Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"
Оценка 4.8

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
классное руководство
Взрослым
14.12.2018
Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"
Іс шараның мақсаты: Студенттердің алған білімін тексере отырып, бір – бірімен достық қарым – қатынасты нығайту Қатысушылар: «Ветеринария» мамандығының ІІІ курс студенттері Әдістері: топтастыру, сұрақ – жауап, деңгейлік, ойын түрінде жарыстыру Қажетті құрал – жабдықтар: кеспе қағаздар, шар, бокс қолғабы, слайд және т.б Психологиялық тренинг «Көңіл күй» Мақсаты: Студенттердің сезімтал, ақпаратты қабылдағыш қасиеттерін жетілдіру. Достық қарым – қатынасты жақсарту
Сыныптан тыс.docx
Сыныптан тыс іс – шара «Құпия толқын» Мамандықтың атауы: 1513000 – «Ветеринария» Өткізу орны: Оқу ғимаратының холы  Іс шараның мақсаты:  Студенттердің алған білімін тексере отырып, бір – бірімен достық қарым – қатынасты нығайту  Қатысушылар: «Ветеринария» мамандығының ІІІ курс студенттері  Әдістері: топтастыру, сұрақ – жауап, деңгейлік, ойын түрінде жарыстыру Қажетті құрал – жабдықтар: кеспе қағаздар, шар, бокс қолғабы, слайд және т.б Психологиялық тренинг «Көңіл күй» Мақсаты:  Студенттердің  сезімтал,  ақпаратты  қабылдағыш  қасиеттерін  жетілдіру. Достық қарым – қатынасты жақсарту  І тур. «Кім жылдам?» Толық жауап берген сұраққа 1 балл 302 топ  1. Жұмыртқалықтың латынша атауы – Ovaria  2. Аналық жыныс безінің гормоны – Фолликулин  3. Микроскопты бірінші құрастырған адам – Антони ван Левенгук  4. Көкірек қуысында орналасқан конус тәрізді жұп орган – Өкпе (pulmo) 5. Ірі қара мал тәулігіне неше литр зәр бөледі? – 6 – 12 литр 6. Микроорганизмде   өсіп   –   өніп,   өмір   сүретін   жұқпалы   аурулардың қоздырғышы болып табылатын микроптар – Паразиттер  304 топ  1. Сиырдың жыныстық жетілу мерзімі – 8 – 10 ай 2. Кіндіктің қабынуы – Омфалит  3. Каннибализм ауруы қандай малға тән – Мегежін, қоян  4. Акушер термині қай тілден аударылған – Француз  5. Қынаптың латын тілінде аталуы – Vagina  6. Мегежіннің буаздық мерзімі – 114 күн  ІІ   тур.  «Қазына».  Берілген   жұмбақ   арқылы   сұрақтың   жасырылған   жерін   тауып, жауап беру.  302 топ.  1. Үлкен зәулім мекен,  Алға тіке жүрсең  Ортаңғымын көрсең,  Жылу болам білсең (Баспалдақтағы батарея) Сұрағы:   Ұманың   атқаратын   қызметі   –   сыртқы   ортаның   сақтау, температураны реттеу  2. Өзі білікті маман, Нәзік жанды адам.  Орындықта отырар, сынды үйіп саған (Гүлжанар Тендибаевна) Сұрағы: малды тасымалдау түрлерін атаңыз (темір жол транспорты, су көлігі, автомобиль, әуежол көлігі) 3. Қалсаңыз егер ауырып,  Көмекке келер мед.пункт (медициналық кабинет) Сұрағы: ірі қарада қалың, қысқа. Қойдаұзын, өте қозғалғыш – ерін  4. «О» ­ ны көрсең аңғарып, тұрам сонда жалтарып. (ОАК) Сұрағы:   А.П.Студенцовтың   анықтамасы   бойынша   жыныстық   цикл   неше сатыдан тұрады? – 3 саты, Қозу. Тежелу. Теңелу  5. Екі жуан тірек, тұр төбені тіреп. Өз жағыңды қара, Оңай сұрақ тілеп..(тіреу) Сұрағы: Түтікті жұп мүше, бүйрек қақпасынан шығып, қуыққа барады – несеп жолы  6. Қане мені тап іздеп, Қаз дауысты Қазыбек (Казыбек би) Сұрағы: дене бітімінің бесінші типі қалай аталады және кім ашты? (Мықты, Иванов) 7. Кім бірінші табат (ды),  Биік олдық талап.  Жап – жарық жұлдыздай,  Ол біздің Шолпан апай.  Сұрағы: Қалыпты жағдайда ірі қара мал дене температурасы (37,5 – 39,5 0С) 8. Көп онда пернетақта,       Сондай – ақ ыңғайлы парта.  Компьютер, процессор, тышқан Барлығы жиналыста. (13 кабинет) Сұрағы: Конус тәрізді төрт камералы, қуысты мүше, көкірек қуысында орналасады (Жүрек) 9. Кең далам табиғатым,  Дәстүрім аманатым. Көрші ауыл тойлатуда,  Мен сонда қонақтамын. (картина) Сұрағы:   Буындардың   байланысуы   нешеге   бөлінеді?   Қандай?   (2: кимылды, қимылсыз) 10.Түсесің меніменен, Ұстарсың жақтауымнан.  Жақтаудың төменінде,  тентек тұр жабысулы (Баспалдақ) Сұрағы: Егер өсімдіктердің шырынды бөлігін кептірсе, буланған судың негізінде неше пайыз құрғақ қалдық болады? (10 – 20%) 11.