Даму процесі өте күрделі процесс
Даму процесі – өте күрделі, ұзақ, ішкі және сыртқы қайшылықтардан тұратын болғандықтан, біздің организміміздегі өзерістер өмір бойы болып жатады.
Балалық шақта алынған әсер ер жеткенде адамның ақылының, ой-пікірінің, мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз болады. Балалықта жағымсыз әсер алса, қорлық, зомбылық, жоқшылық көрсе, адамның күншілдігі, қызғаншақтығы, адам өмір бойы қасіретке бейім болуы осыдан. Сондықтан:
Біріншіден, студенттердің мінездемесімен, үй іштерімен танысқан дұрыс.
Екіншіден, баланы өз күшіне өзін сендіріп үйрету керек.
«Адам» және «тұлға»
«Адам» деген түсініктің «тұлға» түсінгінен айырмашылық бар, бұл айырмашылық адамның әлеуметтік мінездемесі болып табылады да қоғамдық қатынастардың әсерінен және басқа адамдармен жасалған қарым-қатынас негізінде қалыптасады.
Студенттердің мінез қылығына қарай жастарды дұрыс рухани дүниетанымына бағыттаймыз.
Балалар жеткіншек шағында интенсивті түрде өзгереді.
Тәжірбиелік оқытудың әсері
Адамның өзінің өсіп өнуіне, өмір сүруіне өзі әрекет жасап, жағдай туғызады, еңбек етеді, өмірдің биік шыңдарына өтуіне, білімге, ілімге талпынуға тәжірбиелік оқытуда тәрбиелейміз.
Тәжірбиелік оқудың әсері дамып келе жатқан жеке бастың тәрбиесі оны тек іс-әрекет процесінде араластырғанда ғана жүзеге асады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.