ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Оценка 4.9

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Оценка 4.9
Раздаточные материалы
doc
окружающий мир +1
Взрослым
04.05.2017
ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ Оқытуды басқару және көшбасшылыққа кіретін дағдылар, білім және түсінік уақыт өткен сайын дамиды. 3-деңгейде мұғалімдер дамыту жөніндегі жұмысқа жетекшілік етудің негізгі қағидаттарын зерделеп, өздерінің жеке іс-тәжірибесін жақсартуға бағытталған шағын жобаларға қатысады деп күтіледі. Бұл мектеп директорымен ғана емес, сондай-ақ әріптестермен жобаның негізгі мақсаты мен іс-әрекеттің ұсынылған жоспары туралы кеңесуді қамтитын кәсіби мәнмәтінге негізделіп жасалуға тиіс.ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ Оқытуды басқару және көшбасшылыққа кіретін дағдылар, білім және түсінік уақыт өткен сайын дамиды. 3-деңгейде мұғалімдер дамыту жөніндегі жұмысқа жетекшілік етудің негізгі қағидаттарын зерделеп, өздерінің жеке іс-тәжірибесін жақсартуға бағытталған шағын жобаларға қатысады деп күтіледі. Бұл мектеп директорымен ғана емес, сондай-ақ әріптестермен жобаның негізгі мақсаты мен іс-әрекеттің ұсынылған жоспары туралы кеңесуді қамтитын кәсіби мәнмәтінге негізделіп жасалуға тиіс.
5_ТОО_4а2к_Тәжірибеде оқытуды басқару және көшбасшылық.doc
ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ Оқытуды басқару және көшбасшылыққа кіретін дағдылар, білім және түсінік уақыт өткен сайын дамиды.  3­деңгейде  мұғалімдер   дамыту   жөніндегі   жұмысқа   жетекшілік   етудің   негізгі қағидаттарын   зерделеп,   өздерінің   жеке   іс­тәжірибесін   жақсартуға   бағытталған   шағын жобаларға қатысады деп күтіледі.  Бұл   мектеп   директорымен   ғана   емес,   сондай­ақ   әріптестермен   жобаның   негізгі мақсаты мен іс­әрекеттің ұсынылған жоспары туралы кеңесуді қамтитын кәсіби мәнмәтінге негізделіп жасалуға тиіс. Кәсіби мақсаттарды анықтау  Оқытуды   басқару   мен   көшбасшылыққа   кіретін   іс­әрекеттер   құндылықтарды   нақты анықтауға негізделіп, кәсіби мақсаттарды көздеген жағдайда ғана табысты бола алады. Сіздің кәсіби мақсатыңыз сіз зерттегіңіз келетін нәрсеге емес, сіз өзіңіз әсер еткіңіз келетін   нәрсеге   бағытталуы   мүмкін.   Мүмкін,   сіз   төмендегі   сөйлемдерді   өзіңіздің   кәсіби мақсатыңыздың мәні туралы ойлануға көмек ретінде қолданғыңыз келер:  Мен ... жақсартқым келеді.  Мен ... жаңа тәсілін жасағым келеді.  Мен ... арналған стратегиялар әзірлер едім.  Мен біздің ... тәсілді өзгертер едім.  Мен ... жұмыс істеудің жаңа тәсілін табуға көмектескім келеді. Өткен сабақта сіз өз құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңызды анықтадыңыз  Осы тәсілді бұған дейін пайдаланған мұғалімдер бұл тиімді өткен уақыт болды деп жиі айтады, өйткені жұмысбасты мұғалімдерде өздерінің жеке құндылықтары туралы ойланып, оларға рефлексия жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Өзгеріс енгізе алу үшін, өз мектебіңізде нені   бағалайтыныңызды,   сіздің   ойыңызша   нені   жетілдіруге   болатынын   терең   түсіну   өте маңызды болып табылады.  