Тарату қүрылғысының қүрылысына байланысты мынадай түрлері бар:
Жабық тарату құрылғысы (ЖТҚ-ЗРУ);
Ашық тарату құрылғысы (АТҚ-ОРУ);
Сыртта (ауада) орнатылатын тарату құрылғысының комплектісі (СКТҚ-КРУН);
Комплектілі трансформаторлы қосалқы станция (КТП).
Ауада (сыртта) орнатылатын тарату қүрылғысын ашық тарату қүрылғысы деп атайды (АТҚ-ОРУ). Әдетте, АТҚ кернеуі 35-1150 кВ электр қондырғыларында қолданылады.
Ашық тарату қүрылғысының (АТҚ) жабық тарату қүрылғысынан мынадай артықшылығы бар: қүрылыс жүмыстарының көлемі аз; электр тізбегінің бүзылуының одан әрі өрбу мүмкіндігі аз; тарату қүрылғысының ғимаратын салу мерзімі қысқа; жабдықтары, аппараты жақсы көрінеді; жабдықтарды, аппаратгарды, өткізгіштерді ауыстыру жеңіл.
Сонымен қатар кемшіліктері де бар: жабдықтары, аппараттары, ток өткізгіштері қысы-жазы далада орнатылғандықтан олармен жұмыс істеу ыңғайсыз; алатын орны үлкен; жабдықтары, аппарат- тары тез ластанады және қоршаған ортаның температурасы әсерін тигізеді
Алматы-1 вокзалының 27,5кВ түйіскен желісі
Электрлендірілген темір жолдардағы электровоздар мен электрпойыздар тартылымның автономды емес түріне жатады. Локомотивте орналасқан тартылым қозғалтқыштары мен оны қозғалысқа әкелетін тартылым түрлері электрэнергияны стационар көздерінен-электр станциядан алады. Электр станциясынан электр энергиясы тұтынушыларға әуе желілері қатарынан және әр түрлі деңгейдегі тартылым станциялар арқылы беріледі. Электрлендірілген темір жолдарынан энергия тартылым қосалқы станциясына келіп түседі, онда ол тоқты және кернеуді жылжымалы құрам қолдануына түрлендіреді .
Аудандық желілерде әрбір кәсіпорын немесе тұтынушылардың бірлескен түрде орнатылған, тарату қондырғылары болады. Осы тарату қондырғыларындағы трансформаторлар тұтынушыларды үздіксіз әрі сенімді түрде электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырады.
5.Қосалқы станция-Подстанция- Substation
6.Электр энергиясы -Электрическая энергия- Electric energy
7.Жоғары вольтты- Высокая напряжение- High voltage
8.Күштік трансформатор-Силовой трансформатор- Power transformer
9.Трансформатор-Трансформатор- Transformer
10.Балама энергия көздері- Альтернатиная энергия- Alternative energy
Үйге тапсырма
Тарату қондырғылары туралы слайд жасап келу.
Тарату қондарғыларының артықшылықтары мен кемшіліктерін кестеге түсіріп келу.
79 бет. 3-сызбанұсқа.
Қондырғылардың әріптік белгілерін жаттап келу.
Телеграмм желісі бойынша материалдарды жинақтап, тарату қондырғыларының өздеріңіз білетін түрлерін салу.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.