Тәрбие сағаты.Тапқыр болсаң талас жоқ
Оценка 4.8

Тәрбие сағаты.Тапқыр болсаң талас жоқ

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
воспитательная работа
3 кл
03.01.2023
Тәрбие сағаты.Тапқыр болсаң талас жоқ
Сынып жетекшілерге арналған интеллектуалдық ойын
Тапқыр болсаң талас жоқ.docx

Интеллектуалды сайыс

Пән мұғалімі Сахиева Роза

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң,талас жоқ» 

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.
Көрнекілік: суреттер,сызбалар,білімбук
Сайыстың түрі:топтық жұмыс

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

- Құрметті тәлімгерлер,  тынығушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен лагерь тынығушыларының арасында «Тапқыр болсаң,талас жоқ» атты интеллектуалды сайысын өткізгелі отырмыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жалын» тобы
2 «Күншуақ» тобы

3 « Балдырған » тобы

4 «Болашақ » тобы


- Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.

- Бүгінгі интеллектуалды ойын 3 бөлімнен тұрады:
1.“Қас – қағым сәтте”/кинолардан үзінді/
2.“ Мақал - сөздің мәйегі ”/берілген суреттерден мақал құрастыру/

3.«Ойлы болсаң, озып көр!»/ізде жазылған ережелерді айту/

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І - кезең“Қас – қағым сәтте” деп аталады. Бұл сайыста әр топқа 2 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 5 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

 


IІ- кезең “Мақал –сөздің мәйегі»
Бұл турда суреттер беріледі,сол бойынша мақал құрастыру  Әр топқа 2 мақал - мәтелден беріледі.
Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1 - топ:
1. Туған жердей жер болмас,...(туған елдей ел болмас)
2. 
Жүз сомың болғанша,... (жүз досың болсын)


2- топ:

1. Досы көпті жау алмайды, …(ақылы көпті дау алмайды)

2. Еңбектің наны тәтті,...(жалқаудың жаны тәтті)

3 - топ:
1. Білекті бірді жығар,...(білімді мыңды жығады)

2. Ғылым теңіз,...(білім кеме )

 

4 - топ:

1. Еңбек етсең ерінбей,...(тояды қарның тіленбей)
2. Оқу инемен.....(құдық қазғандай )

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

ІІІ – кезең «Ойлы болсаң озып көр»
Бұл кезеңде берілген іздерде жазылған сұрақтарға тез жауап бере отырып ,мәреге жету. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай./барлығы 5 сұрақ/

Қорытынды

Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз.


 

Интеллектуалды сайыс Пән мұғалімі

Интеллектуалды сайыс Пән мұғалімі

Бұл сайыста әр топқа 2 сұрақтан қойылады

Бұл сайыста әр топқа 2 сұрақтан қойылады

Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау

Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.01.2023