Таразы және өлшеу
Оценка 4.8

Таразы және өлшеу

Оценка 4.8
Занимательные материалы
docx
химия
Взрослым
15.05.2019
Таразы және өлшеу
Таразының тірегі аготты алаңдар горизонталь жағдайға келтірілетін винтке орналасқан. Бұл таразылардың негізгі ерекшелігі сонда, олар жоғарғы жағы қақпақпен жабылған, ол астыңғы жағы ашық алюминнен жасалған цилиндр тыныштандырғышпен (демпфлер) жабдықталған. Олар сырғаға ілінген Демпферлі цилиндрлер төменгі жағы жабық, үстіңгі жағы ашық диаметрлері үлкен екі басқа цилиндрлерге салынған, олар таразы бағанасына жылжымайтындай етіп бекітілген. Арретирді жібергенде таразының иінағашы және табақтары және демпферлі цилиндрлер шайқалмалы жағдайға келеді, ал сыртқы цилиндрлердің ішкі жағы тежеліп, тыныштандырылады да, таразының шайқалуы тез тоқтайды. Осыдан соң таразының бағыттағаны белгілі жағдайға келіп нөлдік нүктеде тұрады. Иінағаштың оң жақ сырғасына перпендикуляр түрде 10-нан 990мг-ға дейінгі аз өлшемдерді өлшеуге арналған горизонталь бекітілген. Бұл өлшеуіш тастары сақина түрінде болады. Оларды рычаг жүйесінің көмегімен таразының оң жақ бөлігінде орналасқан дисктік тұтқаның бұрылысына іледі. Олар цифрлармен бөлінген екі жағы бір-біріне тәуелсіз екі айналмалы дисктен тұрады. Сыртқы дисктің айналмасына 90мг-нан 100, 200, 300мг-ға дейінгі өлшеуіштер ілінген.
Таразы және өлшеу.docx
Таразы және өлшеу Әрбір   химиялық   лабораторияның   ең   қажетті   құрамы   —таразы.   Жұмыс   жүргізілу  түріне байланысты түрлі таразылар қолданылады; Дөрекі өлшеуге арналған    (1 г­қа дейінгі дәлдікте) Дәл өлшеуге арналған және технохимиялық таразылар  1. 1. (0,01г­қа дейінгі дәлдікте) 2. 4.     Аналитикалық таразылар(0,0002­0,0001г­қа дейінгі дәлдік)  Арнайы   (торсионды,пробиркалық   ультрамикрохимиялық   және   т.б.).    Аналитикалық таразылар   0,0002г­нан   100­200г­ға   дейінгі   салмақты дәл өлшеуге   арналған.     Аналитикалық       таразы       екі       топқа       бөлінеді;       периодты  шайқау   немесе   демпферлі таразылар. Қазір таразылардың соңғы тобы кең таралған.   Бұл таразылардың         маңызды бөлігі ретінде жақсылап құйылған болаттан немесе аготтан жасалған үш призмамен жабдықталған иінағаш болып табылады. Ортадағы призмаға... жанындағы екі призмаға   сырғалары   көмегімен   таразы   табақшалары  ілінеді.   Иінағаштың   ортасында   төменгі жағында   микрошкаласы   бар  бағыттағыш   бекітілген.   Таразымен   дұрыс   жүмыс   істеу   үшін   үш призманың  да  қырлары   қатаң   түрде  параллель  болуы  және  бір  жазықтықта  жатуы   шарт.  Таразымен жұмыс   кезінде   призмалар   мен   таяныш   алаңдары   жайлап  ауытқиды да өлшеу дәлдігі төмендейді. Ауытқулар   аз   болуы   үшін,   таразыны  арретирмен   жабдықтандырады,   ол   иінағашты   көтеруге мүмкіндік береді немесе былай айтқанда таразыны арретирлеу деп аталады. Арретирдің  дисктік тұтқасы  Таразының тірегі аготты алаңдар горизонталь жағдайға келтірілетін винтке орналасқан. Бұл   таразылардың   негізгі   ерекшелігі   сонда,   олар   жоғарғы   жағы   қақпақпен  жабылған,   ол астыңғы   жағы   