|
||||
|
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабекова Жаннур |
|||
Күні: Сынып: 3"Б" |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Тәрбие сағатының тақырыбы |
"Туған жерім-алтын бесігім" |
|||
Жалпы мақсаты |
Жас ұрпақ Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білугетуған жерін қастерлей білуге тәрбиеленеді. |
|||
Сабақтың міндеттері |
Өз туған жеріне деген құрметі артады. |
|||
Әдіс –тәсілдер |
Ой қозғау, "заряд алу","бинго" "пинг-понг", жұптық, топтық жұмыс, "3себет", " Көңілді қонжық" әдістері. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Туған жерге деген құрмет. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Орыс тілі, ағылшын тілі |
|||
Көрнекіліктер |
Слайд, қиықшалар,плакат, бинго құралы, А3 формат, ойыншықтар, макет. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
|||
Сабақтың басы
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақтың ортасы
|
Армысың, Алтын күн! Армысың, Жер ана! Армысың, достарым! Армысыздар, қонақтар! Ынтымақтастық атмосферасын құру, оқушы зейінін аударып, сабақты бастауға жағдай жасау.
"Бинго" әдісімен тақырыпты ашу Балалар, барлығымыз өз орынымызға жайғасып болсақ "Бинго" әдісімен мен сендерген мына құты ішіндегі шарларды алып сұрақтарға жауап берулеріңді сұраймын: 1. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ............ 2. Акқу көлін аңсайды, Адам ...................... 3. Туған жерің қай қала? 4. Туған жер туралы қандай өлең жолдарын білесің? 5. Бақа көлін сүйеді, Бұлдырық шөлін сүйеді, Ер жігіт елін сүйеді. Мағынасын түсіндір. Мақсатын айқындайды. "Пинг-понг" әдісі арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларға топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды, топ ережесімен танысады. Топтық жұмыс (Дайындаған макеттерін қорғау, слайд). 1 топ: Батыс Алтай қорығы макеті. 2-топ: Ботаника бағы макеті. 3-топ. Алтын "Казцинк" макеті. Сергіту сәті. "Туған жер" әні . |
|
||
|
Балалардың туған жер туралы өздері білетін ақпараттырын арттыру мақсатында мұғалім "3 себет" әдісін қолдану арқылы 3 топқа топтық жұмыс береді.
|
Ресурстар 3 себе (қима қағаз). |
||
Сабақтың соңы |
«Көңілді қонжық» әдісі бойынша сабақты қорыту. (әуен тоқтағана қонжық кімнің қолында қалады, сол бала сұраққа жауап береді).
|
Слайд, ойыншық |
||
Өзіндік талдау
Сынып жетекші: Жұмабекова Жаннур Жұмабекқызы
Сынып: 3"Б"
Қалалық семинар
Тақырыбы: "Туған жерім-алтын бесігім"
Пайдаланылған құралдар: Слайд, қиықшалар, плакат, бинго құралы, А3 формат, ойыншықтар, макет
Мақсаты: Жас ұрпақ Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиеленеді.
Барысы:
1. Әдіс-тәсілдер: Қызығушылықтарын ояту, әңгілмелеу, сұрақ-жауап.
2. "Туған жерге саяхат" макет қорғау
3. Топтық жұмыс.Постер қорғау "3 себет" әдісімен. "Туған жерімді қорғаймын" тақырыбына.
4. Сергіту сәті.
5. Туған жерге байланысты видео роликтер көру.
6. Өз ойдарын ортаға салып, тақырыпты талдау.
7. Топтар арасында бір біріне сұрақтар қою.
8. Қорытынды "Көңілді қонжық" әдісімен
Тәрбие сағатынды оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында "Бинго" ойынын ойнатып сабаққа деген ынталарын ашып алдым, сонымен қатар балалар сұрақтарға жауап беру арқылы тәрбие сағатының тақырыбы "Туған жер " екенін түсінді. Балалар сабаққа жоғарғы дәрежеде қатысты. Туған жер сөзіне түсініктеме беріліп мақсаты айқындалған соң, бірден сабақты өз беттерінше алып кетті. Қаламыздың мұражайларына саяхат жасаған оқушыларым топ болып жасаған макеттерін қорғай отырып, басқа топтардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сергіту сәтінде балалар "Туған жер" әнін шырқап, бой сергітіп алды. Тәрбие сағатының келесі бөлімінде "3 себет" әдісімен сұрақтар таңдалып алынып, сол бойынша әр топ постер қорғады. Балалардың туған жерге деген көзқарастары өзгергендігі байқала бастады. Постерді әр топ жауапкершілікпен қорғай отырып, қарсылас таптардың жұмыстарын бағалай да отырды. Өзара сұрақтар қойылу арқылы сынып сағатында өз мақсатымажеттім. Оқушылар арасында табиғатқа деген қызығушылықтары оянып, табиғат алдындағы өзерінің міндеттерін түсінгендіктері бірден байқалды. Тәрбие сағаты "Көңілді қонжық" әдісімен қорытындыланды. Берілген тапсырмаларды оқушылар толық меңгерді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.