Дамыту жұмысының мақсаты жақсарту, дамыту және өзгерту болып табылады. Енді сіз өзіңіздің   дамыту   жұмысыңыздың   әлеуетті   әсерін   қарастыруға   көшіп,   осы   әсерді   барынша дамытуды жоспарлауыңыз қажет. Көбінесе   мынадай   жағдай   орын   алады,   мұғалімдер   жобаларын   аяқтап   болған   соң рефлексия жасайды, сол кезде оларды таңқалдыратын жайт жобаның мұғалімдер күтпеген басқа бағыттарға әсер еткені. Егер де сіз жобаның мүмкін болатын әсерін анықтауға біраз уақыт   жұмсап,   сол   әсердің   дамуын   барынша   жоспарласаңыз   керемет   нәтиже   беретінін естеріңізде сақтаңыз.  Дамыту жоспарын нақтылау үшін келісу және кеңес алу  Сіз   көздеген   әсерге   қол   жеткізу   үшін   сізге   белгілі   тәсілдермен   әрекет   ету   немесе өздігінен   жұмыс   жасау   көп   жағдайда   нәтиже   бере   қоймайды.   Сондықтан,   мұғалімдер   өз мақсаттарына жету үшін жаңа стратегияларды қолданып, басқа адамдармен бірге әрекет ету керектігін ұмытпаулары керек.  Дамыту   жұмысының   әсерін   кеңейтіп,   өзіңіздің   жеке   көзқарастарыңызды   өзгерткіңіз келсе   басқалармен   кеңесуіңіз   керек.   Олар   мектеп   директоры,   сіздің   жұмысыңызға қызығушылық   білдірген   басқа   басшылар,   әріптестер,   ата­аналар   және   басқа   қызығушы адамдар болуы мүмкін Басқа адамдармен кеңесу Жобаны дамытудағы элементтердің орындылығы мектептің ұйымдастыру мәдениеті мен   салт­дәстүріне   байланысты.   Бұл   тек   сіздің   мектебіңіздің   салынған   күні   немесе   оның ұраны ғана емес, сонымен бірге сіз мыналарды білуіңіз керек:      бұрын көтерілген бастамалар; қызметкерлердің негізгі ұстанымдары мен құндылықтары; ұйымдастыру құрылымы; қызығушылық білдірген мұғалімдердің педагогикалық дағдыларының деңгейі. Басшылар   және   тәжірибелі   әріптестер   сіздің   дамыту   жөніндегі   жобаңыз   енгізілетін мәнмәтін туралы көбірек білуге көмектесе алады.  Өз   жоспарларыңызды,   сонымен   қатар   әрекеттеріңізді   жазып   отырған   маңызды.   Бұл жазбаларды ойлауыңыз бен жоспарлауыңыздың көрнекі дәлелі ретінде жеке құжаттарыңызға қосуға болады.   4­қадам. Іс­әрекеттерді жоспарлау Сіздің дамыту жұмысыңыздың ықпалын түсініп қана қоймай, осы жұмысты басқаруда көмектесетін нақты жоспар әзірлеу де маңызды. Дамыту барысында осы элементтер туралы ойлану (6­тапсырма) іс­әрекеттерді жоспарлауыңызды үйлестіреді.  Сіздің   іс­әрекет   жоспарыңызда,   төмендегі   диаграммада   көрсетілгендей,   3   элемент тепе­тең жағдайда болу қажет. Диаграммада сауатты жүргізілген дамыту жөніндегі жұмыс сынып   жағдайында   жаңа   тәсілдерді   сынау   арқылы   әріптестерді   іс­тәжірибені   талқылап, бағалауға   тарту   идеясын   бейнелейді.   Деректерді   әртүрлі   мақсаттарда   жинауға   болады: айталық, сізге сыныптағы жұмыс туралы оқушылардың пікірлерін жинау керек болды делік; немесе сізге сабақты қадағалау арқылы дерек жинауға тура келуі мүмкін. Дамыту жұмысын басқару Өзгерістерді басқару жөніндегі бірлескен жұмыс Деректерді жинау және пайдалану Тәжірибеде эксперимент жүргізу 8­тапсырма сіздің іс­әрекет жоспарыңызды дамытуға көмектеседі. 