ашық   алюминнен   жасалған   цилиндр  тыныштандырғышпен   (демпфлер) жабдықталған. Олар сырғаға ілінген  Демпферлі цилиндрлер төменгі жағы жабық, үстіңгі жағы ашық диаметрлері  үлкен  екі  басқа  цилиндрлерге  салынған,  олар  таразы  бағанасына  жылжымайтындай етіп бекітілген. Арретирді   жібергенде   таразының   иінағашы   және   табақтары   және   демпферлі  цилиндрлер шайқалмалы жағдайға келеді, ал сыртқы цилиндрлердің ішкі  жағы тежеліп, тыныштандырылады да, таразының шайқалуы тез тоқтайды. Осыдан соң таразының бағыттағаны белгілі жағдайға келіп нөлдік нүктеде  тұрады.   Иінағаштың   оң   жақ   сырғасына   перпендикуляр   түрде   10­нан   990мг­ға  дейінгі   аз өлшемдерді өлшеуге арналған горизонталь бекітілген. Бұл өлшеуіш тастары сақина түрінде болады. Оларды   рычаг   жүйесінің   көмегімен   таразының   оң   жақ   бөлігінде   орналасқан   дисктік   тұтқаның бұрылысына іледі. Олар цифрлармен бөлінген екі жағы бір­біріне тәуелсіз екі айналмалы дисктен тұрады. Сыртқы дисктің айналмасына 90мг­нан 100, 200, 300мг­ға дейінгі өлшеуіштер ілінген. Экран   шкафтың   артқы   қабырғасында   орналасқан   және   арретир   дискісін  бұрағанда автоматты түрде қосылатын арнайы жарық түсіргішпен жарықтандырылады. Вейтограф шкаласының есебін анықталған салмақтың үшінші және төртінші ондық белгілері көрсетеді. Демпферлі таразыларда өлшеу техникасы. Штепсельді   вилкалы   шнурды   қосып   жарық   түсіру   көмегімен   өлшеуге  кіріседі.   Шкаф есігін ашпай тұрып, арретир дискісін соңына дейін абайлап  бұрап, нөлдік нүкте жағдайын тексереді. Осы   кезде   жарық   автоматты   түрде   жанады   да,   вейтограф   экранында   таразының   бағыттағышына бекітілген  микрошкалалардың   үлкейтілген   бейнесі   пайда   болады.   Бағыттағыш   қозғалып  тұрғанда, микрошкаланың   бейнесі   бүкіл   экранда   жайлайды.Демпферлер  көмегімен   стрелка   сол   кезде­ақ тоқтайды да микрошкала бейнесінің экранды жайлауы тоқтайды. Өлшенетін затты таразының сол жақ табақшасына   салып,  ал   оң   жақ   табақшаға   жәшіктегі   резновестерді   пинцетпен   салып,   толық   санды грамдарын   табады.   Кейін   оң   есікті   жауып,   ішкі   және   сыртқы   дискілерді  бұрап,   таразы бағыттағышының   қай   жаққа   қарай   ауытқуын   тексеріп,  грамының   ондық   және  жүздік  бөліктерін табамыз. 0,01г­ға дейінгі дәлдіктегі белгілі массаны тауып алғаннан соң, арретир дискісін соңына дейін бұрайды,  бағыттағыштың   шайқалуы   тоқтағаннан   кейін   экранда   шкаланың   вертикаль  сызығы бойынша  есептеу  жасайды.  Бұл шкаланың  үлкендетіп  бөлінуі толық  миллиграмға   лайық   плюс  және минус   сандарымен   көрсетіледі.   Плюс   белгісі  жасалынған   есептеуді   таразыны   өлшеуіш   тастарын массаға қосуды көрсетеді. Ал, егерде  шкала есептегіші  минус белгісін көрсетсе,  онда разновес массасын есептеуден алып тастау керек. Өлшеуді аяқтағаннан  соң  тараздан өлшенетін  затты жвне өлшеуіш  тастарды алып қояды. Өлшеуіш тастарды алып тастау —үшін екі дискініде нөлдік бөлінуін қозғалмайтын жағдайға келтіреді және таразыны электр тоғынан суырады. Технохимиялық тараз Демпферлі таразы Таразыда өлшеу ережелері Аналитикалық таразыда өлшегенде төменгі ережелердің бұлжытпай орындалуы тиіс. 1.