Гумарова Айнур Жексенгалиевна
№22 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі
БҚО, Орал қаласы
Сыныбы: |
7 сынып |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Сызықтық алгоритмдер программалау. |
|||||||||||||||||||||||
Мақсаты |
Оқушыларды енгізу және шығару операторларын қолданып сызықтық программа құруды үйрету. Өткен тақырыпты қайталай отырып, сызықтық алгоритмге программа құру машығын қалыптастыру; |
|||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер
|
А. Мәліметтер типтері, стандартты функциялар және өрнектер ұғымы туралы біліп түсінеді. В. Өрнектерді Паскаль тілінде жаза алады. С. Өрнектерді Паскаль тілінде жазып, программасын құрып, компьютерде мәнін есептеп шығарады. |
|||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар
|
дербес компьютер, оқулық, карточкалар, Турбо Паскаль бағдарламасы, семантикалық карта, маршруттық карта, бағалау парағы. |
|||||||||||||||||||||||
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|||||||||||||||||||||
Кіріспе
|
10 мин |
- Амандасу. - Ыңтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін 2 топқа бөлу. Ағаш отырғызу алгоритмі Жерге шұңқыр қазу Шұңқырға көшет отырғызу Шұңқырды өміп тастау Көшетті суару. Жолдан өту алгоритмі Қызыл түс жарық тоқта Сары түс жарық дайындал Жасыл түс жарық жолдан өту Үй тапсырмасын семантикалық карта арқылы тексеру. Бағалау критерийі арқылы өздеріне бағалатады. |
- Амандасады Оқушылар екі топқа бөлінеді
Семантикалық картамен жұмыстанады.
Бағалау критерийі бойынша өзін-өзі бағалайды. |
|||||||||||||||||||||
Тұсау кесер
|
4 мин |
Сабақтың мақсатын, табыс критерийін шығару. Миға шабуыл әдісімен сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу. -Оқушылар, егер сыныптасыныз үй тапсырмасына берілген есепті шығаралмаған жағдайда не істейміз? -Егер оқушы сізден көшіріп алса, ол мұғалімге шығару жолын айтып бере аладыма? -Оған қалай көмектесеміз? -Әр бір алгоритм құру кезінде алгоритмнің үш түрін қолданамыз: -Ал, әдебиеттен шығарма жазу алдында не істейміз? -Физикадан есепті қалай шығарамыз? Алгоритм құру кезінде оның мақсатын түсінуіміз керек, содан кейін есептің шығару жолының жоспарын құруымыз қажет. |
Сабақтың тақырыбын ашады, табыс критерийін анықтайды.
-көшіруге береміз
-жоқ -есептің шығару жолының алгоритмін айтып береміз -сызықтық -тармақталған -циклдік -жоспар құрамыз. Кіріспе. Негізгі бөлім және қорытынды. Берілгені, нені табу керек және қандай формула қолдану керек екенін түсіну қажет. |
|||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім
|
20 мин |
«Галереяға саяхат» әдісімен тұжырымдамалық картаны құрғызады, қорғатады. Бағдарламаның ретін тауып қою.
1-тапсырма: Х=2.72 Y=0.812 болғанда, Х+Y, X-Y, X*Y, X/Y өрнектерінің мәндерін есептеу программасын компьютерге теріп, жауабын анықтап, жаз. Құрылымы: Program A3; var X,Y:real; begin X:=2.72; Y:=0.812; writeln(‘X+Y=’, X+Y); (жауабы..........) writeln(‘X-Y=’, X-Y); (жауабы..........) writeln(‘X*Y=’, X*Y); (жауабы..........) writeln(‘X/Y=’, X/Y); (жауабы..........) end. 2-тапсырма: Автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты жүріп келеді. Ол 300 км қашықтықты қанша уақытта жүріп өтетінін анықтау программасын құру керек. 3-тапсырма: Егер қалыңдығы К, ішкі шеңберінің диаметрі D болса, онда сол сақинаның ауданын табу программасын құрып, компьютермен К мен D –ға мән беріп ауданын табыңыз. - Кеңейтілген тапсырманың «Таңдау элементінің көмегімен өзін-өзі реттеуді қолдану» идеясына сәйкес «Паскаль бағдарламасында есепте» бағдар картамен жұмыс орындатады. Бағалау критерийі арқылы өздеріне бағалатады. |
«Галереяға саяхат» әдісімен тұжырымдамалық картаны құрып, қорғайды. Бағдарламаның ретін тауып қояды.
