Қош келдің, Жаңа жыл еліме!
Мұз ханшайымы :
Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ит жылын
Ұзатып сап Тауық жылын.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, бала бақша ұжымы, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылымен құттықтаймыз. Жаңа жылымызды әнмен қарсы алайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар, сендерге қонаққа саяхатшы Дара келе жатыр екен. Дара: Боти, біз бүгін ғажайыптар әлеміне саяхат жасаймыз. Боти: Ол қай жерде? Дара: Ол үшін бізге балалардың көмегі керек. Боти: Қандай? Дара: Шапалақ қажет, қане, балалар, шапалақтасандар, біз сендердің қастарынан табыламыз. Музыка ырғағымен Дара мен Боти шығады Дара: Боти, ғажайыптар еліне келдік! Қандай ғажап! Ғажайыптар әлемінің кейіпкерлері қандай әдемі! Боти: Дара, шыршаға қараңызшы, мен мұндай сиқырлы шырша көрмеппін. . Музыка ойнап тұрады. Дара: Балалар, Аяз ата сендерге ХАТ жіберген болатын, соны оқуға рұқсат етіндер: «Құрметті Ғажайыптар еліне жиналған халайық, боран болып сіздерге жете алмай келемін, сондықтан Жаңа жыл мерекесін бастай беріңіздер» депті.
Жүргізуші: Олай болса, біздің балалардың тақпақтарын тамашалайық.
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Дара: Хат пен бірге балақайлар Аяз ата жібереген сыйлығымыз бар, міне қарандар, бұл сыйлықты ашпас бұрын біз бір рет ойын ойнап алсақ қалай қарайсындар? Біз ойнап жатқанда мына сыйлығымыздың кілтін біреу алып кетпесін, егер алайақ түлкі келсе «Алайақ, ұрлама» деп айтындар. Дара мен Боти балаларды ойнатады, сол уақытта түлкі кілтті ұрлап алады. Балалар: «Алайақ, ұрлама» деп айқайлайды, Түлкі: Қап қырсығын-ай. Дара: Түлкі, әкел кілтті, мұнда біздің балаларға Аяз ата жіберген сыйлық бар.
Түлкі: Мен кілтті беремін, тек сендер маған өнер көрсетіңдер. Дара: Біз ғажайыптар еліндеміз, өнердің барлығы бар, бізде, түлкі, ән бар, би бар!! Балалар онда түлкіге «Жаңа жыл» әнін шырқап берейік.
Ән: «Жаңа жыл» Дара: Жақсы, балалар, түлкі енді кілтті бересің бе? Түлкі: Сендер ән мен би дегенсіндер, ал би қайда? Жүргізуші: Онда биші қыздарымызды шақырайық.
Би: «Балапандар» Дара: Түлкі, енді бересің бе кілтті? Түлкі: Беремін ғой, бірақ мен сендермен Жаңа жылды қарсы алсам болады ма? Дара: Жақсы, түлкі, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал.
Түлкі қуанып билейді
Дара: Балалар, кәнекей шыршамызды айлана, шырша жырын
шырқайық Хоровод «Шырша жыры»
Дара: Бүгінгі ғажайыптар әлемінде кім жетіспей
тұр айтындаршы. Балалар: Аяз ата
Дара: Онда ортаға Аяз атамызды шақырайық. Аяз ата!
Музыка ойнап, Аяз ата, Ақшақар, Тауық келеді. Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне
үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен
ел.
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ата - аналар! Өздеріңді
сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік
әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Мұз ханшайымы:
Армысыз, Ата! Армысың, Ақшақар.
Аяз ата: Біз қай жерге келдік қарағым?
Мұз ханшайымы:
Ғажайыптар еліне келдіңіз.
Аяз ата:
Бәрекелді, балам! Өнерге жақын
өрендерің мұнда да бар шығар?
Мұз ханшайымы:
Әрине, ата! Шығыстың шырайын
кіргізер мың бұралған бишілеріміз, керемет ән салатын
әншілерімізде бар. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Бір топ бала сырғанап,
Би билейік зырлайық.
Қалды артта қар алып,
Іздерінен қар ұшып.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жап - жалтар боп жатады.
Қыс келді, Қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аязатаны.
Мұз ханшайымы: Кәнекей, балалар, шыршаны айнала, ән шырқайық
Хоровод: «Жаңа жылда жаңа жыр» Аяз ата: Рұқсат шырақтарым, рұқсат. Билеріңді, әндеріңді бастамас бұрын, балақайлар, менің сыйлығымды сендерге табыстайын! Дара, қайдасын? Менің сыйлығым қайда? Сыйлықты аш.
Дара: Аяз ата, бірақ түлкі сыйлығымызды ұрлап, кішкене қыйындықтар болды.
Аяз ата: Түлкі, бері кел. Неше рет саған айтамын, өтірік айтуға, ұрлық жасауға, қызғаншақ болуға болмайды ғой. Мынандай тәуелсіз бақытты шақта біз тек қана ақылды болып, «Үлкенге ізет кішіге құрмет» дегендей айналамыздағы адамдарға құрметпен қарауымыз керек емеспе? Енді сенің жаман қылықтарынды көрмейтін болайын түлкі. Егер қайталанса мен сені мұз қылып қатырып тастаймын.
Түлкі: Аяз ата, түсіндім келесі жолы ешқашан олай жасамаймын, міне кілт
Аяз ата кілтпен сыйлықты ашады ішінен Жаңа жыл Ит шығады.
Ит сөзі:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын - дегендей
мен сіздерге жақсы жыл болуға уәде берем.
Тауық сөзі: Мен сіздерге жаман жыл болмадым деп ойлаймын, қолымдағы шар ол сиқырлы. Бұл сиқырлы шар денсаулықты, білімді, спортты, өнерді қолдайтын жол ашып отыратын шар. Сондықтан мешін осы шарды саған табыстаймын шарға ие бол (музыка).
Мұз ханшайымы: Кәнекей, балалар, итпен Жаңа жыл құрметіне бір ойын ойнайық.
Ойын: «Аққала құрау»
Аяз ата: Қандай ғажап, балалар, сендер өнерлі екенсіңдер. Барлығың ақылды болыңдар, ал менің тағы баратын жерім көп. Сендердің қастарына итті тастап, тауықты әкетейін. Дара: Біз де қайтайық, балалар,сендермен уақытты жақсы өткіздік, сау болыңдар.
Ханшайым:
Міне, қымбатты, балалар, бірлесіп, достасып
өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық,
бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын,
аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке
қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа жылың
баршанызға!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.