Шығыс Қазақстан обылысы, Аягөз ауданы , Бидайық ауылы
“Мұқатай Әбеулов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ
Қызықты математикалық және
логикалық есептер
Секциясы:математика
Орындаған: 9 сынып оқушысы
Даулетбек Жансая
Ғылыми жетекшісі: Мурзабаева.М.И
Ғылыми кеңесшісі: Еуразия технологиялық университетінің “Кәсіптік оқыту және дизайн” аға оқытушысы ,
психология ғылымдарының магистрі Е.А. Абетаева
2021ж
М а з м ұ н ы:
I.Кіріспе
1. Қазақ халқының математикалық білім бастауы
II. Негізгі бөлім
1. Қазақтың қара есептері
2. Халық жұмбақтары
3. Геометриялық прогрессияға арналған есептер
4. Теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешуге арналған есептер
5.Логикалық есептер
III Қорытынды
Қазақ халқының ертегілерінде аңыз әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт дәстүрінде ,
математикалық логикалық ойлау әрекеті мен ұштастыра отырып жас ұрпақты өз ұлтын сүюге,
мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Халықтық есептерді кеңінен қолдану.
Зерттеу мақсаты:
Математикалық заңдылықтармен логикалық
ойлау қабілеттерінің байланыстарын ашу,
оларды теориялық тұрғыдан зерттеу, практикада қолдану мүмкіндіктерін танып білу .
Математикалық білімдерінің тереңдігіне ,кеңеюіне, дамуына көмегін тигізу .
Зерттеу міндеті
Математикалық заңдылықтарды халық мұрасымен ұштастырып ,
дұрыс игеру жолына ұсыныс жасалса ,
онда мектеп қабырғасындағы оқушылардың өз атамұрасымен танысумен қатар ,
математика пәніне деген қызығушылығы артып, ойлау қабілеттері дамып,
ата баба салты мен ұлтына деген сүйіспеншілігі артады.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Зерттеу жұмысының теориялық мәнділігі :
Қазақтың байырғы математикалық есептерін
қазіргі кездегі мектеп математикасымен байланыстырып,
әр сынып бойынша лайықтау.
I Кіріспе
Қазақ халқының математикалық білім бастауы
Математиканың күнделікті адам өміріндегі мәні орасан зор.
Сонау ерте замандардың өзінде ақ адамдарға өздерінің күнделікті өмірінде кездесіп отыратын әр түрлі нәрселерді санауға тура келген. Адамдар тек екіге дейін санап білетін болған .Адам бірте- бірте ғана үшке дейін онан беске онға дейін т. с. с. санап үйренген. Балалар саусақтарын санап үйренетіні сияқты адамдарда қоғам дамуының алғашқы кезеңінде санау үшін екі қолының он саусағын пайдаланған .Қазірдің өзінде де:" саусақпен санағандай…" дейміз ғой.
Қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағынан басымдау, ол сонысымен құнды .Осылай десекте қазақтың білімінің тамыры терең .Олар қазіргі тілмен алғанда санаудың әртүрлі жүйесін мәселен үштік, ондық ,тоғыздық пайдаланған “Тоғыздық жүйе” ешбір халықта кездеспейді
Қазақ педагогикасының математикалық астарлары да түрліше. Олар жұмбақ, өлең қара, сөз ертек,ілмек, дұзақ ,ұйқас табу, мақалдап сөйлеу, ұсақ заттармен өнер көрсету, сиқырлы ой айту ,тұрмыс заттарын жасау түрінде кездеседі. Осыдан да қазақ халқының математикалық білім бастауы жасаған ер тұрман әбзелдерінде, құрылыс сәулеттерінде, тартқан домбырасында, асыраған малында, еккен егінінде, зергерлік бұйымдарында ,тоқыған алашасы мен кілемінде қысқасын айтқанда күн көрісінде көруге болады.
Қазақтың өзі бірде елгезек,ақ көңіл, ойындағысын айтып қоятын, сөзін қысқа ойын нұсқа айтатын халық .Кең даласын шашау шығармай қорғай білген жауынгер, көлденең көк аттыны күтіп алатын дархан болғанымен ,оның тұрмыс тіршілігін салтымен дінін ,тәрбие тәлімін білмейтіндерге есептерінің бәрі бірдей құшағын айқара ашып қарсы ала бермейді . Халық есебінің бір ерекшелігі осы .
«Той бастау»
Сегіз бұрыш болсын сыртқы формасы,
Отыз шаршы кілем болсын ортасы.
Төрт қабырға, төрт шаршыға бөлінсін,
Ортадағы төрт төреші кедергісіз көрінсін.
Екі шаршы қабырғада жайғасқан,
Ағайын мен жекжат орны әу бастан.
Төргі шаршы төрелер мен билерге,
Төменгісі, шабармандар, сендерге.