8­тапсырма: Іс­әрекет жоспарын әзірлеу Сіздің іс­әрекет жоспарыңыз әрқашанда белгілі бір уақытқа арналуы керек. Сіз мектеп жағдайында жоба қалай жүзеге асатынын болжай алмайсыз және проблемалардың туындауына дайын   болуыңыз   керек.   Сіз   жоба   барысында   туындайтын   идеялар   мен   түсінік   бағыттың өзгеруіне әкелетінін байқауыңыз мүмкін. Сондықтан сіз жоспарды қанша рет қажет болса, сонша рет қайта қарап түзету үшін сақтауға міндеттісіз. Егер сіздің жоспарыңыз түбегейлі өзгерсе, онда жаңа жоспар күшінде екеніне және оны басқалар қолдайтынына көз жеткізу үшін сізге әріптестеріңізбен және қызығушылық білдірген адамдармен кеңесу керек. 2­кезең:  Шолу  Дамыту жобасын жүргізу (мектепте) Өз мектебіңізде өткізілетін екінші кезеңде сіз дайындық кезеңінде әзірлеген дамыту жобасын іске асырасыз. Бұл кезең сіздің іс­әрекет жоспарыңызды аяғына дейін пысықтау үшін басқалармен   келісуді,   мүмкіндігінше,   барлық   қатысушыларды   хабардар   етуді   және жоспарыңызды іске асыруды бастауды қамтиды.  5­қадам.   Жоспарды нақтылауға бағытталған келіссөздер мен кеңесулер Мектепте   жобаңызды   жүзеге   асыру   барысында   барлығына   өзіңіз   қол   жеткізуге ұмтылғаннан  гөрі, басқаларды өзіңізбен бірге әрекет етуге тартуыңыз  өте маңызды  болып табылады.   Ынтымақтастық   негізінде   өзгерістерді   басқару   қызметін   әртүрлі   тұрғыдан қарастыруға болады.  Әріптестер мен қызығушылық білдірген адамдардан кеңес алу  Жеке   даму   және   іс­әрекет   жоспарларын   жазудың   түбегейлі   мән­мағынасы   – қызығушылық   білдірген   адамдармен,   әлеуетті   қатысушылармен   және   дамыту   жөніндегі жұмысты қорғау және проблемаларды жеңу үшін сізге қолдауы қажет болатын тұлғалармен кеңесу мүмкіндігіне ие болу. Бұл әдетте жоспарды талқылау және талқылаудан кейін оны бекітуге дайын болу үшін жиналған жекелеген кісілер мен топтардың отырысы түрінде өтеді.  Әріптестер мен қызығушылық білдірген адамдарды құлағдар ету Кеңестерді   бір   реттік   оқиға   ретінде   емес,   үздіксіз   үдерістің   бастамасы   ретінде қарастырған   дұрыс.   Егер   әріптестер   мен   басқалар   іс­әрекет   қойылған   мақсаттарға   қарсы келетіндей күрт өзгерді деп мазасыздана бастаса, дамыту жұмысында қиындықтар туындауы мүмкін.  Команда болып жұмыс істеу Мектептердің көпшілігінде командалар біршама тұрақталып қалған. Бар командалар бірлескен іс­әрекеттерді жоспарлау немесе бағалау сияқты ынтымақтастықты барынша айқын жүргізу жолдарын қамтамасыз ете алады.  Мектеппен серіктестік қарым­қатынас орнату Мұғалімдер бірлесе бақылау, басшылық ету, жаттықтыру немесе басқа іс­әрекеттер үшін әріптестік қарым­қатынас қалыптастыру мақсатында дамыту жұмысын ұйымдастыруы мүмкін. Мысалы,  оқыту әдістері  мен пән тақырыбы арасындағы байланысты  зерттеу үшін жаратылыстану   пәндері   мұғалімдерінің   әдістемелік   бірлестігі   көркемөнер   саласы мұғалімдерімен бірлесіп салыстырмалы зерттеу жүргізуге келісуі мүмкін. Оқушылармен жұмыс Оқушылардың пікірі фокус­топтар немесе оқушыларды зерттеушілер рөлінде дамыту жұмысына   белсенді   тарту   арқылы   қолданылуы   мүмкін.   