Публикация является частью публикации:
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі
«Денсаулық» ЖМ колледжі
ТАҚЫРЫБЫ:
Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы:
Кульджашбаева Карлыгаш Кыргызбаевна
2017-2018 оқу жылы
Жалпы білім беретін және ГӘП БЕКІТЕМІН
ЦӘК отырысында қаралды Директордың оқу ісі жөніндегі
«___» ______ 2018 ж орынбасары м.а. ________Тё А.Г.
Хаттама № «___» ______ 2018
Төрайымы __________ Абильдаева А.К.
Әдістемелік талдауды дайындаған – Кульджашбаева Карлыгаш Кыргызбаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Пікір жазған – Тулегенова С.И. – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Аннотация
-әдістемелік талдау қазақ әдебиеті пәнінен
«Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбына ашық сабақ өткізу мақсатында құрылған. I курс «Емдеу ісі» тобына арналған
Кіріспе
I Студенттер білуі тиіс
- Мұқағали Мақатаевтың өскен ортасын,тәрбиесін,білім алған ортасын,еңбек жолын,шығармашылығын
- М.Мақатаев шығармалары туралы әлемдік және Қазақстан сыншыларының пікірлерін
- М.Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін
II Студенттер істей білуі тиіс
- Теориялық жағынан талдау жасай білу
- Өлеңдерін ауызша және жазбаша талдай білу
- Өз ойларын еркін жеткізе білу
- Оқытушыны мұқият тыңдап,ақпараттарды түсіне білу
- Берілген тапсырмаларды бар жауапкершілікпен орындау
- Сабақта қызығушылық пен белсенділік таныту
III Өткізу орны – арнайы пәндер кабинеті
IV Бағдарлама бойынша – Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы” – теориялық сабағына – 90 мин
V Әдістемелік талдау – 90 минутқа құрылған
VI Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: - ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу; өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Дамытушылық мақсаты: - оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау, ауызша да, жазбаша да, еркін, көркем сөйлеуге үйрету, әдебиет теориясынан алған білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік мақсаты: - оқушыны болашаққа деген сенімге баулу. Отаншылдыққа, туған жерге деген адамгершілікке, сүйіспеншілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
VII Сабақтың типі мен түрі:
Теориялық,аралас сабақ,оқушылардың өздік жұмыстарының шығармашылығын дамыта отырып оқыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
VIII Пәнаралық және пәнішілік байланыстар:
1. Қазақстан тарихы
2. География
3. Ағылшын
4. Орыс тілі
IX Көрнекті құралдар: оқулық,кесте,карта,слайд,видео
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Нәтижесі: - әр түрлі әдістерді пайдалана отырып,студенттерді ынталандыру,ойлау қабілеттерін дамыту,жеке баста жауап алып,білімдерін бағалау.
I – Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин
II – Ынталандыру, негізгі білім деңгейін анықтау. «Миға шабуыл» ойыны – 12 мин
III – Жаңа сабаққа нұсқау беру. Мұқағали Мақатаевтың өмірлік кезеңі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат.Өлеңдерінің негізгі тақырыптары.Ақынның тырнақ алды туындыларына қысқаша мағлұмат – 20 мин
IV – Өздік жұмыстар кезінде,студенттер Видео көреді,талдайды. Берілген өлеңдерді мәнерлеп оқиды және өлеңдерге арналған тапсырмалар орындайды – 20 мин
V – Сөзжұмбақ шешу «Мұқағали» тақырыбына арналған – 10 мин
VI – Тест сұрақтарымен жұмыс – 10 мин
VII – Семантикалық картамен жұмыс – 10 мин
VIII – Үй тапсырмасы – 2 мин
IX – Бағалау кезеңі – 4 мин
Cабақтың жоспары:
№ |
Сабақтың кезеңдері |
Уақыты |
Дәлелдеме
|
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
а) Топ студенттерімен амандасу, топ тізімін, киім үлгісін тексеру, оқу аудиториясының сабаққа дайындығын қадағалау. б) Сабақтың жоспарымен таныстыру,мақсатын айту |
