W Ұғымдарды енгізу:
Импульс (қозғалыс мөлшері) – дененің механикалық қозғалысының өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама.
Күш импульсі – күштің, осы күш әсер ету уақытына көбейтіндісіне тең, берілген уақыт аралығында күштің денеге әсер ету өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама.
Абсолют серпімсіз соққы – соққы нәтижесінде денелер бірігіп, одар әрі біртұтас дене ретінде қозғалатын екі дененің соқтығысуы. Механикалық энергияның бір бөлігі соқтығысатын денелердің ішкі энергиясына ауысады.
Абсолют серпімді соққы – соққыдан кейін әрбір дене жеке қозғала бастайды. Тұйық жүйенің импульсі мен кинетикалық энергиясы сақталады.
Егер екі денеге t уақыт аралығында бірдей күшпен әсерлесетін болса, онда импульстар модулі бойынша тең бағыты бойынша қарама-қарсы бағытталады:
|
мұндағы және
–бастапқы уақыттағы импульстер,
және
– әсерлесудің
соңындағы импульстар: Осы қатынастан:
|
Есептер шығару
2. Массалары 2 және 6 кг болатын екі серпімсіз дене бір-біріне қарама-қарсы бағытта әрбіреуі 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Соқтығысудан кейін осы денелер қандай жылдамдықпен және қалай қарай қозғалады?
3. Горизонталь жолмен 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 50 кг вагонетканың үстінен 200 кг ұсақталған тас төкті. Осы кездегі вагонетканың жылдамдығы қандай және қаншаға кеміген?
4. 0.3 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан, массасы 20 т вагон, екінші 0.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массы 30 т вагонға жетіп алады. Егер соққыны серпімсіз деп есептесек, онда вагондардың жылдамдығы қандай болады?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.