«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!» (8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
Оценка 5
Конкурсы
rtf
воспитательная работа +1
Взрослым
13.06.2017
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақыттын тиімді пайдалануға белсендіру.
Білімділік: Оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
Көрнекіліктер:
I. Бірінші бөлімге «Ең көрікті және тартымды» (сайыстық бағдарлама): жеңімпаздарды анықтауға арналған жетондар, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған слайдтар.Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақыттын тиімді пайдалануға белсендіру.
Білімділік: Оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
Көрнекіліктер:
I. Бірінші бөлімге «Ең көрікті және тартымды» (сайыстық бағдарлама): жеңімпаздарды анықтауға арналған жетондар, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған слайдтар.
8марта.rtf
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!
» (8
НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» (8 наурыз халықаралық
әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін
дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақыттын тиімді
пайдалануға белсендіру.
Білімділік: Оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің
нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
Көрнекіліктер:
I. Бірінші бөлімге «Ең көрікті және тартымды» (сайыстық бағдарлама):
жеңімпаздарды анықтауға арналған жетондар, 8 наурыз халықаралық
әйелдер күніне арналған слайдтар.
Алдынала жұмысы:
Алдынала сайысқа қатысқысы келетін әрбір сыныптан топтар (6
оқушы), яғни, бірнеше қыз және ұл балалар таңдалынып алынады.
Сайысты екі жүргізуші жүргізеді. Шақырылғандар әділқазылар
мүшесі болады.
1 Жүргізуші:
Әкелетін отабасына береке ең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!
Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
2 Жүргізуші:
Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мейрамы қыздар мен аналар
мейрамын атап өтуге жиналып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда
халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз! 1 Жүргізуші:
Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қызқызғалдақтар. Қар астынан
қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай
болып Аналар мерекесі келеді.
2 Жүргізуші:
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік
жарады. Біздің ару қыздарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан
барлық қиындық атаулыға төзімді.
1 Жүргізуші:
Ұстаздар және арулар! Көктемгі күйден жарқырап, гүлдей құлпырған
мерекелеріңіз құтты болсын! Сахнаға Шарбақты жалпы орта білім
беретін мектебінің директоры Альтаева Шакарбану
Мынтаевнаны шақырамыз!
2 Жүргізуші:
Ал, енді бұл мейрамның шығу тарихына тоқталайық.
1910 жылғы 27тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік
”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің
”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді
ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19наурыз Әйелдердің құқын
қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда,
Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19наурыз күні
шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12мамырға
ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12наурыз күні
шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2наурызында Ресей мен Францияда, 9
наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және
Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.
1Жүргізуші:
1921 жылы КСРОда Коммунистік әйелдердің екінші
конференциясының шешімімен 8наурыз Халықаралық әйелдер күні деп
жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8наурызда
Петерборг қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол
кездегі әйелдердің ерлігі болатын.
1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8наурыздан бастап Халаықаралық әйелдер күні
Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.
2Жүргізуші:
Сонымен, бүгін біз осы залда «Тапқыр болсаң тауып көр» атты
сайысымызды өткізуге жиналып отырмыз. Біздің әділ қазыларымыз:
1.
2.
3.
4.
1Жүргізуші:
Ортаға бүгінгі сайысымызға қатысатын біздің ханшайымдарымызды
шақырамыз. Қыздар өздерін таныстырып, жылы лебіздік құттықтау
сөздерін жеткізуі тиіс.
(Қыздар орналасып болғаннан кейін сайыс басталады.)
».
« Кім тапқыр
Бірінші сіздерге сұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап бергендерге 1
балл беріледі.
2 Жүргізуші:
Бірінші сайысымыз
1Жүргізуші:
1. Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалтты? (хрустальді туфли)
2.Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, ең мейірімді жандар деп кімді атаймыз?
(ана).
3. Бақа ханшайымы шын өмірде кім болған? (Василиса Прекрасная)
4.Өнімі жердің астында өсетін көкөністерді атаңдар. (картоп, сәбіз,
қызылша, сарымсақ, пияз).
5. Қызыл Телпекті бәрінен көп кім жақсы көрді? (апасы)
6.Майсыз дәмді кашаны қалай пісіруге болады? (әзіл: үлкен
махаббатпен).
7. Қасиетті тағам. (нан)
8.Ең киелі құс. (аққу)
9.Қабат қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап)
10. Ананың көңілі балада, ... жалғастыру керек (баланың көңілі
далада). 11. Анашым шалқып күлсең, алдымда ұзақ жүрсең.
Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Әннің авторы кім? (Нұрлан
Өнербаев)
12. Қыздар атаулары кездесетін ертегілерді атаңыз. (Золушка, Түйме
қыз, Мақта қыз бен мысық және т.б.).
(жылы лебізді музыка ойнап тұрады).
Екінші сайыс:
« Кім жылдам?
»
1 Жүргізуші:
Бұл сайыста біздің ханшайымдарымыз өздерінің жылдамдықтарын
көрсетуі тиіс. Сіздердің алдарыңызда 2 кесе тұр. Бір кесе күріш пен
қарақұмыққа толы, екінші кесе бос. Тапсырма: Сіздерге 2 минут
беріледі. Сол уақыттың ішінде күрішті қарақұмықтан бөлу керек.
Әділқазылардан уақытты бақылауды сұраймыз.
2Жүргізуші: Үшінші сайыс: үй тапсырмасы (би немесе көрініс)
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Құрметті әділқазылар сіздерге сөз береміз!
1ші жүргізуші: Төртінші сайыс "Сезімтал жүректі жандар"
Адамдар өте сезімтал жандар. Негізінде біздің сезімдеріміз «бет
әлпетімізде» жазулы тұрады. Бірақ сезімді тек қана бетті қимылдата
отырып ғана емес, қолмен де көрсетуге болады.
Сіздерге тапсырма:
ашуды,
куанышты,
қорқуды, жабырқауды,
ашығуды дене қимылымен көрсетуге тырысыңыздар.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
(Әділ қазылар алдыңғы сайыстардың қорытындысын шығарады.)
Бесінші сайыс "Золушка биі".
2ші жүргізуші:
Барлық ханшайымдарға вальс биін ханзадаларымен билеуге ұнайды.
Ортаға біздің ханшайымдарымызды ханзадаларымен шақырайық! Ал
олар үшін көп күткен қонағымыз, Қазақстан эстрадасының
жұлдызы Қайрат Нұртасты шақырамыз. Құрметті әділқазылар
сіздердің мақсаттарыңыз ең әдемі вальсті аңықтау.
(вальсті билейді)
1ші жүргізуші: Алтыншы сайыс(үй тапсырмасы) "Қол өнер".
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Әділ қазылар ақылдаса отырып, барлық сайыстың қорытындысын
шығарағанша, сахна төріне "МұзАрт" тобын әнімен
шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Сахнаға әділқазыларымызды шақырамыз!
2ші жүргізуші:
Ару Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, дей отырып __________________
орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
1ші жүргізуші:
8 наурыз құтты болсын! Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды.
Келесі кездескенше амансау болыңыздар!
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!» (8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!» (8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!» (8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!» (8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!» (8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
«ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАЛАС ЖОҚ!» (8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЙЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.