Сондай­ақ   олар   үдеріске   басшы ретінде машықтану арқылы тартылуы мүкін.  Осы   кезеңде   өзіңіздің   дамыту   жөніндегі   жұмысыңызға   басқаларды   қалай тартқаныңызға баға бере отырып, 9­тапсырманы өткізу пайдалы болар. Осыдан кейін, егер бұл өз мақсаттарыңызға  жетуге  көмектесетін  болса,  сіз бірлескен  жұмысты  бұдан әрі жүргізу жоспарын жасай аласыз. 9­тапсырма: Дамыту жұмысына басқаларды тарту 6­қадам. Жауап алуға негізделген дамыту жұмысына басшылық жасау Істі басқару мен жүргізуге оқыту үнемі ойдағыдай өте бермейді. Мұғалімдер жауап алуға  негізделген  дамыту  жөніндегі жұмысты  жүргізуде  бірқатар  қиындықтарға  кездеседі, себебі ол жоспардың барлық элементтерінің іс­әрекет барысында қолданылуын қиындатады. Оның орнына мұғалімдерге іс­әрекеттің жаңа жоспарын жасауға тура келеді. 10­тапсырма сізге өзіңіздің жеке қиындықтарыңызды анықтап, оларды жеңу тәсілдерін білуге көмектеседі. 10­тапсырма: Қиындықтарды жеңу Кез   келген   дамыту   жұмысындағы   ең   маңыздысы   дамыту   жұмысы   кезінде пайдаланылатын деректерді жинау болып табылады. Дамыту жөніндегі жұмысты жетілдіру үшін   оқушыдан   кері   байланысты   қолданатын   мұғалімнің   тәжірибесінен   алынған   мысалды қарастырып көрелік. Қысқаша мысал: Кері байланысты қолдану тұрғысынан тәжірибені түзету Ширли   Валентайн   жұртшылықты   өз   оқушыларының   білім   алуына   тартқысы келді. Ол оқушылар егде адамдармен мүмкіндігінше көбірек араласса, өте жақсы азамат болып өсіп шығады деп ойлады. Ол бұл туралы мектеп директорымен сөйлесіп, директор оны қолдады.  Бірінші кезеңде жергілікті қоғам өкілін сабаққа қатысуға шақыру міндеті тұрді. Өкіл 1928 жылы туған әже болып шықты. Оқушыларға оның жасы туралы алдын ала айтылып, «уақыт кесіндісі» жасалды. Балалар осы қарт әйелдің туған жылынан бастап тарихта   болған   шешуші   оқиғаларды   жазу   арқылы   «уақыт   кесіндісін»   толтыру   үшін негізгі мектеп көздері мен интернетті пайдаланып, шағын топтарда бірлесіп жұмыс істеді.   Әрбір   топ   уақыттың   белгілі   бір   үзігіне   көңіл   аудара   отырып,   келген   қонаққа сұрақтарын   дайындады.   Балалар   айтылғандарды   жазып   алып   отырды   да,   қонақ кеткеннен кейін карточкаларға қысқаша хабарламалар жазды. Оқушылар фотолармен және   басқа  да  табылған  суреттермен  қосып,   оларды   «уақыт  кесіндісіне»   жапсырып қойды. Олар, мысалы, қонақ әже антибиотик ойлап табылғанға дейін медбике болғанын және карбол қышқылын гигиеналық мақсатта пайдаланғанын білді.  