Внеклассные материалы по истории Казахстана
Оценка 4.9

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Оценка 4.9
Презентации учебные +1
doc
история
10 кл
17.02.2017
Внеклассные материалы по истории Казахстана
Публикация является частью публикации:
Сабақ тақырыбы Ұлы көш.doc
Сабақ тақырыбы: Ұлы көш (ойыны) (11 сынып қоғамдық- гуманитарлық бағыт) Білімділік: Оқушыларға өткен «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресі» тарауы бойынша ойларын тиянақтап,білімдерін шыңдау мақсатымен жан- жақты мәліметтер мен деректерді оңай, тиімді жолдармен ой елегінде қалдыру. Дамытушылық:Оқушылардың ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділігін шыңдап, дамыту. Тәрбиелік: Отанын, халқын сүюге, патриоттықа тәрбиелеу: А/ Ұлттық тәлім тәрбие беру Ә/ Саяси патриоттық тәрбие беру Б/ Топпен жұмыс жасауға баулу Көрнекіліктер: Ойын деңгейлерінің көрсеткіштері: Түрлі-түсті бағалау парақшалары Ойынға қажетті сөзжұмбақтар Сұрақ жасырған қалташалар Тест парақшалары Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: Қайталау сабағы Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Ойын шарттарымен таныстыру Негізгі 4 бөлім (көктеу, күзеу, жайлау, Қортынды (оқушыларға баға қою) қыстау) Мұғалім сөзі: Балалар, біз бүгін «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресі» тарауын аяқтауымызға байланысты, осы тараудағы өткен материалдар бойынша білімімізді тиянақтау мақсатымен «Ұлы көш» ойынын ұйымдастырып отырмыз. Сабақтың тақырыбы жайлы айта кетер болсақ. Дәстүрлі қазақ шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы мыңдаған ғасырлар бойына қалыптасқан шаруашылық. Бұл тарауымызда осы шаруашылықтың ауысым мезгілдерінің жер мәселесіне байланысты бұзылғаны жайлы біз талай рет айтып кеткен болатынбыз. Ойын шарттарына келер болсақ: дәстүрлі қазақ шаруашылығының ауысым мезгілдеріне байланысты төрт деңгейге бөліп отырмыз. «Көктеу», «Жайлау», «Күзеу», «Қыстау» 1. 2. 3. 4. 1. 2. 3. «Көктеу» атына байланысты көктем мезгілінде қыстан шыққан малды жасыл желекке оранған қырға шығару... Бірінші деңгейді бастамас бұрын екі ауылдың қайсысы ойын бастайтынын белгілеу үшін, ортақ сұрақ қойылады. Бұл сұраққа жауап берген көш басшысының ауылы 1-ші болып жол бастайды (5мин) Әрбір жауап түрлі-түсті парақшалармен бағаланып, жауап берген оқушының алдына қойылып отырады. Қызыл түс- «өте жақсы», Көгілдір- «жақсы», сары-«орташа». сұрақ: Ресейдегі Столыпин реформасының Қазақстанға қандай ықпалы болды? 1-деңгей «Көктеу» Қазақ ақын – жыраулары. Бұл деңгейде соғыстар мен көтерілістерге арналған өлең жолдарының авторлары және қай көтеріліске арнап шығарғанын табу керек.Бұл өлең жолдары нөмірленген қалташаларға салынған. Қол көтерген оқушылар таңдаған нөмірі бойынша өлең ашылып оқылады. Соғыстар мен көтерілістерге арналған жырлар мен өлең жолдары. (5 мин) 1.Күлдір де күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екенбіз. Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз Сауыт киер ме екеміз! (Ақтамберді жырау) 2.Атсыз қап жұрт жүрісі шабан болды. Халқыма аштық, соғыс жаман болды. Басталып ел сұлаулы Алакөлден Ақтабан шұбырынды заман болды. (Қожаберген жырау) 3. Қара бауыр қасқалдақ Қайда ұштың пыр-пырлап Сазың қалды сәбидің Еңбегіндей былқылдап Қара бауыр қасқалдап кері қайт. Қаңғып келген шүрегей Көлге пана болмайды – ай.(Қайрат Рысқұлбеков) Ұя қалса иесіз, айдын үшін сол қайғы 4.Ау, қызғыш құс,қызғыш құс! Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айрылып, жалғыздықпен болдым дос. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Ел қорыған мен едім, Мен де айырылдым елімнен, Көл қорыған сен едің, Сен де айырылдың көліңнен Аспандап ұшқан қызғыш құс! (Махамбет Өтемісұлы) 5. 16-шы жылында Мекалай жарлық шығарды. «Солдатқа бала бер» деген Жәмеңке,Ұзақ, Жаңабай Беруге бала көнбеген Әбдіқалық, Серікбай, Сыбанқұл, Құрман ер деген Өңкей саңлақ бірігіп, Зорлыққа бала бермеген Қысымды қылып Мекалай, Түрмеге салды ілменен Сол сарбаздар түрмеден Үйіне аман келмеген (Әбен Атамқұлұлы) 6.