Компьютермен тәжірибелік жұмыс орындайды. «Паскаль бағдарламасында есепте» маршруттық картамен жұмыс орындайды.
Табыс критерий
Сіздің деңгейіңіз: 7-8 балл-«5» 5-6 балл-«4» 3-4 балл-«3» 1-2 балл-«2» Келесі жолы көңіл бөлу керек неге...... Бағалау критерийі бойынша өз-өзін бағалайды. |
|||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
1 мин |
Тақырыпты қайталау. Екі санның қосындысын табатын бағдарлама құру у = а + с |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады. |
|||||||||||||||||||||
Қорытынды
|
10 мин |
- «Пицца» әдісі бойынша сабақты қорытындылатады. |
-Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Пицца дайындайды. |
|||||||||||||||||||||
Бағдар карта
Сыныбы:7
Оқушының аты жөні:
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерге программалар құру. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану
1. Өзіңе қажетті нәрсенің бәрі бар ма?
· Компьютер, қажетті Turbo Pascal бағдарлама.
· Техникалық кедергілер болса көршіңізбен бірге жұмыстаныңыз.
2. Қауіпсіздік ережесін есіңізге түсіріңіз:
· Компьютерді, USB, қолдану ережесін.
3. Тапсырманың құрылысын анықтау.
· Турбо Паскальда есептің бағдарламасын енгізу.
4. Жемісті нәтижелі жұмыс барысы:
· Компьютерді қосыңыз;
· Жұмыс үстелінен Turbo Pascal-ді таңдап, тышқанның сол жағын екі рет басып, осы бағдарлама терезесін ашыңыз.
Егер кедергілер болып жатса көршіңізден көмек сұраңыз!
1-тапсырма: Х=2.72 Y=0.812 болғанда, Х+Y, X-Y, X*Y, X/Y өрнектерінің мәндерін есептеу программасын компьютерге теріп, жауабын анықтап, жаз.
Құрылымы:
Program A3;
var X,Y:real;
begin
X:=2.72; Y:=0.812;
writeln(‘X+Y=’, X+Y); (жауабы..........)
writeln(‘X-Y=’, X-Y); (жауабы..........)
writeln(‘X*Y=’, X*Y); (жауабы..........)
writeln(‘X/Y=’, X/Y); (жауабы..........)
end.
2-тапсырма: Автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты жүріп келеді. Ол 300 км қашықтықты қанша уақытта жүріп өтетінін анықтау программасын құру керек.
3-тапсырма: Егер қалыңдығы К, ішкі шеңберінің диаметрі D болса, онда сол сақинаның ауданын табу программасын құрып, компьютермен К мен D –ға мән беріп ауданын табыңыз.
Табыс критерий
Сізден не күтіледі?
|
Баллы |
Өзін-өзі бағалауы |
Сыныптасының бағалауы |
Қауіпсіздік ережесін сақтаймын. |
1 балл |
|
|
1-тапсырманы компьютерге теріп, жауабын таптым. |
2 балл |
|
|
2-тапсырманың программасын құрастырдым. |
2 балл |
|
|
3-тапсырма бойынша программа құрастырып, компьютерде тексеріп көрдім. |
3 балл |
|
|
Сіздің деңгейіңіз:
7-8 балл-«5»
5-6 балл-«4»
3-4 балл-«3»
1-2 балл-«2»
Келесі жолы көңіл бөлу керек неге......
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.