Ширли   оқушылардың   ата­аналарынан   сауалнама   толтыруды   сұрады,   ол сауалнамада мынадай сұрақтар болды: Балаңыз қонақ әже қатысқан сабақ туралы сізге айтты ма? Сіздің балаңыз осы кездесуден не білді деп ойлайсыз? Мұғалім оқушылардан түсініктемелерін параққа жазып, тақтаға ілулерін сұрады. Осыдан кейін Ширли сынып алдында түсініктемелерді  оқып, балалардан белгілі  бір түсініктемелермен  келіспеген жағдайда   қол   көтерулерін   сұрады.   Ширли   айтылған   пікірлер   туралы   ойланды. Пікірлердің   барлығы   жағымды   болды,   бірақ   оқушылардың   көбі   «уақыт   кесіндісіне» жабыстырылған   карточкаларда   не   жазылғанын   түсіне   алмағандарын   айтты. Карточкаларды толтырған оқушылар көп нәрсені біле алды, бірақ ұжым ретінде білуге болатын нәрсенің бәрін меңгере алмады. Ширли сабаққа қонақты екінші рет шақырғанда, оның оқушылары жұп­жұппен жұмыс істеді және ол тапсырмаға жаңа кезең енгізді. Қонақ кеткеннен кейін сынып қонақ туралы не білгендерін талқылауға кірісті, содан соң тарихтың белгілі бір кезеңдері туралы   мәліметті   көбірек   білетінін   танытқан   оқушылар   берген   ақпаратты   жаза бастады.   Бүкіл   ақпарат   карточкаларға   жазылып,   тақтаға   ілінді.   Сосын   жұптарға карточкаларға   жазылған   ақпарат   таратылып,   сондай­ақ   сол   ақпаратты тарқатуларына мүмкіндік беру үшін компьютерді қолдануға рұқсат етілді. Оқушылар жұп болып, интернет материалдарын басшылыққа ала отырып, тарихқа қатысты өз бөлігін   кеңейте   алды,   мысалы,   қонақ   ауруханаларда   «карболканы»   пайдаланғандары туралы айтқан кезде, оқушылар осындай ақпаратты іздеп, «карбол сабыны таскөмір шайырынан жасалады және екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін техникалық дүкендерде   сатылған.   Ол   әлі   де   сол   кездегіні   еске   түсіретін,   ескі   үлгідегі   заттарды тұтынғысы   келетін   адамдар   үшін   интернет   арқылы   қолжетімді»   деген   мәліметті тапты. Бұл   жиналған   ақпараттың   сапасын   арттырып,   ол   туралы   таныстырылымды жақсартуға   мүмкіндік   берді.   Басқа   оқушыларға   соңғы   материалды   оқып   шығу ұсынылды. Сонымен қатар сіз ненің өзгергенін және қалай өзгергенін көрсету үшін де деректер жинай аласыз. Содан кейін басқаларға өз жұмысыңыздың әсерін көрсету үшін осы деректерді пайдалануға болады. Сіз жинаған деректер, сондай­ақ оларды жинақтау тәсілі сіздің бастапқы мақсатыңызбен үйлесуі өте маңызды. 11­тапсырмада дамыту жөніндегі жұмысыңызда өзіңізге қолдау көрсететін деректер жинау тәсілін қалай таңдау керектігі туралы кейбір ұсыныстар берілген. 11­тапсырма: Дерек жинауды жоспарлау  Сауалнама   сізге   өзіңіздің   оқытуыңызды   бағалауға   және   өзіңіздің   жеке   түсінігіңізді дамытуға   көмектеседі,   бірақ   егер   де   сіз   шынымен   де   мектебіңізде   оқыту   мен   оқуды жақсартқыңыз   келсе,   өзіңіз   пайдаланатын   деректердің   маңызды   мәні   бар   екеніне   көз жеткізуіңіз қажет. Өз жұмысыңыздың ықпалын барынша арттыру мақсатында сіз кәсібилікке қатысты пікір білдіру мен талқылауды ынталандыру үшін айғақты пайдалана аласыз, сондай­ ақ әріптестеріңіз жағдайды қалай қабылдайтынына әсер ете аласыз.

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017