Тәрбие сағаты Спид-қатерлі дерт
Оценка 4.7

Тәрбие сағаты Спид-қатерлі дерт

Оценка 4.7
docx
04.03.2020
Тәрбие сағаты Спид-қатерлі дерт
“Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші.docx

Тақырыбы:“Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші



Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “ әдеби-сазды кеш.

Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.

Өтетін орны: Мәжіліс залы

 

                                                               Кештің барысы:

 

 

Сахна пернесі жабық болады.

Пернелер ашылады және тобымыздың би тобы «Шашу» биін орындайды.


1-жүргізуші:
Нұрай
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейне-сімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегі-мізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

2 - жүргізуші – Нұрберген
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлы-ның шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

 

1-жүргізуші: Нұрай
“Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші
мізге қонақтарымыз келіп отыр:

1.

2. Тәжібаева Самал Мусаевна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3. Жунусова Ляззат Сейткасымовна «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі

 

2 - жүргізуші – Нұрберген

4. Сейтенов Ерболат Айткулович орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы

5. Жаймағамбетов Аман Аманкелдивич колледжіміздің музыкалық жетекшісі

6. колледж кітапхана меңгерушісі.

 

Сахна пернесі жабық болады.


1- жүргізуші –Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
2- жүргізуші –Жырымен жан сусынын қандырған кім?
1- жүргізуші –Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
2- жүргізуші –Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
1- жүргізуші –Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
2- жүргізуші –Талабын тас қияға өрлеткен кім?
1- жүргізуші –Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
2- жүргізуші –Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
1- жүргізуші –Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
2- жүргізуші –Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
1- жүргізуші –Арманын атандырып келешекке ,
2- жүргізуші –Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
1- жүргізуші –Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
2- жүргізуші –Жауына найза сөзін шанышқан кім?
1- жүргізуші –Өзендей құйған барып көк теңізге,
2- жүргізуші –Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Пернелер ашылады және  сахнаға Абай шығады.  Телкабылов Алтынбек:
                                                                                           Жүрегімнің түбіне терең бойла,
                                                                                           Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
                                                                                           Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,

                                                                                           Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

 Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған ән: «Есіңде бар ма, жас күнім»
орындайтын Ақжүніс

1-жүргізуші – Нұрай
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғы-мыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

Абай кім?(бейнеролик) кітапханаларға саяхат аясындағы кездесулер.

2-жүргізуші – Нұрберген

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

1-жүргізуші – Нұрай
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Презентация «Ұлы халықтың- ұлы Абайы»
жүргенде топ студенті Меирхан Жеткерген
«Көзімнің қарасы» әнін орындайды.

2-жүргізуші –
Нұрберген

Енді сөз кезегін қонақтарға  береміз.

Тәжібаева Самал Мусаевна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жунусова Ляззат Сейткасымовна «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі

Сейтенов Ерболат Айткулович орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы

Жаймағамбетов Аман Аманкелдевич колледжіміздің музыкалық жетекшісі

1-жүргізуші –
Нұрай
 «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

1-студент:  «Қыс»
2-студент:   «Жазғытұры»
3-студент:   «Күз»


2-жүргізуші –
Нұрберген
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуа-тын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Қара сөздері

4- студент:   «19 қара сөз»
5-студент:   «45 қара сөз»
6-студент:  «7 сөз»


Сахна пернелері жабық


1-жүргізуші –
Нұрай
     Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзі-нің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка-лық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді.      

Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалық-тарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандар-дың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді.

Сахна пернелері ашылады.

 

Абайдың 17 қара сөзі (көрініс)


2-жүргізуші – Нұрберген
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтенов Ерболат Айткуловичке сөз береміз.
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы
Жаймағамбетов Аман Аманкелдевичке сөз береміз.

1-жүргізуші –
Нұрай


Студенттің  орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.

2-жүргізуші –
Нұрберген

                        Көп адам дүниеге бой алдырған,
                        Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
                        Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
                        Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

 

1-жүргізуші – Нұрай
 «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).

2-жүргізуші –
Нұрберген
Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.

1-жүргізуші – Нұрай
Колледж
іміздің кітапхана меңгерушісіне сөз береміз

2-жүргізуші – Нұрберген
Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):
 «Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. “Абай Құнанбайұлының шығармаларының” 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.

«Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» — («Жизнь и твор­чество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художествен­ная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.

«Абай – қазақтың ұлы ақыны» — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.

«Абай аулында» — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.

«Абай ақындығының айналасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.

«Абай елі» — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан.

«Абай елінде өткізілген мереке» — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.

«Абай еңбектерінің биік нысанасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социа­лист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.

«Абай жайын зерттеушілерге» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.

«Абай жолы» (мақала) — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 ж. 13 қарашада шыққан.

«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы» — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

«Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.

«Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы» — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.

«Абай Құнанбаев» (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына бай­ланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.

«Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар» — Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).

«Абай» (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.

«Абай» (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.

«Абай» (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.

«Абай» (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.

«Абай» (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.

«Абай» (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.

«Абай» (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.

«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горь­кий атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.

«Абайды білмек керек ойлы жасқа» — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж.

«Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым

М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.

«Аймақтану, білім арттыру» — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.


1-жүргізуші – Нұрай
Абайдың шығармашылығын зерттеймін деушілерге дерек, монографиялық еңбектер легі осы. «Абайды оқы, таңырқа!» Қатысушыларға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншук Маметова атындағы

Ақтөбе жоғары медициналық колледжі»МКК

 

                                                                                                                    Бекітемін   

                                                                                              Директордың тәрбие  ісі

                                                                                                 жөніндегі орынбасары

                                                                                                     _______С.Тәжібаева

                                                                                                  « ___»_______ 2019 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына

орай дайындалған

“Ұлы халықтың - ұлы Абайы”

 атты әдеби-сазды кеші нұсқамасы




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2019 ж


 

Тақырыбы:“Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші

Тақырыбы:“Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 2- жүргізуші –Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 1- жүргізуші –Арманын атандырып келешекке , 2- жүргізуші –Біздермен осы күнгі тілдескен кім?…

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 2- жүргізуші –Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 1- жүргізуші –Арманын атандырып келешекке , 2- жүргізуші –Біздермен осы күнгі тілдескен кім?…

Презентация «Ұлы халықтың- ұлы

Презентация «Ұлы халықтың- ұлы

Нұрберген Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нұрберген Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абай елінде өткізілген мереке» —

Абай елінде өткізілген мереке» —

Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь

Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь

ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншук

ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншук
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2020