрген ұрпақ бірімін мен сондықтан,
Бақыттымын деп айқайлап жар салам.
3 – оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік ел бақыты ертеңі,
О, халайық
Құтты болсын қуаныш!
Жүргізуші: Егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз туған ана
тілімен қайта қауышты. Тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Мұның өзі мақтаныш емес
пе!
4 – оқушы: Ана тілім – ардағым, арым менің,
Алпыс екі тамырда қанымда едің.
Шаттанғанда сайрайтын сандуғашым, Ашынғанда шығатын жалын демім.
5 – оқушы: Ана тілім пір тұтқан кием менің,
Алтын діңгек өзіңсің сүйенгенім.
Бар байлығым бабамнан қалған мұра,
Бой тұмардай қастерлеп иемденемін.
6 – оқушы: Ана тілім салт дәстүр тарихымда,
Жетең болса намысты жанитын да.
Білмей жүрсе тексіздер қадіріңді,
Құдіреттің өзісің танитынға.
Жүргізуші: Астана Дүниежүзілік сахнада Бейбітшілік мен Келісім ордасы. Астана
Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір. Асатанамыз күн санап өсіп
келеді. Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі.
\ «Астана» таныстырылым көрсету\
7 – оқушы: Астана – қазағымның бас қаласы,
Еркін елдің айбынды Астанасы.
Гүлденді қазағымның жас қаласы,
Көреген Нұр ағаның бастамасы.
8 – оқушы: Бой көтерген зәулім үйлер керіліп,
Астанам тұр анадайдан көрініп.
Бәйтерегім – елдігімнің нышаны,
Тұрғандай – ақ бақ пен нұрдан төгіліп.
9 – оқушы: Қазақ деген ежелден кемеңгер ел,
Оны ойласам жүрекке өлең келер.
Қандай ғажап көрсе де екі көзім,
Ай Астана, Күн қала сенен көрем.
Оқушылырды топқа бөліп тапсырмалар беру.
1 топ. «Қиялымдағы Астанам» тақырыбына сурет салу.
2 топ. «Мен елімнің патриотымын!» тақырыбына эссе жазу.
3 топ. Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Әр топ өз жұмысын қорғайды. Басқа оқушылар тарапынан «От шашу» тарту ету.
Сабақты қорытындылау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажырқайрат керек болса, оны құлатпай
сақтап қалуға соншалықты қажырқайрат керек. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры
биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Таттутәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Сынып сағаты: "Тұғыры биік - Тәуелсіздік"
Сынып сағаты: "Тұғыры биік - Тәуелсіздік"
Сынып сағаты: "Тұғыры биік - Тәуелсіздік"
Сынып сағаты: "Тұғыры биік - Тәуелсіздік"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.