Бұл презентацияда қазақ ақыны Төлеген Айбергенов туралы мәліметтер берілген: Өмірбаяны, шығармашылық жолы, еңбектері, марапаттары, суреттері. Биыл егер көзі тірі болса ақынның жасы сексен бір жасқа толар еді. Шын таланттар алыстаған сайын биіктей беретініне Төлеген сияқты қаламгерлер ,ақындар еріксіз көзімізді жеткізеді.
Төлеген Айбергенұлы Айбергенов.pptx
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенұлы Айбергенов
(19371967)
Төлеген Айбергенов
Биографиясы
Шығармашылық
жолы
Еңбектері
БиографиясыШығармашылық жолыЕңбектері
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда
Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде
дүниеге келген.1959 жылы Ташкенттің
Низами атындағы педогогика институтының
қазақ тілі мен әдебиеті факультетін
бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет
атқарады.
Төлеген Айбергенов
Анасының есімі Жібек Қонарбайқызы
Ақынның атын әкесі “Қайтыс болып кеткен
ұлымның атын төледің деп”, Төлеген атаған екен.
Ақын отбасында үш қыздың ішінде жалғыз ұл
болып ерке өседі. Бір қызығы, өзінің де үш қыз, бір
ұлы болады. Ақынның жары Үрнисаның айтуы
бойынша, «Бір тойым бар» деген өлеңді Төлеген
«жұбайы тағы бір ұл баланы дүниеге әкелсе» деген
армантілекпен шығарған екен.
14 жасында әкесінен айырылады. Ал анасы 1964
жылы өмірден өтеді.артында 5 баласы қалады.
Үлкені Салтанат, Махаббат, Дәурен, екі егіз Құсни
мен Айнар.
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтың әйелі Үрниса
Айбергенова (19372006) 1954 жылы күз
айында Ташкенттің Низами атындағы
педагокикалық институтының тіләдебиет
және тарих факультетінің алғашқы
курсында Төлеген Айбергеновпен
танысады.
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын
бітірген (1959). 195962 ж. Қоңырат аудындағы орта
мектепте мұғалім, 196265 ж. Шымкент облысының
Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде
директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы
жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет
істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық
баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген
албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ
өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама
жинақта басылды.
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін,
замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу,
ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік
жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр
кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965),
"Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім"
(1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға
арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық
көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987)
деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды.
Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған
Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ
қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған
әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс
болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер"
жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен
сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.
Төлеген Айбергенов
Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық
институтты бітірген ақын жастайынан шығыс
шайырларының жырларын жаттап өседі. Оның
өлеңдерінің негізгі тақырыбы өмірге, туған жерге деген
сағыныш болды. Шет жайлап, өзге ортада өскен
ақынның тағдыры шығармашылығына әсер етпей
қоймайды. Соның ықпалынан қазақ даласына арналған
отты жырлар өмірге келді. Ақынның «Аруана – бауыр
дүние» деген өлеңін оқыған сайын, шеттегі
қандастарымыздың шерменде көңілі мен жанайқайы
жүрек қылын тілгілеп өтеді. Төлегеннің поэзиясы
туралы жазушы Әбіш Кекілбаев: «Төлеген Айбергенов
творчествосы – өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының
жыры», дейді.
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің ақын інісі Мұхтар
Шахановқа арнап жазған «Сағыныш» атты өлеңі
әдеби, мәдени ортада кеңінен танымал болса,
қарапайым халық оның «Бір тойым бар» деген
өлеңін жатқа оқиды. Дархан көңілді қазақтың
бірінен соң бірі болатын тойлары Төлегеннің осы
бір жырынсыз жетім болып қалатындай күй
кешеді.
Материалды көшіріп жариялау үшін
редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша
рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына»
гиперсілтеме берілуі тиіс.
Төлеген Айбергенов
Марапаттары
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының
лауреаты(1974 жылы қайтыс болғаннан
кейін) 1997 жылы ақынның “Таңдамалы
өлеңдер” жинағы мен ол туралы жазылған
“Біргемін мен сендермен” атты естелік
кітап, 2001 жылы “Бір тойым бар” атты
жыр кітабы жарық көрді.
Төлеген Айбергенов
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.
Менің жарым бұл түні кірпік ілмей,
Ақ көңілімен қуаныш бүртігіндей,
Омырауынан бір тәуір шайқап есіп,
Ажырасқанды жүреді қайта қосып.
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйгі берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиғантергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын,
Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,
Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.
Кім білсін талай күнгі арманым ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
Биыл көзі тірі болғанда ақын Төлеген
Айбергенов 80 жасқа толар еді. Бізде «ақын»
деген атаудың арзандап кеткені соншалық, сол
сөздің жанына субъектінің айырықайырмасына
қарай күшейтпелі есімдік қосқығымыз келіп
тұрады. Бірақ, Төлеген сияқты қадау ақындардың
тегеуріні өзіне ешқандай теңеуді дарытпайды. Ол
шын мәнінде ақын еді. Шығармашылық бабына
келген 30 жасында мезгілсіз өмірден озған
ақынның Қасымнан кейінгі қазақ поэзиясына жаң
түр, өзгеше өң бергені жасырын емес.
Төлеген Айбергенов
Шын таланттар алыстаған сайын биіктей
беретініне Төлеген сияқты қаламгерлер
еріксіз көзімізді жеткізеді. Өмірден озғанына
жарты ғасыр өткен ақынды халқы сағынып,
шарқ ұрып іздей бастады. Оқырманды
рухани азықтандырып отырған Төлеген
Айбергеновтің шығармашылығы мен
мерейтойы мемлекет назарынан тыс
қалмайды ғой деп ойлаймыз.
Төлеген Айбергенов
Назарларыңызға
РАХМЕТ!!!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.