Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- тұғыры» атты мерекелік кеш бағдарламасы
Астана қаласы
№56 мектеп –лицейі
Сакенова А.Ж.
тарих пәнінің мұғалімі.
«Тәуелсіздік тұғыры»
І жүргізуші Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік кешімізге қош
келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол
жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26
жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп
келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,
сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
І жүргізуші Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,
себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді атабабаларымыз ғасырлар бойы армандап,
күтумен өтті.
ІІжүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан Гүлстан!
Ән «Астана»
Іжүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Қазақ биі ( БИШІЛЕР ТОБЫ)
ІІ жүргізуші: Ата бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткенітәуелсіз ел болу. Қазақ елі
тарихи кезеңнің барлық қиындықтарын жеңді, Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен1465
ж.қазақ хандығының негізі қаланып,Қасым, Тәуке,Абылай хандардың тұсында қазақ елі әлемдік
сахнаға көтерілді.
І жүргізуші:
Еліміздің Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына,
бостандық пен еркіндіктің бастауында қазақ халқына әйгілі билеріміздің орыны ерекше
болғаны.
( Көрініс) Қазақтың Ұлы билері Осы кезде ортаға билер шығады
Төле би:
Үй жанында биік төбең болса,
Ол ерттеулі аттан кем емес,
Отбасыңда білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес.
Ей, біз үш жүзүш қазақ, керіспейік,
Асылы, бізге керіскен жөн емес, келіскен жөн.
Әйтеке би:
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болап найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсң!
Қазыбек би:
“Қазақ деген мал баққан елміз,
ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құтбереке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп
найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәмтұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды,
анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды,
ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз,
қазаққалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз,
танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз,
тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!”
ІІжүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жаныпкүйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Өнердің әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ойқиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Күй «Сарыарқа»
С.Сейфуллиннің «Дала» өлеңін оқу
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Алтынай» биі
І жүргізуші:
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдықсаяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани
жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын
көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған
зиялы топ қалыптасты.
ІІ. Жүргізуші:
Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемдері: Ахмет
Байтұрсынов ,Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан
Жұмабаевтар еді.
«Алаш қайраткерлері » өлең оқу
2жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ
жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де,
ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.1941
жыл.
Көрініс: «Соғыс қасіреті»Немересі: Әже,әже бүгін менен бақытты жан жоқ,жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер болып
бастағым келеді.
Әже: Талабыңа нұр жаусын,арманыңа жет балам.
Радионың даусы: Левитанның сөзі айтылады. Музыка «Священная война»
Немересі: Әже, соғыс басталды,соғыс басталды!
Радио: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты,ел үшін,жер үшін барлық ер
азаматтар отан қорғауға аттаныңыздар!
Немересі: Аттан! деді, ол қазір аттанады
Жауынгердің міндетін атқарады
Неге бізге үмітсіз тесілесің
Аттан әке жолыңнан кешігесің
Кеудесінде жаны бар пақырлары
Тауып жейді сенсіз де несібесін
Әкесі: Тыңда, балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам,сәби інің
Барлығы саған аманат.
Әжесі: Келін ау, ұлым Отанын қорғап,елге аман есен оралсын деп,қалтасына туған жердің
топырағын салып берші
(Шығарып салады.)
Музыка День Победы
Немересі: Сүйінші,халқым сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан,атаанамыз,
Шаттан, ағабабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте.
Жасалсын тоймереке.
1жүргізуші:
Міне,соғыстың жеңіспен аяқталғанына да жетпіс жылдан астам уақыт өтті. 9мамырсол кездегі
Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгілік қалатын күн.
«Ана туралы баллада» әнін орындау
ІІжүргізуші:
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Қазақтың санасын сілкіндірген
оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды
І жүргізуші.
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
ІІ жүргізуші:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
Клип «Желтоқсан әні» көрсетіліп тұрады,Қайрат Рысқұлбековтың әнін оқу.
ІІжүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨзөзінен жүрегім ән салады.
Ән. «Көк тудың желбірегені»
1оқушысы : Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен1465 ж.қазақ хандығының негізі
қаланып, үш жүздің басы қосылып қазақ тарихында Қасым, Тәуке,Абылай хандардың тұсында
қазақ елі әлемдік сахнаға көтерілді.
2оқушы: Қазақстан егеменді ел болып,1991 жылы Тәуелсіздігімізді алып, тұңғыш президентіміз
Н.Ә. Назарбаев сайланды. 1997 жылы алғашқы халыққа жолдауы «Қазақстан 2030»
жарияланып,аталған бағыттар бүгінгі күнде жүзеге асырылуда
3оқушы:
2012 жылы халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152сессиясында жасырын дауыс
беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы басым дауысқа ие болып, бельгиялық Льеж қаласын
жеңді және «ЕХРО – 2017» көрмесін өткізу орны боп жарияланды.
4оқушы:
Қазақстан 2050 : Басты мақсатҚазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы,ол
–Мәңгілік ел жобасы, елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі, — біздің барша
табыстарымыздың кілті.
5 оқушы:
«Біздің жалпы ұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму
даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы
жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.Нұрлы жол болашаққа –бастар жол!
Жүргізуші:
Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті болсын,болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол»
Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілейміз!
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепетең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауықұт, жерідархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән «Қазақ елі осындай»
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің
26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті