Сыныптан тыс жұмыс. Сыбайластыққа жол жоқ!
Оценка 4.8

Сыныптан тыс жұмыс. Сыбайластыққа жол жоқ!

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
воспитание
5 кл—11 кл
29.11.2020
Сыныптан тыс жұмыс. Сыбайластыққа жол жоқ!
Сыныптан тыс жұмыс. Сыбайластыққа жол жоқ!
сыбайлас жемқорлық.docx

Тақырыбы: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тәрбие сағаты

Мақсаты:

1.      “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.

2.     Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

3.     Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру

Көрнекілігі:  плакат, кітаптар, видео

Өткізудің нысаны:  Тәрбие сағаты

Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұхбат, құқықтық ақпарат

 Барысы:
1.Ұйымдастыру

Көрме ұйымдастыру:

«Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы

2.Кіріспе сөз:

 Салеметсиздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған.  сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі.

   Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.

     Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру:

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.

 

1-жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие  сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! 

 

2-жүргізуші: тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

 1 топ: Оң қанат –жақтаушы және 2 топ: Сол қанат-даттаушы пікірталас өткізу. Ең күшті аргументтер келтірген топ жеңіске жетеді.                               Бейнежазба көрсетіледі

Олай болса 2 топқа тапсырма:  оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес»  тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер беру тапсырылады.

 

1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

 2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке    бірлесе қарсы тұруымыз керек.  

1-жүргізуші:  «Сыбайлас жемқорлық» деген не? 

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол  “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу”  құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 

 Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетйік: жемқорлық  б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда  Алдыңғы Азияда Шумерліктерде,  Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей  халықтарында пара алу түсінігі болған.  Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық.

       Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында  айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.

2- жүргізуші. Келесі сөзді топ мүшелеріне берейік.

1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді)

2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді) 

 

Бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі)

Топтарға тапсырма: Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па немесе бұрыс па? 

(2 топ    бірден аргумент келтіреді

 

1-жүргізуші:

 Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

 

 2-жүргізуші:   Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданған.

     ҚР  37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті  реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы»  және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңдары жатады.

    Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады.
 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтар үшін әртүрлі жазалар қарастырылған.

1-жүргізуші: ҚР ҚК 361 бабына сәйкес  Лауазымдық өкілеттіктерді теріс  пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, 2000 АЕК айыппұл төлеу, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу немесе шектеу жазалары қолданылады.

 

2-жүргізуші:  ҚР ҚК 366 бабына сәйкес Пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан  айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.

  1-жүргізуші:Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік.

1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді)

2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді) 

 

Келесі тапсырма  :  жағдаят шешу

     Азамат   Б.  Абай .Мырзахметов атындағы университетінің 4 курс студенті. Оқу жылы аяқталуда, алда 8 пәннен мемлекеттік емтихан тапсыруы қажет.

   Оның ата-анасы оқу үлгерімінің нашар екенінен хабарсыз. Баласының жоғарғы оқу орнын аяқтап, диплом алып, болашақта үлкен маман иесі болатынына сенімді,  үлкен үміт күтеді. Ол емтиханнан 2 рет құлағаннан кейін, Университеттің бірнеше оқытушысының әр қайсысына 30 мың теңгеден пара береді.

1.Азамат Б әрекеті  дұрыс па не бұрыс па? 
2. Мұндай жағдайда оқытушылардың іс-әрекеті дұрыс па не бұрыс па ? 
3. Азамат Б. біреуге пара бергені үшін жауапқа таруға болады ма?  Иә болады. Жоқ болмайды.

(Топтар талқыға салады)

2-жүргізуші: ҚР ҚК 367 бабына сәйкес Пара бергені  үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан  айрылып, параның 20еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.

1жүргізуші: ҚР ҚК 368 бабына сәйкес Парақорлыққа делдал болғаны  үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан  айрылып, параның 10еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.

 «Ой жалғау» 
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 

2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн) 
3.
Ақырын жүріп .... (анық бас) 
4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 
5. Тура биде... (туған жоқ) 

6.Хан болсын, ханға лайық ... (Заң болсын )
7. Батыр болсын, жорық жолы... ( мақұл болсын )
1. Ұрлық түбі ... (қорлық) 
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 
3. Әдепті бала ... (арлы бала) 
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 
5. Әділ істің...(арты игі)                                                                                                    

6. Абыз болсын, абыз сайлау... ( парыз болсын)
7.  Би болсын, би түсетін... ( үй болсын 

 

2-жүргізуші:  Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік.

1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді)

2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді) 

 

Литмонтаж
1-оқушы 
Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабыққой анық, «Қазақстан-2050»-айқын жол, Күресейік,жемқорлықты жояйық.

2-оқушы 
Әр ата-ана өнеге берсін балаға,

Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа,даналыққа үйретсең,
Жолдаң таймас ар болған соң санада.
3-оқушы 
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп,қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
4-оқушы 
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз.
5-оқушы 
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,

 

     Сабақты қортындылау:

     Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық,  мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

   Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық .

Патриоттық ән . Атамекен орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Тақырыбы: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тәрбие сағаты

Олай болса 2 топқа тапсырма: оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер…

Олай болса 2 топқа тапсырма: оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер…

Мемлекеттік қызмет туралы» және «

Мемлекеттік қызмет туралы» және «

Ақырын жүріп .... (анық бас) 4

Ақырын жүріп .... (анық бас) 4

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020