Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1 - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";
2 - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";
3 -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
ашық тәрбие сағаты.docx
Сабақтың тақырыбы: «Темекі – және оның зияны»
Сабақтың мақсаты: Студенттердің өз денсаулығына күтім жасай білуге
тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың
ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
«Менің тренингтік есімім». Шарты: Топ дөнгелек болып тұрады,
қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр студент есімін айта отырып, өз
бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Мысалы, Жайдарлы – Жансерік,
Жаны жайсаң Жәнібек, т.б.
Мұғалім студенттерді геометриялық фигуралар бойынша екі топқа бөледі.
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызды «Денсаулық пойызы» ойын ретінде
жалғастырамыз. Қазір әрбір аялдама сайын сіздерге тапсырмалар беріледі.
1. «Кім жүйрік»
2. «Мені жалғастыр»
«Жағдаят кезеңі»
3.
4.
«Мен білемін...»
Кіріспе сөз.
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді
де сәнді өмір сүруінің негізі оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең
қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін,
орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған
мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін
жағдайларға соғыс, ашаршылық экологиялық жағдай және адам ағзасын
азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдалар ішіндегі адам ағзасын
азғындайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз, бұлар: шылымқорлық,
ішімдік, нашақорлық және тағы басқа.
Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа
қарай бейімделеді. Қай атаана баласының тәрбиесіз, бұзақы болуын
қалайды? Әйтсе де, жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әдеттер
туралы әңгіме жүргізейік.
Жаңа тақырыбымыз « Темекі денсаулық дұшпаны» деп аталады, демек,
темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы болмақ.
Мұғалім:
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « мен темекінің үш жақсы жағын
білемін» депті:
Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.
Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде: ... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген
ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген
адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит
те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді
дегенім осы, деген екен.
Біздің бірінші аялдамамыз «Кім жүйрік»
Екі топқа сұрақ қойылады:
1. С.А.Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар?
(Ұстаздан ұлағат)
2. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?
(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)
3. Құрамында этил спирті бар. Ол не?
(Ішімдік)
4. Темекі құрамындағы улы зат?
(Никотин)
5. Туберкулезге қарсы күрес күні?
(24наурыз)
6. СПИД неліктен қорқынышты?
(Ауырғаннан кейін ең көбі 57жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)
1. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?
(Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
2.СПИД нашақорларға қалай жұғады?
(ортақ пайдаланған ине арқылы)
3.«Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?
(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның
темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа
шегеді)
4.Дүниежүзілік СПИДпен күрес күні? (1желтоқсан)
5. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
6.Есірткінің ең көп тараған түрі? (анаша, кокаин, апиын, ең көп тараған
түрі – героин)
Екі топқа ұпай саны беріледі.
2 – ші аялдамамыз «Мені жалғастыр» деп аталады.
1. Денсаулық (зор байлық)
2. Жарлының байлығы (денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ (ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам (дәулетті адам) 9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)
3 – ші аялдамамыз. «Жағдаят кезеңі»
I – топқа тапсырма. Темекі тартып отырған адамды бықсып жатқан пешпен
салыстырайық. Пеш түтіні тартпай, бықсып, түтіні бері шығып жатыр, одан
шыққан түтін көзді ашытады, қақалтады, жөтелтеді, адамның жүрегі айниды.
Мұндай жерде ұзақ отыру мүмкін емес. Ал, темекі тартатын адамның
аузынан, мұрнынан түтін шығып жатыр. Өзің ойлан! Қорытынды шығар.
ІІ – топқа тапсырма. Кішкентай балалар тәттіге құмар болады. Үлкендер
«тәттіні көп жемеу керек, тісің ауыратын болады» деп айтса да олар көбіне
ұрланып тәтті жейді. Темекіге әуес адамдар да темекінің адам өміріне өте
зиян екенін біле тұра темекі шегуді тоқтатпайды. Бұған не себеп? Мұндай
адамдарды зиянды әдеттен қалай құтқаруға болады?
4 – ші аялдамамыз. «Мен білемін». 2 топқа тапсырмалар беріледі.
І топқа темекінің зияны туралы ақпарат дайындайды.
ІІ топқа темекінің адам өміріне зияны туралы ес картасын құрау.
Қорытынды.
«Бірінші байлық денсаулық».
Олай болса,
«Қазақстан2030»
бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының
денсаулығы мықты, хал ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден
ішімдік, шылым, наша шегушіліктер және компьютеріміздің денсаулыққа,
болашақ ұрпаққа жау екендігін ашып талдайық. Жас желектей өсіп келе
жатқан жас жеткіншектеріміз сіздер боласыздар студенттер! Сондықтан
ішімдік, темекі, нашаның және компьютердің адам баласын аздыратынын, одан
аулақ болайық. «Темекі қайдан шықты?»
“ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда
орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген
сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген
жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция
елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп
темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл
Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша
“ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид
“ Никотин ” деп аталды.
Темекінің зияны. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі
тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі
тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы уақытта
темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 10 есе, өңештің ісігі 2 6 есе,
жоғары. Бір түйір темекі тарқан адам 0, 4 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15
минутқа қысқартады. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың
тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады.
Салмағы 1мг темекіде 10 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа
жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл
ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік
жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10 15 жыл аз өмір сүреді.
Темекінің әсері. Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол
жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге
еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы
қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады.
Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның
интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің
мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып
толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің
орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы
келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну
сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін
ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа
да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. Темекі
тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің
бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай
бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді)
байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың
араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе
жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді.
Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға
шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады
Қазіргі кезде елімзіде темекі шегу, нашақорлыққа әуестік,маскүнемдікке салыну оларға
қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналып отыр.Темекіге әуесқойлық әсіресе
мектеп оқушыларының арасында қатты етек алып отыр.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан
2030»бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3
бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.Олар:
1бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2бағыт: «Нашақорлыққа , наркобизнеске қарсы күрес».
3бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
Темекі және оның зияны
Темекі және оның зияны
Темекі және оның зияны
Темекі және оның зияны
Темекі және оның зияны
Темекі және оның зияны
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.