Аралас шекті, табын қонған екен. Олар да патшаға өшті болған екен Көтібар заманында ту көтеріп, Халқына хал-қадірі болған екен.(Сегіз сері) 2-деңгей «Жайлау» Жайлауға келе сала ауыл көшбасшылары өздеріне қажетті малға азығы бар жер іздей бастайды.Біздің жағдайда бұл ұпай жинау жұмысы.Бұл деңгейді «цифрлар сөйлейді» немесе «барымта» деп те атауға болады, өйткені жауапты бір ауыл айта алмаса қарсы топтың ойыншысы жауап беріп, ұпайын тартып әкетеді. Бұл ойында бір ауыл екінші ауылдан ұпай жинап қалуға тырысуы керек. (5 мин) Жасырылған қалташаларға тарау бойынша белгілі жылдар жасырылады, сол цифрлармен қандай оқиға байланыста екенін айтуы керек. Ойынды көшбасшы топ бастайды Жұмбақ цифрлар:1725, 1773-1775,1783-1797,1837-1847,1836- 1838, 1847-1858,1916,1905-1907, 1917,1929- 31,1959,1979,1986. 3-деңгей «Күзеу» Сөзжұмбақ сайысы Әр топ өзіне берілген сөзжұмбақты шешуі қажет (10 мин) 1-топ сөзжұмбағы 1. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі жырау есімі. 2. Қазақ жасақтарының қолбасшыларының бірі. 3. Тәуке ханның мұрагері. 4. Алматы қаласының бір көшесіне аты берілген батыр. 5. Есіміне ру аты аты қосылып аталатын қазақ батыры. 6. Әйгілі билердің бірі. 7. Шапқыншылық кезіндегі зардаптар жайлы мұңды ән атауы. 8. Қанжығалы сөзі қосылып аталатын батыр. А Ң Ы Р А Қ А Й 2-топ сөзжұмбағы 1. Ішкі Бөкей атымен не аталады? 2. 1936-1938 ж.ж көтеріліс басшысы. 3. Исатайдың серігі мен жолдасы. 4. 1783-1797 ж. Кіші жүздегі көтеріліс басшысы. 5. Сырымның хан жездесінің аты. 6.1837-1847 ж. көтеріліс басшысы 7. Әр қилы замандарда халықтың қайғы-қасіретін әнмен жеткізетін адам. О Т А Р Л А У 1. 2. 3. 4. 5. 6. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің хронологиялық 4-деңгей «Қыстау» Тарау бойынша тест жұмыстары (5 мин) 1916 жылы Ұлт-азаттық көтеріліс қандай мақсатты көздеді А. Халықтық – демократиялық В. Социалистік С. Буржуазиялық Д. Буржуазиялық – демократиялық Е. Отаршылдыққа қарсы шегі. А. 1837-1847 жж В. 1837-1857 жж С. 1837-1845 жж Д. 1836-1838 жж Е. 1837-1838 жж бүліншік қозғалыстар не себепті туындады. А. Басшылықтың жұмысшылырғы дөрекілік көрсеткендігінен В. Халқаралық жағдайлардың шиеленісуінен С. Құрылыс материалдардың жетіспеушілігінен           Д. Ұлтаралық түсініспеушіліктен           Е. Тұрмыс жағдайларының төмендігінен 1959 ж тамыз айында Теміртау қаласындағы Күштеп ұжымдастыру шараларына қарсы қарулы көтеріліс А. 1937­1938 жж В. 1931­1933 жж С. 1929­1931 жж Д. 1921­1922 жж Е. 1938­1939 жж  Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы А. Исатай Тайманұлы  В. Есет Көтібарұлы  С. Сырым Датұлы  Д. Кенесары Қасымұлы Е. Жоламан Тіленішұлы 1905­1907 жж Қазақстандағы жұмысшылар көтерілісінің негізгі  себебін көрсетіңіз А. Ресей шаруаларын Қазақстан жеріне қоныстандыру В. Ауылшаруашылық құралдарының жетіспеушілігі  С. Отаршылдық аграрлық саясат Д. Қазақ ауылдарының жер тартып алыну себебінің ауыр жағдайы Е. Қоныс аударушылардың жағдайының төмендеуі 7. 8. 9. А. Т.Казыбеков В. Т.Рысқұлов С. С.Шатов Д. Ф.Голощекин Е. Н.Нұрмақов 10. Бөкей ордасының құрылу уақыты  А. 1815 В. 1801 С. 1837 Д. 1827 Е. 1811 С. Датұлы бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші болған А. Сұлтандар В. Шаруалар С. Ру ағамандары Д. Батырлар Е. Билер Кіші октябрь  идеясының авторы 1986 ж 17­18  желтоқсанда Алматы қаласындағы шеру сипаты А. Ұлт – азаттық В. Саяси С. Демократиялық Д. Ұлтшылдық Е. Әлеуметтік            Сайысты қортындылау: Бағалау парақшаларын санап оқушылардың бағасын қою. Үй тапсырмасы: Қайталау. Мұғалімнің қортынды сөзі: Бүгінгі сабақ Сіздерге осы тарауда алған білімдеріңізді тиянақтауға ықпалы тиді деп ойлаймын. Сабақты Жұбан Молдағалиевтің бір шумақ өлеңімен аяқтағым келеді Мен – қазақпын, биікпін байтақ елмін. Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске. Айта бергім келеді, айта бергім.

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана

Внеклассные материалы по истории Казахстана
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017