Төрт жағында төрт қиысқа ас тұрсын,
Әр бұрышы ыңғайлы боп бос тұрсын.
Жүз жиырма екі болсын төрт шаршының ауданы,
Сонда түгел келгендері жайғассын.
Өзің ойлан енін, бойын кілемнің,
Мұны білсең, көп есепті білгенің.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
.....
......
........
......
-адамдар
-табақтар
«Табақ тарту»
Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келеді.Шәйдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп:
-Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ жетпей қалады.Үшеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады. Енді не істеу керек?-
деген екен.
Сонда қонақ қанша, табақ қанша?
Садақа беру
Бір адам мешітке барып, кедейлерге садақа бермекші болады.Ол мешіттің алдында тұрған мүсәпірлердің әрқайсысына 3 теңгеден берсе, 8 теңге ақша жетпей қалады екен. Сондықтан ол әрқайсысына 2 теңгеден беріп еді, өзінде тағы 3 теңге қалды.Ол адамның қанша ақшасы және мүсәпірлер нешеу болған?
III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Қазақтың математикалық мәдениеті
Тарихи жағдайларға байланысты халық мәдениеті бірде өрлеу , бірде тоқырауға тап болды.Қалай десек те халық мәдениетінен: пайдаланған заттарынан жазған хаттары мен ескерткіштерінен салған құрылыстарынан,өсиет сөздерінен із қалады. Олар мүлде жоғалмайды. Осыларды тарихи оқиғалары мен салыстыра отырып зерттеу шындықтың бетін ашуға көмектеседі. Қазақ халқының математикалық мәдениеті осы уақытқа дейін Ғылыми талдаудан өткізіліп бір жүйеге түсірілмеген. Оны түсіру оңай емес оның үстінде математиканың сан салалы бірін білсең екіншісін білмейтін ілім.XX ғасырдың аяғында қазақ жеке шаңырыақ құрды.Қазақ халқының босағасын берік ету, шаңырағын шайқалтпау жастар ісі. Математика тарихының беттерін ақтарған М.Ө.Исқақов, А. Машанов, А. Көбесов Қ, Нұрсұлтанов сияқты қазақ ғалымдары тізе қосқан.Бүгінгі күні математикалық білімді одан ары жетілдіру барысында әртүрлі дәрежелі жеке оқу орындары ашылды. Олар әртүрлі бағдарлама мен жұмыс істеді Ұлттық Ғылым академиясы бар елге айналды. Қазақ мектептерінде математикалық білім беруді дұрыс жолға қоюүшін еліміздің ардақты азаматтары өз үлестерін қосты. Атап айтсақ М.Дулатов,А .Байтұрсынов,С.Қожанов X.Досмұмамбетов,К.Жаленов, Қ.Шонанов, және тағы басқалары
Жалпы математика өмір қажеттілігінен туған. Бұған қарап, қазақ ауыз әдебиетін талдайтын болсақ ғылыми мағыналы көптеген мақал мәтелдерді табуға болады.Қазақтың қара есептері де соның куәсі. Қазақтың халық есебінің бір бөлігі «Ертегі есептер» , « Жұмбақ есептер» , «Табақ тарту», « Той басқару» ,
« Садақа беру» , «Бие сауыны» «Өсиет қалдыру» «Енші бөлуестілген даналықты бағалаудан туған есептер
Егеменді ел болғалы математика саласында одан әрі тез дамып өсе бастады. Талнтты жастар шығып өз нәтижелерін көрсетті. Олар өз ойларын мынадай түйінді сөзбен қорытындылады.
Бүгінгі математика өндіріс құралы. Өмірзақ Сұлтанғазин.
Киіз қазықтада да математика бар. М.Сәтбаев
Қиғаш заң да математикаға қажет. А.Жұмаділдаев
Қара есепте де қазіргі математика бастауы бар. Сәбетбай Елубаев
№ | Жұмыс мазмұны | мерзімі | Жұмыс нәтижесі |
1 | Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау | 2020ж | 1)Жетекшімен бірге тақырып таңдадым |
2 | Жұмыстың жоспарын құру | 1)Зерттеу әдістерімен таныстым | |
3 | Ақпарат көздерін таңдау | Тақырыпқа байланысты тақырыптарды іріктеп алдым | |
4 | Тақырыпқа байланысты тәжірибе жұмыстарын жүргізу,болжамдар жасау | 2020-21ж | 1)Тәжірибе жұмысын жүргіздім |
5 | Барлық зерттелген материалдарды қорытындылау | Зерттеу жұмысымды қорытындыладым | |
6 | Жасалған зерттеу жұмыстарына презентация жасап,электронды нұсқасын түсіру | 1)Компьютерге призентация жасадым | |
7 | Жобаны қорғау,байқауға қатысу | 2021ж | 1)Мектепте 2-4 сыныптар арасында жобаны қорғадым |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.