открытый урок про жизнь и творчество Ыбырай Алтынсарина, где я использовала различные методы и элементы технологии обучения. Очень радует то что студенты были заинтересованы и активно участвовали во всех этапах урока. Цель достигнута открытый урок проводилось в группе 17 КМ
2019 ашык сабак.docx
Пәні: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.Өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің
ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген
еңбектері туралы білім алушыларға түсіндіру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және
өз пікірін қорғай білуге баулу,
3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге, ата
аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портеті. Слайдтар, тірексызбалар, кестелер,
презентация, видеоролик.
Әдістәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, ББҮ стратегиясы, тест
тапсырмалары
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты
1.
2.
ІІ.
ояту
Студенттермен шағын диалог құру;
Сабақтың мақсатын айту.
Үй жұмысын тексеру: А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын
қорытындылау, Абай өлеңдері
3.1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шағрамашылығын бекіту мақсатын
студенттерге үш түрлі деңгейде жасалған тест сұрақтары таратылады.
3.2. Абай өлеңдері (әр студенттің жаттап келген өлеңдері тыңдалып, жеке
бағаланады.)
ІІІ. Жаңа сабақ:
«ББҮ стратегиясы» .
Білемін
Білгім келеді?
Үйрендім
3.1. Ы.Алтынсарин өмірімен таныстыру. (презентация арқылы)
Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889)
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай
Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз
әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің
тәрбиесінде өседі. 1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық
мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846
жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс –
қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады. Қазақ
балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне
көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы
үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған.
Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте
жақсы» деген бағамен бітіреді.
Жаңа сөздермен танысу: Ұстаз – учитель
Ағартушы – просветитель
Шығармашылық творчество
Әдеби литературный
Өлең стих
Жазушы писатель
Мақсат – цель, мечта,
Бейнелеу изображение
Оқу – читать
Мазмұн содержание
Хронологиялық кесте “Жылдар сөйлейді”
ІV.Ой қозғау
4.1. Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің мультфильм ретінде түсірілген
бейне видеоны көрсету;
4.2. Топта оқитын білім алушылардың ерекшеліктерін, ойөрістерін ескере
отырып, ой қозғау.
4.3. Білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып келесі тапсырмалар
бойынша бүгінгі материалды игерту;
Коляй Мадияр әңгімені толық мазмұндау, автордың ойын ашу;
Руссков.Е., Куликов Е., Поляков А.,– баланың ісәрекетін әңгімелеу;
Батеев Д., Кочергин Н., Затеев Д. әкенің ісәрекетін әңгімелеу
V. Сабақты бекіту.
«ББҮ» стратегиясына оралу.
Не білдік? Не үйрендік? (Кестені толтыру)
VІ. Сабақты қорытындылау:
Өткен материалды бекіту мақсатында тігінен Алсынсарин деп жазылған сөз
жұмбақ шешу (он әріпке автордың жеке өміріне, шығармашылығына қатысты сұрақтар
қосу арқылы бүгінгі өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімдерін жүйелеп,
бекіту көзделеді.)
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1.
2.
3.
4.
Ы.Алтынсариннің атасының аты....(БАЛҚОЖА)
Ы.Алтынсарин 1859 жылы өз елінде қандай қызмет атқарады? (ТІЛМАШ)
«Әке ман бала» әңгімесінде әкесі не тауып алды? (ТАҒА)
1850 жылы тоғыз жасар Ыбырай қабылданған орысқазақ мектебі қай
қалада ашылды? (ОРЫНБОР)
Ы. Алтынсарин қай облыста дүниеге келді? (ҚОСТАНАЙ)
1879 жылы Торғай облысы мектептеріне қай қызметке тағайындалады?
Ы.Алтынсарин ...........(АҒАРТУШЫ)
1864 жылы қай қаладан мектеп ашады? (ТОРҒАЙ)
Литература қазақша (ӘДЕБИЕТ)
5.
6.
7.
8.
9.
10. Ы.Алтынсариннің өлеңі............ (ӨЗЕН)
VІІ. Бағалау
Әр білім алушының тақырыпқа деген қызығушылығын, белсенді қатысу
ынталарын ескере отырып бағалау. (ауызша және жазбаша орындаған жұмыстарын
ескеріп, бүгінгі сабаққа екі баға қою)
VІІІ: Үйге тапсырма:
Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқу, мазмұндау.
Кезкелген өлеңін жаттау.
Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.