2 |
Ынталандыру, негізгі білім деңгейін анықтау |
12 мин |
«Миға шабуыл» ойыны Жұбан Молдағалиев кім? Жұбан Молдағалиевтың туған жері? Ақынның шығармаларының тақырыптары қандай болды? «Мен қазақпын» поэмасы қай жылы жарық көрді? «Мен қазақпын» поэмасынан жаттап келген үзінділерін айтады |
3 |
Жаңа сабаққа нұсқау беру |
20 мин |
Мұқағали Мақатаев өмірлік кезеңі мен шығармалары - слайд №1 Туған жерінің тарихы – слайд №2 |
4 |
Өздік жұмыстар |
20 мин |
Видео көрсетіледі 2 топқа («Бақыт деген не?», «Шеше сен бақыттысың!» өлеңдері) Осы өлеңдерді мәнерлеп оқу Осы өлеңдерді талдайды және өлеңге арналған тапсырмалар орындайды |
5 |
Алған білімін қолдану |
30 мин |
Сөзжұмбақ шешу «Мұқағали» тақырыбына арналған Тест сұрақтарымен жұмыс Семантикалық картамен жұмыс |
6 |
Үйге тапсырма |
2 мин |
«Ғасыр ақыны – Мұқағали» атты тақырыпқа шығарма жазу. Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін жаттау |
7 |
Білімін бағалау,түсіндіру |
4 мин |
Оқушылар бағалау парағы арқылы бір-бірлерін бағалайды |
СӨЗЖҰМБАҚ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||
1.Мақатаев есімі
2.Ақынның өлеңдегі жүрек түрінде бейнеленген нәрсе
3. «Поэт» сөзінің қазақша баламасы
4. Ақынның өлеңі «.......... жерге»
5.Ақынның туған жері
6.Ақын өз өлеңінде қандай ағашпен сөйлесіп тұр?
7.Ақынның әкесінің есімі
8. «Соғыс» сөзінің орысша баламасы
Тест сұрақтары.
1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?
А) 1932ж.
Ә) 1931ж.
Б) 1986ж.
2. Мұқағалидің туған жері?
А) Жамбыл обл.
Ә) Нарынқол ауданы
Б) Тараз
3. Мына өлеңді кім жазды? «Менің анкетам»
А) С.Мұқанов
Ә) М.Дулатов
Б) М. Мақатаев
4. Нешінші жылы орыс тілінен сабақ берді?
А) 1932ж.
Ә) 1950ж.
Б) 1952ж.
5. Мұқағали балаларға нелер жазды?
А) әнгімелер
Ә) романдар
Б) өлеңдер
6. Мына өлең жолын кімге арнады?
Әке, сенің жасынан асып барам,
Кезі-кезі келгенде тасып та алам.
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір ғашық балан.
А) Анасына
Ә) Ағасына
Б) Әкесіне
7. Әкесі нешінші жылы соғысқа кетті?
А) 1940ж.
Ә) 1941ж.
Б) 1942ж.
8. Мұқағали қандай тілдерді білді?
А) Орыс, Неміс, Қазақ
Ә) Ағылшын, Неміс, Орыс
Б) Орыс, Парсы, Түрік
9. Неше жасында жетім қалды?
А) 9
Ә) 10
Б) 12
10. Анасының аты?
А) Күлпаш
Ә) Нағиман
Б) Гауһар
Оқушы: Аймағамбетова М – үй тапсырмасына жауап беру сәті
Оқытушы студенттерге ақынның туған жері Райымбек ауданы.
Райымбек батыр туралы қысқаша ақпарат беру сәті
Сәтбаев қаласының «Денсаулық» медициналық колледжінің оқытушысы К.К.Кульджашбаеваның «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбына құрылған әдістемелік талдауына:
ПІКІР
Оқытушының сабаққа дайындығы жоғарғы деңгейде болды.Сабақ барысында қолданған тапсырмалар,ойындар,тест сұрақтары жүйелі түрде қамтылған. Тапсырмалар студенттердің қазақ әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттырады.Сабақ барысында берілген тапсрмаларды студенттер орындауда белсенділік көрсетті.Семантикалық карта,сөзжұмбақ оқушылардың қызығушылықтарын,сабаққа деген ынталарын арттырды. «Миға шабуыл» , «Сөзжұмбақ», «Семантикалық карта» сияқты тапсырмалар өз шешімін тапты.Оқытушы жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асырылды және алдына қойған мақсатына жетті.
Пікір жазған: Тулегенова С.И.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұқағали Мақатаев «Шығармалары» I том
2. Мұқағали Мақатаев «Шығармалары II том
3. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
4. Мұқағали Мақатаев «Соғады жүрек»
5. Мұқағали Мақатаев «Жылап қайттым»
6. Мұқағали Мақатаев «Бәсіре»
7.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.