Өзі әдемі сұлу,  Керексің оны білу Тағы тапшы мені тез,  Н2 ол су (Альбина Нұрланқызы) Сұрағы: Организмнің ортаға бейімделуі қалай аталады? – (адаптация) 12.Әдемі толған айдай,  сыйлаймыз еш лаж айтпай. Әділдік баға берер Жюриде Айсара апай Сұрағы:   Доместикация   дегеніміз   –   (жануарларды   қолға   үйрету,   үй жануарларына айналдыру) 304 топ.  1. Екі топқа бөлдім,  Көмегімді көрсең.  Сөндіремін ойлан,  Өшіп қалар өртің (Өрт сөндіретін құрал) Сұрағы:   Грек   және   Рим   ғалымдары   топалаңды     қалай   атады?   (Текті күйдіргі) 2. Төре биім Төле, Жолды баста қане (Картина Төле би) Сұрағы: биелерде қос тармақты 2 – ге бөлінбеген, ал күйіс малдары, ит пен мысықта қос тармақта екі бөлінген – (Жатыр) 3. Біліміңді ақылыңды серік ет,  Бар колледжде қоңыраусыз кабинет (Биология кабинеті) Сұрағы: Жылқы жүрісі қалай аталады? – аллюр  4. Екі тірек арасына бара тұр,  Қарсы алдыңда толқынға ұқсап баратыр (терезе жапқыш) Сұрағы: Күнжарада ақуыз құрамы неше пайыз? – (30 – 40%) 5. Түпке қарай жүрсең,  Сосын мені көрсең.  Сәл ғана ой салайын,  тоңбайсың маған келсең. (13 кабинет жақтағы батарея) Сұрағы: 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, жүкті немесе емізетін баласы бар әйелдер жіберілмейді? ­   (жұқпалы індетке шалдыққан малды күту үшін) 6. Компьютер жиынына менде барам,  Терезеден Ақшатауды қарап алам (13 кабинет жақтағы терезе) Сұрағы:   Азотсыз   экстрактивті   заттарға   не   жатады?   (майлар   мен көмірсулар) 7. Мені тағы таптың       Өзім тіптен ақпын.  Қараңғы болды мына жер, Сен болған соң жақтым (Включатель)  Сұрағы: Адамнан малға жұғатын ауру (Туберкулез) 8. Гүлдей жайнаған,  Апай қазір барам.  Аңғар осы жолдан,  Десең мені табам (Гүлбарам Сәрсенғалиқызы) Сұрағы:   адам   мен   малға   зиян   зиян   келтіретін   кеміргіштерге   қарсы шаралар жиынтығы (Дератизация) 9. Сенен қашып шаршадым,  Жолды сонда бастадым. Жұмсақ өзі жап –жайлы Аяғы темір байқағың (диван ) Сұрағы: Сақа ат пен айғырда неше тіс болады? – (40 тіс) 10.Сіздермен бірге жүрет, Қызықтап ойын көрет.  Дұрыстап іздеп қараңыз,  Бейджде сұрақ – билет (Бейджик таққан Ғалия)  Сұрағы: Сиырдың буаздық мерзімі – (285 күн) 11. Ортаңғы жасыл желек,  Оларды табу керек.  Көмекке таяқша тұр Шамалы қазу керек (Гүл подставкасы) Сұрағы: Піштірілген малда не болмайды? – (жыныстық инстинкт) 12.Көгілдір түстен табам,  Ол да жап – жас маман Операторлық жұмысы,  Ойын бітсе тәмәм (Медет ағай) Сұрағы: Мацион дегеніміз – (малды уақтылы серуендету) Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды  Ат жаманы сүріншек, ет жаманы шеміршек  Түйенің бурасы жақсы, сөздің турасы жақсы  302 топ.   ІІІ тур. «Жалғасын тап...» ­ түлікке байланысты мақал – мателдерді дайындау  (әр топқа 10 мақалдан) 302 топ  1. 2. 3. 4. Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ  5. 6. 7. 8. 9. 10. Алып анадан туады, тұлпар биеден туады. 304 топ  1. Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын  Ат тұяғын тай басар  Ат айналып қазығын табады, ер айналып елін табады  Той атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер  Сүріншек жылқы жол таппас, еріншек жігіт мал таппас  Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді Түйе ботасымен жарасты, тамақ батасымен жарасты  Тегін келген аттың тісіне қарама  Қойшы көп болса, қой арам өлер  Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты  Ойнақтап жаман сиыр жылқы болмас  Төрден орын тимейді – патша болсада малы азға  2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. Жығылсаң жылқы жалын төсейді, сиыр – мүйізін төсейді 9. 10. Жылқы құлыннан көбейер, ақша тиыннан көбейер ІV тур «Сандар сөйлейді». Топ капитаны бокс қолғабымен бүктелген тапсырманы ашып, топ мүшелері бірігіп орындайды (3 минут). Бірінші үлгерген топтың балы жоғары болу керек.   Қорытындылау   Марапаттау  Қонақ қойдан жуас «ҚҰПИЯ ТОЛҚЫН» «ҚҰПИЯ ТОЛҚЫН»

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"

Сыныптан тыс іс - шара "КУПИЯ ТОЛКЫН"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.12.2018