1.Тәрбиелік – воспитательная: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, тазалыққа, жинақылыққа баулу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру. Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Ана аю маскасы, тұрмыстық техника суреттері.
Көптілділік/Полиязичие: газ плитасы – газовая плита - холодильник gas stove, шаңсорғыш – пылесос - vacuum cleaner, үтік – утюг - iron, теледидар – телевизор - teledidar, тоңазытқыш – холодильник - refrigerator
18.10.19 тұрмыстық заттар.docx
Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Денсаулық. Здоровье
Пән/Предмет: Қауіпсіз мінезқұлық негіздері
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Нан қайдан келеді?»
Тақырыбы/Тема: «Тұрмыстық заттар»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру,
тазалыққа, жинақылыққа баулу.
2.Дамытушылық – развивающая: Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін
жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын
технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Ана аю маскасы, тұрмыстық
техника суреттері.
Көптілділік/Полиязичие: газ плитасы – газовая плита холодильник gas stove, шаңсорғыш
– пылесос vacuum cleaner, үтік – утюг iron, теледидар – телевизор teledidar,
тоңазытқыш – холодильник refrigerator
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Қызықты сәт: Қонаққа Ана аю келеді.
Ана аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен тазалық пен тәртіпті жақсы көремін, сондықтан да
күнделікті үй шаруасымен айналысамын: кір жуамын, үй жинаймын. Кейде жақсылап дем
алғанды, және ойнағанды ұнатамын. Ал сендер менімен ойнағыларың келеді ме? Мына
жерде шашылып жатқан не нәрсе? (Текшелерді көрсетеді) Мұны дереу жинамай мен
ешқандай ойын ойнай алмаспын.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Ана аю сіз күнделікті үй шаруасынан шаршаған шығарсыз, сіз отырып дем алыңыз. Ал мен
сізге және балаларға үй шаруасын жеңілдететін заттар туралы айтып беремін.
Біздің үйімізде таңғажайып құралдар бар, олар біздің көмекшілеріміз. Олар шулайды,
ызылдайды,тарсылдайды.
Сендер білесіңдер ме олар қандай заттар?
Дұрыс айтасыңдар, газ, үтік, теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, шаңсорғыш
бұлардың бәрін біз бір сөзбен тұрмыстық бұйымдар дейміз.
Көптілділік: газ плитасы – газовая плита холодильник gas stove, шаңсорғыш – пылесос
vacuum cleaner, үтік – утюг iron, теледидар – телевизор teledidar, тоңазытқыш –
холодильник refrigerator
Жеке жұмыс: Санжар сен тағы қандай тұрмыстық бұйымдарды білесің? Олар қалай жұмыс істейді?
Тұрмыстық техника дегеніміз әр үйде қоладынылып жүрген тоқ көзімен істейтін заттар.Тоқ
көзімен істейтін заттарды пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
«Құралдарын ауыстыр» дидактикалық ойыны. (фланель тақта қолданады)
Тақтада адамдардың үйдегі еңбегі.(үй сыпырған әйел, кір жуып тұрған қыз)
Осы адамдардың жұмысын қандай құралдармен жеңілдете аламыз?
Жеке жұмыс: Алуа сыпыртқының орнына не қолдануға болады?
Онымен балалар қолдануына болады ма?
Сергіту сәті
Токтар сымның бойымен
Жүгіреді тоқтаусыз.
(денемізге саусақтарды жүгіртеміз)
Топқа жарық сыйлайды,
Барлығына ұнайды.
(қимылқозғалыс көрсету)
Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;
Балаларға ересектерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;
Ересектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.
«Не зат,не үшін керек?»
Ойынның шарты: балалар шеңберде тұрып бірінші бала техника бұйымдарының суретін
көрсетеді екінші бала қажеттілігін айтады.
Мысалы: үтік – киімдерді үтіктеу, тоңазытқыш – азықтүлікті сақтау.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Ана аю: Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен мұндай ғажайып техникалар бар
екенін білмеппін.
Балалар тұрмыстық техникаларға не жатады?
Балаларға оны қолдануға болады ма?
Балаларды жұлдызшалармен мадақтау.
"Тұрмыстык заттар"
"Тұрмыстык заттар"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.