WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы
Оценка 4.9

WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы

Оценка 4.9
Конкурсы
docx
физика
Взрослым
29.05.2017
WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы
 2017 жылдың 16-17 наурызында «WorldSkills Almaty 2017» аймақтық чемпионат өтті. Бұл шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізілді. Сайысқа 18 - 22 жас аралығында колледж студенттері мен жас мамандар қатысты. Алматы қаласында Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде WorldSkills Kazakhstan 2017 Ұлттық чемпионаттың өтті.
Мақала 2.docx
WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы  Біздің   еңбегіміз   кәсібилікте   негізделеді.   Кәсібилік   адамдар   мен   қоғамды қалыптастырады.   Дәнекерлеушілер,   дизайнерлер,   сантехниктер,   электриктер,   аспазшылар,   IT­ мамандар және көптеген басқа көптеген өз ісінің мамандары әлемді күн сайын жаңалықтармен толықтырады. Білікті мамандардың тапшылығы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін    жылдары ерекше сезілді, сондықтан 1950 жылы Испанияда Мадрит қаласында Жұмысшы Мамандықтардың бірінші Чемпионаты өткізілді. WorldSkills,   яғни,   аудармасы   «Әлемдік   бағыт»   деген   мағынаны   білдіретін   осынау   жарыс әлемнің 75 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда қауымдастық құрамына 75 мемлекет кірсе, Қазақстан соның 2014 жылы енген 70­ші қатысушы­мемлекеті болып табылады. WorldSkills   Қазақстан   миссиясы   ­   халықаралық   стандарттар   негізінде   техникалық мамандықтар   бойынша   жоғары   технологиялық   өндіріс   салаларын   кадрлармен  қамтамасыз   етуді қалыпқа   келтіру,   кәсіби   бағдар   механизмдерін   қосып,   кадрларды   дайындау,   сараптамалық қауымдастықтар қалыптастыру және өнімділігін арттыру. WorldSkills Kazakhstan жобасының мәні – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Ол еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Бұл жоба жас   мамандардың   кәсіби   дағдылары   мен   құзыреттіліктерін   көрсетуге   мүмкіндік   беретін   үлкен бағыт. 2017 жылдың 16­17 наурызында «WorldSkills Almaty 2017» аймақтық чемпионат өтті. Бұл шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік­техникалық білім беру   саласына   ерекше   көңіл   бөліп,   жастарды   аталған   салаға   тарту,   еңбек   нарығына   бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізілді. Сайысқа 18 ­ 22 жас аралығында колледж студенттері мен жас мамандар қатысты.   «WorldSkills   Almaty   2017»   қалалық   чемпионаттың   Алматы   мемлекеттік   политехникалық колледнің   студенттері   IT­мамандар   ретінде   «Желі   және   жүйелік   әкімшіліктеу»,   «Веб­дизайн», «Мехатроника» және «Электроника» құзыреттіліктері бойынша өте жоғары шеберліктерімен көзге түсті.  Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі базасындағы  WorldSkills Almaty 2017 қалалық чемпионат WorldSkills Almaty 2017 қалалық чемпионаттың қорытындысы бойынша біздің қатысушылар келесі нәтижелерді көрсетті: − «Желі және жүйелік әкімшіліктеу» құзырлығы бойынша Т4Б тобының студенті Тузелбек Даулет бірінші орын алды. Жетекшісі жоғары санатты оқытушы Мәлікова Маржан Сабырқызы. − «Мехатроника»   құзыреттілігі   бойынша   студент   Мухит   Нурсейт   үшінші   орын   алды. Жетекшісі колледждегі Delta Chip зертханасының мастері Асильбеков Қайрат Тоқтарұлы. − «Мехатроника»   құзыреттілігі   бойынша   студент   Федотов   Дмитрий   екінші   орын   алды. Жетекшісі бірінші санатты оқытушы Қаржаубаева Кұндыз Тортайқызы.  − «Электроника»  құзыреттілігі   бойынша  студент  Винокуров  Дмитрий   бірінші  орын  алды. Жетекшісі жоғары санатты оқытушы Тоқтыманова Айнаш Нұрмұханбетқызы. − «Веб­дизайн» құзыреттілігі бойынша студент Рысқұлов Аңсар екінші орын алды. Жетекшісі арнайы пән оқытушысы Ибрайхан Рауан. Чемпионаттан   жоғары   нәтиже   көрсеткен   студенттеріміз   Астана,   Алматы   қалаларында   2­5 мамыр аралығында өткен WorldSkills Kazakhstan 2017 Ұлттық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алды.  Алматы қаласында Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде WorldSkills Kazakhstan 2017 Ұлттық чемпионаттың өтуі біздің ұжым үшін үлкен мәртебе, қуаныш.  Колледж   директоры   Жабықбаев   Нұрдаулет   Жақыпбекұлы   болашақ   мамандардың   кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге аса бере отырып, WorldSkills Kazakhstan 2017 Ұлттық чемпионаттың жоғары  деңгейде  өтуіне үлкен үлес  қосты.  Іс­шараны  орындауға  жауапты  «Холдинг Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ негізгі менеджері Жанайдаров Нұрдаулет Даулетбекұлы чемпионаттың өте жақсы дайындығын және бірқалыпты жағдайда, жақсы ұйымдастырылғанын айтты. Негізгі сарапшы болған Dosti инновациялық орталығының директоры Калаев Димитрий Набиевич. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі базасындағы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионат Республика   көлемінде   WorldSkills   Kazakhstan   Ұлттық   чемпионатта   «Электроника» құзыреттілігі бойынша Винокуров Дмитрий (жетекшісі Асильбеков Қайрат Тоқтарұлы) жүлделі бірінші   орынға   ие   болса,   «Мехатроника»   құзыреттілігінде   студент   Мухит   Нурсейт   (жетекшісі Қаржаубаева Құндыз Тортайқызы) үшінші орын алды. Жеңімпаз студентіміз Винокуров Дмитрий 2017 жылдың мамыр айында Краснодар қаласында өткізілетін «Жас мамандар» (WorldSkills Russia) V Ұлттық чемпионатына қатысып, .шінші орынға ие   болды.   Дмитрийге   сәттілік   тілей   отырып,   қазан   айында   өтетін   Абу­Даби   қаласына   (БАӘ) WorldSkills Competition әлемдік чемпионатынан да жүлделі орын алады деген үміттеміз.

WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы

WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы

WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы

WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы

WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы

WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.05.2017