Аналитикалық таразыда өзіңіз жөндей алмайтын ақаулық тапсаңыз, ол туралы оқытушыға немесе лаборантқа айтуыңыз керек. 2.Таразы   табақшаларына   ыстық,   дымқыл   және   лас   заттарды   қоюға   болмайды.   Сұйықтықтарды өлшегенде таразыға және тастарға сұйық тигізуге болмайды. 3.Өлшейтін   заттарды   таразы   табақшаларына   бірден   салуға   болмайды.   Оларды   тек   стакандарда, бюкстерде, фарфор тигелді табақшаларында ғана өлшейді. 4.Тартуға кірісуден бұрын таразының дұрыстығын тексеріп алады. Жан­жағындағы тозаңдарды қыл шеткалармен тазартады, таразының микрошкаласын ноль нүктесіне келтіреді. 5.Таразы   табақшаларына   қойылатын   заттарды,   тастарды   міндетті   түрде   арретир   нейтрат   күйінде тұрғанда ғана қояды және алады. Арретир ашық жағдайында таразыға тиюге болмайды. Арретир дискісін жәй, бірқалыпты бұрау керек. 6.Жұмыстың бос уақытта таразы арретирі нейтралдық жағдайда тұруы қажет. 7.Таразыны тұрған орынан қозғамаңыз. 8.Таразыға 100 грамнан артық затты қоюға болмайды. Бұл таразының бұзылуына әкеліп соғады. 9.Тастарды   тек   пинцетпен   ғана   пайдаланыңыз   және   оларды   әрқайсысын   өздерінің   орнына   ғана орналастырыңыз. 10.Таразыны пайдаланған кезде тек жанындағы екі есікшіні ғана пайдаланады. 11.Таразыдағы тартылған заттың массасын журналға 0,0002 г дәлдікпен өлшеу кезінде жазып қою керек. Жазуға кез келген парақты газетті және т.б. заттарды пайдалануға болмайды. 12.Бір лабораториялық жұмыста, әртүрлі заттарды бірінен кейін бірін өлшегенде бір таразыны жән бір қораптағы (сауыттағы) тастарды пайдаланады. 13.Өлшеп болғаннан кейін таразы табақшасында және таразы жанында ешқандай затты қалдырмай жинап кету қажет. 14.Тартылуында зат таразының сол табақшасына, тастары оң табақшасына қойылады. Таразыда өлшеу тәртібі 1.Таразыға   тартуға   кірісуден   бұрын   орнығып   отырып   алу   қажет.   Столдың   үстіне   тартатын затыңызды, тастарды, тигелді немесе бюксті, қалам және журналды дайындап алыңыз. 2.Таразының   ешбір   жеріне   тимей   жақсылап   бақылаңыз,   әсіресе   әпкішті   және   миллиграмдық тастрадың орнында дұрыс тұрғанын, тексеріңіз. 3.Айнымалы элеткр жүйесіне қосу арқылы таразыны іске қосыңыз. 4.Арретир   дискасын   солдан   оңға   қарай   бұрау   арқылы   вейтограф   экранындағы   микршкаланы тексеріңіз.   Егер   таразы   дұрыс   жағдайда   тұрған   болса   экран   ортасындағы   ветикалды   орналақсан   сызық микрошкаладағы «0» белгісінің үстіне тұрады. Мұндай болмаған жағдайда арретир дискасынан жоғарырақ орналасқан реттегіш винттің жәрдемімен экрандағы вертикалды сызықты микрошкаланы «0» белгісінің үстіне келтіреді. 5.Таразыны 4­ші пункте көрсетілгендей жолмен тексеріп алғаннан кейін арретирді жабады.

Таразы және өлшеу

Таразы және өлшеу

Таразы және өлшеу

Таразы және өлшеу

Таразы және өлшеу

Таразы және өлшеу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.05.2019